83. Қр мемлекеттік рәміздері.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы1992ж желтоқсан айында. Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының біркелкі көгілдір түсі бірігу идеясын білдірумен қатар, әрқашанда бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі саналатын бұлтсыз ашық аспанды еске салады.Геральдика тілінде көк түс пен оның реңктері адам бойындағы адалдық, тазалық, үміт сияқты қасиеттеріне сәйкес келеді. Шұғылалы алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелесе, дала бүркіті қазақстандықтар ұғымында дарқандық пен қырағылық, биіктік белгісі.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы суретші Шәкен Ниязбеков.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы 1992ж қабылданды. елтаңба – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының негізіне шаңырақ алынған. Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес. Шаңырақ біртұтастығын, мемлекеттің бастауы отбасы ошағын бейнелейді. Қанатты тұлпар мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығының белгісі. Қанатты тұлпар болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы, самғау биігі.Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары сәулетшілер Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков. Бірінші әнұран 1992ж желтоқсан айында қабылданды. 2006ж қабылданған әнұран «Менің Қазақстаным» сөзі авторы Жұмекен Нәжмеденов Нұрсұлтан Назарбаев әні Шәмші Қалдаяқов. Н.Назарбаев 1992 жылы 4 маусымда «ҚР Мемлекеттік туы туралы», «ҚР елтаңбасы туралы» және «ҚР Мемлекеттік әнұранның музыкалық редакциясы туралы» Заңға қол қойды.Сол күні Президент Резиденциясы мен ҚР Жоғарғы Кеңесінің алдына Мемлекеттік ту тігіліп, елтаңба ілінді. 1992 жылдың 11 желтоқсанында Мемлекеттік әнұранның мәтіні бекітілді.Соңынан мемлекеттік рәміздер туралы ереже 1996 жылғы 24 қаңтардағы «ҚР мемлекеттік рәміздері туралы» арнайы крнституциялық заң күші бар ҚР Президентінің Жарлығымен айқындалды. Тудың авторы-Ш.Ниязбеков, елтаңбаның авторлары-Ж.Мәлібеков пен Ш.Уәлиханов.Мемлекеттік рәміздер жөніндегі үкіметтік комиссияның шешімімен ақындар: М.Әлімбаев,Қ.Мырзалиев,Т.Молдағалиев,Ж.Дәрібаева шығарған өлең сөзі бекітілді. Әуен кеңестік кезеңде М.Төлебаев, Е.Брусиловский,Л.Хамиди жазған бұрынғы мемлекеттік әнұран болып белгіленді.2006 жылдың 6 қаңтарыында ҚР Парламенті Мәжілісі мен Сенатының бірлескен отырысында жаңа әнұран қабылдау туралы айтылды.Заң жобасын талқылау барысында бірқатар депуттар жаңа әнұранның авторлар құрамына Н.Ә.Назарбаев ресми түрде қосу туралы ұсыныстарын білдірді. Парламент депутарттары жаңа әнұранның авторлары Ж.Нәжмеденовпен Н.Ә.Назарбаевты бір ауыздан қолдады. 2006 жылдың 10 қаңтар күні Қазақстанның тарихына еліміздің жаңа әнұранының туған күні ретінде кірді.Алғаш рет әнұран ресми түрде 11 қаңтарда, АқмолаДА Президенттің Н.Ә.Назарбаевиың кезекті президенттік сайлауда жеңіске жетуіне байланысты ұлықтау рәсімінде орындалды.

 

84. Тәуелсіз Қазақстанның 1993, 1995 ж Конституциялары.

Конституция қоғамда болып жатқан өзгерістерге жауап беруге тиіс болғандықтан, оған да кезең-кезеңімен көптеген өзгерістер енгізуге тура келді.Конституция мазмұны «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» заңның ережелері мен ұстанымдарына сәйкес айқындалады. Конституцияның бірінші бөлімінде Қазақстанның тәуесіз, құқықтық мемлекет екендігі негізделді. Ол 4 бөлім 21 тараудан тұрады.Қазақстан алғаш рет әлемдік қауымдастықтың ажырамас бір бөлігі ретінде жарияланды.Конституция елдегі ұлтаралық келісімді сақтауға негізделіп жасалды.ҚР барлық азаматтарына теңдей құқық беру қамтамасыз етіліп , адамдардың міндеттері мен құқықтары және бостандықтары бекітілді. Конституция бойынша Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып беітілді, ал орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі мәртебесіне ие болды. Конс. Бойынша Президент мемлекет басшысы және атқарушы биліктің біріңғай жүйесі мәртебесіне қарай атқаушы биліктің қызметін атқармайды. 1993 жылғы қабылданған Конституцияның Қазақстандағы шынайы әлеуметтік экономикалық және саяси үрдістерден алшақтығы мемлектет тұрғындарының тіл мәселесі,меншік нысандыры, жерге ,азаматтыққа, мемлекетке қатысты сәйкессіздіктерден туындатты. Негізгі заңда атқарушы және заң шығарушы биліктердің арасындағы келіспеушіліктерді шешетін тетіктер болмады. Мемлекеттік билік тармақтарының арасындағы қайшылық күшие түсті. Үкімет биліктен кетуімен жалғасқан парламенттік дағдарыс, атқарушы биліктің дәрменсіздігін күшейтіп, мемлекеттік биліктің тұрақтылығына, мемлекетті басқарудың мүдделеріне қауіп төндірді.Осы себептерге байланысты 1993 жылғы Конституцияны қайта қарау және Конституцияның қажеттілігі туралы пікір туындады. 1995 жылғы 30 тамызда жүргізілген референдумның нәтижесінде бұрынғы мемлекеттік құрылыстың кемшіліктерін жойған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Жаңа Конституцияның жобасы жұртшылық арасында кеңінен талқыланды. Конституция жобасының 99 бабының 55-і өзгерістерге ұшырады.1995 жылғы 30 тамызда референдумға қатысқан халықтың 81,9 проценті жаңа Негізгі Заңды қабылдауды жақтады.1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясында Парламенттің заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың жоғары өкілді органы болып табылатыны бекітілген.

