2.9 сурет ONU-да Е1 интерфейсі арқылы Е1 сервистерін жеткізу

 

2.6 GPON желісінің құрылымы . (Alphion жабдығы )

 

GPON технологиясы негізіндегі шешім байланыс операторларына өз абоненттеріне бірыңғай оптикалық инфрақұрылымды пайдала отырып, толық triple play тиімді қолжеткізуді ұсынуға мүмкіндік береді. Alphion компаниясының мыс және сымсыз шешімдермен қатар қолжеткізу желісі саласында шешімдер кешеніне ең үздік қосымша болып табылады. GPON негізінде кең жолақты қол жеткізуді іске асыру мынаны пайдалануды білдіреді:

 

– Оптикалық желілік терминал (ONT-opticalnetworkterminal);

 

– Оптикалық жүйлік терминал (OLT-opticallineterminal).

Операторлық класты аталған жабдығы қызметтерді тұрақты жеткізушілерге деректерді пакеттік беру негізінде өтпелі инфрақұрылым құруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ «соңғы миляда» Ethernet технологиясын пайдалану мүмкіндігі көзделген. Alphion жабдығы GPON технологиясын кең жолақты қол жеткізу үшін шешімдер кешеніне ықпалдастыруға мүмкіндік береді және сізге және сіздің клиенттеріңізге қол жеткізудің оптикалық желілер әлемін ашады.

 

2.10 сурет. GPON негізінде кең жолақты қол жеткізуді іске асыру

 

OLT және ONU құрылғылары арасында беру ортасы ретінде пассивті оптикалық желі пайдаланылады. Желі топологиясы сақиналы, ағаш тәріздес және аралас болады. Тармақтану түйіндерінде пассивті оптикалық сплиттерлер орнатылады, соның ішінде нақты түрде сплиттерді кез келген желі нүктесінен қосуға болады. ONU қосу үшін екі талшық, тіпті бір талшықты қолдануға болады. Бірінші жағдайда қабылдау және беру жеке талшықтар бойынша таратылады. Екінші жағдайда қабылдау және беру бір талшықта беру үшін жиіліктер бойынша таратылады. GPON байланыс каналдарын резервтеу сақиналы, сондай-ақ ағаш тәріздес топологияны құру кезінде қамтамасыз етілуі мүмкін. Құрылғыны резервтеу қосымша платаларды орнату және берілген қызмет үшін ерекше резервтеу қызметтерін қолдау арқылы жүзеге асырылады.

 

Түйіндесу және даму.

 

OLT орталық құрылғысы GPON қолжетімдік желісін GigabitEthernet немесе ОС3/STM-1 интерфейстері бойынша Ethernet немесе SDH қалалық желілеріне қосылуын қамтамасыз етеді. Терминалдық құрылғылар Gigabit және FastEthernet, Т1/Е1 интерфейстерімен жабдықтандырылуы мүмкін. Сөйтіп, бұл шешім кабельдік оптикалық инфрақұрылымын барынша азайту мүмкіндігімен жоғары жылдамдықты соңғы мильдің құрылуын қамтамасыз етеді. GPON желісінің қызметтері:

GPON желісінің қызметтері:

 

GPON желісінің негізінде Е1 интерфесіндегі стандартты телефониядағы кез келген пакеттік қызметтерді, FastEthernet деректерді беру, және онда негізделген кез келген пакеттік қызметтерді (VoIP және TvoIP қосқанда), сонымен қатар кең таратылатын видеоларды көрсетуге болады. Сондай-ақ, MetroEthernet желілерінда кеңінен қолданылатын, бұрыннан бар берілген қызметтерді ұйымдастыру бойынша стандартты шешімдерді қолданған жөн.

 

 

2.11.сурет.GPON негізінде қалалық кең жолақты қолжетімдіңтің сәулеті

 

 

2.7 Сызықтық бөліктің құрылғысы

 

2.7.1 Сипаттамасы.

 

Сызықтық бөлік СО және абоненттің бөлмелерінің арасында орналасқан құрылғылар мен компоненттерден тұрады. Ол оптикалық және оптикалық емес желі компоненттерінен тұрады.

Оптикалық компоненттер талшықты-оптикалық кабельден, WDM мультиплексорлары, жалғаушы сым, дәнекерленген жалғаушылар, коннекторлар, тармақтаушылар және ақырғы терминалдардан тұратын оптикалық таратушы желіден (0DN) тұрады. Оптикалық емес компоненттер көше бағаналары, құжықтар, патч-панельдер және түрлі көмекгі құралдардан тұрады. (2.12 суретті қараңыз).

