5 Қоршаған ортаны қорғау
5.1 Қоршаған ортаны қорғау шараларының маңызы
Қоршаған ортаны қорғау дегеніміз табиғат пен адамның өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, жер мен оның қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін тағы басқа табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, сауықтыру, сапасын жақсарту, молықтыру. Бұл іс-әрекеттердің бәрі мемлекеттер заңымен, тиісті нормативтік-құқықтық актілермен, азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің белсенді араласуымен, мемлекеттік және мемлекетаралық келісімдермен, конвенциялармен реттеліп жүзеге асырылады.
Қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қоғамның экологиялық тұрақты дамуының қолайлы деңгейiне қол жеткiзу бойынша негізгі параметрлер Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасында (ҚР Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 1241 Жарлығы) және Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасында (ҚР Президентінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі Жарлығы) қарастырылған. Бұл ретте аталған Тұжырымдамалар Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 47 Жарлығымен күшін жойды.
Қазіргі кезеңде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау мәселелері ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 924 қаулысымен бекітілген «2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасында көзделген.
Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасында:
- төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік жүйесін дамыту;
- 2015 жылға дейiн Қазақстан Республикасында қызған газдардың шығарындыларын төмендету;
- cу үнемдеу;
- шөлейттенумен күрес жөнiндегi iс-қимылдар;
- халықтың iшкi көшi-қоны және экологиялық апат аймақтарының жерлерің шаруашылық мақсатқа пайдалану;
- байырғы ластануларды жою;
- өнеркәсiп және тұрмыстық қалдықтарды басқаруды жетiлдiру;
- әскери-ғарыш және сынақ кешендерi полигондары аумағының экологиялық жай-күйiнiң мониторингi жөнiндегi бағдарламаларды іске асыру жоспарланғанын айта кету керек [38].
Осы заң қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге де қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерін болғызбауға, биологиялық алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты тиімді пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.
Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптері:
• халықтың денсаулығына, өміріне, еңбегі мен демалысына қолайлы түрде қоршаған табиғи ортаны сақтау мен қалпына келтіру;
• қазіргі және болашақ ұрпақтардың салауатты өмір сүруіне қажетті қоршаған ортаны сақтау үшін әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешіп отыру;
•экологиялық аймақтарда экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын кеңінен қолданумен қатар, бұзылған табиғи жүйелерді қалпына келтіру;
• табиғи ресурстарды толық тиімді түрде пайдалану және молықтыру;
• қоршаған ортаны қорғауға экономикалық жағынан ынталандыру және табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін ақы төлеуді енгізу;
• биологиялық алуан түрлілікті, ғылыми және мәдени маңызы бар сирек объектілерді, ерекше құнды табиғи аймақтарды сақтауды қамтамасыз ету;
• қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды реттеп, олардың орындалуына мемлекеттік тұрғыдан бақылау орнату;
• табиғатқа нұқсан келтіруге жол бермеу;
• халықтың, қоғамдық ұйымдардың, бірлестіктер мен жергілікті басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде және демократиялық жолмен қатысуы;
• халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық принциптерін сақтау негізінде жүзеге асыру.
Қауіпсіздік сыртқы және ішкі қатерден қорғайтын тірі организмнің қажетті шарасы. Ал адам қауіпсіздігінің өз ерекшеліктері бар, адам басқа тірі организмдерден айырмашылығы, табиғи ортадан өзгеше, өз өмір сүру ортасын жасай алады. Сондықтан болуы ықтимал қатерлер табиғи қатерлердің қатарына жатпауы да мүмкін. Адамдар өздерінің ойлы іс-әрекеттерін пайдалана отырып, өте тез арада антропогендік орта жасап үлгерді. Бұл ортаға тірі организмдер, оның ішінде адамдардың өзі де, толық бірігіп кете алатын емес.
Міне, сондықтан адамның кез келген іс-әрекеті әкелетін пайдасымен бірге кері нәтиже де әкеліп жатыр, мысалы, экологияның бұзылуы, жарақат алу, ауыру, тіпті қазаға ұшырау. Сондықтан қауіпсіздікті, нақты іс-әрекеттен болатын, адамды және өмір сүру ортаны кешенді қорғау шаралары деп түсінуіміз қажет. Іс-әрекеттің түрі күрделенген сайын, кешенді қорғану шаралары қажет болады. Кешенді қорғану шаралары мынаны қамтиды: құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық, техникалық, санитарлық- гигиеналық, емдік шаралар.
Адамның іс-әрекетінің қауіпсіздігі - адамның іс-тіршілігі мен қауіп-қатер бір-бірімен кездеспейтін тұйық шеңбер.
Әрине, адамның іс-әрекетінің процесінде қауіп-қатер әр уақытта болғанымен, ылғи да бола бермейді. Ондай қауіп болуы үшін үш жағдай болуы керек: қауіп нақты бар; адам қауіп-қатер аймағында; адамның қолындағы қорғану құралдары жеткіліксіз.
Сонымен, қауіпсіздік – бұл іс-әрекет кезінде қауіп-қатердің болмайтындығы айқын болған жағдай.
Халықаралық сферада Қазақстан Республикасының экологиялық саясаты келесі бағытта жүргізіледі:
- Қазақстан Республикасының сәйкес халықаралық концепцияларға қосылуы және оларды іске асыруға бағытталған шаралар,
- халықаралық масштабта келісілген саясат пен ортақ бағдарламаны жасау,
- өндіріске экологиялық тиімді шетелдік технологияларды кіргізу,
- қоршаған ортаны қорғаудағы мәселелерді шешуді халықаралық тәжірибелерді кең қолдану,
- нақты мәселелерді шешуге қаржылық қаражатты толық пайдалану.
5.2 Оңтүстік Қазақстан облысының экологиясы
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының экологиясы Қазақстанның ауасы едәуір ластанған қалаларының тізімінен орын алады.Табиғатты қорғау прокуратурасы өкілетті органдармен бірлесіп рейдтік тексеру жүргізді.Автокөліктердің зиянды шығарындар нормативтеріне сәйкестігі аспаптармен өлшенді.Сондай ақ ауа неғұрлым ластанған жерлерден сынама алынып,атмосфералық ауаның жай күйіне талдау жасалды.