1 FTTH-GPON технологиясын қолдану перспективалары

Нормативті сілтемелер

Дипломдық жоба орындау барысында келесідей стандарттарға сілтемелер жасалды:

IEEE 802.3Q стандарты - трафиктің приоритезациясын және виртуальді желілерді құруға рұқсат береді.

Ethernet TERR 802.3 стандарты - коллизияға және кедергілерге байланысты протокол кемшіліктерін жоюға мүмкіндік берді;

ITU-T G.984.x - Гигабитті пассивті оптикалық желі (GPON): жалпы сипаттамасы

ITU-T G.981.x - Пассивті оптикалық желілер негізінде кең жолақты қатынаудың оптикалық жүйелері (PON).

IEEE 802.3ah – Ethernet бойынша бірінші шақырым.

ITU-T G.983.3 - B-PON үшін толқын ұзындығы бөлу ONT басқару және бақылау интерфейсі сипаттамасы артуына қызмет көрсету мүмкіндігі бар Кең жолақты қатынаудың оптикалық жүйесі.

ГОСТ Р 12.1.019-2009 – «Электрқауіпсіздік. Қорғау түрлерінің жалпы талаптары мен номенклатура» .

ГОСТ 12.1.004-91 ССБТ – «Өрт қауіпсіздігі. Жалпы талааптар».

ГОСТ Р МЭК 60793-1-30-2010 – «Оптикалық талшықтар. Өлшеу және сынау әдістері. Оптикалық талшықты беріктігін сынау».

ГОСТ 26963-86 – «Желдету жүйелері. Жалпы техникалық талаптар».

ГОСТ 12.1.005-88 – «Еңбек қорғау стандарттары жүйесі. Жұмыс орны ауасына жалпы тазалық-гигиеналық талаптар».

Анықтамалар

Дипломдық жобада келесі терминдер анықтамаларымен беріледі:

PON – жылдам дамыған, оптикалық талшық арқылы жүретін кең жолақты мультисервистік көптеген қолжеткізімнің перспективалы технологиясы, «нүкте-көп нүкте» топологиясымен қосылған пассивті желі болып табылады.

GPON - гигабитті пассивті оптикалық желі, өткізу қабілеттілігі 1Гб/сек болатын мүмкіндікке ие персоналды оптикалық талшықты арна.

Талшықтық-оптикалық кабель (ТОК) - деректерді жарық көмегімен жылдам әрі сапалы тарататын кабель.

Кабель - қорғаныш қаптамасы бар бітеу қабыққа салынған оқшауланған откізгіш немесе өткізгіштер тобы. Пайдаланылатын физикалық ортаға байланысты кабельдердің екі тобы қарастырылады: жалпақ кабельдер (eсілген жұптар және коаксиал кабельдер, сәуле шығаратын кабельдер құрайды) және жарықты таратуға арналған (олардың негізін электромагниттік богеуілдерден барынша жақсы қорғалған сәулежолдар құрайды).

Оптикалық талшық - жарықтық сигналдарды жеткізуге пайдаланылатын мөлдір материалдан жасалған жіп. Егер жіп басқа типтегі шынымен қоршалса, онда жарықтық сигналдар аздаған өту арқылы үлкен арақашықтыққа таралады.

Автоматты телефон станциясы (АТС) – бір телефон аппаратындағы шақырыс сигналын басқа аппаратқа автоматты түрде жіберетін құрылғы.

Абоненттік желі - абоненттік пунктті есептеу орталығымен қосатын байланыс желісі.

Ақпарат – сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтер.

Сандық абоненттік желі (Digital Subscriber Line) – мәліметтерді дәстүрлі (мыс) телефон желісі бойынша жоғары жылдамдықпен жеткізетін кең жолақты желі. DSL сандық абоненттік желілерінің негізгі технологияларына ADSL (Asymmetric Digital Subscriber Line – бұл жай телефон нөмірімен Интернетке жоғары жылдамдықпен қатынауды ұйымдастыратын технология, сонымен қатар телефон желісі бос қалады) және HDSL (High Rate Digital Subscriber Line – жоғары жылдамдықты сандық абоненттік байланыс желісі) жатады. DSL – байланыс ең жоғары жылдамдықты тұрақтандырылған Интернет байланыстардың бірі.

