69.Ірі бай шаруашылықтарын тәркілеу: саяси және экономикалық салдары.
1927 жылы желтоқсанда ірі бай шаруашылығын тәркілеу жөнінде әзірлейтін арнайы комиссия құрылды.1928 жылы наурызда Қазақстан Өлкелік комитетінің бюросы ол заң жобасын бірнеше рет қарап,нақтылады.Осы жылдың тамыз айында Өлкелік комитет тәркілеу науқанына тікелей басшылық жасайтын комиссия ұйымдастырды.Комиссияның төрағасы болып Е.Ерназаров тағайындалды.1928 жылдың 27 тамызында Орталық Атқару комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесінде тәркілеу жөніндегі заң жобасы қабылданды.Республиканың барлық аудандарына тәркілеуді жеткізу туралы нұсқау жіберілді.Заң бойынша малы,дүние-мүлкі тәркіленіп,өзі дер аударылуға тиісті ірі байларға;көшпелі аудандарда ірі қараға шаққанда 400-ден астам малы бар,жартылай көшпелі аудандарда 150-ден астам малы барлар және бұрынғы сұлтандар мен хандардың ұрпақтары жатқызылды.Республика көлмінде барлығы 696 бай-феодал тәркіленді.Қазақ қоғамын ірі байлардың көп болмағандығын осы 1928 жыл жүргізілген тәркілеу барысы мен нәтижелері көрсетіп береді.Алдын ала жасалған жоспар бойынша үкімет жоғарыдағы байлардан 225972 бас малды тәркілейміз деп үміттенген еді.Бірақ,үміт ақталмады,барлығы 144474 бас мал ғана тәркіленді;бұл белгіленген жоспардың 64 пайызы ғана .Оның себебі алдын-ала жасалған малдың есебі дұрыс емемс еді.Қазақстан басшылығы кейіннен оны мойындауға мәжбүр болды.Барлық тәркіленген малдың 10,2 пайызы отырықшы аудандардың,83,3 пайызы жартылай көшпелі аудандардан және 6,5 пайызы көшпелі аудандардан еді.Тәркіленген малдың 118919 басы жеке шаруашылықтарға және колхоздарға таратылып берілді.Тәркіленген малдар негізінде жаңадан 292 колхоз
құрылды.Көптеген қазақ партия-кеңес қайраткерлері тәркілеуге қарсы шықты.Олар қазақ қоғамының экономикалық деңгейінің төмен екенін,сондықтан да әлеуметтік сілкіністерге бармай,ауқатты шаруа қожалықтарына салық мөлшерін көбейту шаралары арқылы реттеуді ұсынды.Ал болльшевиктер бұған құлақ аспай ,таптық принциптерінен ауытқымай,сол мақсатқа жету жолында күшпен тәркілеу идеясын жүзеге асырды.Қазақ байларын тәркілеу Қазақстандағы күшпен ұжымдастыру саясатының бастамасы болды.
70. Қазақстандағы социалистік индустрияландырудың ерекшеліктері ,нәтижелері және олқылықтары.
Қазақстанды индустриаланырудың өзіндік ерекшеліктері болды,қиындықтарды жеңу өзгешеліктермен,сондай-ақ табиғи,экономикалық-техникалық қорлар деңгейімен де сипатталады.Бұл ерекшеліктер республиканың бүкіл индустриялық болмыс-келбетінде өз ісін қалдырды ,өнеркәсіпті құрылысты және транспортты дамытудың 20-жылдардың екінші жартысындағы және 30-жылдардағы ғана емес ,сонымен бірге Қазақстанның кеңестік дәуірдегі тарихының кейінгі кезеңдеріндегі де бағыттарын айқындауға ықпал етті .Қазақстанның индустриялық дамуының зерттеліп отырған кезеңіндегі кейбір ерекшеліктерін қарастырайық. 1.Ол ең алдымен Қазақстанның индустриялық дамуының КСРО бойынша ,сондай-ақ көптегенБасқа республикаларды жеке- жеке алғанлағы тиісті көрсеткіштерді салыстырғанда байқалатын көтеріңкі қарқыны.Егер кеңес одағы бойынша өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 1940 жылы 1913 жылғы деңгейге қарағанда 7,7 есе болса Қазақстан бойынша 7,8 есеге жетті. 2.Индустрияландыру жағдайында Қазақстанның өнеркәсіптік дамуы негшізінен жаңа құрылыстардың ,қайта құрылған Риддер мен Қарсақбайды қоспағанда тақыр жнрде кәсіпорындар тұрғызу есебінен жүзеге асырылды.Қазақстанда жағдайдың мұндай болу себебі ,Мәскеудегі ,Ленинградтағы,Донбастағы ,Харьковтағы немесе Днепр жағалауларындағы сияқты бүкіл елді индустрияландырудың құралына немесе тірек базасына айналған өнеркәсіпті аудандар мұнда болған жоқ. 3.Аса ірі өнеркәсіптер-өз заманының соңғы жетістіктері техникасымен жарақтандырылған ,шикізат пен электр қуатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін ,өндірістік процестерді мамандандыру және ірілендіру негізінде өзара байланысты комбинаттар жаңа өнеркәсіптік құрылысқа тән сипатта қалыптасты .Өнім көлемі мен жұмыс күшінің құрамы бойынша сондай-ақ белгілі бір аймақтағы әлеуметтік-экономикалық және мәдени маңызы жағынан да ерекшеленетін осы комбинаттар қалалардың пайда болуына ықпал етіп ,сол жердегі өнеркәсіп ошақтарының орталықтарына айналды .4.Индустрияландыру жағдайларында Қазақстанла ауыр өнеркәсіп ,ең алдымен оның көмір мұнай және түсті металдар өндіретін салалары басым дамыды.Бұл салалар одақтық көлемдеБасты мамандандыру арқауына айналып ,бұдан кейінгі кезде де жалпы республика индустриясының үлес салмағын айқындайтын болды. 5.Жоспарланған жол желілері түгел салынбағанмен, 1928-1940 жылдары республиканың теміржол торабы 50% дерлік өсіп,ұзындығы 6581 км-ге жетті.
