4 Негізгі өндірістік қорларды пайдалану көрсеткіштері.

Негізгі өндірістік қорларды қолданудың көсеткіштері 3 топқа бөлінеді:

· негізгі өндірістік қорларды энтенсивті қолдану көрсеткіштері;

· негізгі өндірістік қорларды жедел түрде қолдану көрсеткіштері;

· негізгі өндірістік қорларды интегралды қолдану көрсеткіштері;

Бірінші топ көрсеткіштеріне: құралдарды экстенсивті қолдану коэффициенті, құралдардың сменалық жұмыс жасау коэффициенті, құралдардың толық пайдалану коэффициенті жатады; яғни бұл көрсеткіштер құралдардың уақыт мөлшерінде қолданылу деңгейін көрсетеді.

Жабдықтарды экстенсивті қолдану көрсеткіштерінің бірі құралдарды экстенсивті қолдану коэффициенті (Кэкс). Оны мына формула бойынша табады:

Кэкс = t нақты / t норм,

Мұндағы t нақты – құралдар жұмысының нақты уақыты, сағат;

t норм – құралдар жұмысының нормативтік уақыты, сағат.

Мысалы, 8 сағаттық ауысымда құралдарды жөндеу жұмысына 1 сағат жоспарланғанымен, нақты жұмыс жасаған уақыт 5 сағат болды. Сонда құралды экстенсивті қолдану коэффициенті 0,71-ге тең. Яғни Кэкс = 5 / (8-1) = 0,71. Бұл станоктың жоспарлы жұмыс жасау қорының 71 пайызы ғана қолданғанын көрсетеді.

Екінші бір көрсеткіш – жабдықтардың сменалық (ауысымдық) коэффициенті (К см) тәулік ішіндегі машина-смена (МС) қосындысын жабдықтардың жалпы санына (ЖС) бөлу арқылы табады:

Ксм =∑ МС / ЖС

Екінші топ өндірістік қорларды жедел түрде қолдану көрсеткіші негізгі қорлардың нақты өнімділігін оның нормативтік өнімділігіне бөлу арқылы анықталады.

 

К инт = Өнақты / Өнорм,

Мысалы, ауысым ішінде станоктың нақты жұмыс жасаған уақыты 5 сағат, яғни станок 3 сағат бос тұрған деп алып, оның нақты жұмыс жасаған уақытындағы станоктың тиімділігін анықтаймыз. Станок паспорты бойынша сағатына 100 өнім бірлігін шығарады. Ал нақты жұмыс жасаған 5 сағаттың ішінде ол сағатына 80 өнім бірлігін шығарады.

Сонда Кинт = 80/100 = 0,8. Бұл станоктың өндірістік қуаты 80 пайыз ғана қолданылғанын білдіреді.

Құралдарды интегралды қолдану коэффициенті құралдарды экстенсивті және интенсивті қолдану коэффициенттеріне көбейту арқылы анықталады, және ол құралдардың уақыт және қуат бойынша қолданылуын сипаттайды.

К интегр = Кэкс *Кинт.

 

Біздің қарастырған мысалымыз бойынша К экс = 0,73; Кинт = 0,8.

К интегр = 0,73*0,8 = 0,57.

Бұл көрсеткіш екі көрсеткіштен төмен, өйткені ол уақыт бойынша да, өнімділік бойынша да қолданудағы кемшіліктерді бір мезгілде ескереді. Екі факторды ескере отырғандағы жабдықтың қолданылыуы 57 пайызды құрайды.

Өндірістік негізгі қорлардың тиімділігін көрсететін жалпы көрсеткіш болып – қор қайтарымдылығы есептеледі. Қор қайтарылымы – бұл өнім өндіру үшін пайдаланған негізгі өндірістік қорлардың теңгеге шағып есептелгендегі өндірілген өнім көлемін сипаттайтын экономикалық көрсеткіш, сондай-ақ ол өндіріс тиімділігінің аса маңызды көрсеткіші болып табылады.

 

ҚҚ = Ө / Қорт,

 

Мұндағы: Ө - тауар өнімінің көлемі;

Қорт – негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны;

Қор қайтарымын ұлғайту – бұл халық шаруашылығының аса маңызды міндеті болып есептелінеді.Қор қайтарымына кері көрсеткіш – қор сыйымдылығы.

Қор сыйымдылығы – бұл негізгі өндірістік қорлар құнының өндірілген және сатылған өнім құнына қатынасын сипаттайтын экономикалық көрсеткіш.

ҚС = Қорт / Ө,

Өндірістің негізгі қорларының көлемі және олардың қолданылуы дәрежесі кәсіпорынның өндірістік қуатының көлемін анықтайды. Өндірістік қуат - саланың, цехтың, агрегаттың жабдықтарды неғұрлым тиімді пайдаланып, өндіріс пен еңбекті неғұрлым озық үлгіде ұйымдастыру негізінде тиісті уақыт ішінде өнімнің белгілі бір түрін шығаруға барынша жоғарғы қабілеттілігі (мүмкіндігі).

Өндірістік қуат берілген уақыт ішінде саланың, цехтың, агрегаттың өндіріс пен еңбекті неғұрлым озық үлгіде ұйымдастыра отырып, құрал-жабдықтарды неғұрлым тиімді пайдаланып, өнімнің белгілі бір түрін шығаруға барынша жоғарғы қабілеттілік айтамыз.

 

5. Негізгі капиталды талдаудың бағыттары

Негізгі капитал (негізгі қорлар) бірнеше бағыттарда талданады:

1. Инфляцияны есепке алғандағы негізгі қорлардың нарық бағасында ғы динамикасы. Бұл динамиканы тұрақты бағадағы шығарылған өніммен салыстырып, негізгі қорлардан қайтарым өсуде ме, жоқ па екендігін анықтауға болады.

2. Негізгі капиталдың құрылымын талдау; оның ішінде:

· өндірістік (салалық) құрылымды, себебі ол негізгі қорлардың өндіріс (сала) бойынша бөлінуін көрсетеді;

· технологиялық құрылымды, өйткені негізгі қорлардың активтік бөлігі ( өнім шығаруға тікелей қатысатын жұмыс машиналары, жабдықтар) мен пассивтік бөлігінің (ғимараттар, салымдар т.б.) арақатынасын көрсетеді;

· жастық құрылымын, негізгі қорларды қызмет ету уақытына байланысты сипаттайды. Машиналар мен жабдықтар бойынша Қазақстан өнеркәсібінде орташа қызмет ету уақыты – 25 жыл.

Негізгі қорлардың жаңартылуын, шығуын және тозуын талдау.

3. Негізгі қорларды қолданудың тиімділігі әртүрлі коэффициенттермен анықталады :

· негізгі қорларды уақыт өлшемінде қолданудың жеделдету коэффициенттімен, оның ішінде жабдықтардың сменалық жұмысының коэффициентімен;

· өндірістік қуатты қолданудың коэфициентімен, яғни жабдықтың нақты қуатын құжаттағы қуатқа бөлу арқылы;

· қор қайтарымымен.

 

 

5-тақырып (2 сағат)