Технакалық реттеу туралы түсініктеме.

Тиімді жұмыс атқаратын Дүниежүзілік нарықты мемлекеттер тарифтік және техникалық (тарифтік емес) кедергіні жоюға бағытталған шараларды қолдану арқылы құра алады. Техникалық кедергі деп техникалық регламенттерде және стандарттарда қамтылатын талаптардың әр түрлілігі немесе өзгермелілігі салдарынан тауарды нарыққа шағарғанда туындайтын, дағдылы коммерциялық практика мен малыстырғанда үстеме шығынға әкелетын жағдайларды атайды. Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруінің басты шарттарыны бірі, ол осы ұйымның саудадағы техникалық кедергілергіге қатысты келісімінің талаптарын сақтау болып табылады. Техникалық кедергілерді жоюға қатысты программалардың негізін Үкіметтің шаруашылық субъетілерінің рыноктағы жұмыс ретін ұйымдастыруға бағытталған техникалық реттеу шеңберіндегі іс-қимылдары құрайды. Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңына сәйкес техникалық реттеу – санитарлық және фитосанитарлық шараларды қоспағанда, сәйкестікті растау, аккредиттеу және белгіленгін талаптардың сақталуын мемлекеттік ақылау мен қадағалау жөніндегі қызметті қоса алғанда, өнімге, көрсетілген қызметке, процестерге қойылатын міндетті және ерікті талаптарда анықтауға, белгілеуге, қолдануға және орындауға байланысты қатынастарды құқықтық және нормативтік реттеу. Елімізде міндетті талаптар көптеген құжаттар түрунде беогіленіп келеді (мысалы, санитарлық ережелер мен нормалар, құрылыс нормалары мен ережелері мен т.б.) техникалық реттеудің мұндай жүйесі халықаралық практикаға сәйкес емес.Халықаралық тәжірибеде стандарттар ерікті құжаттар түрінде қарастырылады да, негізгі талаптар «техникалық регламент» деп аталатын бір құжатта шоғырланады. Стандарттар техникалық регламенттерде, оларға сілтемелер жасалғанда ғана міндетті түрде орындалуға тиісті, өйткені олар өнімнің, қызмет көрсетудің техникалық регламенттерде белгіленген нормалары мен талаптарына сәйкестігін дәлелду негізі ретінде қарастырылады. Техникалық регламенттің мысалы ретіеде Еуропа Одағының заңнамаларын келтіруге болады. Еуропа Одағында стандарттар ерікті түрде болғанымен, қолданыстағы техникалық реттеу жүйесі олардың орындалмауына жол бермейді және Бұл жағдай өнімдер мен қызмет көрсетудің басым үлесін қамтиды. Мысалы, Еуропа Одағында техникалық реттеумен өнімнің 75%-ы қамтылған. Өнімнің қауыпсіздігіне қатысты жауапкершілікті Үкімет дайындаушылардың өздеріне жүктейді, яғни олар үлкен сенім білдіреді. Еркін нарық жағдайында оның ережелері өте қатаң. Егер дайындаушы тұтынушының сенімін анықтамаса, онда ол нарыққа қайтып оралмауы мүмкін. Осы себепті дайындаушылар техникалық регламентердің және оларға үйлестірілген стандарттардың талаптарын бұлтарыссыз орындайды. Техникалық реттеудің халықаралық жүйесінің құрамына техникалық нормаларды тағайындау, оларды бағалау және растау кіреді. Осындай техникалық ережелерге үйлестірудің қарапайым сызбасы дүние жүзінің көптеген елдерінде қолданылады. Техникалық реттеу объектілері- өнім, көрсетілген қызмет, үдерістер (процестер). Мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес техникалық реттеу объектілеріне қатысты пайдалану құқығын иеленетін жеке және заңды тұлғалар техникалық реттеу субъектілері болып табылады. Техникалық реттеудің асты элементтері:

· өнімге және өнімнің өмірлік цикліне қатысты процестерге міндетті талаптарды белгілеу, қолдану және орындау.

· Өнімге, өнімнің өмірлік цикліне қатысты процестерге, қызмет көрсетуге ерікті негіздегі талаптарды белгілеу және қолдану.

· Сәйкестікті бағалау шеңберінде құқықтық реттеу.