71.Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және оның нәтижелері мен салдары.
1927 жылы желтоқсанда болып өткен партияның XV съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру ісінің аяқталуы 1932 жылға жоспарланды. Қазақстанның астықты аудандарында колхоз құрылысының негізгі формасы – ауыл шаруашылық артелі, ал мал шаруашылығы аудандарда жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік (ТОЗ) болуға тиіс еді. 1929 жылдың екінші жартысынан бастап республикада колхоз құрылысы жедел дамытылды. Алғашқы МТС – тер құрылып жатты. Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықты отырықшылыққа көшіруді 1933 жылы аяқтау көзделді. Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жаппай жүргізу үшін ауылдар мен қоныстарға 8 мың жұмысшы және 1204 «жиырма бес мыңдықшылар» жіберілді. Олар Россиядағы колхоз жобасын қайталайтын қоныстандыру үлгісін орнықтырды. Ұжымдастыру жылдары кооперативтендіру қозғалысының өз ісін ашуға мүмкіндік беру, материалдық ынта, кооперативтендіруге шаруаның бірте – бірте өтуге, еркіндік ұстамдары бұзылды. Ұжымдастыру кезінде жіберілген қателіктер: 1. Қатаң жаппай қуғындау мен террорға негізделді. 2. Даярлықсыз жергілікті жағдайлар ескерілместен жүргізілді. 3.Әкімшілік – күштеу әдістерімен жеделдете жүргізілді. 4. Шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер, мәдени тұрмыстық объектілер салу жоспары аяғына дейін орындалмады. Белсенділер отырықшыландыруды жоспарлаған 3 жылдың орнына 3 күнде аяқтап «жалған колхоздар» құра бастады. Нәтижесінде: Абыралы ауданында – 70 %; Жымпиты ауданында – 60 %; Жәнібек ауданында – 95 % шаруашылық ұжымдастырылды. Шаруашылықты ұжымдастыру деңгейі үнемі өсіп отырды. Егер 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруашылықтың 2% - і ұжымдастырылған болса, 1930 жылғы сәуірдің 3 – інде 56,4 % - і, ал 1931 жылы қазан айына қарай 65 % - дай ұжымдастырылды. Күштеп ұжымдастыру науқаны кезінде ауылда әлеуметтік жіктеу саясаты өте жоғары қақынмен жүргізілді. КСРО ОАК мен ХКК нің 1930 жылы 1ақпанда қабылданған «жаппай ұжымдастыру аудандарындағы ауыл шаруашылығын социалистік қайта құруды нығайту және кулактармен күрес шаралары туралы» қаулысы негізінде ауқатты шаруа қожалықтарына қарсы ашық террор басталды. Шаруа қожалықтарынан бай кулактардв бөліп алып, оларды тап ретінде жоюжүзеге асырылды. Ұжымдастыру саясатының зардаптары қазақ халқының басына үлкен апат әкелді. Күшпен ұжымдастырылған және материалдық жағынан өте әлсіз шаруашылықтар күйзеліске ұшырап, нәтижесінде 1932-33 жылдары халық аштыққа ұшырады. Сол кездегі мәліметтерге қарағанда аштық жайлаған аудандарда халық баудай түсіп қырылған. Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастырудың осындай зардаптары сталиндік басшылықты біраз сескендірді. 1932 ж. 17 қыркүйекте «Ауыл шаруашылығы туралы» қаулы қабылданып, Қазақстан мал шаруашылығындағы «кемшіліктерді түзеу» бағыты белгіленді. Большевиктер жүргізген күштеп ұжымдастыру мен солақай ұжымдастыру саясаты қазақ ауылына үлкен соққы болды. Әсіресе, мал шаруашылығы қатты күйзеліске ұшырады. Кеңес үкіметінің ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құрұ жолында жүргізілген шаралары тиімді нәтиже бермеді. Керісінше, бұл реформалар шаруалардың еңбекке деген ынтасын жойды. Соған қарамай большевиктер ауыл шаруашылығын социалистік жолмен алға қарац дамыту мақсатында ылғи әртүрлі жаңа шаралар жүргізіп отырды.
72.1929-1931 жж күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістер.
