2 «Ә» сынып оқушысы
Болатов Әділдің
қазақ тілі дәптері.
(математика дәптері, дүниетану дәптері, диктант дәптері, шығарма дәптері, т.б.с.,с.)
ü Дәптердің сыртындағы сандар араб сандарымен толтырылады .
ü Аты-жөні ілік септігінде жазылады. Балалардың сауаттылығын ашу мақсатында қатемен жұмыс дәптерлеріне жүйелі түрде өтуі керек .
ü Бастауыш сыныпта жұмыс дәптерлері міндетті түрде күнделікті тексерілуі тиіс .Бақылау жұмыстарының тексерілуі ертеңгі күні дайын болуы керек .
ü №3 бақылау дәптерлері уақытында тексеріліп ,ата-анаға үйге беріледі. Бірақ сыныпта оқу жылының аяғына дейін сақталады.
ü Балалар жұмысы қызыл түсті (қаламмен ) тексеріледі.Бағалау ережесіне сай бағаланады.
ü Қатемен жұмыс жұмыс дәптеріне орындалады.
Қазақ тілінен жазба жұмыстарын хаттау.
· Үй жұмысы мен сынып жұмысынан кйін 2 жолға шегініп ,3жолға жазамыз .
· Азат жолды сақтау кезінде оңға қарай (2 саусақ ) 2см кем емес жылжимыз. Бірінші сыныптан бастап азат жолды сақтау ,жаңа жұмыс түрлерін жүргізу кезінде жүзеге асырамыз .
· Жұмыс барысында бос жол қалдырылмайды.
· Жаңа (жол) бет ең жоғарғы жолдан басталады беттің ең соңына дейін жазылып бітеді.
· Әрбір жолды жазар кезінде сол жақ шетінен 0,5 см шегінеді .
· Оң жақта жол ең ақырына дейін жазылады .Сөзді тасымалдау ережесін міндетті түрде қолдану керек .
· Жолда бос жер қалдырмау керек . Қазақ тілінен ,математикадан күнді тура ортаға жолдың ортасына жазылады .
· 1 сыныпта күн жоғарыда мұғалім не оқушы айдың бірінші әрпін және санды жазады. 7 қ
· 2-ші сыныптан бастап сандар мен айлар жазба түрінде жазылады .
Қыркүйектің жетісі.