530. Өкпе-текті жүректің рентгенологиялық белгісін атаңыз://
өкпе суретінің көмескілігі //
өкпе суретінің анықтығы //
тіке проекцияда сол жақ контур бойынша екінші доғаның ісінуі //
II қиғаш проекцияда сол жақ контур бойынша астыңғы доғаның ұзаруы //
тіке рентгенограммада оң жақ жүрек-тамырлық бұрыштың төмен ығысуы
***
531.Синустық брадикардияның электрокардиографиялық белгісін атаңыз://
дұрыс синустық ырғақ жиілігінің 1 минутта 40-50 сақталуы //
синустық ырғақ 1 минутта 60-90 болғанда Р-Р интервалының ұзақтығының 0,15 с. артуы //
QRS комплексінің «тар» болуы //
ЭКГ-да Р тісшесінің болмауы //
Ешқайсысы дұрыс емес
***
532.Қай ауруда инфекциялық эндокардит дамиды?//
жүректің ишемиялық ауруында //
синус түйінінің әлсіздігі синдромында //
жүректің ревматизмдік ақауында //
қолқа коарктациясында //
кардиомиопатияда
***
533.Экссудативті перикадиттің ең жиі себебі не?//
процестің басқа органдардан тарауы //
туберкулез //
сепсис //
ревматизм //
қатерлі ісік
***
534.Бейспецификалық аортоартериитте дамыған абдоминалды ишемияға тән емес белгіні атаңыз://
тамақ қорытылуы кезіндегі ауырғандық //
іш өту мен іш қату кезек алмасып, жүдеудің байқалуы //
құрсақ тамырлары пульсациясының күшеюі //
барлық аталғандар//
біреуі де дұрыс емес
***
535.Миокардитке тән белгі://
жүрек шектерінің кеңеюі //
тондардың тынықталуы //
жүрек ұшында систолалық шудың болуы //
аталғанның бәрі //
біреуі де дұрыс емес
***
536.Дилатациялық (іркілісті) кардиомиопатияның клиникалық белгілерін атаңыз: //
ентігу //
жүрек соғуы //
пароксизмалды тахикардия және жыбыр аритмиясы //
жүрек өткізгіштігінің бұзылуы //
аталғанның бәрі
***
537. Инфекциялық эндокардиттің негізгі патогенетикалық звеносына тән емес белгіні көрсетіңіз://
тұрақты емес бактериемия мен қоса жүретін инфекция ошағының болуы //
стерилді иммунитет//
организмнің сенсибилизациясы //
сыртқы және ішкі себептердің әсерінен иммунитеттің әлсіреуі немесе жойылуымен қатар тұрақты бактериемияның пайда болуы //
жүрек қақпақтарына инфекция қоздырғышы қонып, екінші реттік бак-териялық ошақ пайда болуы
***
538.Бүйрек жетіспеушілігімен асқынбаған инфекциялық эндокардиті бар науқастың қанында болмайтын өзгерістер://
гиперальбуминемия //
гипер-g-глобулинемия//
оң мәнді формол және сулема сынамалары //
оң мәнді (бейарнамалы) Вассерман реакциясы //
оң мәнді гемокультура
***
539.Перикард қуысында сұйықтық жиналуының клиникалық симпто-матикасы негізінен неге байланысты://
сұйықтықтың мөлшеріне //
негізгі аурудың ауырлығына //
сұйықтықтың жиналу жылдамдығына //
сұйықтықта қанның болу-болмауына //
аталғанның бәріне
***
540.Экссудативті перикардитпен ауыратын науқаста алғашқы күндері төмендегі белгілердің біреуінен басқасының бәрі байқалады://
мойында «А» тәрізді үлкен пульстік толқынның болуы //
жүрек маңында сықырлаған шудың болуы //
жүрек шектерінің үлкеюі //
сол жақ жауырын бұрышында өкпе дыбысының тынықталуы //
бауырдың ұлғаюы
***