Күштеп ұжымдастыру саясаты халықтың наразылығын тудырды. Сол жылдары өлке басшыларының Сталинге жазған хаттары қазақ даласында осы наразылықтың өте зор көлем алғанын, Алтайдан Маңғыстауға дейінгі аумақты түгел қамтығанын , бұл туралы Кеңес өкіметі басшыларының хабардар болғанын көрсетеді. Бір ғана 1929 жылдың өзінде Қазақстанда 30 дан астам үлкенді кішілі халық наразылығы болды. Олардың ішінде өте кең көлемде болған көтерілістерге Тақтакөпір, Бостандық, Батпаққара, көтерілістері жатады. 1929 – 1930 жылдыр аралығындағы қыс айларында наразылық өте күшті өршіді. Ол туралы Голощекин Сталинге хабарлауға мәжбүр болды. 1929 – 1931 өлкеде барлығы 372 көтеріліс болып,олрға 80 мыңдай адам қатысты. Большевиктер бұл наразылықтың себебі байлар мен дінбасыларының кеңес үкіметіне қарсы халықты ұйымдастыруынан деп көрсетті. Кеңес үкіметі бұл көтерілістерді әскери күшпен басып жаншыды. Көтерілістер мен оған қатысқан адам-дардың саны ресми мәліметтерден қа-рағанда әлдеқайда көп. Демек, бірнеше оқиғалар ресми тіркеуге алынбастан жабылған. Оның себебі, Кеңес үкіметіне қарсы көтерілгендер саны көп болды. Сонымен бірге, бұндай ішкі алауыздықтар Кеңес үкіметінің сыртқы «келбетіне» кір келтіретін еді. Күллі әлемге коммунизмді таратқысы келген Кеңес үкіметі, алдымен бұл идеяны өз халқына мойындатуы керек болатын. Сыртқы күштерге қарсы тұру үшін өз халқының кеңестік режимге риза екендіктерін танытуы тиіс болды. Яғни, Кеңес үкіметіне қарсы көтерілістердің санын аз етіп көрсету осы мақсаттан туындаған еді.Мемлекеттік қызметкерлер де жо-ғары жаққа көтерілістердің санын аз етіп көрсеткенін аңғару қиын емес. Мысалы, 1931 жылы желтоқсан айында Ф.И.Голощекин Сталинге жазған ха-тында: «Тап күресінің өрістегенін ГПУ-дің төмендегідей анықтамасынан білуге болады: соңғы екі жылда ірі бандалардың 34000-дай адамы қатысқан 15 бас көтеруі орын алды. Осы екі жылда 1350 контрреволюциялық топтар жойылып және оған қатысқан 7500 кісі қолға түсті…» деп жазды.Көтерілістердің орын алуының бірден- бір себебі Кеңес өкіметінің саясаты еді. Көтерілістердің басты себептерінің бірі 1929 жылы қолға алынған күштеп колхоздастыру саясаты болды. Сталин 1928 жылы Лениннің жаңа экономикалық саясатын қорытындылап, 1-бесжылдықты бастап, жоспарлы экономиканы жүзеге асыра бастады. Ал мәселеде өзіне қарсы келген Л.Д.Троцкий секілді тұлғаларды саясаттан қуғындады .Әсілі, бұл саясаты 1925 жылдың жел-тоқсан айында коммунистік партияның ХІV съезінен бастау алды. Сталиннің директивасымен қабылданған шешім бойынша ауыл шаруашылығын ұжым-дастыру жөнінде қарар алынды. Қарар негізіндегі жоспар бойынша қауым басшыларынан билік алынып, жер қазақ шаруаларының қолына берілуі керек болды. Бірақ, бұл Кеңес үкіметінің айтқанындай болмады. Айтылған мен жа-салынған іс-әрекеттер бір-біріне қарсы келді. Ауыл шаруашылығында ұжымдық шаруашылыққа күшпен біріктіру белең алды. Осы себептен де А.Байтұрсынов секілді зиялылар бұл реформаға қарсы шықты. Алайда, Кеңестік үкімет ре-формаға қарсы келгендерді аяусыз жазалады. Көптеген адамдар мемлекеттік қызметтен қуылды.Алғашқы бес жылдық жылдары (1928-1932 жж) ауылда жекеменшік жойылып, колхоз бен совхоздар құрылды. Осы реформаның нәтижесінде халықтың әлеуметтік жағдайы теңестіріліп ұжымдастырылды.
73.1931-1933 жж аштықтың себептері, экономикалық және демографиялық салдары.
Партияның 15 съезі ауыл шар.н ұйымдастыру бағытын жариялады.(1927ж желтоқсан) .Ұжым.у бағытында жіберілген қателік/:-қатал жаппай қуғындаумен лаңкестікке негізделді.-жергілікті жағдайлар ескерілместен жүргізілді.-әкімшілік –күштеу әдіс/імен жеделдете жүргізілді.-шаруашылық базасын жасау,тұрғын үй/,мәдени тұрмыстық объекті/ салу жоспары орындалмады.Белсенді/ отырықшыландыруды жоспарланған 3 ж.ң орнына 3 күнде аяқтап,»жалған ұжымшар» құра бастады.Шаруашылықты ұжымдастыру деңгейі үнемі өсіп отырды .Шаруа қожалық/ын ұжым.ң жеделдетілген қарқыны күштеп жүзеге асырылды.Ұж.уды жүзеге асыру барсында еріктілік, қоғамдастыру принцип/і толық бұрмаланды.Ұж.ға бай.ты жург.н шара/ға ким де ким қарсы болса,тап жауы қатарына жатқызылды. Ұж.ған шаруашылық/ға жұмыс күші болып саналатын малды ғана қоғамдастырудың орнына барлық малды түгелдей алу шара/ы жүргізілді.Күштеу, зорлық –зомбылық,көрсету арқ. ұж.у шара/ы тездетілді.Күштеп ұжымдастырушы/ қазақ қоғамындағы дәстүрлі мал шару.ң ерекшелігін мүлде ескермеді.»Асыра сілтеу болмасын,аша тұяқ қалмасын» деген ұран/ елдің түбіне жетті.Большевик/ жүргізген күштеп ұжым.