6 Жобаланушы желінің технико-экономикалық негіздемесі
6.1 Бизнес жоспар түйіндемесі
Құрылған бизнес-жоспары қазақстандық инфокоммуникация нарығындағы алдыңғы қатарлы біріккен оператор Қазақтелеком АҚ-ның жетекшілік бастамасымен “Шымкент қаласында GPON технологиясы негізінде көпқызметті желі құру” атты жобасын іске асыруға бағытталған.
Берілген құжатнама маркетингтік қызметті атқару жолында өте пайдалы және жоғары тиімділікті бола отырып, таңдалған байланыс операторының барлық үстемділіктері мен инвестициялық жобаның артықшылықтарын айқындайды, дәлірек айтсақ, жобаның қабылданған экономикалық және құқықтық нормаларға сәйкестілігін, түсімділігін, тиімділігін, экономикалық тұрақсыздыққа төтеп бере алу қабілеті және басқа құрылып қойған жобалардан басты сапалық ерекшеліктерін көрсетуге негізделген. Сондай-ақ, құжатта капиталдық салымдардың келешектегі ұзақ мерзімдік дамуы, яғни кеңейтілу мүмкіндігі мен өндірістің әрі қарай өркендеу жолдары айқын түрде көрсетілген. Жобаның іске асуы шағындағы жасалған экономикалық анализ тиімділік пен пайдалылықты қамтамасыз ету мен инвестиция қайтарылымының мүмкіндіктері тұсында бизнесті басқарудың үрдісін көруге жағдай жасайды.
Жалпы кәсіпорынның зор потенциалы мен қызметтерге оның клиенттерінен (әсіресе қосылған элиталық аудандағы) түсетін сұраныстың жоғарылығын ескерсек, компания қаржыландырушылардың үмітін ақтай алады деген сенім туады. Сонымен қатар, компанияның инвестициялық, жеделдік және қаржылық саясаты берілген құжатнамада сәйкес бөлімшеде анықталған страгетиялық мақсаттар мен бағыттарға толығымен сай келеді.
Жобаның жүзеге асуы клиентке қызметтерді жеткізу үшін GPON технологиясын енгізу және деректер жіберілімінің магистарльді желісін дамыту арқылы кеңжолақты рұқсат желісі қызметтерінің көрсетілу сапасы тұрғысындағы сұрақтардың шешімін табуға мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндік өз кезегінде көзделген мынадай экономикалық-әлеуметтік олжаларға жеткізеді: бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономикалық өсуді күшейту, әлеуметтік қызметтердің көрсетілімінің тиімділігне қол жеткізу. GPON негізіндегі қызметтер функционалдық мүмкіндіктер мен тұтынушлық сипаттамалары тұрғысында жеткілікті түрде кең ауқымды қолданысқа ие, әрі тұрақты, перспективті және тұтынушы үшін ыңғайлы технология болып табылады [12].
Жабдықтардың орналасу ортасының болуы мен кабельдің құбыр жол арқылы төселуіне байланысты жоба төмен шығындылықпен, жоғары табыстылықпен, соған орай, өндірістің жоғары рентабельділігімен сипатталады. Мұны сәйкес экономикалық көрсеткіштер растайды:
6.2 Компания бизнесінің тұжырымдамасы
Бұл бөлім саланың жалпы қазіргі таңдағы күйі мен компанияның нарықтағы жағдайына арналады да, негізгі жағымды аспекттері, сондай-ақ, бүткіл шешімдері айқындалған кемшіліктері көрсетілген тауарлар немесе қызметтер түрлері сипатталады. Негізгі мәні нарыққа енгізіліп қойған тауарлар мен қызметтер түрлерінің компанияның жаңадан шығыруға ниетті түрлерінен айырмашылығына көңілді аценттеу болып табылады. Берілген жобаны іске асырумен Қазақстанның жетекші байланыс операторы “Қазақтелеком” ұлттық акционерлік компаниясының Оңтүстік Қазақстандағы филиалы айналысады. “Қазақтелеком” АҚ-елдің барлық аймағында инфокоммуникациялық қызметтердің кең спектрің ұсынатын Қазақстан Республикасының ең ірі байланыс операторы және құрамында 23 филиалға, сондай-ақ, Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасында өз өкілдіктеріне ие заңды тұлға болып есептеледі.
Компания қызметінің негізгі түрлері [6]:
- жоғары технологиялық байланыс қызметтерін ұсыну
- сымсыз байланыс қызмет түрлерін ұсыну
- спутниктік байланыс қызмет түрлерін ұсыну
- телекоммуникация саласында технологиялық іс-қызметтерін жасау
- меншікті орталықтан басқару жөніндегі басқа да қызметтер.
“Қазақтелеком” АҚ-ның қуатты заманауи желісі бар әрі инфокоммуникациялық қызметтерді пайдаланушылардың барлық негізгі мақсаттық нарығын қамтиды. Жоғары өнімді “Қазақтелеком” АҚ желісі - Қоғамның табысты болуы мен Қазақстан нарығындағы жоғары технологиялық провайдер рөлін нығайту, сонымен қатар халықаралық телекоммуникациялық нарыққа шығуына мүкіндік беретін бірден бір іргетасы. Телекоммуникация секторы қазақстандық экономиканы дамушы әрі байланыстырушы сегменті болып саналады. Инфокоммуникациялық технологияларды кеңінен масштабты түрде енгізу отандық кәсіпорындардың прогрессивті дамуы мен олардың әлемдік экономикаға интеграциясы үшін қолайлы жағдай туғызу, сондай-ақ, еңбек өнімділігін арттыру мақсатында міндетті шарт болып табылады. “Қазақтелеком” АҚ-ның қызметі базалық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ететін және инфокоммуникациялық әртараптандыру мен ұлттық экономиканы жаңғыртуға жәрдемін беретін тиімді әрі сапалы телекоммуникациялық жүйені құруға бағытталған.
