2.9 PON сызықтық бөлігінің құрылысы

 

FTТх желісінің сызықтық бөлігінің құрылысы көптеген әдістермен жүргізіледі және әр құрылыс бір-бірінен мысалы, СО-дан ара қашықтығы, тұрғын үйдің тығыздығы, абоненттердің бөлінуі және т.б. байланысты айырмашылықта болады. Талшықты оптикалық кабельдер берілген жағдай үшін неғұрлым лайықты технологияға сәйкес жасалуы мүмкін (ауа немесе жер асты әдісімен). Тармақтаушылар мен өзге пассивті компоненттердің, сонымен қатар қолданылатын қысқа бағаналар немесе шкафтардың түрлерінің орналасуы географиялық факторлар мен PON толпологиясына тәуелді болады.

 

2.9.1 Талшық.

 

Талшықты оптикалық кабельдің төсеніші PON құрылысы, сондай-ақ өзге де талшықты оптикалық желілердің құрылысы кезіндегі ең қымбат тұратын элемент болып табылады. Төсеудің бірнеше әдістері бар. Нақты әдісті таңдау бағасы, белгілі бір жерде төсеу мүмкіндігі, жергілікті заңнама, эсттикалық ойға және т.б. қосқандағы түрлі факторларға тәуелді болады. Құрылыстың, жаңа желі құрылысы немесе бұрыннан бар бағыттар мен коммуникациялар құрылысының қандай түрде жүргізілетіндігіне тәуелсіз, үш негізгі құрылыс әдістемелері бар:

 

– Кабельді тікелей топыраққа төсеу. Ор, соқалық кабель төсеуші немесе бұрғылау көмегімен орындалады;

 

– Жерасты кабельдік канализация бойынша төсеу. Кабельдік канализация құрылысының, кабельді тікелей топыраққа төсеуге қарағанда қымбат екендігіне қарамастан, канализацияны қолдану кабельдердің косымша төсеуі немесе жоюын өте қатты жеңілдетеді;

 

–Ауа аспасы. Бағана немесе мұнарадағы кабель аспасынан тұрады. Бұл төсеу түрі әдетте жалпы құрылыс орындарында қолданылады, бұл әдісті қолдану жерасты төсеуге қарағанда экономикалық тұрғыдан пайдалы, себебі ауыр техниканың болуын талап етпейді.Оптикалық кабель тартушы тросқа ілінуі мүмкін немесе өзін-өзі тартушы оптикалық кабелі қолданылуы мүмкін.

 

Белгілі бір заңнамалық шектеулері бар халқы тығыз орналасқан аудандарда кабельді төсеудің баламалы әдістері қолданылуы мүмкін. Мысал, көпірлі кесілген каналдарда кабельді төсеу, суағар немесе канализациялық құбырлар, сонымен қатар га құбырларының ішінде төсеу.

 

2.9.2 Тармақтаушылар,патч-панельдер мен талшықтарды бөлу.

Тармақтаушылар,патч панельдер шкафтар немесе қысқа бағаналарда орнатылады.Тармақтаушылардың саны,түрі және орналасуы желі топологиясына бйланысты болады.

 

2.9.3 Талшықтарды өсіру.

 

Талшықтарды өсіру механикалық әдіспен немесе дәнекерлеу көмегімен жүзеге асырылады. Механикалық жалғаушылар арзанырақ, алайда көп зиянды (02 дБ) және кері көріністе болуы мүмкін. Дәнекерленген жалғаулар аса аз зияндардан (0,02 дБ) және кері көрініссіз болуы мүмкін, алайда аса қымбат тұратын құралды талап етеді. Жалғаулардың саны қолданылатын құрылыс кабелінің ұзындығына байланысты болады (қалыпты жағдайда 2 км, 4 км немесе 6 км). Жалғаулар сырқы ортаның әсерлерінен жалғастырғыштармен қорғалады.

 

2.9.4 Соңғы терминалдар.

 

Соңғы терминалдар жер астында, тіректерде немесе ғимарат ішінде, яғни құрылыс түріне байланысты орналасуы мүмкін. Тармақтаушылар мен бөлмелер арасындағы кабельдер алдын ала тұйықталуы мүмкін және топыраққа төселуі немесе ілінуі мүмкін.