Парламент тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi Палатадан: Сенаттан және Мәжiлiстен тұрады.Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екi адамнан, тиiсiнше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық өкiлдi органдары депутаттарының бiрлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың жетi депутатын Сенат өкiлеттiгi мерзiмiне Республика Президентi тағайындайды. Мәжiлiс жетпiс жетi депутаттан тұрады. Алпыс жетi депутат республиканың әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсi ескерiле отырып құрылатын және шамамен сайлаушылардың саны тең бiр мандатты аумақтық сайлау округтерi бойынша сайланады. Он депутат бара-бар өкiлдiк жүйесi бойынша және бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша партиялық тiзiмдер негiзiнде сайланады. Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - алты жыл, Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - бес жыл. 1995 жылғы 30 тамызда жалпы халықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында «Парламент» ұғымы алғаш рет ресми түрде бекітілді. Осыдан кейін ғана ел Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Констициялық заң күші бар Жарлыққа қол қойды, оған сәйкес қос палаталы Парламентке депутаттарды сайлау процесі 1995 жылдың соңында өткізілді.

85.ҚР-ғы саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар.

80 жылдардың аяғына қарай демократиялық процестің жандауына байланысты Қазақ КСР-де қоғамдық ұйымдар құрыла бастады.

1989 жылдың көктемінде Қазақстанда алғашқы болып «Невада - Семей» экологиялық қозғалысы құрылды. Қозғалыстың мақсаты – республика жеріндегі Семей және басқа полигондарды жабу, полигон зардабын шеккен халыққа көмек көрсету. Қозғалыс төрағасы – О. Сулейменов пен қоғам қайраткері М.Шахановтың бастамасымен Балқаш және Арал проблемалары бойынша комитет құрылды. Комитеттің негізгі мақсаты Арал төңірегіндегі экологиялық апаттың зардабын шеккендерге көмек беру, теңіздің экологиялық апатына үкімет назарын аудару болды. 1989 жылы «Әділет» коғамы құрылды. Қоғамның негізгі мақсаты ұжымдастыру кезіндегі ашаршылық, сталиндік репрессия шындығын ашу болды. Бұдан басқа Қазақстанда «Азамат», «Ақиқат», «Қазақ тілі», «Мұсылман әйелдер лигасы» сияқты қоғамдық саяси қозғалыстар құрылды.

1990 жылы «Азат» азаматтық қозғалысы құрылды. Басты мақсаты Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алу болды.

1991 жылы «Азат» азаматтық қозғалысының партиясы құрылды. Жастар өздерінің саяси қозғалысы «Алаш» партиясын құрды. 1991 жыл Қазақстан социал-демократиялық партиясы құрылды. 1990 жылы Қазақстанда 100-ден аса қоғамдық-саяси қозғалыс болды. Алматыда 40-қа жуық саяси қозғалыс жұмыс істеді. Бұл кезде Қазақстандағы көптеген қоғамдық – саяси қозғалыстар әлсіз және қалыптасу кезінде болды. «Невада - Семей», «Қазақ тілі» сияқты қоғамдық қозғалыстар біршама мықты, көптеген мүшелері мен белгілі дәрежедегі қаржылық қорлары бар ірі қозғалыстар болдыКез келген қоғамдық ұйымдардың абайсыз іс - әрекеттері үлкен қасіретке айналуы мүмкін екендігіне Оралдағы оқиғалар тағы да көз жеткізді.

 

87.Астана – Қазақстан Республикасының астанасы.

1991 жылы Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін астананы елдің оңтүстік-шығысынан республиканың орталығы бөлігіне көшіру мәселесі көтерілді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша мемлекеттің жаңа астанасын орналастыруға оңтайлы қаланы анықтау мақсатымен республиканың бүкіл аумағы мұқият зерттелді. Талдау қорытындылары барлық нұсқалардың ішінен ең қолайлысы Ақмола қаласы екендігін көрсетті. Бұл қаланың орналасқан орны сәулетшілік тұрғысынан кез келген жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оның үстіне Қазақстанның географиялық орталығы ғана емес, қала елдің аса маңызды шаруашылық аймақтарына таяу, ірі көлік жолдарының торабында орналасқан. Мамандардың бағалауы бойынша Ақмолада тұрғын үйлер мен әкімш., іскерлік ғимараттарын салу бағасы Алматымен салыстырғанда едәуір арзанға түседі, бұл – шығынды азайтуға мүмкіндік береді. Республиканың Жоғарғы Кеңесі ел Президентінің айқын дәлелдерімен келісіп, оның астананы Ақмолаға көшіру туралы ұсынысын мақұлдады. 1995 жылы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстан Республикасының астанасы туралы” Заң күші бар Жарлығы жарияланды. Осы уақыттан бастап Республиканың Президенті резиденциясының тұратын жері Ақмола және Алматы қалалары болып белгіленді. Жоғары мемлекеттік органдарды Ақмола қаласында орналастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының мемлекетік комиссиясы құрылып, оған орталық және жергілікті атқарушы органдардың бұл мақсаттағы атқаратын қызметін үйлестіру құқығы берілді. Президент Жарлығы бойынша Республика үкіметі Ақмола қаласын абаттандыру жөніндегі бюджеттен тыс қаражатты жинақтау мақсатында “Жаңа астана” қорын ашты. 1997 жылы 20 қазанда Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның жаңа астанасы Ақмола қаласы болғанын ресми түрде жариялады. 1997 жылы 8 қарашада Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері мен Президент байрағын Алматыдан Ақмола қаласына шығарып салудың салтанатты рәсімі өтті. 1997 жылы 3 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің кеңсесі Ақмолаға көшті. Сол жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Ақмолаға ресми түрде аттанды. 1998 жылы 6 мамыр күні Президент Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана болып аталды. Қаланың Қазақстан Республикасының астанасы ретіндегі ресми тұсаукесері 1998 жылы 10 маусымда болып өтті.

Астана — Қазақстан Республикасының елордасы. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан. Қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз елдің бас қаласы дегенді білдіреді. Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол "киелі орын", "босаға" деген мағыналарға ие. Астана — бұл кең даладағы жай қала ғана емес, саяси ерік-жігер көрінісінің нышаны . Бұл саяси батыл қадам. Астана шаңырағы әлі де болса биіктей түспек. Жаңа астананың келешегі бүтіндей XXI ғасырдың еншісінде жатыр. Ал оның ертеңгі еңсесін көтеретін бүгінгі жас жеткіншектеріміз. 1997 ж. егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады. Оған се­беп Ақмо­ланың рес­публи­каның кіндігінде ге­осаяси тұрғыдан тиімді ор­на­ласуы, қала­ның еле­улі өнеркәсіптік әлу­еті, құры­лыс ин­дуст­ри­ясын одан әрі да­мытуға қажетті ба­заның бо­луы, ірі та­сымал то­рабы­на ор­на­ласуы әрі қажетті көлік және те­леком­му­ник, инф­рақұры­лым­ның бо­луы, жоғары білікті кадр­лар әле­уеті, же­ке меншік сек­торды және кәсіпкерлікті да­мыту үшін мүмкіндіктердің мол­дығы, ай­мақтағы са­яси және әле­уметтік тұрақты­лық, қала­ны да­мытуға қажетті бос жер­лердің жеткіліктігі сияқты фак­торлар еді. 1998 ж. 6 мамыр жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді.1998 ж. 10 шілде Қазақстанның жаңа елордасы — Астананың халықаралық тұсауы кесілді. Астана өте серпінді дамуда. Астананың ойдағыдай дамып келе жатқанының белгілерін оның халқының жедел өсуінен байқауға болады. Ас­та­нада жүзден ас­там ұлттың өкілдері тұра­ды, байырғы тұрғын­да­ры — қазақтар. «Ас­та­на -Бәй­те­рек» мо­нументі Елор­да­ның бас­ты көрнекті орын­да­рының бірі — сол жағала­удағы алғашқы сәулетті құры­лыс — «Бәй­те­рек» мо­нументі. Осы­нау біре­гей нәзік ке­шен Ас­та­наның сим­волдық бей­несіне ай­нал­ды. Мо­нумент негізіне шетсіз-шексіз мұхит шайып жатқан Көктөбе та­уын­да өсетін, ер­тегідегі ағаш ту­ралы аңыз алын­ды. Жыл сайын оның жа­пырақта­рына қаси­етті құс — Самұрық ал­тын жұмыртқа са­лады. Алай­да, жыл сайын оны ай­даһар жеп қояды, бұл Күн мен Түннің, Жаз бен Қыс­тың, Жақсы­лық пен Жа­ман­дықтың ал­ма­су­ын бей­не­лейді. Ев­ра­зи­ялық кеңістіктің нағыз кіндігінде, өрке­ни­ет­тер тоғысын­да өмір ағашы — Бәй­те­рек те­рең та­мыр­ла­рымен жерді ұстап тұр, ал оның бұтақта­ры ас­панмен та­ласа­ды. Қызықты деректер.Астана — Азия астаналарының ішінде солтүстік полюске ең жақын орналасқан.Астана — ғаламшардағы ең суық астаналардың бірі, Моңғолия астанасы Ұлан-Батырдан жылы, Канада астанасы Оттавадан суық.Әлемдегі астана аталатын астаналар тек қана Қазақстан астанасы — Астана қаласы және Оңтүстік Корея астанасы — Сеул қаласы.

 

 

88.Қазіргі Қазақстанның сыртқы саяси басым бағыттары.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен ҚHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD"азақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймактағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, ҚHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D1%8B%D1%82%D0%B0%D0%B9"ытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен ей жакты байланыс едәір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссел, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.

Қазақстан экономикалық реформаларды және сыртқы саяси басымдықтарды жүзеге асыру мәселелерінде Орталық Азиядағы көшбасшы ел. Бүгінгі күні елімізде 75 елшілік пен халықаралық ұйымдардың өкілдіктері жұмыс істейді.Тек биылғы жылдың өзінде Астанада шетелдердің 12 елшілігі ашылды. Осындай басымдықтардың бірі Ресей Федерациясымен одақтастық қарым-қатынастарды нығайту болып табылады.ҚХР-мен стратегиялық байланыстар тереңдей түсуде.Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастықты арттыру қазақстандық сыртқы саясаттың маңызды бағыты болып қала бермек.АҚШ-пен стретегиялық әріптестік кеңейтілмек.Еуропа елдерімен және Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты жандандыру мақсатында Қазақстан Президенті ағымдағы жылы «Еуропаға жол»мемлекеттік бағдарламасын бекітті.Н.Назарбаев ислам әлемінің ажырамас бөлігі болыптабылатын Қазақстан Шығыстың араб және мұсылман мемлекеттерімен ынтымақтастыққа үлкен маңыз беретінің атап өтті.Жапония,Үндістан,Бразилия,Түркия,Корея Республикасы т б мемлекеттерімен әріптестікті дамыту Қазақстанның басты назарында болмақ.».ТМД қызметі бұрынғыша өзекті болып отыр.Қазақстан 2011 ж.Ислам Ұйымы конференциясы министрлер конференциясына төрағалық етуді осы ұйымның жетекші мемлекеттерімен қарым-қатынасты нығайту мүмкіндігі ретінде ғана емес,сондай-ақ Шығыс пен Батысың әртүрлі өркениеттерді мен діндері арасындағы ашық үнқатысуды кеңейту мен тереңдетудің бірегей мүмкіншілігі ретінде қарастырады.

 

89.ҚР қазақ тілінің мәртебесі.

Ежелгі қазақ жерінде тәуелсіздік таңының елең-алаңында, яғни 1989 жылы қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болған-ды. 1995 жылы қабылданған Ата заңның 7-бабында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп тайға таңба басқандай айқын жазылып, конституциялық шешім жасалды. Осыдан екі жыл кейін қабылданған «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңында «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi – қазақ тілі» деп тағы да атап көрсетіліп, оны барша азаматтардың еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайлар жасалатындығы айтылған болатын. Үкімет осы Заңның жүзеге асуы жөнінде көптеген қаулы-қарарлар алды. Тілдердің қолданыс аясын кеңейту бағытында арнайы мемлекеттік бағдарламалар жасалды. Мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында іс-қағаздары мемлекеттік тілге көшіріле бастады. Қазақ тілінде шығатын бұқаралық ақпарат құралдардың саны арта түсті..
Соңғы 300 жылдай уақытта қазақ қоғамы өз алдына толыққанды мемлекет болып, өз билігіне өзі ие бола алмады. Қазақ өркениетті ұлт ретінде қалыптаса алған жоқ. Толып жатқан қиыншылықтар қазақ елінің капитализмді бастан өткермей, феодализмнен социализмге «қарғып» кетуінен, яғни қоғамның табиғи жетілмеуінің де туындады.Кеңес өкіметі Азамат соғысын аяқтап, бірсыпыра нығайып алғаннан кейін ұлттық мәселелерде кейбір қайшылықты саясат жүргізе бастады. Бұл ұлттық республикаларға әсер етіп, кейде асыра сілтеушілік те болмай қалмады. Қазақ ССР Халық комиссарлар кеңесінің 1921 жылғы 2 ақпанындағы «Республика мемлекеттік органдарында қазақ және орыс тілдерін қолдану туралы» декретінде «республиканың бүкіл орталық және губерниялық мекемелері іс қағаздарын және өзара қарым-қатынасты орыс тілінде жүргізеді» деп жазылды. Заңның «Тілді құқықтық қорғау» деген 23-баптың бірінші бөлігінде «Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл және барлық басқа тілдер мемлекеттің қорғауында болады» деп айтыла салған. Осы баптың үшінші бөлігіндегі «Мемлекеттік тілді белгілі бір көлемде және біліктілік талаптарына сәйкес білуі қажет кәсіптердің, мамандықтардың және лауазымдардың тізбесі Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленеді» деген маңызды норманың орындалуы бір министрліктен екіншісіне ауысып жүріп ұмыт болды.
Сонымен мемлекеттік тілдің тағдыры ұлттық оң болмыстың оянуын қажет етіп отыр. Шынтуайтына келгенде, мәселеге тереңірек үңілсек, істің тетігі, яғни қазақ тілінің тағдыры қазақтың өзінің қолында. Мемлекеттік тіл туралы заң қабылданып, халқымыз тәуелсіздіктің рухани қуатын толық сезінгенде ғана Елбасымыздың «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» деп қойып отырған қазіргі стратегиялық мақсаты күнделікті шындыққа айналар сөзсіз.

 

93. Тәуелсіз ҚР құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш президент Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ рөлі мен қызметі.

Еліміз тәуелсіз Қаз.ң құрылуы мен қалыптасуындағы тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың рөлі өте маңызды. Саяси тартыс жағдайында Н.Назарбаевтың, КСРО ыдыраған кезде Қаз.н сияқты халқының 40%н орыс тiлдi тұрғын/ құраған респ.ны соғыссыз, адам шығынысыз тәуелсiздiк алуына мүмкiндiк жасаған, сол кезеңдегi саяси жағдай мен оқиға/ң ағымын, Қаз.н халқына ұлтаралық татулық пен ауызбiршiлiк арнаға бағыттай алған ерекше қабiлет иесi болды. Тәуелсiздiк алған 1991ж Қ үшiн ең басты мәселе Кеңес/ Одағы кезiнде қалыптасқан Қазақ КСР-нiң аумағы мен шекарасын сол күйiнде өзгертпей сақтап қалу болатын. Осы мақсатқа жету үшiн Ресей Президентi Ельцинмен жақсы қарым-қатынаста болу керектiгiн Н.Назарбаев өте жақсы түсiндi. 8 желтоқсанда Беловежьеде Ресей, Украина, Белоруссия үштiк одағының құрылуына байланысты үш славян респ.сы басқалардан бөлiнiп, өз алдарына одақ құрмақшы болды. Мәскеудегi Внуково әуежайына 1991ж 8 желтоқсаны күнi кешқұрым ұшып келген Н.Назарбаевты әуежайда Ельциннiң өкiлi күтiп алып, Нұрсұлтан Әбiшұлын Ельцинмен телефон арқылы байланыстырған кезде Ельцин мен Шушкевич маңызды құжат/ды қабылдауға 4-шi болып қол қоюды ұсынған. Олардың қандай келiсiмге келiп, қандай маңызды құжат/ға қол қоятындығын бiлген Н.Назарбаев Дмитрий Валовоймен болған бiр әңгiмесiнде оған: "1991ж 25 қарашасынан кейiн Ельцин, Кравчук ж/е басқа да респ/ң басшы/ы, Кеңес Одағы респ/ң басын бiрiктiрiп ұстайтын, бiрақ одақтық президент болмайтын нұсқаны iздестiре бастаған болатын", — деп айтқаны бар. 13 желтоқсанда Ашхабадта бас қосқан мемлекет басшы/ы Орт.қ Азия мемл/i конфедерациясын құру туралы жоба/ды қарастыра бастаған едi. Өз/ң асығыс қимыл жасағанын түсiнген Б.Ельцин, Л.Кравчук, М.Горбачевтың өкiл/i сағат сайын Ашхабадқа -Н.Назарбаевқа телефон соғып тұрды. Сөйтiп, Н.Назарбаевтың саяси күш-жiгерiнен КСРО-ның Еуропа-Азия кiндiк/i бойынша ыдырауына жол берiлмей Орта Азия мемл/i ТМД-ға толыққанды құрылтайшы/ боп кiретiндiгi шешiлдi. Ұйымдастырушылық жұмысының барысында 1991ж 21 желтоқсанда 9респ Алматы декларациясына қол қойды. Нәт.де Орта Азия респ/ы осындай қиын-қыстау кезде Н.Назарбаевтың үлкен саяси көрегендiк әрекетiнiң арқасында түркiславян тайталасына жол берiлмедi. Н.Назарбаевтың үлкен Н.Әбiшұлының КСРО-ны «келмеске кетiрiп», Орта Азия мен славян ж/е Кавказ респ/н бiр-бiрiмен байланыстырған ұйымдастырушылық қабiлетiн, TМД-ны құру жолындағы көрнектi рөлiн бүкiл әлем жұртшылығы жоғары бағалап, мойындады. Тәуелсіз ҚРң алдында үлкен келелі міндет/ тұрды. Олар – елдің ішкі жағдайында Егемен Қ мемл.ң тұтастығын нығайтып, нарықтық экономикаға көшу, көпұлтты мемл.ң бірлігін сақтауда барлық мүмкіндік/ді пайдалану. Ал,сыртқы саясаттағы басты міндет/ – Қаз.ң бүкіл дүние жүзі ел/мен байланыстарын одан әрі дамытып, алдыңғы қатарлы өркениетті мемл/ң қатарына қосылу, елдің қауіпсіздігін қорғау, әлемде бейбітшілікті сақтай отырып, ядролық соғысты болғызбау. Республика халқының ерік-жігері осындай аса маңызды міндет/ді жүзеге асыруға бағытталды. Бiз сәулетi дәулетiне сай, iргесi берiк, әлемде мерейi үстем болған мемл.дiң дамуындағы биiк белес/ мен жетiстiк/дi Елбасының есiмiмен тiкелей байланыстырамыз.

 

 

95.Қазақстан – 2050 стратегиясы, ХХІғ жаһандық мәселелері.

