Өндіріс кооперативтері – азаматтардың еркін түрде біріккенін білдіретін заңды тұлға.
3. Кәсіпорынның өндірістік құрылымы және оған әсер ететін факторлар
Кәсіпорынның құрылымы негізгі өндіріс, көмекші өндіріс, қызмет етуші және қосалқы бөлімдерден тұрады. Өндіріс – қоғамның өмір сүруі және дамуы үшін қажетті материалды өнімдерді шығаратын процғсс. Өндірістің дамуын еңбек құралдарынан, еңбек заттарынан және белгілі бір мақсатпен жасалынатын жұмыс процесінен тұратын еңбек ету жағдайы анықтайды.
Қазіргі заманғы өндіріс, ғылыми-техникалық процестің нәтижелерін қолдану, соның ішінде автоматизацияландыру арқылы дамиды. Әрбір өндірістік кәсіпорын – цехтардан, учаскелерден, қосалқы шаруашылықтардан, басқару және ұйымдастыру шаруашылығы ұйымдарынан тұрады.
Өндірістік бөлімдердің жиынтығы, олардың саны мен өзара қарым-қатынастары және өндірістің көлемі мен жұмысшылардың саны кәсіпорынның жалпы құрылымын құрайды.
Кәсіпорынның өндіріске байланысты бөлімдері: цех, участок, қызмет көрсететін шаруашылықтар бірігіп, кәсіпорынның өндірістік құрылымын құрайды. Өндірістік құрылым еңбек өнімділігінің деңгейін, өндіріс шығындарын, табиғи байлық пен техниканы қолданудың экономикалық тиімділігін анықтауға ықпал жасайды.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік құрылымының бөлігі болып цех саналады. Цех - әкімшілік жағынан оқшауланған, жай өндіріс процесінде белгілі бір жұмысты атқаратын буын.
Цехтардың 3 түрі болады:
1. негізгі;
2. көмекші;
3. қосалқы және т.б.
Негізгі цехтарда сатуға әзірленген дайын өнімдер шығарылады. Көмекші цехтарға – құрал-жабдықтар, жөндеу жұмыстары, энергетикалық, көлік цехтары жатады. Қосалқы цехтарға – қайта өңдеу цехтары, шығарылған өнімді безендіретін қораптар мен басқа да жұмыстар жатады (орау, жүктеу, тасмалдау, түсіру).
Цехтар – учаскелерден тұрады. Учаскелер 3 түрге бөлінеді:
· негізгі;
· көмекші;
· қосалқы.
Өнеркәсіптік кәсіпорындағы өндірістік құрылымның 3 түрі (типі) бар:
· заттай;
· техналогиялық;
· аралас.
Заттай құрылымды қолданған кезде кәсіпорынның негізгі цехтары мен учаскелерінің әрқайсысы белгілі бір өнімді, не болмаса білгілі бір бөлшектерді өндіруге маманданады. Заттай құрылымның көптеген пайдалы көрсеткіштері болады. Өйткені ол цехтардың арасындағы байланысты дамытады, өндіріс циклын азайтады, жұмысшылардың өнім сапасын көтеруге деген көзқарасын жақсартады. Соның арқасында өнім өндіру ұлғаяды, өндіріс шығындары азаяды.
Техналогиялық құрылым қолданғанда техналогиялық процестің ретіне байланысты жұмыс орындалады. Өндірістік құрылымның бұл типі цехты не болмаса учаскені басқаруды оңайлатады және өндірістің бір номенклатуралы өнім шығарудан келесі номенклатуралы өнім шығаруына ықпал жасайды. Кемшіліктері: цехтардың арасындағы өндірістік қарым-қатынастардың күрделенуі, жоғарғы өнімді құрал-жабдықтар мен құралдар қолданудың мүмкіншілігінің жоқтығы жатады. Бұлардың бәрі еңбек өнімділігінің төменделуіне, шығындар көлемінің өсуіне әсерін тигізеді.
Ал өндірістік құрылымның аралас түрі болса, заттай құрылымның да, техналогиялық құрылымның да элементтерінен тұрады және бұл тип цехаралық тасмалдардың көлемінің азаюына,өнім өндірудің өндірістік циклының қысқаруына, еңбек жағдайын жақсартуға еңбек өнімділігін арттыруға, өнімнің өзіндік құнын азайтуға әсерін тигізеді.
3. Өндірістік құрылымға әсер ететін факторлар мен оны дамыту жолдары
Өндіріс құрылымына мынадай факторлар әсер етеді:
· кәсіпорынның халық шаруашылығының қай саласына жататынлығы;
· шығарылған өнімнің номенклатурасы;
· оның консрукциялық ерекшеліктері;
· қолданылған материялдар;
· шикі заттар және оларды өңдеу түрлері;
· өнімнің конструкциялық қарапайымдылығы және технологиялық төзімділігі;
· өнім сапасына қойылатын талаптар;
· өндіріс тұрпаты, оның мамандандырылуы және кооперацияландыруы;
· технологиялық құралдар мен жабдықтардың құрамы;
· өндірістің өзгертілген номенклатуралы жаңа өнім шығаруға қалыптаса алуы;
· өндіріс процесінің негізгі, көмекші және қосалқы цехтардағы ерекшеліктері.