у мен солақай отырықшыландыру саясаты қазақ аулына үлкен соққы боп тиді.Әсіресе,мал шар.ғы ауыр күйзеліске ұшырады.Ұжым.у мен отырық.у кезінде дәстүрлі мал шар.ң ерекшелігі есепке алынбай,түгел қауымдастырылған мал шығынға ұшырады.Сонымен қатар, мал.ң көп бөлігі үкімет.ң ет салығын орындауға жумсалды.О.Исаев Қаз.н өлкелік комитетінің 6 Пленумында 1929ж Қаз.да 40млн бас мал болғанын,1933ж 4 млн. ғана мал қалғанын мойындауға мәжбур болды.Ұж.у саясатының зардап/ы қазақ халқының басына үлкен апат әкелді. 1932-33 жж халық аштыққа ұшырады.Аштық пен індеттен:1930ж – 313 мыңнан астам адам қайтыс болды.1931ж- 755 мың,1932ж – 769 мың адам қайтыс болды.1930-32жж барлығы 1млн.750 мың қазақ немесе халық.ң 40 %-ы қырылды.Аштықтан өлген адам/ды жинап көмуге мүмкіндік болмаған.Аштық салдарынан адам етін жеу фактілері де болған.Аштыққа ұшыраған қазақ/ босқын болып шет аймақ/ға көшкен.Зерттеуші/ 1930-32жж шетелге кеткен қазақ/ санын ,қайтып келген/ді есептемегенде 1,3млн адамға жеткізеді.Қазқ.ң аштыққа ұшырауы мен шет аймаққа үдере көшуі нәт.де халық саны күрт азайды.елде демографиялық апат болды.1930ж 1 маусымы мен 1933ж 1 маусымы ара.да халық саны 2 есеге кеміген.1932ж шілдеде –аштық апаты мен себеп/і туралы Ф,Голощекинге «Бесеудің хаты» ( Ғ.Мүсірепов, М.Ғатауллин,М.Дәулетқалиев,Е.Алтынбеков,Қ.Қуанышев)хат жазды. Халық.ң ауыр жағ.туралы Сталинге Т.Рысқұлов 1933ж наурызда хат жазды.Қазақ зиялы/ң өтініш/іне орталық тарапынан жауап болмады.Халық саны.ң азаюы жалғаса берді.1 млн.нан аса адам рес.дан тыс жерге көшіп кетті.1931-32жж -2,1млн адам қырылды.қазақтан басқа халықтың шығын 0,4 млн.Қазақ/ң осы жыл/дағы саны тек 40жылдан кейин ғана 1969ж қалпына келді.
1930-32жж аштық тарихта «Ұлы жұт» атанды.
74. ХХ ғ. 20-30 жылдардағы мәдени революцияның қайшылықтары мен салдары.
Мектептен тыс білім алу жоқтың қасы болып келген Қазақстанда большевиктердің халықты мәдени байлықтың барлық түрімен етене жақындастыру жәрдеміне дайын екендері туралы мәлімдемесі аса қызу қолдау тапты. Жергілікті интелегенция күштері мен қарапайым адамдар мәдени ағарту мекемелерін құруға шынайы ынта жігермен қызу кірісті. Мәселен 1917 жылы 27 желтоқсанда Ақтөбе уезінің Мартөк кентінле интеллигенция мен шаруалардың күш жігерінің арқасында мәдени ағарту үйірмесі жұмыс істей бастады. 1918 жылдың 1 қаңтарына қарай үйірме мүшелерінің саны 30 адамға жетті. Олар екі секцияға бірікті: 1) оқу ағарту және 2)мәдени ойын сауық секциясы. Үйірме кітапханалар ашып, спектакльдер қойды. 1920 жылы Қостанай уезі оқу ағарту қызметкерлерінің съезі «әр мектептің жанынан оқу үйлерін ашуды қажет» деп тапты. Отырықшы емес халықтардың, атап айтқанда қазақтардың арасында мәдени көпшілік және идеологиялық жұмыстар жүргізу ушін қызыл отаулар, жылжымылы кітапханалар, кино қондырғылармен «қызыл керуендер» кеңінен пайдаланылды. Олар ауылдан ауылға көшіп жүріп, мәдени саяси іс шараларды халыққа медициналық қызмет көрсетумен, орталық және республикалық биліктердің түрлі шешімдерін орындауларын тексерумен ұштастырып отырды. Мәдени саяси ағарту жүйесінің қызметі әрқашан идеологияландырылған сипатта болды.Рас 20-жылдардың орта шеніне дейін шығармашылық еркіндік ойын ашық айтудың кейбір көріністері байқалды.Мәселен ,1921 ж республиканың көптеген аймақтарын ашаршылық жайлаған кезде мәдениет ошақтары өздерінің шамалары мен мүмкіндіктеріне қарай аш адамдарды құтқару үшін күресті.Көрмелер Ташкент теміржол желісі бойынша жасалған Қыррост суреттерінен құрастырылды.Көркем плакаттар ашаршылық ауқымын кеңінен бейнеледі . Бір көрме ІХ Бүкілресейлік Кеңестер (желтоқсан,1921ж)Мәскеуде көрсетіліп ол ең толық және сәтті шыққан деп атап өтілді,съезден кейін Германияға жіберілді.Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында ғылыми –зерттеу жұмыстарын мемлекеттік реттеуді және ғылым кадрларын бір орталыққа топтастыруды Қаз КСР-інің Қырревкомы мен Халық ағарту комиссариаты жүзеге асырып келді.Мәселен 1919 ж Орынбор РГО бөлімінде жұмыс тәжірибесін қалыптастырған өлкетанушылардың бір тобы Қазақ әскери комиссариаты штабы тарихи –статистикалық бөлімінің жанынан тарих .этнография ж2не жаратылыстану –география секцияларын ұйымдастырды. 20-30жж. Мәдениеттің жағымды жағы: Саустсыздықты жою жоғарғы қарқынмен жүргізілді.Бастауыш білім беру жүзеге асырылды.Жоғарғы оқу орындары мен техникумдар ашылдыЗиялылрдың жаңа топтары қалыптасты. 20-30жж. Мәдениеттің тиімсіз жағы: Қызыл террор ұлттық зиялыларды жойды. Жаппай идеологияландыру халық мәдениетіне зор нұсқан келтірді.