ХХІ ҒАСЫРДЫҢ ОН ЖАҺАНДЫҚ СЫН-ҚАТЕРІ. Қазіргі уақытта адамзат жаңа жаһандық сын-тегеуріндермен бетпе-бет келуде. Еліміз бен өңіріміз үшін мен он негізгі сын-қатерді бөліп көрсетемін. Егер біз өз дамуымызда жаңа табыстарға одан әрі қол жеткізуді жоспарлайтын болсақ, олардың әрқайсысын міндетті түрде ескеруге тиіспіз.Бірінші сын-қатер- тарихи уақыттың жеделдеуі.Тарихи уақыт аса жеделдей түсуде. Әлем қарқынды түрде өзгеруде және болып жатқан өзгерістердің жылдамдығы адамды таң қалдырады. Соңғы 60 жылда Жер тұрғындарының саны үш есе көбейді, ол 2050 жылға қарай 9 млрд. адамға жетеді. Осы кезең ішінде әлемдік ішкі жалпы өнім 11 есе өсті.Бүкіл әлемдік тарихи процестің жеделдеуі қай кезде де мемлекеттер алдында жаңа шектеусіз мүмкіндіктер ашады, ал оларды толығымен пайдаланғанымызды мен мақтан тұтамын.Соңғы 20 жылдан астам уақытта біз қоғам өмірінің барлық салаларына өте жоғары қарқынмен жаңғырту жүргіздік. Көптеген басқа елдерге 100, тіпті 150 жыл керек болған нәрселерді атқардық.Дегенмен осы уақытқа дейін жалпы жаңғырту үдерісіне кірікпеген әлеуметтік топтар бар. Оның объективті себептері де бар. Қоғамда адамдардың моральдық жай-күйі мен қоғамдық аңсар-үмітіне әсер ететін бірқатар теңгерімсіздік әлі де орын алуда.Біз осы теңгерімсіздікті жойып, қоғамның барлық жіктеріне қоғамдық жаңғырту процесіне кірігу мүмкіндігін беруіміз керек. Олар қоғамда өзінің лайықты орнын тауып, Жаңа саяси бағыт ұсынған мүмкіндіктерді толық пайдалануға тиіс.Екінші сын-қатер - жаһандық демографиялық теңгерімсіздік. Жаһандық демографиялық теңгерімсіздік күн өткен сайын күшейе түсуде. Жалпыәлемдік тренд - адамзаттың қартаюы. Енді 40 жылдан кейін алпыс жастан асқан адамдардың саны 15-ке толмағандардан асып түседі. Туудың азаюы және адамзаттың қартаюы көптеген елдерде еңбек нарығындағы проблемаларға, атап айтқанда, еңбек ресурстарының жетіспеушілігіне сөзсіз әкеледі.Шиеленісе түскен демографиялық теңгерімсіздік жаңа көші-қон толқындарын туғызып, күллі әлемде әлеуметтік шиеленісті күшейте түседі.Біз Қазақстанда заңсыз еңбек мигранттары жергілікті еңбек нарықтарын тұрақсыздыққа әкелген елдің жекелеген өңірлеріндегі көші-қон қысымымен бетпе-бет келіп отырмыз.Біз таяу болашақта кері процеспен - елдің шегінен тыс жерлерден бізге келетін еңбек иммиграциясымен бетпе-бет келуіміз әбден мүмкін екенін түсінуге тиіспіз. Біз жас ұлтпыз. Еліміздегі орташа жас - 35. Бұл біздің адамдық әлеуетімізді сақтауға, әлемде өзіміздің дұрыс орнығуымызға зор мүмкіндік береді. Бүгінгі күні алға жылжуға бізде жақсы негіз бар.Елімізде әрбір іздеген адам табуына болатын жұмыс бар. Оның үстіне біздің әрқайсымыздың өзіміз жұмыс істеп, өзімізді асырауға мүмкіндігіміз бар. Бұл - біздің үлкен жетістігіміз.Мен сіздерді жалпыға ортақ еңбек қоғамына бастап келемін, онда жұмыссыздар жай ғана жәрдемақы алушылар емес, олар жаңа кәсіптерді меңгеретін болады, мүгедектер жасампаздық қызметпен белсенді түрде айналыса алады, ал корпорациялар мен компаниялар олардың еңбегі үшін лайықты жағдай жасай алады. Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек. Үшінші сын-қатер - жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер.Әлемдік халық саны өсуінің жоғары қарқыны азық-түлік проблемасын күрт шиеленістіріп отыр.Бүгіннің өзінде әлемде миллиондаған адам аштыққа ұшырап, миллиардқа жуық адам тағамның ұдайы жетіспеушілігін бастан кешіруде. Тамақ өнімдерін өндіруде революциялық өзгерістер жасамаса, осынау үрейлі цифрлар тек өсе түспек.Біз үшін бұл сын-қатер астарында орасан зор мүмкіндіктер бар.Біз қазірдің өзінде астық дақылдарын аса ірі экспорттаушылар қатарына ендік. Бізде аса ірі экологиялық таза аумақтар бар және экологиялық таза тағам өнімдерін шығара аламыз.Ауыл шаруашылығы өнеркәсібінде сапалы секіріс жасау толықтай қолымыздағы нәрсе. Бұл үшін бізге жаңа тұрпаттағы мемлекеттік ой-сана қажет болады. Төртінші сын-қатер - судың тым тапшылығы.Әлемдік су ресурстары да қатты қысым көріп отыр.Соңғы 60 жылда жер шарында ауыз суды пайдалану 8 есе өсті. Осы жүзжылдықтың ортасына қарай көптеген елдер суды сырттан алдыруға мәжбүр болады.Су - барынша шектеулі ресурс және оның көздерін иелену үшін күрес жер бетіндегі шиеленіс пен жанжалдар себептерінің бірі ретінде, қазірдің өзінде геосаясаттың аса маңызды факторына айналып отыр.Сумен қамтамасыз ету проблемасы біздің елімізде де өткір болып отыр. Бізге сапалы ауыз су жетіспейді. Бірқатар өңірлер оның зардабын қатты тартуда.