өзіндік жұмысының жоспары күні:7.04.2020 жыл.
Биология пәні бойынша 8 " __ " сынып оқушысы: _______________________
өзіндік жұмысының жоспары күні:7.04.2020 жыл.
IV тоқсан № 2 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Мүктер мен қырықжапырақтардың тіршілік циклі.
Гаметофит. Спорофит.
1 Оқу мақсаты : 8.2.1.2 мүктер мен қырықжапырақтардың мысалдарында жынысты және жыныссыз ұрпақтарының ерекшеліктерін түсіндіру.
Сабақ мақсаты: Мүктер мен қырықжапырақтардың мысалдарында жынысты және жыныссыз ұрпақтарының ерекшеліктерін түсінеді. Гаметофит, спорофит дегенімізді түсінеді.Тапсырмаларды орындау арқылы қорытынды жасай алады.
2. §47 түсініп оқы және «Bilim Land kz” сайтынан қосымша ақпаратпен жұмыс жаса.
Қысқаша тезисті конспект. Спорофит-өсімдіктердің тіршілік цикліндегі жыныссыз ұрпақ.Бұл өсімдіктердің спора түзу сатысы.Спорофит әрқашан диплоидты,ал споралар әрқашан гаплоидты болады. Споралар мейоз жолмен түзіледі.
Гаметофит-өсімдіктердің тіршілік цикліндегі жынысты ұрпақ.Бұл сатыда гаметалар түзіледі.Гаметофиттердің жасушалары гаплоидты,гаметалары жасушалардан митоз жолымен түзіледі.
3.Интернет-ресурстарға сілтеме (видеоүзінді) «Bilim Land kz”
1«Қарапайым бауырмүктің тіршілік айналымы», 2 «Мүктердің тіршілік айналымы.
https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/osimdikter-duniesi/osimdikterding-arturliligi/lesson/muktarizdiler
3 «Қырықырықжапырақтарға сипаттама», 4 «Қырықжапырақтардағы ұрпақ алмасу».
https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/osimdikter-duniesi/osimdikterding-arturliligi/lesson/qyryqqulaqtar
4.Оқушыларға арналған тапсырмалар
«Bilim Land kz” Мүктәрізділер 2- жаттығу. https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/osimdikter-duniesi/osimdikterding-arturliligi/lesson/muktarizdiler
Қырықжапырақтәрізділер 2-жаттығу. https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/osimdikter-duniesi/osimdikterding-arturliligi/lesson/qyryqqulaqtar
Суретпен жұмыс: Көбею жолдарын сызба түрінде жаз
5. Кері байланыс:
Сабақты түсіндім:
Сабақты түсінбедім:
Үйге тапсырма: §47 оқы.