 

 

 

2.12 сурет Сызықтық бөліктің құралы

 

СО: Дауыс, Деректер, Оптикалық видео таратқыш, EDFA күшейткіші, WDМ мультиплексоры, Патч-панелі

FDH: тармақтаушы, Патч-панелі,Тармақтаушы талшық, Соңғы терминал, Абонент кабелі, Соңғы терминал

Сызықтық бөлік құралдары келесілерден тұрады:

 

– СО-дағы талшықты таратушы модульдер (немесе патч-панелдер) | Талшықты оптикалық кабельдер. Қуат беруші кабельдер СО мен бірінші тармақтанушының арасындағы телімнен құралады. Таратушы талшықтар тармақтанушыны абоненттердің қасында орналасқан соңғы терминалдармен байланыстырады.

Соңғы кабельдер жеке ONTс соңғы терминалдармен жалғайды.

 

Ескерту: Рэлеев шашырауы, макро және микро иілімдер және т.б. әсерінен талшықты оптикалық кабельдер олардың ұзындығына пропорционал болып келетін сигналдардың жоғалуына (өшу) әкеледі.

 

Талшықты таратушы хаб тұрады:

 

– Шкафтар, қысқа бағана, жалғастырғыштар (ауа немесе топырақта);

–Тармақтаушы(лар) (ең маңызды компонент, төмендегі бөлімді қараңыз);

– Патч-панелдер;

– Соңғы терминалдар;

 

– Коннекторлар: SC/APC (суретін азайту үшін 8" бұрышпен, үлгілі жоғалтулар 0,5 дБ.

 

2.8.2 Тармақтаушылар.

 

Екі бағытта жұмыс істейтін және бір кіріс порттан және бірнеше шығыс порттардан құралатын P0N қолданылатын құрылғы тармақтаушы деп аталады. Кіріс оптикалық сигнал (тікелей ағым) кіріс порттар арасында бөлінеді, яғни көптеген қолданушыларға бір оптикалық талшықты бірігіп қолдануға мүмкіндік береді, және сәйкесінше өткізуші қабілетін. Кері бағытта оптикалық сигналдар көптеген ONT бір талшыққа бірігеді.

 

Тармақтаушылар пассивті құрылғы болып табылады, себебі олар сыртқы көректені көзін талап етпейді. Олар кең жолақты болып табылады және кіріс (тікелей) ағымның қуатын бөлгені үшін зиянға ұшырайды. Бұл зияндар дБ мәнінде көрсетілетін және негізінде шығыс порттардың санына байланысты тармақтаушыдағы зияндар немесе бөлу коэффициенті деп аталады (2.1 кестені қараңыз). Тармақтаушының сондай-ақ сол зияндардыкері бағыттағы жалғасқан сигналдар үшін де қосатындығын кейбіреулердің күтуіне қарамастан айта өту қажет.

 

Желі топологиясының байланысты ҒТТ желілерінде бір тармақтаушы немесе бірнеше күрілдеуікпен байланысқан бірнеше тармақтаушы орналасуы мүмкін. Қазіргі уақытта ITU-TG.983 ұсыныстарымен 32-ге бөлуге рұқсат беріледі, ал G.984 осы мәнді 64 бөлікке дейін көбейтеді. Тополгияға тәуелсіз, тармақтаушы рұқсат берілген оптикалық бюджетке сәйкес болуы тиіс (А, В немесе С) класы.

2 .1 кесте – Тармақтаушыдағы зияндар

Порттар саны Тармақтаушыдағы зияндар (дБ) (коннекторлар мен қосымша тармақтаушы зияндарын алмағанда)
2 3
4 6
8 9
16 12
32 15
64 18

 

Тармақтаушылар қолданылатын жасау технологиясына байланысты түрлі қалыптар мен өлшемдерде болуы тиіс. Неғұрлым көп кездесетін түрлер ол жазық толқын арнасы (көбіне көп көлемді тармақтаулар үшін) дәнекерленген биконикалық тармақтаушылар (ҒВТ) (көбіне аз көлемді тармақтаулар үшін).екі түр де жалғастырғышта монтаждау үшін жасалады

 

 

2.8 Белсенді құрал

 

Белсенді құрал тұрады:

o СО-да орналасқан OLT(деректер мен дауыстарды қабылдағыш/хабарлағыш);

 

- Видео құралдары (хабарлағыш) және эрбимен қоспалы талшықты күшейткіш (EDFA), WDM мультиплексорға енгізудің алдында видео сигналды алдын-ала күшейтуге арналады;

 

- Абоненттің бөлмесінде орналасқан ONT, оның қоректені көзі мен резервтік қорегі.