Қабылдауыш-таратқыш - адаптер мен желілік кабельдің немесе екі сегменттің арасында мөліметгер жеткізуге арналған. Мысалы, Ethernet жуан кабеліне компьютер қосуға арналған қосымша құрылғы. Трансивер қолданылғанда өрбір есептеу машинасына жеке-жеке кабель тарту қажет болмай, ол желілік кабельге тікелей қосылады, ал компьютерлер онымен үзындығы 50 метрден аспайтын арнаулы кабель арқылы байланысады.

Станциялық бөлімше – бұл OLT белсенді құрылғысы, WDM мультиплексоры және АТС бөлмесінде электробайланыс түйінінде монтаждалған жоғары тығыздықты оптикалық кросс.

Байланыс жолы бөлімшесі - ТОК бір түрі, шкафтар, коробкалар, сплиттерлер, коннекторлар және станциялық пен абонент аймақтарының арасында орналасқан байланыстырғыштар.

Абоненттік бөлімше – бір талшықты ТОК-ді жалпы тарату құрылғыларының элементтерінен оптикалық розеткаға және абонент пәтеріндегі ONT активті құрылғысына, корпоративтік клиенттің кеңсесінде монтаждалған ONU топтық желі түйініне дейін персоналды абоненттік ажырату.

Провайдер – бұл ұйым мен жеке тұлғаларға Internet қызметтерін ұсынатын компания.

Желі топологиясы – есептеу желісіндегі машиналардың физикалық конфигурациясы, яғни қандай түйіндер жұбы өзара байланыса алатынын көрсететін физикалық жалғастыруды бейнелеу.

OLT-дан ONT-ға дейінгі оптикалық талшықтың өшуінің максималды мәнін есептеу «оптикалық бюджет» болып саналады.

Амортизация – дайын өнімге инвестиция құнын біртіндеп ауыстыру болып табылады.

Бaйлaныc қызмeтін өндіругe кeткeн кәcіпорынның aғымдaғы шығындaры экcплуaтaциялық шығындaр (Э) дeп aтaлaды.

 

Қысқартылған сөздер

 

GPON (Gigabit Passive Optical Network) – Гигабитті оптикалық пассивті желі

OLT (Optical Line Terminal) – Оптикалық линиялық терминал

ONT (Optical Network Termination) - Оптикалық желілік терминал

BPON (Broadband PON) – Кең жолақты пассивті оптикалық желісі

APON (ATM PON) – Ассинхронды пассивті оптикалық желісі

EPON (Ethernet PON) – Ethernet пассивті оптикалық желісі

ISDN (Integrated Services Digital Network) - Қызметтердің интеграциясы бар сандық желі

HDSL (High Data Rate Digital Subscriber Line) – Жоғары жылдамдықты сандық абоненттік желі

SDSL (Symmetric Digital Subscriber Line) – Симметриялық сандық абоненттік желі

VDSL (Very-high data rate Digital Subscriber Line) - Жоғары жылдамдықты сандық абоненттік желі

ADSL (Asymmetric Digital Subscriber Line) – Ассимметриялық сандық абоненттік желі

ТОТЖ – Талшықты оптикалық тарату желісі

FTTB (Fiber to the Building) - Ғимаратқа дейін оптоталшық

FTTO (Fiber to the Office) – Кеңсеге дейін оптоталшық

FTTZ (Fiber to the Zone) – Кейбір аймаққа дейін оптоталшық

PON (Passive Optical Network) – Пассивті оптикалық желі

ODN - Оптикалық үйлестіргіш желі

ONU (Optical Network Unit) – Оптикалық желілік блогы

SDH (Synchronous Digital Hierarchy) - Синхрондық сандық иерархия

TDMA (Time division multiple access) – Уақыт бойынша бөлетін көптік қатынау

GEPON (Gigabit Ethernet PON) - Гигабитті Ethernet пассивті оптикалық желісі

VoIP (Voice over IP) - Дауысты пакеттік тарату технологиясы

ОҮШ – Оптикалық үйлестіргіш шкаф

ОҮҚ – Оптикалық үйлестіргіш қорап

ODF (Optical Fiber Distribution Frame) – Оптикалық кросс

ОТ – Оптикалық талшық

 

 