Әрбір сала кәсіпорындарының өндірістік құрылымдары негізгі өндірістің жағдайына байланысты өзіндік ерекшеліктерімен оқшауланады. Тек, көмекші және қызмет етуші шаруашылықтар ғана барлық кәсіпорындарда бірдей болып келеді.
Өндіріс құрылымын әрі қарай дамытудың жолдары:
· кәсіпорындар мен цехтарды ірілендіру;
· негізгі, көмекші және қосалқы цехтардың арасындағы тиімді байланысты сақтау;
· кәсіпорынды жоспарлаудың тиімділігін арттыру жолында тұрақты жұмыс жүргізу;
· өндірісті ірілендіру арқылы (тұрақты ) қуатты, ғылыми-өндірістік ұйымдар ұйымдастыру;
· техника мен жоғары сапалы технологияны тұрақты түрде дамыту, өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру;
· өндірістің тиімділігін арттыру.
Кәсіпорындар мен цехтарды ірілендіру арқылы жаңа жоғарғы өнімді техниканы кең көлемде еңгізуге жағдай туады, технологияны дамыту, өндірісті ұйымдастыру жақсарады.
4.Өндіріс типтері.
Өндірістің негізгі үш түрі болады:
· жеке-дара өндіріс;
· сериялық өндіріс;
· жаппай өндіріс;
Жеке-дара өндіріс - алуан түрлі жіне тұрақты емес номенклатуралы өнімдерді жекелеп шығарумен сипатталатын өндіріс үлгісі.Мысалы: ірі трубиналар, кемелер, металлургиялық , кен жабдығы және т.б. Сондай-ақ., жеке тапсырыстар бойынша жеке тұтыну заттарын шығаратын тәжірбелік заводтар, кәсіпорындар жеке дара өндіріске жатады.
Ерекшеліктері:
· әр түрлі номенклатуралы өнімдердің шығарылуын;
· жұмыс орындарын технологиялық мамандандыру бойынша ұйымдастыру;
· әмбебап құрал-жабдықтар мен технологияларды қолдану ;
· қолмен жинау жұмыстарыныңүлкен көлемі;
· жоғарғы білікті әмбебап жұмысшылардың санының көп болуы;
· өндіріс циклының ұзақтығы;
· аяқталмаған өндіріс көлемінің көп болуы.
Сериялық өндіріс түрі кең номенклатуралы , біртектес өнімдерді бір уақытта сериялармен шығаруды көздейді. Сериялы өндіріске партиялармен еңгізілген., конструкциялары бірдей өнімдерді бір уақытта шығару жатады.
Негізгі ерекшеліктері:
· біртектес өнімдердің үлкен номенклатурасының тұрақты шығарылып тұруы;
· жұмыс орнының бірнеше операцияларды орындауға мамандануы;
· бөлшектер мен өнімдерді партиямен шығару;
· мамандандырылған технологиялық жабдықтар мен құралдардың көп қолданылуы;
· қолмен жинау еңбегінің аз мөлшері;
· орташа білікті жұмысшылар санының көп болуы;
· өндіріс циклының ұзақ еместігі;
· өнім сапасын бақылау процесінің автоматтандырылуы.
Түрлері - ұсақ сериялы, орташа сериялы, жаппай сериялы өндірістер, мысалы: самолет шығаратын, мотор шығаратын заводтар.
Жаппай өндіріс - өндірісті мамандандырудың ең жоғарғы сатысы. Мысалы: автомобиль, трактор заводтары. Бұл түрі бойынша әртүрлі өнімдер бір уақытта үзіліссіз шығарылып отырылады.
Ерекшеліктері:
· тек қана аз номенклатуралы өнімдерді үлкен көлемде шығару;
· жұмыс орнының тек қана бір операцияны орындауға маммандандырылуы;
· жұмыс орындарының операциялардың ретіне қарай орналасуы;
· арнайы және мамандандырылған технологиялвқ құрал-жабдықтардың үлкен көлемі;
· механикаландырылған, автоматтандырылған технологиялық процестердің көп қолданылуы;
· операцияларды дайындау және аяқтау уақытының аздығы;
· қолмен жинау жұмыстары көлемінің азаюы;
· ең төменгі білікті жұмысшылардың еңбегін қолдану;
· өндіріс циклының қысқаруы;
· өндірісті басқаруды және жоспарлауды шоғырландыру;
· кәсіпорындарды басқаруда автоматтандыруды еңгізу.
3 –тақырып (2 сағат)