75. 1937-1938жж Казакстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары.
Сталиндік кезеңдегі жаппай саяси қуғын сүргін елге үлкен нәубет әкелді НКВД және ГУЛАГ қапастарында ешқандай жазығы жоқ миллиондаған адамдар опат болды. Республиканың партия және кеңес басшы қызметкерлері түгелге жуық қуғын сүргінге ұшырады. 1937-1938жылдарда жазаланған «национал –фашистер» аталатындардың істері айғақтағандай Н.И.Ежов пен оның жандайшаптары оларға жала жабуда пәлендей бас қатырмады .Түрлі топтарға қатысқандардың ,ұлтжанды азаматтардың бұрынғы істері көтерілді,солардың қатарына кезінде республиканың мүдделерін қорғаған қазақ халқының 1931-1933 жылдарда жаппай кырылуына ашык ашық наразылық тудырған адамдар да жатқызылды .Маңызын асырып көрсету үшін РКФСР ХКК Төрағасының орынбасары Т.Рысқұлов ,КСРО БОАК хатшысының орынбасары Н.Нұрмақов ,Қазақ КСРОАК ТӨРАҒАСЫ Ұ.Құлымбетов бастаған «национал –фашистердің» «Қазақстанды КСРО –ДАН бөлуге және оны Жапонияның протектаратына беруге әрекет жасағандары»туралы болжам ойдан шығарылды және оларға жапон-герман ты4шылары деген жала жабылды. 1937-1938жылдарда осындай айыптаулардың негізінде Қазақстанның барлық көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері-Т.Рысқұлов ,Н.Нұрмақов ,С.Қожанов ,Ж.Сәдуақасов С.Сафарбеков А.Кенжин және басқалары жазаға тартылды .Қазақстанның ғылыми мен мәдениеті де орны толмас шығынға ұшырады.Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов , Х.Досмухамедов, М.Тынышбаев, М.Жумабаев, С.Сейфуллин , Б.Майлин, С.Асфендияров, М.Жолдыбаев, Ж.Шанин, Т.Шонанов, К.Кеменгеров және т.б. қуғын сургінгіннің құрбандары болды.8.Республика өмірін соғыс салабына сай қайта құруЕң алдымен басқару органдарының ұйымдық құрылымына өзгерістер енгізілді.ҚазКСР ХККжәне облыстардың жанынан жұмыс күшін бөлу жөніндегі бюро ,эвакуацияланған халықты шаруашылыққа орналастыру (кейбір облыстарда төтенше комиссиялар аталды),әскери қызметшілердің отбасы мүшелерін мемлекеттік қамтамасыз ету және тұрмыстық жайғастыру ,әскери тапсырмалар және эвакуацияланған жабдықты құрастыру жөніндегі бөлімдер ұйымдастырылды.1944 жылы еңбекшілер депутаттарының аудандық қалалық және облыстық кеңестердің атқарушы комитеттерінің жанынан көп балалы және жалғыз ілікті аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар бойынша бөлімдер құрылды. Соғыс жағдайларында Кеңестердің атқарушылық –өкілдік функциялары күшейді.Жұмыспен қамтылмаған еңбекке жарамды адамдарды жұмылдыру ,автомобиль-ат көлігі міндеттілігін енгізу туралы міндетті шешімдер мен өкімдер қабылдау кеңінен пайдаланылды .Қалаларда тұратын халық та аэродромдарды тазалау ,өндірілген отынды тасу сияқты жұмыстарға тартылды.1941 жылы күзде Кеңестер аткомдары барлық еңбекшілердің оқу және ӘШХҚ НОРМАЛАРЫН тапсыру мерзімдерін белгіледі.Мұрағаттардың жұмысы Кеңестердің айрықша бақылауына алынды.Кеңестер аткомдары санитарлық –профилактикалық ісшаралардың кешенін жасады,соның ішінде қалаларды абаттандыру ,елді мекендердің санитарлық жай- күйін жақсарту шаралары бар.Жергілікті Кеңестер азаматтары есепке алумен оларғатұрғын үй берудің жан басына шаққандағы азайтылған санитарлық нормасы енгізілді.
76.Қазақстандықтардың Отан соғысы жылдарында майдандандағы ерлігі.