Мазмұны

Кіріспе..................................................................................................................... 9
1 Ағымдағы жағдайды талдау............................................................................... 11
1.1 Жобаның мақсаты және қажеттілігі............................................................... 11
1.2 Маңғыстау облысы туралы жалпы ақпарат................................................... 11
1.3 «Қазақтелеком» АҚ туралы қысқаша мағлұмат………............................... 14
1.4 Маңғышлақ станциясы.................................................................................... 15
1.5 Маңғышлақ станциясы телекоммуникациялық желісі жағдайы................. 15
1.6 Технологияларды салыстыру.......................................................................... 17
2 Теориялық бөлім................................................................................................. 28
2.1 PON – пассивтіоптикалық желілер технологиясы........................................ 28
2.2 Пассивті оптикалық желінің жұмыс істеу принципі.................................... 30
2.3 PON негізгі түрлері және салыстырмалы сипаттамасы............................... 31
2.4 Пассивті оптикалық желілер архитектурасы................................................ 34
2.4.1 Станциялық бөлімше ................................................................................... 35
2.4.2 Байланыс жолы бөлімше.............................................................................. 36
2.4.3 Абоненттік бөлімше...................................................................................... 37
2.5 Пассивті оптикалық желінің топологиясы.................................................... 38
2.6 GPON технологиясы........................................................................................ 40
2.7 Жобаны іске асыру үшін қажетті пассивті құрылғылар.............................. 45
3 Есептеу бөлімі және GPON желіні құрастыру................................................. 46
3.1 Жобаланып отырған қатынау желісінің құрылымдық сұлбасын әзірлеу... 47
3.2 Талшықты-оптикалық кабельдің сипаттамасы............................................. 51
3.3 Оптикалық кабель параметрлерінің жалпы есебі......................................... 52
3.4 Желінің оптикалық бюджет есебі................................................................... 55
4 Еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі............................................................ 60
4.1 Техникалық-өндірістік ғимараттың еңбек жағдайын талдау...................... 60
4.2 Электр қауіпсіздігі бойынша шаралар........................................................... 62
4.3 Өрт қауіпсіздігі бойынша шаралар................................................................ 63
4.4 Оптикалық талшықты төсеу кезіндегі және лазерлік сәулеленуден қорғану іс шаралар.................................................................................................   66
4.5 Желдету жүйелерін есептеу............................................................................ 67
5 Қоршаған ортаны қорғау.................................................................................... 71
5.1 Маңғыстау экологиясы.................................................................................... 71
5.2 Экология жалпы сұрақтары............................................................................ 73
5.3 Телекоммуникация және экология................................................................. 74
6 Техника-экономикалық негіздеме..................................................................... 77
6.1 Жалпы мағлұмат.............................................................................................. 77
6.2 Маркетинг жоспары......................................................................................... 77
6.3 Қаржылық жоспар............................................................................................ 78
Қорытынды............................................................................................................. 84
Қолданылған дереккөздер тізімі........................................................................... 85

Кіріспе

 

 

Қазіргі таңда байланыс қызметтерінің нарығының түрлі сегменттерінің арасындағы шекаралар біртіндеп мөлдірлікке өтуде.Ұялы байланыс операторлары интернет қызметтері нарығына қарқынды түрде өтсе,тиянақталған байланыс қызметтерін ұсынатын компаиялар өздерінің даму жолында телефония мен кабельдік теледидар аясында жаңа бағыттар қарастырып,меңгеріп жатыр.

Кейінгі он жылдықта іс жүзінде барлық телекоммуникациялық шешімдер телефонияны қолдау үстінде болды.Бүгінде телефон ең кең таралған клиенттік жабдыққа жатады,алайда корпоративті жергілікті желілердің өткізу қабілетінің өсуі,компьютерлік жүйелерді гигабиттік желілік адаптерлермен қамсыздандырылуы,сұраныстық бизнес тапсырмаларын арттыру кеңжолақты қолжеткізімді қызметтеріне деген сұраныстың көбеюіне алып келді.[1]

 

Негізгі бастама үш діңгекпен қарастырылады. Бірінші бірлескен ақпараттық кеңістікті (бүкіл Еуропа бойымен Интернетке қол жеткізу үшін кең жолақты желілерді дамыту, сондай-ақ желідегі жаңа мультимедиялық мазмұндағы өндірістерді ынталандыру) құру болып табылады.

Екінші, жаңашылдықты және зерттеулерді (еуропалық ғылыми-зерттеу бағдарламаларына облыстың басымды бағдарламалары ретінде ақпараттық қоғам технологиялары енгізілді) қолдану болып табылады.

Үшінші, қосылуды қамтамасыз ету (Еуропа одағының барлық өңірлерінде бүкіл қалың бұқара топтарына, сондай-ақ азшылық тобының да ақпараттық қоғамның технологиялары мен қызметтеріне қол жеткізуін білдіреді) болып табылады.

Цифрлық қала – бұл қаладағы белгілі бір нақты кеңістікке жататын ақпараттық кеңістіктің түрі. Цифрлық қала мынадай: электронды бизнес, денсаулық сақтау, қаржылық транзакциялар, қоғамдық қауіпсіздік, білім беру, көлік және т.б. сияқты қалалардағы әлеуметтік және экономикалық өмірдің әртүрлі аспектілерін қамтамасыз ететін цифрлық желілер мен қосымшалардың кең ауқымын қамтиды. Цифрлық қаланың негізгі басымдылығы ақпаратты оңтайландырылған беру, қалалар мен азаматтардың арасындағы цифрлық алшақтықты елеулі қысқарту, тиімді экономикалық даму және ірі қалалардағы өмір сүру деңгейінің жақсаруы болып табылады. Кең жолақты қолжетімдіктің елеулі дамуы және көпшілікке ортақтығы озық электрондық қызметтер нарығын, цифрлық мазмұндар мен Интернет-коммерцияны, сондай-ақ пайдаланушылық қызметтер қорын дамыту үшін негіз болып табылады.

Цифрлық қаланы құру жергілік өзін-өзі басқару органдарына мынадай мақсаттарды жүзеге асыруда көмектесуі мүмкін:

- қала билігінің шығындарын азайту – тиімді қала билігі;

- азаматтардың қанағаттанушылығын арттыру және өмір сүру деңгейінің сапасын жақсарту;

- азаматтар мен іскер субъектілері үшін цифрлық мазмұндар мен қызметтердің кең ауқымды көлемімен қамтамасыз ету;

- қаланың экономикалық дамуын шапшаңдату;

- қалалардың бәскеге қабілеттігін арттыру;

- жалпы қауіпсіздік пен азаматтары қорғауды күшейту;

- Кең жолақты қолжетімдіктің дамуы мен көпшілікке ортақтығын, яғни Интернет желісін пайдалануды ынталандыру;

- барлық операторлар мен қызметтерді жеткізушілердің телекоммуникациялық шығындарын азайту;

- қалалық әкімшілік үшін “One-Stop-Shop” көп мақсатты қызметтің инфрақұрылымын орнату.

Сірә, қазіргі уақытта кең жолақты қолжетімдіктен, сондай-ақ компьютерлер мен ұялы коммуникацияны күнделікті пайдаланудан тұратын тиісті желілік инфрақұрылымдарсыз электронды қызметтерді сәтті іске асыру мүмкін емес.

Телекоммуникациялық өнімдердің толық либералды нарығында жаңа телекоммуникациялық операторлар мен қызметтерді жеткізушілер пайда болады, олар өз бетімен немесе ортақ күш-жігермен оны соңғы пайдаланушыларға қызметтерді ұсынады. Еуропа практикасынан озық тәжірибелер мен үлгілердің негізінде телекоммуникациялық нарықтыңдамуы кезінде, әсіресе кең жолақты нарықтың дамуы кезінде жергілікті және өңірлік өзін-өзі басқару күннен-күнге үлкен рөл атқарады деп айтуға болады. Еуропаның көптеген қалалары пайдаланушыны әрбір қызмет үшін жеке қызметтерді жеткізушіні таңдауды қамтамасыз ететін қолжетімдіктің оптикалық-талшықты желіні құруға елеулі қаражат бөледі. Бұл дегеніміз барлық мүдделі операторлар желілік оператордың ресурстарын пайдалана отырып, пайдаланушыларды шектеусіз қолжетімдікпен қамтамасыз ету қажет. Қала билігі желілік инфрақұрылымның иесі ретінде рөл атқарады, және ол нарықтағы барлық қатысушылар үшін бірдей шартпен телекоммуникациялық инфрақұрылымдарға ашық және тең құқылы қол жеткізу қағидаттарын болуын қамтамасыз етуі тиіс.

Жаңа озық кең жолақты қызметтер қол жеткізу желілеріне елеулі ұлғайтылған көлемге қатысты белгілі бір сұрақтар қояды. Ұзақ уақыт бойы мыс жұп енді бұдан былай жаңа қызметтер үшін шешім бола алмайды. Тәжірибе көрсеткендей оптикалық-талшықты технологиялардың бағасы төмендегеннен кейін ол қолжеткізу желілерінде, ұсыну және тарату желілерінде жаппай қолдана бастады. Ғимаратқа дейін оптоталшық, FTTB (FiberToTheBuilding) және пайдаланушының пәтеріне дейін оптоталшық FTTH қазіргі заманғы телекоммуникациялық желілердің міндетті бөлігі болды.

Осы диплом жобасында Шымкент қаласындағы FTTH желілерін жобалау мәселесі қарастырылады.

 

1 FTTH-GPON технологиясын қолдану перспективалары

 

1.1 Шымкент қаласындағы ПД желісінің қысқаша сипаттамасы

 

Оңтүстік Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы (ОҚ ОТД). Шымкент қаласының «Қалалық телекоммуникация желілері» өндірістік бірлестігі («ҚТЖ» ӨБ);

 

Шымкент қаласының «ҚТЖ» өндірістік бірлестігі ОҚ ОТД құрылымдық бөлімшесі болып табылады, 01.11.2008 жыл жағдайына жалпы құрастырылған көлемі 87072 нөмірді, іске кірістірілген көлемі – 85211, бос көлемі - 1861 құрайды.

Шымкент қаласы Оңтүстік Қазақстан облысының облыс орталығы және Республиканың оңтүстік өңірінің экономиканың негізгі орталықтарының бірі болып табылады. Қала халқы ресми деректер бойынша 512,1 мың адамды (ОҚО Өзбекстан Республикасымен шектесетін болғандықтан көрші республикадан заңсыз келген азаматтар өте көп және ресми емес деректер бойынша шамамен 700,0 мың адамды құрайды). Телефонизацияның тығыздығы – 100 тұрғынға 16,6 телефон. 01.112008 жылы қалада 275 әмбебап таксофон орнатылды. Интернетті пайдаланушылардың саны ай сайын өсіп келе жатқаны байқалады, тамыз айында пайдаланушылар саны 6120 бірлік құрады, қыркүйекте.

Қалада көп қабатты үйлер бар.

Шымкент: 2016 жылы:

АТС-21/30 қамту аумағы – 156 көп қабатты үйлер, 11575 пәтер. Жобаланатын OLT АТС-21/30 орнатылатын болады. PON жоспарланатын порттарда 5520 бірлік. Оның 1050 қайта қосуға, 4470 жаңа қосу үшін.

АТС-21/30-дан шкафтық аудандарды ұйымдастыру үшін АТС-231 ауданында ОРШ-Б орнатумен қолданыстағы канализация бойынша ұзындығы 2200 метр ОК-96 магистралдық оптикалық кабель және МСАД RU-402 (Огонек) маңында ОРШ-С орнатумен ұзындығы 2450 метр ОК-48 магистралдық оптикалық кабель көзделген.

Таратушы оптикалық кабельдерді тарту үшін қолданыстағы телефон канализациясы пайдаланылады. Үйлердегі таратушы желілер кіреберістерде ОРК-С сплиттермен оптикалық таратушы қораптарды және қабаттарда кәдімгі қораптарды орната отырып, (1:2 - 1:32), (1:4 - 1:16) және (1:8 – 1:8) конфигурацияларда PLC оптикалық сплиттерді пайдалана отырып, орындалатын болады.

Сондай-ақ, Спорт ықшамауданында және Байтұрсынов көшесі бойында шкафтық ауданды ұйымдастыру үшін АТС-221 аумағында ОРШ-М орнатумен қолданыстағы канализация бойынша ұзындығы 2000 метр ОК-32 магистральды оптикалық кабель тарту көзделген.

:

2016 жылы:

 

АТС-57 қамту аумағы – 108 көп қабатты үйлер, 7819 пәтер. Жобаланатын OLT АТС-57 орнатылатын болады. Жоспарланатын порттар PON 3712 бірлік. Оның 1044 қайта қосуға, 2668 жаңа қосу үшін.

 

АТС-57-ден шкафтық ауданды ұйымдастыру үшін Уәлиханов 215а үйінің маңында ОРШ-Б орнатумен қолданыстағы канализация бойынша ұзындығы 1200 метр ОК-96 магистральды оптикалық кабельдер көзделген.

Үйлердегі таратушы желілер кіреберістерде ОРК-С сплиттермен оптикалық таратушы қораптарды және қабаттарда кәдімгі қораптарды орната отырып, (1:2 - 1:32), (1:4 - 1:16) және (1:8 – 1:8) конфигурацияларда PLC оптикалық сплиттерді пайдалана отырып, орындалатын болады.

Жобаланатын шкафта 48 талшық қалады, одан әрі 48 талшық 17 ықшамауданының (РШ5731 маңында) 6 үй маңында жобаланатын ОРШ-С дейін ұзындығы 2100 метр қолданыстағы канализация бойынша тартылады.

Үйлердегі таратушы желілер жобаланатын ОРШ-С-дан кіреберістерде ОРК-С сплиттермен оптикалық таратушы қораптарды және қабаттарда сплиттерсіз ОРК орната отырып, (1:2 - 1:32), (1:4 - 1:16) конфигурацияларда PLC оптикалық сплиттерді пайдалана отырып, орындалатын болады.

АТС-57 –ден Уәлиханов көшесі бойынша (РШ5716 маңында) №219 үйдің маңында жобаланатын ОРШ-С дейін қолданыстағы канализация бойынша ұзындығы 900 метр ОК-48 тарту көзделген.

Үйлердегі таратушы желілер жобаланатын ОРШ-С-дан кіреберістерде ОРК-С сплиттермен оптикалық таратушы қораптарды және қабаттарда кәдімгі қораптарды орната отырып, (1:2 -1:32), (1:4 - 1:16) конфигурацияларда PLC оптикалық сплиттерді пайдалана отырып, орындалатын болады.

Сонымен бірге, АТС-57–ден ауданның шкафтық аудандарын ұйымдастыру үшін Күншығыс, Теріскей және Отырар ықшамаудандарында Күншығыс ықшамауданының №46 үйдің маңында ОРШ-Б орнатумен қолданыстағы телефон канализация бойынша ұзындығы 2500 метр ОК-144 тарту көзделген.

Үйлердегі таратушы желілер жобаланатын ОРШ-Б-дан кіреберістерде ОРК-С сплиттермен оптикалық таратушы қораптарды және қабаттарда кәдімгі қораптарды орната отырып, (1:2 -1:32), (1:4 - 1:16) және (1:8 – 1:8) конфигурацияларда PLC оптикалық сплиттерді пайдалана отырып, орындалатын болады.

Жобаланатын шкафта 48 талшық қалады, одан әрі 96 талшық Теріскей, Сайрам ықшамаудандарында шкафтық ауданды ұйымдастыру үшін АТС-525 маңында жобаланатын ОРШ-Б дейін ұзындығы 1100 метр қолданыстағы канализация бойынша тартылады.

 

Үйлердегі таратушы желілер жобаланатын ОРШ-Б-дан кіреберістерде ОРК-С сплиттермен оптикалық таратушы қораптарды және қабаттарда кәдімгі қораптарды орната отырып, (1:2 -1:32), (1:4 - 1:16) және (1:8 – 1:8) конфигурацияларда PLC оптикалық сплиттерді пайдалана отырып, орындалатын болады.

Жобаланатын шкафта 48 талшық қалады, одан әрі 48 талшық Отырар ықшамауданында шкафтық ауданды ұйымдастыру үшін Отырар ықшамауданының №57 үйдің маңында жобаланатын ОРШ-С дейін ұзындығы 2300 метр қолданыстағы канализация бойынша тартылады.

Үйлердегі таратушы желілер жобаланатын ОРШ-С-дан кіреберістерде ОРК-С сплиттермен оптикалық таратушы қораптарды және қабаттарда кәдімгі қораптарды орната отырып, (1:2 -1:32), (1:4 - 1:16) және (1:8 – 1:8) конфигурацияларда PLC оптикалық сплиттерді пайдалана отырып, орындалатын болады.

Барлығы 264 үй, 19394 пәтер. Жоспарланатын PON порттар саны 9232. Әрбір көп қабатты үйде сплиттерлерді қосу үшін 2 немесе 4 оптикалық тарамға оптикалық кабель тартылады. Әрбір үйде 1:32 немесе 1:16 сплиттерлерді орнату жоспарланған. Оптикалық сплиттерлер ОРК-С оптикалық шкафтарына құрастырылатын болады. Пәтерлерде сплиттерлерден оптикалық розеткаларға дейін ғимараттың ішінде GJFJV (G652D) тарту үшін оптикалық кабель пайдалану жобаланады. ШПД пайдаланатын қолданыстағы бар ADSL абоненттердің бір бөлігі xPON қайта қосылатын болады.

Қайта қосудан кейін босаған ADSL порттар Шымкент қаласы мен Оңтүстік Қазақстан облысының басқа аудандарындағы ШПД дамыту үшін пайдаланылатын болады. Қаланың осы аудандарында ШПД одан әрі кеңейту үйлерде қолданыстағы оптикалық кабельдерге қосымша сплиттерлер орнату және қолданыстағы OLT-ға downlinkxPON порттарын кеңейту қарастырылған.

Жабдықтың сипаттамасы.

- OLT

АТС-21/30 (жаңа). 120 downlink

АТС-57 (жаңа). 96 downlink

- Метро желісі

OLT жабдығын қосу үшін 1 OLT-ға ең кемі 2*10GE есебінен біріктіру коммутаторларында downlink интерфейстердің тиісті санымен AGR/BRAS - MX-960 біріктіретін коммутатор қарастырылған. Біріктіру деңгейіндегі жабдықтар Metro желісінің жабдықтарына тікелей қосылады. Сондай-ақ, қосу үшін AGGR-де 10GE интерфейстің қосымша uplink көзделген. Сонымен бірге метро желісінде XFP модульдерімен 10G желілі карталарымен Cisco 7609 кеңейту және BRAS жабдығының порттарын кеңейту қарастырылған.

Шымкент қаласындағы көп қабатты үйлер

- АТС-21/30 ауданы – 11575 пәтерден тұратын 156 көп қабатты үй, жоспарланатын порттар саны 5520.

- АТС-57 ауданы – 7819 пәтерден тұратын 108 көп қабатты үй, жоспарланатын порттар саны 3712.

- АТС-21/30-дан үйлерге дейін жалпы ұзындығы 59,2 км. қолданыстағы канализация бойынша ОК-144 оптикалық кабелінің 39 тарамын тарту қажет. Үйлердегі таратушы желілер бір пәтерге 1 оптикалық желі бойынша есеппен орындалатын болады.

- АТС-57-ден үйлерге дейін жалпы ұзындығы 41,2 км. қолданыстағы канализация бойынша ОК-144 оптикалық кабелінің 29 тарамын тарту қажет. Үйлердегі таратушы желілер бір пәтерге 1 оптикалық желі бойынша есеппен орындалатын болады.

9232 пәтерден тұратын барлығы 264 үй. Оптикалық ШР және оптикалық жалғастырғыштан әрбір көп қабатты үйлерге үйде жоспарланатын пәтерлер санына байланысты оптикалық кабельдің соңғы миля кіргізілетін болады.

OLT әрбір торабынан оптикалық ШР дейін әрбір үй үшін 32 оптикалық тарам есебінен оптикалық кабель, яғни әрбір үйде 32 P2P порт.

 

- Метро желісі

OLT жабдығын Метро желісіне қосу үшін XFP модульдерімен 10G желілі карталарымен Cisco 7609 мен 4900М кеңейту қарастырылған. Сонымен бірге BRAS жабдығының порттарын кеңейту көзделген.

 

1.2 Шымкент қаласында FTTH-GPON желісін тарту

 

 

Осы жобамен FTTH (FiberToTheHome) қолжеткізуді пайдалана отырып, PON технологиясы бойынша қолжеткізу желісін тарту қарастырылған. PON жабдығы 20 км қашықтыққа дейін бір талшықты оптикалық кабель бойынша 10/100/1000BASE-TX стандарттың деректер ағынын, сонымен бірге оптика бойынша бейнені беруге мүмкіндік беретін абоненттік қолжетімдіктің пассивті оптикалық желісін (Passiveopticalnetwork, PON) құру үшін жоғары сенімді және экономикалық тиімді шешім болып табылады. PON технологиясын қолдану оптикалық кабельге шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. PON жабдығы IEEE802.3ah стандартымен үйлесімді және бірнеше клиенттерді қосу үшін бір талшықты пайдалану есебінен оптикалық кабельге шығындарды азайта отырып, оптика бойынша интернетке қолжеткізу жылдамдығын арттыруға, оптика бойынша бейне жіберуге мүмкіндік береді. PON жабдығы желілік архитектураны оңайлату және оператордан клиентке дейін интервалда белсенді элементтерді болғызбау есебінен желідегі апаттар санын қысқарта алады, талшықтардың шектеулі саны кезінде желіні құру үшін ең тиімді шешім болып табылады. PON технологиясы бойынша желілерді құрудың құрылыс нұсқасы 1.1-суретте келтірілген.

 

 

1.1сурет PON технологиясы бойынша желілерді құрудың құрылыс нұсқасы

 

Таратушы желілердің топологиясы – дарақ, мұнда орталық станциядан талшық сигналды (сплиттерлер) пассивті оптикалық бөлгішті пайдалана отырып тарамданады және ішкі оптикалық таратушы желіде басқа белсенді жабдықтар жоқ. Орталық станцияның (байланыс операторы) жағында OLT (OpticalLine Terminal– оптикалық желінің терминалы) деп аталатын құрылғы орналасқан, OLT интерфейсі оптикалық таратушы желі арқылы кең жолақты қосылыспен тұрғын үйлердің ғимараттарында орнатылатын көптеген ONT (OpticalNetworkTerminal – оптикалық желілік терминал) байланысқан.

Жергілікті станцияда әрбіреуінің көлемі 8 порт желілік картамен OLT пайдаланылады. Карталар саны қосылатын абоненттердің қажетті санына байланысты таңдалады. IP/MPLS желіге қосылу 10 GЕ аплинкалармен жүргізілуі тиіс. Ол үшін IP/MPLS қолданыстағы желісінің маршрутизаторларының қосылу үшін бос ресурстары бар болуы тиіс.

Оптикалық талшықтармен жұмысты жеңілдету үшін, сондай-ақ магистральды оптикалық кабельдердің санын қысқарту үшін жергілікті станцияда талшықтардың қажетті санына жоғары тығыздықты оптикалық кросты пайдалану ұсынылады.

Магистральды деңгейде оптикалық таратушы шкафтар пайдаланылады. Таратушы оптикалық шкафтан оптикалық талшық ғимараттың кіреберісінде

1:16 және 1:32 сплиттерлеу жиілігі бар оптикалық сплиттер ұшталатын болады.

 

1.3 FTTH желі жобасының қажеттігі

 

Жобамен Шымкент қаласындағы көп қабатты үйлерде ШПД қызметтері үшін 9232 xPONONT енгізу көзделген. Оның 2094 қайта қосуға, 7138 жаңа қосу үшін.

Осы «Шымкент қаласында FTTH желісін тарту» жобасы «Қазақтелеком» АҚ-ның филиалы болып табылатын ОҚ ОТД-да іске асырылатын болады.

Аталған жобаны іске асыру қажеттілігі клиенттерді ұстап қалумен (абоненттердің жоғары жылдамдықты қолжетімдікке қажеттіліктерін арттыру); жоғары жылдамды интернет, IPTV, IDPhone сияқты сервистерді кеңейтумен байланысты, нәтижесінде компанияның табысын арттыру күтіледі және ОҚО телекоммуникациялық нарығында көшбасшы орнын сақтап қалу.

Осы жобамен ШПД қызметтеріне әлеуетті сұранысты қанағаттандыру мақсатында Шымкент қаласында FTTH-GPON желісін тартуды жүзеге асыру жоспарланған. Маркетингтік талдау нәтижелері бойынша осы жобамен әрбір үйде 1:8, 1:16 және 1:32 сплиттерлерді орнатумен 264 үй қамту жоспарланған. Сонымен, жоспарланған PON порттар саны 9232 бірлікті құрайды.

01.08.2010 жыл жағдайына ОҚ ОТД бойынша жалпы құрастырылатын көлем - 314841 нөмір; 01.08.2010 жыл жағдайына жалпы іске қосылған – 291917 нөмір, көлемді пайдалану пайызы – 92,7 %. 01.08.2010 жыл жағдайына ОҚО халқы 2413 мың адамды құрайды. Телефонизация тығыздығы – 100 тұрғынға 13 телефон.

Жобаны сәтті аяқтау нәтижесінде Қоғамның алатын артықшылықтары мынадай:

- ұсынылатын қызметтер сапасын жақсарту;

- ұсынылатын қызметтер спекторын ұлғайту;

- телекоммуникация қызметтері нарығында елеулі бәсекелік артықшылығы;

- технологиялық, сол сияқты инновациялық ретінде компанияның имиджін арттыру.