Ішкі ортаға - еңбек ресурстары, техника және технология, бәсекелестік, маркетинг және т.б. жатады.

Өндiрiстi ғылыми ұйымдастыру кәсiпорында ұтымды техникалы-технологиялық жүйе құру мақсатында болады. Бұл сенiмдi әрi тиiмдi жұмыс жасайтын өндiрiстiк жабдықтар мен технология, жұмыскерлердiң реттелiнген техникалы-ұйымдастырылған өзара байланыстарын айту,а болады.

Еңбектi ғылыми ұйымдастыру –ұжымда дұрыс қалыпты қарым-қатынас орнату. Оған жоғары өнiмдi, тиiмдi шығармашылық еңбек ету үшiн жағдайлар жасау бойынша шаралар жүйесi кiредi. Бiрақ еңбектi ғылыми ұйымдастыру мүмкiншiлiктерi кәсiпорынның техникалы-технологиялық жағдайға, оның қаржылық және экономикалық активтерiмен шектелген.

Басқаруды ғылыми ұйымдастыру –бұл кәсiпорынның материалдық кiшi жүйесi мен адам ресурсына мақсатты түрде әсер етуiн қамтамасыз ететiн техникалық, экономикалық және гуманитарлық жүйе. Ол моральдық-технологиялық, экономикалық әсер алу мақсатында жоғары айтылғандардың өзара байланысуына ықпал етедi.

 

2. Кәсіпорынның түрлері.

Қазақстанда “Меншік туралы” заңға байланысты мемлекеттік меншіктегі, жеке меншіктегі және аралас меншіктегі кәсіпорындар құрыла алады.

Мемлекеттік кәсіпорындар - бұл негізгі қорлары мемлекет меншігінде болатын және басқару органдарын мемлекет тарапынан ұйымдар тағайындайтын кәсіпорындар болып табылады. Егер мемлекеттік кәсіпорын бюджеттік болса, ол мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Ал, егер кәсіпорын мемлекеттік ұйымдардың қарамағында болса, ол кәсіпорын қазыналық болып есептелінеді.

Кәсіпорындар түрлі белгілеріне қарай бөлінеді: