Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі.

 

Дәріс сұрақтары:

1. Өндіріс тиімділігі. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі

2. Тиімділік көрсеткіштері.

3. Жалпы және салыстырмалы тиімділік.

4. Өндіріс тиімділігін арттырудың негізгі жолдары

 

1. Өндіріс тиімділігі. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі

Нарық жағдайында, экономикалық дамуды әрі қарай жалғастыруда, өндірістің тиімділігін арттырудың бағыттарын, олардың өсу факторлары мен тиімділікті анықтаудың өдістерін анықтау маңызды міндет болып табылады. Кәсіпорындардың өндірістік тиімділігін арттырудың маңызды бағыттарын дұрыс айқындау үшін, тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін біліп алуымыз қажет.

Жалпы түрде өндiрiстiң экономикалық тиiмдiлiгi екi шаманың- шаруашылық iс-әрекет нәтижесi мен өндiрiс шығындарының сандық қатынасын бiлдiредi. Экономикалық тиiмдiлiктi көтеру мәселелерiнiң мәнi қолда бар ресурстарды пайдалану барысында әрбiр кеткен шығын бiрлiгiнде экономиканың нәтижесiнiң өсуiнде .

Өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыру ағымдағы шығындарды (қолданып жүрген ресурстарды) үнемдеу арқылы да, капиталға жаңа салым жұмсау арқылы да, қолданылып жүрген капиталды жақсы қолдану жолымен де қол жеткiзуге болады.

Өндiрiс тиiмдiлiгi ұғымын еңбек өнiмдiлiгi ұғымымен теңестiруге болмайды. Еңбек өнiмдiлiгi адамдардың өндiрiстiк iс-әрекетiнiң өнiмдiлiгiн бiлдiредi, бiр өнiмге келетiн жанды және заттанған еңбек шығынының шамасын анықтайды. Еңбек өнiмдiлiгiнiң өсуi тек тұтынылатын ресурстардың (ағымдағы шығындардың) қолданылуын көрсетедi, ал өндiрiс тиiмдiлiгi барлық шығындардың (ағымдағы және бiр мезгiлдiк) қолдануын бiлдiредi.

Шаруашылық жүргiзу практикасында экономикалық тиiмдiлiктiң көрiну формасы әртүрлi. Тиiмдiлiктiң техникалық және әлеуметтiк жақтары өндiрiстiң негiзгi факторларының дамуы мен олардың қолдану нәтижелiгiн сипаттайды. Әлеуметтiк тиiмдiлiк нақты әеуметтiк мiндеттердi шешумен көрiнедi(мысалы, еңбек жағдайын жақсарту, еңбектi қорғау, қоршаған ортаны сақтау,т.б.). Әдетте әлеуметтiк тиiмдiлiк экономикалық тиiмдiлiкпен тығыз байланысты, өйткенi кез келген прогрестiң негiзi материалдық өндiрiстiң дамуы.

Тиiмдiлiк белгiлерiнiң мәнi алынған нәтиженiң көптiгi мен кеткен шығындардың аздығымен байланысты қажеттiлiктен шығады.

Ең бiрiншi тиiмдiлiк белгiсi салынған капиталдан алынатын пайданың жылдық нормасы Е = П/К = Б- Ө/К, мұндағы Е- пайданың жылдық нормасы,

П-пайда, К- пайда алуды қамтамасыз ететiн капитал салымы,

Б- сатылу бағасындағы өндiрiлген өнiмнiң жылдық көлемi,

Ө-жылдық шығарылған өнiмнiң толық өзiндiк құны.

Пайда нормасының есептi мәндерi капитал құрылымына, болжамды баға деңгейiне, сұраныс көлемi мен басқа факторларға байланысты өзгеруi мүмкiн. Бұл көрсеткiш кәсiпорын дамуының түрлi нұсқаларын бағалау үшiн де қолданылады. Қабылданған критерийге сәйкес өндiрiс тиiмдiлiгiнiң нақты көрсеткiштерi анықталады.Экономикалық тиімділіктің жалпылама критерийіне қоғамдық еңбектің өнімділігі жатады. Қоғамдық еңбектің өнімділігі ұлттық табысты, материалдық өндіріс саласында жұмыс жасайтын адамдардың орташа санына бөлу арқылы табылады:

 

ЕӨ = ҰТ / А

Сонымен қатар, экономикалық тиімділіктің аса маңызды көрсеткіштері ретінде еңбексыйымдылығы, материал сыйымдылығы, капиталсыйымдылығы және қорсыйымдылығы алынады.

· Өнімнің еңбексыйымдылығы материалдық еңбек саласында жұмсалған еңбек санын, шығарылған өнімнің жалпы көлеміне бөлу арқылы анықталады:

 

Есый = Т / Q

 

Мұндағы: Есый - еңбек сыйымдылығы;

Т – еңбек саны;

Q – шығарылған өнімнің жалпы көлемі.

Қоғамдық еңбектің материалсыйымдылығы шикізат, матнриал, отын, энергия және т.б. шығындардың көлемін, шығарылған өнімнің жалпы көлеміне бөлу арқылы анықталады:

Мсый = Ш / Q,

Мұндағы: Мсый – материалсыйымдылығының деңгейі;

Ш – шикізат, материал, отын, энергия және т.б. шығындары

Капиталсыйымдылығы халық шаруашылығындағы капитал салымдарының көлемін, шығарылған өнімнің жалпы көлемінің өсіміне бөлу арқылы анықталады:

 

Ксый = К / Q,

Мұндағы:Ксый - өнімнің капиталсыйымдылығы;

К – капиталдық салымдардың жалпы көлемі,

Q – шығарылған өнім көлемінің өсімі.

Өнімнің қорсыйымдылығы халық шаруашылығындағы негізгі өндірістік қорлардың орташа құны, шығарылған өнімнің жалпы көлеміне бөлу арқылы анықталады:

Қсый = F / Q,

Мұндағы:Қсый - өнімнің қорсыйымдылығы;

F - халық шаруашылығындағы негізгі өндірістік қорлардың орташа құны ;

Q – шығарылған өнімнің жалпы көлемі.