Соғыс жылдары Қазақстанда Қазақстанда 12 атқыштар және 4 атты әскер дивизиясы,7 атқыштар бригадасы және 50-ге жуық жеке полктер мен батальондар жасақталып,майданға аттандырылды.Қазақстан аумағында жасақталған әскери құрылымдар соғыстың алғашқы күндерінен бастап ерлікпеншайқасты.Әсіресе,Мәскеу түбіндегі шайқаста қазақстандықтар үлкен құрметке ие болды.Мәскеу бағытындағы негізгі жолдардың бірі-Волоколамск тас жолын қорғауда Алматыда жабдықталған 316-атқыштар дивизиясы генерал-майор Панфиловтың басшылығымен теңдесі жоқ ерлік көрсетті.Қысқа уақыт ішінде дивизия жауынгерлері жаудың танк,моторлы және екі жаяу әскер дивизияларын талқандады.Мәскеу түбіндегі шайқаста,әсіресе Саяси жетекші Ключков басқарған бөлімше -28 панфиловшылар жаудың 50 танкісіне тойтарыс беріп,асқан ерлік көрсетті.1941 ж.17 қарашада дивизияға 8-гвардиялық деген атақ беріліп,кейінірек Қызыл Ту,Ленин ордендерімен,ал Риганы жаудан азат еткені үшін екінші дәрежелі Суворов орденімен марапатталды.Бұл шайқаста ерлік көрсеткен 28 жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді.Панфиловшы аға лейтенант Б.Момышұлы Мәскеу түбіндегі шайқаста өз батальонмен жау қоршауын үш рет бұзып шықты.Соғысты Б.Момышұлы полковник лауазымымен,9-гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып жүріп аяқтады.Белгілі орыс жазушысы А.Бектің *Волоколамское шоссе* повесі Б.Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігіне айналды.Сөйтсе де,Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігі өз дәрежесінде мойындалмай,тек 1990 жылы еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей араласуымен оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.Қазақ қыздары да соғыс ауыртпалығын ер азаматтармен бірдей көтерді.Алғашқы кезден соғысқа сұранып,әскери комиссарияттарға хат жазған қазақ қыздары өте көп болды.Қазақ арулары түрлі әскери болып,ерен ерлік үлгісін көрсетті.Қолдарына қару алып,майданға аттанған қазақ жұлдыздары-Әлия мен Мәншүк Қазақстан даңқын паш етті.Авияция саласын меңгерген қазақ қызы-Х.Доспанова Кеңес Одағының батыры Раскова басқарған әйелдер авияциясының құрпмында авияция штурманы болып 300-ден астам мәрте әуеге көтерілді. 2004ж Президенттің жарлығымен Х.Д.Доспановаға Халық Қаһарманы атағы берілді. Шығыс Еуропаны жаудан азат етуде қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетті.Шығыс Пруссия аумағын азат етуде көрсеткен ерліктері үшін 20 қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын алды.Олар-Андреев,Беда,Брилин,Абилов,Кутурга т.б.
Словакия аумағын жаудан азат етуге 4- Украина майданы құрамында қазақстандық 8- атөыштар дивизиясы қатысты.Майданда көрсеткен ерліктері үшін 8- атқыштар дивизиясының құрамындағы 62- артиллериялық Карпат полкі Қызыл Ту орденімен,151- Кармат полкі 3- дәрежелі Кутузов орденімен,310- атқыштар полкі 3- дәрежелі Суворов орденімен марапатталды. Чехословакия жерін азат етуге келген қазақстандық ұшқыштар 2,8,5- әуе армиясының бөлімдерінде жаумен шайқасты.Шайқастардағы ерлігі үшін Батеньков пен Железняков соғыстан кейін Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.Қорыта келе,Ұлы Отан соғысына тартылған қазақстандықтар санына тоқталайық.Соғыстың алдында Қазақстанда 6,2млн адам тұрды.Соғыс жылдары қолына қару алып,майданға 1,9млн адам аттанды. Майдандағы ерлігі үшін 520 қазақстандықтың,оның ішінде 100-ден астам қазақтың Кеңес Одағының Батыры атағын алуы-ортақ Отанын қорғауда қазақ ұлтының суырылып алға шыққанын көрсетеді.
77. Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың еңбектегі ерлігі.
Майдандардағы жеңіске еңбеккерлерінің қосқан үлесі зор. 1939 жылғысанақпен салыстырғанда 1942 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы еңбекшілерінің саны 600000 адамға азайған. Ауыл шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға тартылуымен олардың орнын қариялар, əйелдер мен балалар басты. 1944 жылы қолхоздағы еңбекке жарамды ерлердің сандық үлесі – 20%, əйелдер – 58%, жасөспірімдер – 22% болды. Яғни, майданды азық-түлікпен, шикізатпен іс жүзінде əйелдер, балалар мен қарт адамдар қамтамасыз етті. Соғыс жылдарында колхоздармен совхоздар майданға тек азық-түлік емес, сонымен бірге тірі мал, тіпті, ауыл шаруашылық техникасын жіберіп отырды. 1942-1943 жылдар аралығында республика ауылшаруашылығынан 4111 трактор, 1184 жүк машиналары, 30318 жылқы майданға жіберілді. Сондықтан да соғыс жылдары егін салу жұмысының 50%-ін ірі қара атқарды. Тылдағы еңбекшілер жоғарыдан берілген жоспарды орындау барысында күні- түні еңбек етті. Соғыстың бірінші жылы мемлекетке 100 млн. пұт астық тапсырылды. Бұлкөрсеткіш 1940 жыл мен салыстырғанда 24 млн. пұт қа артық. Колхозшыларменсовхозшылар өз еркімен еңбек күнін таңғы бестен, кешкі 22.00-ке дейін ұзартқан. Əрбір шаруа 2-3 адамның жұмысын атқарды. Əйелдер балаларын балабақшаға тапсырып, күні-түніжұмыс істеп, колхоз жұмысын белсене атқарды. Мысалы, Алматы облысының 9 ауданының 277 колхозында соғысқа дейін 64369 адам ең бек етсе, соғыс жылдары олардың саны əйелдер, қариялар жəне балалар есебінен 68598 адамға дейін өскен.ОңтүстікҚазақстан облысы, Шымкент ауданының Куйбышев атындағы колхозында 74 жастағы қарт ана – АнарСадықова – жұмыс істесе, Семейоблысы, Абайауданының “Шолақ еспе” артелінде 70 жасар қария – Кенебаев еңбектеніп, жоспарды асыра орындады.1942 жылы 450 мың гектар тың жəне тыңайған жер жыртылып, егін салатын жер Ауданы 17%-ке өсті. Қазақстандықтар соғыс жылдары майданға өз қаржысына алынған қару-жарақ, техника да жіберіп тұрды. Мысалы, Шымкент теміржол жүйесінің комсомолдары Москва түбіндегі майданға танк колоннасын жабдықтау үшін қаржы жинауды бастайды.Сонымен қатар қазақстандықтар қоршауда қалған қалаларға қамқорлық көмек көрсетті. Қазақстан жауданазат етілген Орал облысының 10 қаласын, 35 ауданын, Лениград облысының 12 қаласын, Калинин облысының аудандарын қалпына келтіруге көмектесті.
78.Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық-саяси өмірі(1946-1965жж)
Қоғамдық-саяси жүйеде 20-жылдардың ортасында орныққан қатаң әкімшілік-әміршілдік жүйе 40-50 жылдары шарықтай түсті.Бұл қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласынан көрініс тапты.Адамның табиғи құқығынан шектеу,ұлттық мүддені ескермеу, мемлекеттік басқару жүйесіне ықпал жасау сияқты олқылықтардың шегі болмады.Қоғамдық-саяси және мәдени өмір орталықтан басқарып отырған Коммунистік партияның қатаң бақылауына алынды. Сталиннің жеке басына табыну қоғамдық өмірде берік орын алды.Үкімет басшылары түрлі желеулермен заңдылықтарды өрескел бұзып,мемлекеттік билікті теріс қолданып жатты.Оған өзгеше ойлайтын адамдарды қудалауға жаңа науқан ашқан БКПб Орталық Комитетінің 1946 жылдың 14 тамыздағы *Звезда*және *Ленинград* журналдары туралы қаулысы бұл құбылыстың нақты дәлелі бола алады.Қазақстан партия комитеттері өз жұмысын аталмыш қаулының аясында жүргізді.1948ж *космополитизммен*,яғни шетел мемлекеттерінің мәдениетіне көңіл бөлушілермен күрес науқаны басталды.Космополитизм науқанында Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ халқының мақтанышы болып келген Шортанбай,Шәңгерей,О.Қарашев феодалдық-реакцияшылдар деп танылып,ал кейінгі кеңес әдебиетшілері Б.Кенжебаев, Т.Нұртазин, Ә.Қоңыратбаев ұлтшылдар ретінде қудаланды.Ғылым Академиясының президенті Қ.Сәтбаев*Едіге батырға* алғысөз жазғаны үшін *ұлтшыл*атанса,М.Әуезов 1945ж жарық көрген *Абай өмірінің және творчествосының биографиялық очеркі*еңбегінде Абайды *феодалдық ақындар Шортанбай,Мәшһүр Жүсіп Көпеев ортасында суреттегіні үшін* қудаланды.Екі зиялыға да осындай орынсыз кінәлар тағылғаннан кейін,Мәскеуге қоныс аудару мәжбүр болды.Сонымен қатар 1946ж А.Мәметованың *Абай Құнанбаев*атты әдеби еңбегіне де космополиттік деген кінә тағылып,басылымнан алынды.Осылайша соғыстан кейінгі жылдарда пісіп-жетіліп келе жатқан қоғамда өзгеріс қажет деген ұғымды әкімшіл-әміршілдік жүйе тұншықтырып тастады.1953ж Сталин қайтыс болғаннан кейін қуғын-сүргін науқаны біраз баяулады.Сталиннің өз кезінде жоспарлаған Қазақ КСР Ғылым Академиясының тарих,археология, этнография институтын,Кеңестік жазушылар Одағын *ұлтшылдардан*тазалау саясаты тоқтатылды.1953ж мамыр айынан бастап социалистік қоғамдағы қайшылықтар ,жеке тұлға мен халықтың тарихтағы рөлі,Сталиннің жеке басына табыну мәселелері төңірегіндегі алғашқы пікірлер айтыла бастады. Кезінде ОГПУ,НКВД-ні басқарып,әкімшіл-әміршіл жүйенің адамзатқа қарсы жасалған қылмыстарын заңдастырған Берия ату жазасына кесілді. *Үштіктер*, *Бестіктер*,*Ерекше кеңес* жойылып,ГУЛАГ МҚК-не берілді.Л.П.Берияның қылмыстық іс әрекетін үзілді-кесілді тоқтату қоғамдық өмірді демократияландыру жолындағы маңызды кезең болды.Бірақ бұл-әкімшіл-әміршіл жүйенің күйреуі емес болатын.1956ж 14 ақпанда Мәскеуде КОКП-ның XX сьезі өтіп,онда Сталиннің жеке басына табыну айыпталды.КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев бастаған коммунистер партиясы сталиндік диктат үстемдігін әшкерелеп,талдау жасауға тырысты. Н.С.Хрущевтың XX сьездегі *Сталиннің жеке басына табынушылығын әшкерлеу*туралы баяндамасының толық мәтіні 33 жыл өткен соң ғана 1989ж жарық көрді.Коммунистік идеологияны басшылыққа алған Н.С.Хрущев республиканың барлық өміріне тікелей араласты.Қазақстанның оңтүстік аудандары Өзбекстаға берілді.Тың өлкесінде 6 облыстың өлкелік партия комитеті біріктіріліп,тікелей Мәскеуге бағындырылды. Ақмола-Целиноградқа,Батыс Қазақстан-Орал облысына айналды.Ұлт саясатындағы бұрмалаушылықтар халық арасында,әсіресе,зиялылар мен жастар арсында түрлі наразылықтар туғызды.Кеңестік жүйе оларды барынша жасырып,бүркемеледі.Осылайша Теміртаудағы толқу-тәртіпсіздіктің салдары ретінде бағаланды.1963ж Мәскеуде оқитын қазақ жастарының бір тобы Б.