Бұл проблеманың геосаяси астары да жоқ емес. Қазірдің өзінде біз трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалануда бірқатар мәселелермен бетпе-бет келдік. Аталған мәселенің күрделілігіне қарамастан, біз оны саясаттандыруға жол бермеуге тиіспіз. Бесінші сын-қатер- жаһандық энергетикалық қауіпсіздік.Барлық дамыған елдер баламалы және «жасыл» энергетикалық технологияларға инвестицияны ұлғайтуда.2050 жылға қарай алғанның өзінде оларды қолдану барлық тұтынылатын энергияның 50 %-на дейін өндіруге мүмкіндік береді.Көмірсутегі экономикасының дәуірі бірте-бірте аяқталып келе жатқаны анық. Адамзаттың өмір тіршілігі тек бір ғана мұнай мен газға емес, энергияның жаңғыртылатын көздеріне негізделетін жаңа дәуір келе жатыр.Қазақстан жаһандық энергетикалық қауіпсіздіктің басты элементтерінің бірі болып саналады.Мұнай мен газдың әлемдік деңгейдегі аса ірі қорларын иеленетін біздің еліміз өзінің энергетикалық саладағы сенімді стратегиялық әріптестік пен өзара пайдалы халықаралық ынтымақтастық саясатынан бір қадам да кейін шегінбейтін болады. Алтыншы сын-қатер - табиғи ресурстардың сарқылуы. Жердің табиғи ресурстарының шектеулілігі, түгесілуі жағдайында адамзат тарихындағы теңдесі жоқ тұтынудың өсуі әр бағыттағы, келеңсіз де, оң да үдерістерді үдете түседі.Біздің еліміз бірқатар артықшылықтарға ие. Жаратқан бізге көп табиғи байлық сыйлаған. Басқа елдер мен халықтарға біздің ресурстарымыз қажет болады.Бізге өз табиғи байлықтарымызға деген көзқарасымызды ой елегінен өткізудің принципті маңызы бар. Біз оларды сатудан қазынамызға кіріс құя отырып, оларды дұрыс басқаруды, ең бастысы, еліміздің табиғи байлығын орнықты экономикалық өсуге барынша тиімді кіріктіруді үйренуіміз керек.Жетінші сын-қатер - Үшінші индустриялық революция. Адамзат Үшінші индустриялық революция табалдырығында тұр, ол өндіріс ұғымының өзін өзгертеді. Технологиялық жаңалықтар әлемдік нарықтың құрылымы мен қажеттіліктерін түбегейлі өзгертеді. Біз бұрынғыға қарағанда мүлде өзгеше технологиялық болмыста өмір сүріп жатырмыз.Цифрлық және нанотехнология, регенеративтік медицина және басқа да көптеген ғылыми жетістіктер қоршаған ортаны ғана емес, адамның өзін трансформациялап, күнделікті ақиқатқа айналады. Сегізінші сын-қатер - үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық. Қазіргі уақытта ең үлкен әлемдік проблемалардың бірі - күшейе түскен әлеуметтік тұрақсыздық. Оның негізгі себебі - әлеуметтік теңсіздік.Бүгінде әлемде екі жүз миллионға жуық адам жұмыс таба алмай отыр. Еуропалық Одақтың өзінде жұмыссыздық соңғы онжылдықтардағы ең жоғары деңгейге жетіп, көптеген жаппай тәртіпсіздіктерге түрткі болып отыр.Мұның жанында Қазақстандағы ахуал біршама қолайлы болып отырғанын мойындау керек. Бүгінде біз бүкіл жаңа тарихымыз ішіндегі жұмыссыздықтың ең төменгі деңгейіндеміз. Бұл, сөз жоқ, үлкен жетістік. Солай бола тұра, біз масаттануға тиіс емеспіз.Әлеуметтік-саяси дағдарысқа ұласатын жаһандық экономикалық дағдарыс Қазақстанға сөзсіз қысым көрсетіп, біздің төзімімізді сынаққа алатын болады. Тоғызыншы сын-қатер - өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы.Әлем ауыр дүниетанымдық және құндылық дағдарысты бастан кешіріп отыр. Өркениеттер қақтығысы, тарихтың ақыры, мультимәдениеттің күйреуін жариялайтын үндер жиі естіледі. Жылдар бойы сыннан өткен құндылықтарымызды қорғай отырып, біз үшін осынау кертартпа көзқарастан тартынуымыздың принципті маңызы бар. Өз тәжірибемізден білетініміз, біздің «осал тұсымыз» деп атаған көпэтностылығымыз бен көпконфессиялығымызды өз артықшылығымызға айналдыра алдық. Оныншы сын-қатер -әлемдік жаңа тұрақсыздық қаупі.Әлемде не болып жатқанын біздің бәріміз көріп отырмыз. Бұл дағдарыстың жаңа толқыны емес, әлемдік экономика әлі еңсере алмай отырған 2007-2009 жылдардағы дағдарыстың жалғасы. Жаһандық экономикалық жүйе 2013-2014 жылдардың өзінде елеулі іркіліске ұшыратып, атап айтқанда, шикізатқа әлемдік бағаның құлдырауын туғызуы мүмкін. Біз үшін мұндай көрініс аса тиімді бола қоймайды.ЕО мен АҚШ-тағы ықтимал рецессия дамыған елдердің шикізат ресурстарына қажеттілігін төмендетуге әкелуі мүмкін.Еуроодақтағы жоқ дегенде бір мемлекеттің ықтимал дефолты «домино әсерін» тудырып, біздің халықаралық резервтеріміздің сақталуы мен экспорттық өнім беруіміздің тұрақтылығына күмән туғызуы мүмкін.Валюталық резервтердің қысқаруы валюталық бағамдар мен инфляцияның қысымын күшейтіп, бұл қайтадан әлеуметтік-экономикалық ахуалға кері әсер етуі мүмкін.Осыған байланысты біз халықаралық ахуал дамуының кез келген көрінісіне жан-жақты дайын болу үшін биліктің барлық тармақтарының, мемлекет пен қоғамның ойластырылған, келісілген және үйлестірілген бағытын тұжырымдауға тиіспіз.