Телекоммуникаця саласы экономиканың барлық мемлекеттік жүйелердің функционалдануы мен үйлесімді жұмысын қамтамасыз ететін ең маңызды секторына жатады. Қазақстандағы телекоммуникацияға байланысты мәселелерінің бірі қаржыландырудың жеткіліксіздігі, инвестициялау
деңгейінің төмендігі, сондай-ақ, технологиялардың ескіруі болып табылады. Соған байланысты, пайдалық түсімді арттырып, меншікті шығындарды азайтатын ең жаңа технологияларды өндіру мен жарыққа шығару осы сфераның өмірде өз орнынан айырылмай, әрі қарай дамуы үшін жасалатын шарт ретінде объективті ғылыми-тәжірибелік талапқа айналған [12].
Компания телекоммуникация қызметтерінің қолжетімділігін арттыруға айтарлықтай үлес қосып, республиканың барлық дерлік аймағында және оның шеткі аймақтарындағы түрлі санаттағы қолданушыларға қызметтердің толық спектрін ұсынады. Сонымен қатар, компания ұсынылатын қызметтер спектрін кеңейтуге, дестелік шешімді қызметтердің бағалылығын арттыруға және “пісіп жетілген” әрі “қаныққан” сатысына жеткен телефонияның және КРЖ-нің дәстүрлі фиксирленген қызметтерден шығатын табыс деңгейінің түсімі қатерін минимизациялауға жол ашатын, тұтынушылардың түрлі сегменттеріне арналған жаңа қызмет түрлерін енгізіп, дамытуда. Оңтайлы әрі жағымда клиенттік тәжірибе қызметтердің қолжетімділігінен басталады, соған қатысы “Қазақтелеком” АҚ өз ұсыныстар қатарын байытып, дамытуда: абоненттің жалпы кешенді қызметтерді (телефон, КРЖ, ТД және қосымша сервистер) тек қана сату кеңселері арқылы емес, сонымен қатар қоңырау орталықтары, оператор сайты немесе Жеке кабинет арқылы да қосуына мүмкіндігі бар. Яғни “Қазақтелеком” АҚ халықтың байланыс қызметтеріне қолжетімділігін арттыруға бағытталған өзіндік стратегиясын жүзеге асыруда. Телекоммуникация қызметтеріне деген қол жеткізілген әрі өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру және 2015 жылдың соңына дейін жергілікті желілердің цифровизациялануы деңгейін 100-пайызға жеткізу мақсатында 2014 жылы көпқызметті абоненттік рұқсат желілерінде 67 мыңнан астам POTS нөмірлері мен кеңжолақты рұқсат желілерінің (КРЖ) 77 мың порттары енгізілді. Ағымдағы жылдың соңына қарай желінің цифровизациялану деңгейі 98,19 %-пайызды құрады. Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан аймақтарында 1750 км-лік зоналық талшықты-оптикалық байланыс желілері құрастырылды [12].
6.3 Өнімнің ерекшелікті қасиеттерін айқындау
Перспективті даму тұжырымдамасы және технологияны таңдау негізінде әрқашан экономикалық түрткілік жатады. Көпқызметті желілер жайлы айтатын болсақ, оларды құру барысында байланыс операторы үшін біріншіден жаңа қызметтердің енгізілімінен келіп түскен кірістер, екінші жағынан таратылған коммутация, оператордың технологиялық инфрақұрылымының интеграциясы, технологиялық үрдістер мен желіні басқарудың икемділігі әрі бірыңғайлануы арқасында операциялық және ұсталған шығындардың азаюы олжа болады. Көпқызметті желілердің басты мақсаты әдетте күнделікті трафикті (деректер) және басқа да ақпараттардың трафигін (сөз, видео және т.б) жіберу кезінде бірыңғай инфрақұрылымның пайдаланылуына қарамастан, түрлі ақпараттық және телекоммуникациялық жүйелер мен үстемелердің бірігіп бірыңғай транспорттық ортада жұмыс жасауын қаматамасыз ету. Көпқызметті желілер тұжырымдамасының айтарлықтай күрделілігінен, әрі әр түрлі операторлар мен провайдерлердің ұсынатын қызметтерінің номенклатурасы мен айналысатын қызмет түрінің тым алуан түрлілігінен “мінсіз идеалды” желіні құру мүмкін емес [13].
Қазіргі таржолақты телекоммуникациялық рұқсат желілері жіберілім жылдамдығының төмендігі, қосылуды орнату уақытының ұзақтығы, кешігумен жүретін әркелкі трафик сынды қасиеттермен сипатталатындықтан, оны жалпы қорытындылай келе, сапасыз қызмет түріне жатқызуға болады.
Қазақстанда тартылған электрлік кабельдердің көбісінің эксплуатациялық мерзімі аяқталып жатқандықтан, байланыстың электрлік желілік-кабельдік ғимараттарынан оптикалық түріне бет алу үрдісі ұйғарылды. Телекоммуникациялық технологиялар бір орында тұрмай, үнемі даму үстінде, соған орай, ескірген электрлік кабельдерді жаңасына ауыстыру жөнсіз-олардың орнын оптикалық желілік-кабельдің байланыс ғимараттары басады. Рұқсат желілерін дамыту-маңыздылығы жоғары әрі құны да қымбат мақсат болып табылады. Қазақстан Республикасы халқының сатып алушылық қабілетінің өсуі, интернет желісі, IP-үстемелері, мультимедиялық қызметтерге деген қызығушылықтардың артуы рұқсат желілерінің өткізу жолағын кеңейту бағытында дамыту қажеттігін негіздейді. Жақын арада оптикалық талшықты пайдаланатын электр байланыстары желілерін құру операторлар үшін ең қолайлы әрі бірегей шешімге айналады, себебі, оптикалық талшық өткізу жолағы тұрғысынан шектеулігі жоқ, байланыс қашықтығы тұрғысынан сымды жұптан әлдеқайда озады және көрші талшықтарға әсер етпейді. Расында, сымды және талшықты-оптикалық кабельдің (сондай-ақ, тарту үрдісі) бағасы
іс жүзінде теңескен. Алайда оптикалық кабельдің өткізу қабілеттілігі сымдыға қарағанда айтарлықтай жоғары. Ал бұл өз кезегінде, жаңа жобаларды жүзеге асыруда (green field) өзара бірдей капиталдық шығындар бағасы кезінде оптикалық жүйелер үшін бірлік ақпараттың бөлшектік бағасы айтарлықтай төмен болатынын білдіреді.
