Негізгі қорлардың сипаттамасы
Топтардың аттары | Қолданылуы және қысқаша мінездемесі |
I.Ғимараттар | өндірістік архитектура және құрылыс объектілері(цехтар, қоймалар, өндірістік лаборваториялар және т.б.) |
II.Құрылыстар | өндіріс процесіне қызмет ететін техникалық функцияларды атқаратын инженерлік құрылыс объектілері(тоннельдер, көпірлер, эстакадалар, су каналдары,автомобиль және темір жолдары т.б.) |
III.Жіберу құралдары | Энергияны сұйық және газ түріндегі заттарды жіберуші құралдар (электр, жылу жүйелері, газ жүйесі) |
IV.Машиналар мен құралдар 1.Күш машиналары мен құралдар | (генераторлар, электр бөлшектер,бу машиналары, трубиналар т.б.) |
2.Жұмыс машиналар мен құралдар | Технологиялық процеске тікелей қатысатын құралдар ( станоктар, прессмашиналар, терминалдық пештер, көтеру тасымалдау механизмдері т.б.) |
3.Өлшеу реттеу приборлары мен құралдары,лабороториялық құралдар | өндіріс процесін қол еңбегімен немесе автоматтандыру арқылы реттеуге, тезнологиялық процестердің параметрін өлшеуге және бақылауға, лабороториялық зерттеулер жүргізуге қажетті |
4.Есептеу техникасы | Математикалық есептерді шешуді тездетуге қажетті құралдар жиынтығы |
5.Басқа да машиналар мен құралдар | (өрт сөндіргіш машиналар, телефон станциялары т.б.) |
V.Тасымалдау құралдар | Кәсіпорын көлеміндегі адамдар мен жүктерді тасымалдауға қажетті көліктер (электровоз, паровоз, автомобиль) |
VI.Құрал-сайман | өндіріс процесіне қажетті элементтер (қол және механикалық кесу,ұру саймандары, штамптар т.б.) |
VII.Өндірістік түгендеме (инвентарь) | өндірістік операцияларды орындауды жеңілдетуге және жеке еңбек заттарын сақтауға қажетті (жұмыс столы, қорап т.б.) |
VIII.Шаруашылық түгендеме (инвентарь) | Көбейту және қайта түсіру аппараттары,стол, шкаф т.б. |
Негізгі өндірістік қорлардың құрылымына мынадай факторлар әсер етеді: шығарылатын өнім түрі, оның жалпы көлемі, автоматтандыру және механикаландыру деңгейі, мамандандыру және бірлестіру деңгейі, кәсіпорын орналасуының климаттық және гоеграфиялық жағдайлары және т.б.
2. Негізгі өндірістік қорларды бағалау
Негізгі қорларды бағалаудың өндіріс процесінде ұзақ жылдар бойы қатысып, тозуына байланысты және осы уақыт аралығындағы қайта өндірудің жағдайына байланысты бірнеше түрі болады. Олар – негізгі қорлардың бастапқы құны, қайта өндіру құны және қалдық құны.