Құрметті Балқаш ауданының тұрғындары!
Алматы облысы
Балқаш ауданы
«Nur Otan» партиясының
Праймеризіне қатысушы
Салимбаева Айгуль Жумакановнаның
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Балқаш ауданы, 2020 ж
Құрметті Балқаш ауданының тұрғындары!
Дүние жүзі елдер үшін 2020 жыл үлкен сынақтарға толы жыл болды. Күнделікті үйренген өмір сүріп жүрген ұстанымдарымыз коронавирус пандемиясы өзгертіп , өмірге деген көзқарасымызды ауыстырды, көптеген проблемаларға басқаша қарауға мәжбүр етті және мемлекетіміздің басты құндылығы адамның өмірі мен денсаулығы екенін тағы бір рет дәлелдеді.
Бүгінгі таңда, әлемдік экономикадағы жалпы құлдырау және пандемия жағдайында, Қазақстан Республикасында отандық тауар өндірушілерді қолдау, халықты жұмыспен қамту, сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету, және т.б. өткір мәселелер туындауда.
Білім сапасын жақсарту,оның барлық деңгейлерінде сапалы білімге қол жеткізу ауданды одан әрі дамыту үшін маңызды шарт болып табылады.
Мемлекетімізде әлеуметтік-экономикалық жаңғырулармен қатар, еліміздің саяси өмірінде де оң өзгерістер бой көрсетіп, жаңа технологиялар мен тәсілдер айналымға енуде. Алдағы сайлау бұрынғы сайлаудан өзгеше болмақ. Жер жаһанды жайлаған төтенше жағдай мемлекеттердің қоғамдық-саяси өміріне күтпеген өзгерістер алып келді. Азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігі әрқашан да бірінші орында болуы керек. Сол себепті пандемия жағдайында жаңа технологиялар сайлау процестерінде де орын алмақ. Бұл орайда да Nur Otan партиясы праймеризді онлайн өткізуді уақытылы ойластырып, іріктеудің әділ өтуіне жағдай жасау мақсатында заман талабына сай соңғы технологияларға үміт артатын болады. Соған аса назар аударыңыздар. Біз біргеміз.
БІЗДІ ОРТАҚ МАҚСАТТАР БІРІКТІРЕДІ – ӘР ТҰРҒЫННЫҢ ӨМІР САПАСЫН АРТТЫРУ
Мен Сіздің сеніміңізді бағалаймын және бірлесіп жақсы нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенімдімін!
Біз біргеміз!
Құрметті сайлаушылар!
Бүгінгі күні барлық қызмет салалары қалпына келтіруді, дамытуды және қолдауды қажет етеді. Алайда, менің бағдарламамның кілті –жас ұрпақты ұлттық құндылықтарымызды білу және құрметтеуге тәрбиелеу мақсатындағы жұмыстарға қолдау көрсету, сапалы білімге қол жеткізуді жүзеге асыру. Мен өз қызметім аясында бұл мәселелердің шешілуіне бар ниетімді саламын.
Дамудың жеті басымдығы
1.Өлкетануды дамыған аудан.
2. Спорт сүйер жастардың ауданы.
3. Әлеуметтік-бағытталған аудан.
4. Болашағы жастардың ауданы.
5. Мәдениеті мен туризмі дамыған аудан.
6. Экономикасы жоғарланған аудан.
7. Қауіпсіз аудан.
Білім сапасын жақсартайық
Биылғы жағдайға қарай білім алушылар мен педагогтардың білім беру әдістерін әлемге тараған коронавирус инфекциясы көзқарасты өзгертті. Сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету жауапкершілігі мол жағдайда жұмыс атқару маңызды шарт болып табылады.Осы кезеңде:
- Заманауи қашықтан оқыту технологияларын енгізу;
- Педагогтарды заманауи әдіс тәсілдермен жұмыс атқаруға курстарда оқыту;
- 2023 жылға қарай өзінің таңдауын жасаған мектеп түлектерінің ҰБТ-да 100-ден астам балл жинау мүмкіндігінің артуы 15% - ға артады;
- 2024 жылға дейін жыл сайын оқытудың (5,6 оқушыға 1 компьютер сатып алу) техникалық құралдарын көрсеткішін арттыру.
-Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсету
- Мектепте мастер мен зерттеуші және сарапшы- педагог кадрлардың үлесін (35,2% - дан 45% - ға дейін) арттыру;
- 2024 жылға дейін ауданның барлық мектептерін мемлекеттік стандарттар бойынша пәндік кабинеттермен (химия, биология, физика,лингафонды және IT кабинеттері) кезең-кезеңмен кешенді жабдықтау;
-Төтенше жағдайда қашықтықтан оқытуға дайындықты дамыту.