Яғни, мемлекетте үлкен өткізу жолағын талап ететін жаңа мультисервисті қызметтер түрін тұтынушылар саны екпінді артып жатқандықтан, байланыс операторлары рұқсат желілерінде оптикалық технологияларға көшуге мәжбүр. Пассивті оптикалық желілер шеткі тұтынушыларға, айта кетсек, қала шетіндегі жеке тұрған үйлерге, қала сыртындағы ауылды жерлерге, сондай-ақ, көпқабатты құрылыстағы пәтерлерге мультимедиялық қызметтерді көрсету мәселесін экономикалық негіздеу тұрғысында құрылды. Сонымен қатар, тұтынушы бір ғана оптикалық талшық арқылы интернет, телефонды қолданып, телевизияны тамашалай алады. Бұл технология көптеген операторларды, тіпті интернет-провайдерларды дәл осы қызметтердің кешенділігімен қызықтырады. Кең өріс алып келе жатқан байланыс қызметтері қатарына технологиялық, ұйымдастырушылық, қаржылық ақпараттық, телеконференциялық, телесеминарлық, қашықтықтағы медициналық қызметтері, интерактивті цифрлық теледидарлау мен Triple Play-ды жатқызуға болады. Оларды тұтынушылар болып алдымен түрлі кәсіпорындар, банктік және бизнестік құрылымдар, кеңселер және т.б келеді. Сондай-ақ, берілген қызметтерге қолжеткізуге талпынатын желіні жалпылай қолданушы абоненттер қатары да артып келеді. Санның сапаға өтуі диалектиканың алғашқы заңы ретінде танымал. Пассивті оптикалық желілердің (PON) артықшылықтары бірнеше мыңдаған абоненттерді қосудан басталатын орасан зор жобаларды жүзеге асыру шағында байқала бастайды. Және мұндай шешімдердің тиімділігі үлкен желілерді құру кезінде айтарлықтай білінеді [13].
Дегенмен құрылған оптикалық рұқсат желілерінің де кепілденген өткізу жолағы мен қызмет көрсету сапасы тұрғысынан шектеуліктері бар, сол себепті олскөз жетерлік келешекте болашақтағы қызметтерге қажетті қуатқа қойылатын талаптардың өсімін қанағаттандыра алмауы мүмкін. Сондықтан, құрылған PON желілері үшін орнатылған оптоталшықты инфрақұрылымды өзгертусіз қарапайым және тиімді эволюциялық жолдарын анықтау маңызды.
Берілген көпқызметті рұқсат желісі қызметтерін ұйымдастыру алдын ала болған және қайта басынан дұрыс ұйымдастырылып тартылған кабельдік желі арқылы жүреді. Ондағы келешек тұрғындар мен кәсіпкерлер GPON технологиясы көмегімен Triple Play қызметін алуды жоспарлайды.
Ол құрылған операторлық желісінде рұқсат желісі мен транспорттық желілері жабдықтарына кететін шығындардың минималды деңгейінде, Triple Play қызметтерін ұсынатын ең қолжетімді технологиялардың бірі. Сонымен қатар, бұл технология операторға Triple Play қызметтеріне құйылатын алғашқы инвестицияларды минимизациялауға мүмкіндік береді де, кейінгі абоненттер қатарының өсуі кезінде шешімді оңай ауқымдауға жол аша отырып, инвестиция қорғанысын қаматамасыз ете алады. Менің жобамда мұндай қызметтерді көрсету үшін берілген ауданда абоненттердің шоғырлану аймағына қарай алыстатып алып шығу жоспарланған. Ол үшін транспорттық желілерге жылдамдығы жоғарырақ арналармен қосылу талап етіледі. Сол себепті, оптоталшықты желілер пайдаланылуы қажет. Болжамдарға қарағанда, жақын арадағы бірнеше жылда оптикалық рұқсат желісі технологиясы ретінде (PON) пассивті оптикалық желілерінің ішіндегі басымдылығы жоғары GPON (Gigabit Passive Optical Network) жүйесінің саны артпақ. GPON технологиясын қабылдау келесі себептердің күшіне сүйенеді
[13]:
- GPON жіберілімнің ең үлкен жылдамдығын, үстемелер мен қызметтердің кең аумағын көтереді, әрі, әсіресе, видео мен ТД қызметтеріне қолайлы деп есептеледі;
- GPON әр түрлі желілік архитектураларда қолданылады: FTTC (мөлтекауданға дейінгі оптика) архитектурасында VDSL2-мен үйлесе (Very high speed Digital Subscriber Line 2) немесе абоненттік рұқсат желісі үшін
FTTH (үйге дейінгі оптика) архитектурасында қолданыла алады.
Берілген желіні іске асыруда GPON технологиясын пайдалану "Казақтелеком" компаниясына Қазақстандағы кеңжолақты Интернет рөлін кеңейтуге, сондай-ақ, бір абоненттен түсетін орташа табысты арттыратын жаңа жоғары сапалы "үшеуі біреуінде" (Triple-Play) қызметтерінің сұрыптамасын кеңінен енгізуге мүмкіндік береді. Жаңа технологияның артықшылығы оптоталшықты кабельдің өзіне компьютер, телефон және теледидар жалғанатын ONT оптикалық терминалы атты клиенттік жабдықтар орналасатын тікелей абонент пәтеріне тартылуында жатыр. Нәтижесінде абонентке iD брендінің толық дестелік қызметтері ұсынылады [13]:
- iD Net – интернет рұқсат желісіне жоғары жылдамдықпен кіру;
- iD TV – HD форматындағы цифрлық интерактивті теледидар;
- iD Phone – “тәуелсіз нөмірлері” бар цифрлық телефония.
Онымен қоймай, абоненттердің біріншіден қызметтерді “бір оптикалық розеткадан” цифрлық форматта алуына және басқа да қосымша қызметтерді қосуына мүмкіндіктері бар. Екіншіден, қызметтер жинағын қосудың ыңғайлылығы қарастырылған, яғни барлық қызметтер төлеміні бір ғана ортақ шотпен есептеледі. Сондай-ақ, iD Net - тің төлемі Megaline-ның абоненттік төлеміне ұқсас, бірақ жыдамдықтық параметрлер әлдеқайда жақсарған. Қазіргі таңда абоненттерге сәйкес сыртқы ресурстар үшін 20-30 Мбит/сек-тік және ішкі ресурстар үшін 50-100 Мбит/сек-тік «iD Net Hit» пен «iD Net Turbo» тарифтік жоспарлары ұсынылуда, сонымен қатар, сыртқы ресурстарға кететін, абоненттік төлем құнының құрамына кіретін трафиктің шамасы шексіз.