96.Қазақстан – 2050стратегиясы.Еліміздің жаңа саяси бағыты.

Бұл Жолдау Тәуелсіздік қарсаңына қарсы қабылданып отыр. Міне, біз 20 жыл бойы осы ұлы мерекені мақтанышпен атап өтіп келеміз. Біздің ортақ күш – жігер жұмсауымыздың арқасында ел танымастай болып өзгерді. Біздің алғы шепті алуымыз қиынға түсті. Ел 20 жыл бойы егемендігіміз бен саяси салмағымызды нығайтуға жұмыс істеді. 20 жыл өткен соң бұл мақсатқа қол жетті. Қалыптасу кезеңі табысты аяқталды. Біздің ендігі міндетіміз - егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып, хх! Ғасырда орнықты дамуды жалғастыру. Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру. Бұл - еліміздің даму перспективаларына жасаған өзіндік пайымдау. Бұл - жаңа саяси бағыт. 1.Қалыптасқан Қазақстан - мемлекетіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы. 2. ХХІ ғасырдың жаһандық он сын - қатері. Қазіргі уақытта адамзат жаңа жаһандық сын –тегеуріндермен бетпе – бет келуде. Егер біз өз дамуымызда жаңа табыстарға одан әрі қол жеткізуді жоспарлайтын болсақ, олардың әрқайсысын міндетті түрде ескеруге тиіспіз. 3.« Қазақстан - 2050» Стратегиясы – жедел өзгермелі тарихи жағдайлардағы жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағыты. Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын!

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың кезекті Жолдауының баға жетпес құндылығы - қалыптасқан Қазақстан мемлекетінің жаңа саяси бағыты - «Қазақстан - 2050» стратегиясын алдын-ала сарабдал сүзгіден өткізе, толымды талдаудың айқын үлгісі ретінде ұсынуы. Демек, «Қазақстан - 2050» стратегиясы - тым құбылмалы тарихи жағдайдағы жаңа Қазақстан үшін жаңа саяси бағыт өлшемі. «Қазақстан - 2050» бағдарламасының түпкі межесі - еліміздің XXI ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарынан ойып орын алуы. Әрине, бұл межеге жету жолында алға қойылған мақсат, міндеттер парадигмасына жаңа сапалық тұрғыдан қарау қажеттілігі туындайды. Бұл туралы М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті халықаралық көптілді білім беруді дамыту орталығының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Абат Қыдыршаев мәлім етті.Оның айтуынша, Жолдауда тіл саясатына елді біріктіруші басты фактор ретінде басымдық берілген. Бұл орайда рухани негізіміз - қазақ тілі турасында айта келіп, Елбасы: «Біздің міндетіміз - оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл - өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет», - деп көрсетеді. ҚР Президенті мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайта түсу қажеттілігін, қазақ тілін кеңінен қолдану бағытындағы кешенді шараларды тереңдете түсуді баса айтады. Елбасы 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміздің қажеттілігін нұсқай келе, бұл ұлт болып шешуге тиіс көкейкесті мәселе екендігін және балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиістілігімізді орынды атайды. Елбасы өз Жолдауында Қазақстанның болашағы қазақ тілінде, қазақ қазақпен қазақша сөйлессін деген әрбір ел патриотының еңсесін көтерер, көңілін марқайтар қағидалы тұжырым-түйіндерін сенімді де нық айты Елбасы Жолдауындағы қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру турасындағы айтылған ой-тұжырымдар да әбден қолдауға лайық. Ал Елбасының ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек, қазіргі әлемнің осы «лингва франкасын» меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады деуін бір кісідей қолдауға тиіспіз. Тап осы бағыттағы тіл саясатына қатысты жоспарлы іс-шаралар М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-да жүйелі жүзеге асырылуда. Биылғы 2012-2013 оқу жылынан бастап университетімізде халықаралық көптілді білім беруді дамыту орталығы ашылып, кешенді кең көлемді іс-шаралар ғылыми-әдістемелік тұрғыда қолға алынуда. «Қазақстан - 2050» Стратегиясындағы тіл саясатына қатысты тұжырымды-түйінді қағидаларды елеп-екшей келе, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіндегі халықаралық көптілді білім беруді дамыту орталығы көптілді білім берудің нормативті-құқықтық базасын дайындау, көптілді білім беру жүйесін ғылыми-әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етуде арнайы мамандықтарға орай ағылшын тіліндегі оқулық, оқу құралдарын, үш тілді терминологиялық сөздіктерді әзірлеу, көптілді топтарда қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеруге қатысты оқу-әдістемелік кешендерді даярлау бағытындағы жұмыстарды жүргізуде. Сондай-ақ орталықтың кәсіби филолог-тілші мамандардан құрылған ғылыми-әдістемелік кеңесі жоғары оқу орны оқытушылары мен студенттері үшін ағылшын тілі курстарын жүргізу, көптілді білім беруді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жоғары оқу орнында көптілді топтар ашу, осы салаға қатысты мамандықтардың жұмыс оқу жоспарларын әзірлеуге бағыт беру, көптілді білім беруді енгізу мониторингісін саралай жүргізу жұмыстарын ұйымдастыруда. Көптілді білім беруді теориялық-әдіснамалық тұрғыда қамтамасыз ету мақсатында көптілді білім беру мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу бағыттарын айқындап, көптілділіктің өзекті проблемалары бойынша ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар өткізуді жоспарлауда. Нәтижеде көптілді білім беруді дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық білім мекемелерімен, жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орнатуға, университет студенттерімен, орта мектеп оқушыларымен көптілді оқу-тәрбиелік шаралар ұйымдастыруға басымдық берілуде. Университет тарихында тұңғыш рет ашылған халықаралық көптілді білім беруді дамыту орталығының «Полиглот» атты басылымы университет ректоры, академик Асхат Иманғалиевтің қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өрілген алғысөзімен алғаш рет жарық көрді. Енді бұл басылым ай сайын жарық көріп, студенттерге көптілді білім алудың құндылықтарын насихаттай бермек. Демек, көптілді білім беруді дамыту - көп қырлы мәселе. Бұл саланы қилы қырынан қарастыру - университет профессор-оқытушылар құрамының алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі. Басты мақсат - көптілді және көп мәдениетті маман қалыптастыру.