Бірінші элемент метрология ережелеріне метрология ережелеріне техникалық регламенттерді қабылдау және қолдану арқылы, екінші элемент стандарттау арқылы, ал үшінші элемент сәйкестікті бағалау арқылы жүзеге асырылады. 1. Техникалық регламенттер туралы түсініктеме. Техникалық реттеудің басты мақсаты – техникалық регламенттерді қабылдау. Техникалық регламент – өнімдерге және олардың өмірлік циклінің процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін, Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» заңнамасына сәйкез өзгерленетін және қолданылатын нормативтік құқықтық акт. Техникалық регламенттерді қаылдау мақсаттары:

· Адам өмірі мен денмаулығын, жеке немесе заңды тұлғалардың мүліктерін, мемлекеттік және муниципалдық мүліктерді қорғау;

· Қоршаған ортаны, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау;

· Өнімнің, көрсетілетін қызметтің қауыпсіздігіне қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу;

· Саудадағы техникалық кедергілерді жою;

· Отандық онімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

· Табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу.

Техникалық регламенттердің мазмұнына қойылатын талаптарға мыналар кіруі керек:

· Техникалық регламенттерді талаптары қолданылатын өнімдердің, осы өнімдердің процестерінің толық қамтылған тізбесі;

· Техникалық регламентті қабылдау мақсаттарына жетудің қамтамасыз ететін өнімнің, процестердің сипаттамаларына қойылатин талаптар;

· Техникалық реттеу объектілерін бірдейлендіру ережелері (өнім сапасының оның маңызды белгілерімен бірдейлігін анықтау);

· Зиян келтіру қауіп-қатерінің деңгейін ескере отырып, өнімнің, процестердің қауыпсыздігін қамтамасыз ететін ең төменгі қажетті талаптар.

Техникалық регламенттердің екі түрі бар:

· Жалпы техникалық регламенттер

· Арнайы техникалық регламенттер

Жалпы техникалық регламеттердің талаптары кез келген өнім түрі мен өмірлік цикл процестеріне міндетті түрде қолданылуы және сақталуы керек. Жалпы техникалық регламенттер мына мәселелер бойынша қабалданады:

· Үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды және оларға іргелес аумақтарды қауіпсіз пайдалану жөнінде;

· Өрт қауіпсіздігінебайланысты;

· Биологиялық қауіпсіздікке байланысты;

· Электромагниттік үйлесімділікке байланысты;

· Ядролық және радиациялық қауіпсіздікке қытысты;

· Өнеркәсіптік және өндірістік қауіпсіздікке қатысты;

· Экологиялық қауіпсіздікке байланысты;

· Химиялық қауіпсіздікке байланысты;

· Электр қауіпсіздігіне қатысты;

· Ақпарат қауіпсіздігіне байланысты;

· Уыттылық қауіпсіздігіне байданысты;

· Өшемдердің бірлігі бойынша;

· Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қатысты;

· Механыкалық қауіпсіздікке қатысты.

Арнайы техникалық регламенттердің талаптары әрбір өнім түрінің технологиялық және басқа да ерекшеліктерін, олардаң өмірлік циклінің ерекшеліктерін ескереді. Арнайы техникалық регламенттер зиян келтіру деңгейі жалпы техникалық регламенттерінде көрсетілген зиян деңгейінен ауырлау кейбір жекелеген өнім түрлеріне және өмірлік цикл процестеоіне ғана белгіленеді.

Техникалық регламеттердің құрылымы. Техникалық регламеттерге мына мәселелерді қамтитын құрылымдың элементтерді еңгізу ұсынылады:

· Техникалық реттеу объектілерін;

· Терниндерді;

· Нарыққа орналастырудың жалпы жағдыйын ;

· Қауіпсіздік талаптарын;

· Ерікті аусып отыру мәселелерін;

· Сәйкестікті растауды;

· Сәйкестікті бағалауды;

· Стандарттар тізбегін басқару;

· Нарықта бақылау мен қадағалау;

· Техникалық регламенттеоді іске асыру жөнінднгі жауапты органды белгілеу;

· Өтпелі кезең.

Пайдаланған әдебиеттер

1. Акишев К., Дарибаева Г. Стандарттау , метрология және сәйкестікті бағалау: Оқулық. – Астана: фолиант , 2008. -256 бет. ISBN 9965-35-325-5