Берілген технология 1 Гбит/с-қа дейінгі өткізу қабілеттілігін қамтамасыз етеді, ол дегеніміз ADSL технологиясы бойынша жүретін дәстүрлі рұқсат желілерінің жылдамдығынан 100 есе және FTTB технологиясы бойынша жүретін рұқсат желілерінен 10 есе артық. Мәселен, ADSL-технологиясы 1 ден 8 Мбит/с арасындағы нақты жылдамдықты бере алады. Оптикалық технологиялар тіпті 10 Гбит/с-тық жылдамдықта да тоқтамайды-спектральдік тығыздау жүйесі бір рет тартылған талшықтықа деген сұраныстың пайда болуы аясында трафикті жіберу жылдамдығын өсіруге жол ашады.
GPON-бұл құрылған кезінен FTTH технологиясын пайдалануға бағытталған шешім болғандықтан, тұтынушыға (жер үй немесе коттедж) толық қызметтер кешені көрсетілуі шарт. Оны Tripple Play, Multi Play немесе басқаша атасақ та бәрібір. Сондай-ақ, оператордың өз жолында бөлек-бөлек ұсыныстармен келетін басқа “баламалы” операторлар пайда болмай тұрып, тұтынушыға барлық қызметтер спектрін жедел түрде ұсынуы маңызды рөл ойнайды [14].
GPON технологиясы көбінесе өз тиімділігін жаңа құрылыстар кезінде көрсетеді. Алайда, әлемде тек коттедждік қалалар мен бизнес орталықтар ғана құрылмайды, сондай-ақ, әсіресе үшінші әлемдік біртұтас елдер де өз телекоммуникациялық инфрақұрылымын шын мәнінде нөлден бастап өзгертіп жатқандар сирек емес. Мұндай жағдайда гигабиттік пассивті желілер зор артықшылыққа ие. Яғни, GPON технологиясын пайдаланудың артықшылығы GPON желісі арқылы толық жинақталған сервистер мен қызметтердің жіберілуі, сонымен қатар, байланыс операторының жіберілімдегі ағындардың қуатын тиімді, жөнді әрі экономикалық негіздеу тәсілімен қайта тарату мүмкіндігінің болуы. Осылайша, әр абонент қай топқа жататынына қарамастан, өзіне нақты қажетті сервис түрін ала алады.
GPON технологиясы абоненттік арнасының тұрақты өткізу жолағына ие, бұл оған бәсекелестер алдында қосымша артықшылық береді. Симметриялық жылдамдық пен өткізу жолағын статикалық түрде тарату рұқсат желісінің кепілді жылдамдықта жұмыс істеуін қолдайды. GPON технологиясы қолданушыға бірнеше HDTV арнасын көруге және бір мезгілде ТД көрсетілімінің тоқтауынсыз, Интернеттен үлкен файлдарды жүктеуге мүмкіндік береді. Деректер жіберілімінің жылдамдығы таңдалған тарифтік жоспарға сай әр абонентке кепілді түрде беріледі
Тұтынушылық артықшылықтар:
1Гб/с-тағы жоғары жылдамдықты Интернет;
HDформатын қосқанда ең жаңа интерактивтіIP-телевизиясы;әдеттегі немесеIP–телефонын қоса алатын сапалық телефондық
байланыс.
6.4 Маркетингтік жоспар және бизнес стратегиясын қалыптастыру
Соңғы жылдары еліміз экономиканың орнықты өсу екпініне ие. Қазақстанда жылдық ЖІӨ өсуі орташа 6-7 % құрайды, оның себебі энергия қорының үлкен бағасы, Үкіметтің стратегиялық жоспарлары, ашық экономикада негізгі және шетелдік инвестицияларды тарту болып табылады. Орталық Азиядағы шетелдік инвестицияларының 80%-ы Қазақстан экономикасының дамуының салымы болып табылады. 2012-2015 ж.ж. байланыс салаларының оң динамикасы байқалуда. Байланыс саласының өсу темпі айрықша салмағы өткен жылға тиесілі: 2011ж. – 12,2%, 2012 ж. – 23,3% және 2013 ж. - 16%.
Ұялы байланыс барлық байланыс түрлері ішіндегі ең дамығаны болып саналады. 2016 жылы мобильді байланыс қызметінің үлесіне 45,8%, ғаламтор желісі қызметіне 21,3%, өзге байланыс қызметтеріне - 32% тиесілі болды. 2011-2016 ж.ж. арасында Ғаламтор желісінің абоненттер саны 3,2 есеге өсті және олардың саны 1976,0 мың.бір. құрады. Сондай-ақ, Ғаламтор қызметінен кіріс жыл ішінде 39,0%-ға өсті, 136,9 млрд. теңгеге дейін. Статистикалық деректер көрсетуінше, басқа байланыс түрлерінен озып, Ғаламтор қызметінен кірістің жеткілікті тез өсуіне қарамастан, республикалық масштабтағы белгіленген Ғаламтор абоненттер саны айтарлықтай төмен деңгейде қалуда[16].
Қазақстандық ғаламтор желісі сегментінің дамуы үшін КЖР қызметтерін көрсететін телекоммуникация желілерінің дайын болуы, дата-орталықтарын жасау, «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілетін, электрондық мемлекеттік қызметтер санының өсуі, қоғамдық-маңызды ғаламтор қорларын жасау және электрондық коммерция жөніндегі жобалар санының өсуі қажет.
Осылайша ағымдағы ахуалды талдау Қазақстанның ірі ауқымдық және информациялық даму мемлекеттік стратегиясының және мемлекеттік басқару жүйесінің эффективті қалыптасуы комплекстік жүзеге асыру дайындығын айғақтайды.
«Қазақтелеком» АҚ бірлестік Қауымының стратегиясы белгіленген бизнестегі көшбасшылық позициясын сақтауға, біріктірілген оператордың кезеңмен жасалуымен мобильді бизнестің дамуына, синергияны телекоммуникациондық салада көршілес нүктелі даму үшін негізгі бизнеспен пайдалануға бағытталған. Сонымен бірге аналог-бірлестіктер үшін бизнестің операциондық эффективтілік деңгейі ортадан жоғары болу және капиталдық инвестициялардың эффективтілігін жоғарылату мақсаты қойылады. Қойылған мақсаттар Қауымның көрінуін жасайтын келесі стратегиялық бастаманың жұмысы есебінен жетеді [16]:
- “Барлық жанұяға арналған қызметтер супермаркеті” ынтагерлік тобы мынаған бағытталған: үй шаруашылығындағы барлық мүшелердің коммуникациялық, ақпараттық, көңілдік сұраныстарын толық қанағаттандыратын телекоммуникациялық және басқа да қызметтердің пакеттік ұсынысын жүргізу; қолданушылық тәжірибе мен абоненттердің ризашылығын арттыру.
- “Қазақстандық бизнестің ақпараттық іргетасы” ынтагерлі тобы мынаған бағытталған: өнімдік сызықшаны кеңейту және әр түрлі корпоративті клиенттер типіне сай инфокуммуникациялық сұраныстарын қанағаттандыратын кешендік шешімдерді көрсету; корпоративті сегментпен жұмыс істеу шағында өнімдік қатынаудан клиенттік не сегменттік тұспалданған қатынауға көшу; операторлық бизнестік дамуы.
- “Біріктірілген операторды құру” ынтагерлік тобы мынаған бағытталған: мобильді бизнестің топтың қаржылық нәтижелеріне айтарлықтай үлес қосатындай деңгейінде дамуы; байланыстың мобильді және тиянақталған сегменттерінің қадамдық біріктірілімінің арқасында синергетикалық әсер алу.
Қоғамның техникалық саясаты дамудың техникалық блоктар үрдістері шеңберінде келесі критериялар бойынша оптималды балансқа қол жеткізуге бағытталған:
- қоғамның табысын арттыру;
- капиталдық шығындарды, оперативтік шығындарды оптимизациялау және азайту;
- қоғамның технологиялық өндірістік базасының инвестициясының сақталуы, көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз ету;
- жаңа аймақтарды сапалы, тиімді және жедел түрде қамту және клиенттердің жоғары санына қызметтер көрсету мүмкіндігін қамтамасыз ету;
- унификация – шығындарды оптимизациялау, өндрістік үрдістірді әмбебаптау мақсатында өңделген технологиялардың, техникалық шешімдердің, жүйелер мен үлгілердің бірыңғай формаға келтірілуі.
Ұлттық масштабтағы жобаларды іске асыра отырып, қоғам елдегі телекоммуникациялық инфрақұрылымның жаңғыртылуы мен Қазақстанның біріккен ақпараттық кеңістігін қалыптастыруға ықпал етеді. «Казахтелеком» АҚ-ның қызметтері халыққа, кәсіпорындарға, байланыс операторларына
АҚ-ның қызметтері халыққа, кәсіпорындарға, байланыс операторларына көрсетіледі.
«Казақтелеком» АҚ-ның қызметтері ҚР-ның барлық аймақтық нарығында, ірі облыстық орталықтарда, ауылдар мен кіші қалаларда көрсетілген. Компания бірнеше жыл ішінде танымалдық жағынан жетекші болып жүр: қалалық ересек халық арасында брендінің танымалдылығы 7 жылдан бері 90%-дан асып келді де, 2016 жылы 99%-ға жетті.
Маркетингтің маңызды бағыты болып сатылым көлемін арттыруға ықпал ететін баға қалыптасуының икемді жүйесін құру есептеледі. Кез келген кәсіпорынның коммерциялық жетістіктері нарықтық экономика шарттарында көбінесе дұрыс таңдалған стратегия мен тауарлар мен қызметтерге бағаның қалыптасу тактикасына байланысты.
Бағаның құрылу күрделілігі, баға – жағдаятты санатты, болуынан тұрады. Оның деңгейіне үлкен ықпалын экономикалық, психологиялық, қоғамдық және саясаттық жинақ фаторлары тигізеді. Бүгін баға шығын факторымен анықталуы мүмкін, ал ертең оның деңгейі сатып алушылардың мінез-құлық психологиясына тәуелді болуы мүмкін. Баға қалыптасу негізінде сатылу көлемін ескере отырып, бірлік өнімнің өзіндік құны есептеледі, ол көзделген пайдаға жетуді қамтамасыз етеді.
Өзіндік құн конъюнктура және басқа да факторлардың әсері ескеріле өндірістік қуаттар мен өтімдік көлемі жүктемесі дәрежесінің төмендеуі немесе жоғарылауынан өзгертіледі де, осындай жағдайлар шартында жалпы пайданы қамтамасыз ететін бірлік өнімнің сатылым бағасын анықтайды.
Тарифтік жоспарлар абоненттердің неғұрлым жоғары санын тарту мақсатына бағытталған. Тарифтік саясат көрсетілетін қызметтерге абоненттер шығынын азайтуға талпынуы қажет. Әр түрлі эфирлік пакеттері бар тарифтік жоспарлар әр түрлі санаттағы клиенттерге тұспалданып, абоненттердің мүмкін қалауларын ескереді. Тұтынушы тарту үшін Интернет рұқсат желісі, Е-mail-ды қабылдау және жіберу, жоғары жылдамдық деректер жіберілім сынды қызметтерге абоненттік төлемі жоқ тарифтер де көрсетілуі мүмкін.
Компания кез келген тұтынушы окмпания тұтынушы абоненттеріне көрсете алатын телекоммуникация қызметтерінің барлық тарифтеріне қол жеткізе алатын мөлдір тарифтік саясатты жүргізуде. Телекоммуникациялық қызметтердің қол жетімділігік деңгейін көтері мақсатында “Қазахтелеком” АҚ әрдаймы төмендеу үрдісіне ие қожетімді бағалар бойынша сапалы қызметтердің бай спектрін көрсетеді. Есеп беру кезеңінде тарифтік саясат шаралары жүзеге асқанда компанияның әлеметтік жауапкершілік аумағында атқарылған ұстанымдары ескерілді.
Икемді тарифтік қалыптасу шарты және альтернативті опреаторлардың абоненттерге көрсетілетін қызметтер қолжетімділігін арттыру шеңберінде 2015 жылы байланыс операторлары қызметтеріне тарифтерді төмендету жұмыстары жүргізілді [16]:
- 2015 жылдың 1-наурызынан тиянақталған телефондық байланыс операторлары желісінен ұялы байланыс операторлары желісіне трафик өтімінің тарифтері орташа 25%-ға төмендетілді.
- 2015 жылдың 1-маусымынан байланыс операторлары үшін интернеттік кеңжолақты рұқсат желісі көрсететін қызметтеріне тарифтер орташа 64,5 %-ға түсті.
- 2015 жылдың 1-шілдесінен тиянақталған телефондық байланыс
операторы желілерінің қызметтеріне қосылудың біруақыттық төлемі жергілікті деңгейде 9 %-ға, IP-телефония (интернет-телефония) оперторларының қызметтеріне халықаралық деңгейде 26 %-ға төмендетілді.
- IP-телефония операторлары қызметтері үшін трафик өтуінің тарифтері 3,6 %-ға түсті. 2015 жылдың қорытындылары бойынша “Қазақтелеком” АҚ компаниясының тобы бойынша қызметтерді іске асырудан түсетін табыс 190867 миллион теңгені құрады, шоғырландырылған таза пайда-19614 миллион теңге болды.
Компанияда нарыққа жаңа өнімді шығару бойынша маркетингтік сатратегияларды қалыптастыру ісі жүргізілуде. Маркетингтік стратегияларды қалыптастыру өз кезегінде ҚР заңнамаларына, стандарттар мен телекоммуникация аймағындағы талаптарға сәйкестілігі жөнінде қоғамда құқықтық сараптамадан өтетін қабылданған өнімдік тізімдемесіне, қызметтердің жаңа түрлері бойынша дизайн құжаттары жасалады.
Маркетингік стратегиялар негізінде қызметтерді іске асыру және жүргізу шаралары бойынша жоспарлар қалыптасады. Ақпараттарды тасымалдау сапасы мен мерзімділігі көбінесе жіберілімнің техникалық құралдардың, жөндеу және үсестіру қабілетіне сай негізделеді. Өнімнің нарыққа өтуі әдістерінің бірі жарнама болып табылады. Қоғам өз қызметтерінің барлық қасиеттері мен қолдану тәсілдері жайлы хабарлайды, ол берілген қызметтерді жауапкершілікті, тиімді, экономикалық және қауіпсіз пайдалануға ықпал етеді.
Компания қызметтерін өткізу екі кезеңде жүзеге асады [15, 16]: 1. Баспасөз жарнамасы 2. Жеке сатылымдар
Енгізу бойынша ұсыныстар:
- аудан көшелерінде жарнамалық қалқандарын орналастыру;
- тұрғын үй кешені аумағында жарнамалық таныстыру рәсімін жасау;
- жарнамалық аудио және видео роликтерді оларды теле және радио арналардағы көрсетілімімен бірге дайындау;
- телекоммуникация қызметтерін жарнамалайтын нұсқағыштар, плакат, бүктеме және басқа да баспасөз өнімдерін қазақша және орыс тілінде орталықтан дайындау;
- интернет желісіндегі WEB – парағы.
Халықаралық опреторлармен келісімдер бойынша табыстарды сақтауға жол ашатын халықаралық операторларға қызметтер сатылымын көбейтудін негізгі жүргізушісі болып транзиттік потенциалдың келешек дамуы есептеледі.
Қазіргі уақытта Топ тәуелсіз және бәсекеге қабілетті телекоммуникациялық желіге ие. Компания қызметінің негізгі қағидаларының бірі қызметтер тұтынушыларының жеке өміріне қол сұғылмаушылықты қамтамасыз ету болып табылады.
АО «Казақтелеком» АҚ-да сәйкес ішкі құжаттар жасалып, іске асуда, мәселен, абоненттер жайлы мағлұматтардың конфиденциалдығын сақтайтын директорлар Кеңесімен қабылданған коммерциялық құпия жағдайлары.
6.5 Жобаның қаржылық-экономикалық тиімділігін есептеу
Телекоммуникациялық желі құрылысы оның коммерциялық пайдаланылуын білдіретіндіктен, инвестициялық есептеулер құрамына мыналар кіреді [12]:
- телекоммуникациялық рұқсат желісі құрылысына кеткен капиталдық салымдар есептемесі;
- жылдық эксплуатациялық және жылдық табыс көлемін анықтау;
- жобаның экономикалық тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін, яғни капиталдық салымдардың дисконттау мен дисконттаусыз өтелу мерзімдерін табу әрі анализ жасау.
Жобаны іске асыру үшін 6.1 кестеде көрсетілген жабдықтарға қол жеткізу қажет. Тұрғын үйлік құрылысты GPON технологиясы бойынша Қазақтелеком АҚ-ның құрылған желісіне қосу жобасын жүзеге асыру кезінде жабдықтарға айтарлықтай көп шығын кетеді.
6.1.кесте.Капиталдық шығындар
Атауы | Өлшем бірлігі | Саны | Бағасы,тг. | Жалпы құны,тг. |
Iskratel SI3000MSAN | Дана | 1 | 900000 | 900000 |
Innbox F50 | Дана | 250 | 950 | 2425000 |
500 NT атты абоненттік тораптар | Дана | 480 | 30000 | 14400000 |
1:2 – лік PLC-тармақтағышы | Дана | 1 | 8825 | 8825 |
Сплиттер 1:16 | Дана | 4 | 10000 | 40000 |
Сплиттер 1:32 | Дана | 38 | 69180 | 5326068 |
Патчкорд | Дана | 250 | 2000 | 500000 |
Барлығы | 23599893 |
6.5.1 Телекоммуникациялық рұқсат желісін құруға бағытталған капиталдық салымдар есептемесі
Желіні ұйымдастыруға қажетті капиталдық салымдардың есептемесінде жабдықтарды алуға ғана кеткен шығындар ескеріліп қана қоймай,сондай ақ,оған кәсәпорынның толық жұмыс істеуі үшін қажетті қосымша құралдар да қосылады.Яғни,капиталдық слымдарға жабдықтарды,жұмыс орнының,монтажды жұмыстар мен транспорттық қызметтерінің құны кіреді[12]:
мұндағы жабдықтар алуға кеткен каиталдық салымы;
транспорттық шығындар (жабдықтар бағасынан 5 %)
Жұмыс орнын ұйымдастырудың жалпы бағасының есебін (6.4) формуласы бойынша капиталдық шығындарды есептейміз:
Пайдалану шығындарды мына формула бойынша анықталады:
мұнда ЕТҚ –желі учаскесіндегі қызмет көрсетуші персоналға еңбекақы төленетін қоры; әлеуметтік салық қысқартылу;
материалдық шығыны;
электрэнергиясының шығындары;А
амортизация;
кредит банк алымдар; Н– үстеме шығындар.
Бірінші категориялық инженер мен операторлардың лауазымдық жалақысын айына және жылдық табысын есептейміз .Басқару және қызмет көрсету орталықтандырылып жүргізіледі,сондықтан еңбекақы келесі 6.2 кесте бойынша қарастырылады:
6.2.кесте.Штаттық кестесі
Дәрежесі | Адам саны | Айлық табыс,тг | Жылдық табыс,тг |
Инженер | 4 | 75000 | 3600000 |
Оператор | 4 | 60000 | 3600000 |
Барлығы | 8 | 6480000 |
Еңбек төлемінің қоры мынадай формуламен анықталады:
мұндағы, -негізгі айсайынғы төлемдер;
қосымша ай сайынғы төлемдер.
6480000 тг
Қосымша ай сайынғы төлемдер (демалыс кезіндегі жұмыс және бонустар) базалық жалақақысының 20% құрап және ол мына формула бойынша есептеледі:
тг
Содан кейін ЕТҚ (еңбек төлемінің қоры) жасалады:
тг
6.5.2 Әлеуметтік қысқартуларды есептеу. Еңбек төлем қорының ай сайынғы төлемдер есептеу кезінде, 11% зейнетақы қысқартулар мен еңбек төлем қорынан әлеуметтік салыққа сыйақы төлеу қажет.
Әлеуметтік көмектен қысқартылу мына формуламен анықталады:
Содан кейін, ЕТҚ-нан 10% құрайтын зейнетақы қорынан шегере отырып, әлеуметтік көмектен жасалады:
тг
6.5.3 Амортизациялық қысқартуларды есептеу. Амортизациялық қысқартулар сомасы негізгі қор құнының пайыздық белгіленген бірыңғай стандарттар бойынша алынады Амортизация деңгейі байланыс жабдықтарынан 15% құрайды. Амортизациялық қысқартулар мына формуламен анықталады:
мұндағы, - байланыс саласынан 15% амортизация қысқартулар деңгейі;
– негізгі қордан құны.
тг
6.5.4 Электр энергетикаға кеткен шығындарды есептеу. Электр энергиясының шығындары үшін өндірістік қажеттілікке электр энергиясының құны,өндірістік жабдықтар мен қосымша қажеттіліктері кіреді. Тәулік бойы жұмыс істейтін жабдықтардың жалпы қуатының қажеттілігін ескере отырып мынадай формула бойынша есептеледі:
мұндағы, - өндірістік жабдыққа кеткен шығындар;
- қосымша қажеттілікке кеткен шығындар (өндірістік жабдыққа кеткен шығындар 5%).
Өндірістік жабдықтарда электр энергияның шығыстары мына формуламен есептеледі (6.7).
мұндағы, W – тұтынылған қуат, 0,8 кВТ; Т – жұмыс уақыты, Т= 8760 сағ/жыл; S - тариф, 1 кВт/сағ = 12,50 тг
тг
Қосымша қажеттілікке кеткен шығыстар мына формуламен есептеледі:
Қосымша қажеттілікке кеткен шығыстарды анықтаймыз:
тг
Электр энергияға кеткен шығыстарды мына формула бойынша анықтаймыз:
тг
Негізгі коммутациялық жабдықтар сатып алу жөніне келетін болсақ, қаражат оператордың меншікті қаражаты бөлініп, ипотекалық төлемдер есептелінетін болады.
6.5.5 Материалдық шығындарды есептеу. Материалдық шығындар мен шығыстар капитал салымдарының 0,5% қосалқы бөлшектер және техникалық қызмет көрсету сомасынан тұрады:
тг
6.5.6 Үстеме шығындарын есептеу. Үстеме шығындары 10% құнынан тұрып, мына формуламен есептеледі:
=12478686тг
Осылайша, жыл сайынғы ағымдағы шығыстар осындай болар еді:
тг
Алынған нәтижелерді қорытындылай келе, мәліметтерді жылдық эксплуатациялық шығындардың құрылымы көрсетілетін кестеге енгіземіз.
6.3.кесте.Жылдық эксплуатациялық шығындардың тізімі мен құрылымы
Көрсеткіш | Соммасы тенге | Салыстырмалы пайыздық мөлшері % |
Еңбекақы қоры (ЕҚ) | 7776000 | 31,15 |
Әлеуметтік қажеттіліктер аударымы (ӘҚ) | 769824 | 3,08 |
Амортизациялық аударымдар (Ао) | 13716983 | 14,8 |
Электр энергиясы шығындары (Э) | 91980 | 0,36 |
Матириалдық шығындар (М) | 123899 | 0,49 |
Үстеме шығындар(Ү) | 12478686 | 50 |
Барлығы | 24957372 | 100 |
6.1.сурет. Жылдық ағымдағы шығыстардың диаграммасы
6.5.2 Көрсетілген экономикалық тиімділігін есептеу.Бағалау тиімділігі енгізу желі мынадай көрсеткіштер негізінде қарастырылады:
-қызметтерді сатудан түскен пайда;
-таза табыс;
-таза көрсетілген құны;
-үстемелік шығындардың ескерімінсіз өтелу мерзімі;
-экономикалық тиімділіктің есептік коэффициенті.
Байланыс қызметтерін іске асырудан түсетін пайда табыстар мен жылдық эксплуатациялық шығындардың айырымы ретінде табылады.Ол кәсіпорын қызметінің эффектілік нәтижесін абсолютті мәнде сипаттайды да мына формуламен есептеледі:
мұндағы Т-абоненттік желінің бір жылдық табысы
Қорытынды
GPON негізінде кеңжолақты қолжеткізімді технологиясы пайдаланушының кеңістігіне тікелей тұрақтағанда айрықша байқалады.Кез келген көрсеткіштердің құнын қызмет көрсету деңгейі шешімдердің бәрін жеңетіні белгілі. GPON жүйесінің эволюциясы мен стандартталуы келешек кеңжолақты қолжеткізімді технологиясы мен қызметтердің көтеретін көптеген мүмкіндіктерге алып барады. Желінің өрістеуі бір ғана оптикалық үлестірімдік желіде бірнеше GPON жүйелерінің не болмаса, құрылған жүйедер мен 10G GPON-ның бірігіп жұмыс істеуіне жол бере отырып, толқын ұзындықтарын жоспарлау кезінде мүмкін болады.
Бұл жобаның бірінші бөлімі яғни Шымкент қаласындағы озық кең жолақты қызметтер қол жеткізу желілеріне елеулі ұлғайтылған көлемге қатысты мәселе талқыланды. Ұзақ уақыт бойы мыс жұп енді бұдан былай жаңа қызметтер үшін шешім бола алмайды. Тәжірибе көрсеткендей оптикалық-талшықты технологиялардың бағасы төмендегеннен кейін ол қолжеткізу желілерінде, ұсыну және тарату желілерінде жаппай қолдана бастады.Екінші бөлімінде қазіргі уақытта GPON (Gigabit-capablePON) және GEPON (GigabitEthernetPON) желілер үшін жабдықтар бар. Абонентке дейін байланыстың оптикалық желілер – GPON технологиясы – Интернет желісінің ресурстарына, сондай-ақ жоғары жылдамдықта (бір секундта 1 Гигабитке дейін) ішкі желілік сервистерге қолжетімдікті қамтамасыз ете алады.Кезекті келесі бөлімдерінде есептеу және жасаған жобамның қаншалықты қолжетімді екені жайлы,және жоба экономикалық тұрғыда желіні енгізумен шұғылданатын компания бюджетіне қосымша қаржылай ақшаның түсуін ыңғайластырады.
Жұмыс орны аймағының, ондағы жабдықтар мен құрылғылардың, жұмыс жасаушы қызметкер еңбегі мен өмірінің жалпы қауіпсіздігі жобаның сапалы құрылып, нақты іске асуының бірден бір тұтқасы салдарынан, жобаның соңғы бөлімінде еңбекті қорғау пәні аясында қажетті ақпараттар бойынша іс-шаралар талқыланды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.Шымкент қаласының ресми сайты
1 Гаскевич Е. Оптические сети многоэтажного дома. Ключевые характеристики и определения для кабельной подсистемы // Технологии и средства связи. – 2010.
2 Направляющие системы электросвязи: Учебник для вузов. В 2-х томах. Том 2. – Проектирование, строительство и техническая эксплуатация / В.А. Андреев, А.В, Бурдин, Л.Н. Кочановский, Э.Л. Портнов, В.Б. Попов; Под редакцией В.А. Андреева.– 7-е изд., перераб. и доп. – М.: Горячая линия – Телеком, 2011.
3 Технологии строительства ВОЛП. Оптические кабели и волокна / Андреев В.А, Андреев Р.В., Бурдин А.В., Бурдин В.А, Дашков М.В., Попов Б.В., Попов В.Б.; под редакцией В.А. Андреева. – Самара, СРТТЦ ПГУТИ, 2011. – 363 с.
4 ГОСТ Р53246-2008. Информационные технологии. Системы кабельные структурированные. Проектирование основных узлов системы. Общие требования, 2010.
5 Мир Телекома №1, М.: 2012 - 72 с.
6 www.telecom.kz
7 Мультисервисные сети связи. Технология GPON. Транспортные сети
и сети доступа/В.Ю. Деарт. – М.: Инсвязьиздат, 2008.
8 Цуприков А.Л., Осипов А.Е. PON для triple play // ИКС, 2008. №5.
9 FTTx solutions for service providers. – Bothell: Allied-Telesys Inc., 2009.
10 Основы проектирования волоконно-оптических линий передачи: Учебное пособие для вузов / В.А. Андреев, А.В. Бурдин, В.А. Бурдин, М.В. Дашков, Б.В. Попов, В.Б. Попов / под редакцией В.А. Андреева – Самара, СРТТЦ ПГУТИ, 2009.
11 ITU-T Rec. G.983.1, Study Group 15, «Broadband Optical Access Systems based on Passive Optical Networks (PON)», Oct., 1998.
12 Боканова Г.Ш. Қаржы-шаруашылық қызметтерін талдау және саралау пәнінен лабораториялық жұмыстарын орындаудың әдістемелік нұсқаулары – Алматы: АЭЖБИ, 2009
13 Базылов К.Б., Алибаева С.А. Методические указания по выполнению экономического раздела выпускной работы бакалавров для студентов всех форм обучения. Алматы. АИЭС.2009.
14 Менеджмент предприятий элкетросвязи:Учебник для вузов / Е.В. Демина, Н.П.Резникова,А.С. Добронравов, В.В.Макаров. - М.: - Радио и связь,
2005.
15 Резникова Н.П. Маркетинг в телекоммуникациях. – М.: Эко-ТРЭНДЗ,1998.
16 Макарьева В.И., Андреева Л.В. Анализ финансово-хозяйственной деятельности организации. – М.: Финансы и статистика, 2007
17 Б. Нысанқұлов, С. Ж. Тоқтабеков, Н. Ж. Қожамжаров. Өмір қауіпсіздігінің негіздері. Оқу құралы. Қарағанды, 2012 ж.
18 М. Б. Мажимова. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері [Электрондық ресурс]. жалпы білім беру пәні бойынша бейнедәріс. Павлодар, 2014 ж.
19 ПОТ РО-45-009-2003. Правила по охране труда при работах на линейных сооружениях кабельных линий передачи (взамен ПОТ РО-45-005-94).
20 Санитарные нормы и правила РК 2.04-05-2002. Естесственное и искусственное освещение. Астана 2004 г.
21 С.Е. Мананбаева, Ж.С.Абдимуратов. Безопасность жизнедеятельности Методические указания к выполнению раздела «Расчет производственного освещения» в выпускных работах для всех специальностей. Алматы: АИЭС, 2009 г.