Тайжанов,С.Ақатаев,М.Тәтімов,М.Әуезов бас болып *Жас тұлпар*атты ұйым құрды.Мақсаты-қазақ жастарының ұлттық санасын ояту.Н.С.Хрущев мемлекеттің *коммунизмге өтуіне байланысты* жаңа Конституцияның жобасын жасауды ұсынғаннан кейін,1961ж Конституциялық комиссия құрылды. Конституциялық заңдарда жазылған демократия талаптары іс жүзінде жүзеге аспады.ҚазКСР Жоғары Кеңесі КСРО Кеңесіне бағынды.Конституция тәуелсіз деп көрсетілгенімен,құқық қорғау,прокуратура органдары да орталыққа бағынды.Депутаттарды сайлау науқандары да демократиядан мүлдем алшақ еді.Дауыс берушілер іс жүзінде депутаттарды көрмеді.Дауыс беру тек іс жүзінде жүргізілді.Депутатарды халық таңдамады,жергілікті әкімшілік органдар*тағайындады*. Депутаттар орындауға тиісті мәселелерін атқару комитеттеріне өтініш ретінде беріп отырды.Саяси қателікке толы Хрущев қызметінің соңы 1964ж қазан айында аяқталды.КОКП-ның Орталық Комитетінің Пленумында 1-хатшы қызметіне Л.И.Брежнев сайланса,ал Министрлер Кеңесінің төрағасы болып А.Н.Косыгин тағайындалды.Олардың ізін ала Қазақстан КП ОК 1-хатшысы болып Д.А.Қонаев сайланды.
79.Қазақстандағы Тың және тыңайған жерлерді игеру. Экологиялық , экономикалық және әлеуметтік – демографиялық салдарлары.
Бұрынғы Кеңестер Одағы, оның ішінде Қазақстанда тың жəне тыңайған жерлерді игеру науқаны 3 кезеңнен тұрады: 1) 1954-1955 жж. 2) 1956-1958 жж. 3) 1959-1965 жж. Тың игеру жылдарында негізінен солтүстік обылыстарда жүздеген совхоз орталықтары салынды. Тыңигеру жылдарында негізінен солтүстік обылыстарда жүздеген совхоз орталықтары салынды. Əміршіл-əкімшіл басшылыққа совхоздар тиімді болғандықтан, тың игерудің алғашқы жылындағана 300 жаңа совхоз ұйымдастырылса, 1955 жылдың соңына қарай олардың саны 631-гежетті.Ал 1958 жылдың ақпанайынан бастап колхоздар совхоздарға, МТС-таржөндеу станцияларына айналдыра бастады. Тыңигерудің тек алғашқы кезеңінде республикаға өзге республикалардан 640 мың адам көшіріліпəкелініп, Қазақстанда 18 млн. га. тыңжер, немесе бұрынғы Одақтағыжыртылған жерлердің 60,6% игеріліп, республикадағы егістік көлемі 22,4 млн. гектарға жетті.Соғыстан кейінгі алғашқы жыл - ауыл шаруашылығы үшін аса ауыр кезең болды. Төртінші бесжылдық жылдары Қазақстанда астықтың орташа жылдық шығымы 1913 жылғы көрсеткішке тең болды. Ауыл шаруашылығын дамыту жолындағы қиыншылықтар : жұмыс қолының жетіспеуі, жаңа техникамен қамтамасыз етудің мардымсыздығы, басқарудың әкімшілдік күштеуі, экономикалық заңдармен есептеспеу. 1946 жылғы 16қыркүйекте ауыл шаруашылығында қиын жағдайды жою туралы қаулы қабылданды. Қаулының нәтижелері мынадай болды : 1949 жылғы республика колхоздарына әр түрлі мемл-к ұйымдардың 214 млн сом қарызы , мал. техника және заңсыз алынған 540 мың га . жер қайтарылуы. Әкімшілік басқару аппараты қысқартылды. Материалдық- техникалық жағынан қамтамасыз ету үшін қосымша қаражат бөлінді. Мамандар дайындау жүйесі жөнге қойылды. МТС-тер қызметі 1946 ж-76% , 1950ж -95% ға өсті . 1948 жыл – республика ауылдарын жаппай электрлендіру басталды . Өнім өндіруді арттыру мақсатымен ұсақ колхоздар біріктіріліп , ірі ұжымдық аруашылықтар құрылды . 1945жылы – 6737колхоз ,1952жылы -2047колхоз. Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру жоспарын артық орындағаны үшін қосымша ақы төленді . Мал саны өсіп , суармалы жер көлемі 16%-ға артты. Осыған қарамастан , ауыл шар\ғы халықтың азық түлікке деген телабын қанағаттандыра алмады. Ауыл шар\ның артта қалу себептері: Шаруашылықты әміршіл төрешіл жүйесі, жергілікті жағдайлармен есептеспей , жоғарыдан жоспарлап, аппарат тарапынан бұйрық беру, “әскери коммунизм” кезеңінің азық түлік салғыртын енгізуі, еңбекшілерді өндіріс құралдарынан, еңбек өнімнің нәтижесінен шектеу. Ауыл еңбеккерлері заң жүзінде колхоздарға телініп, олардың еңбегі басыбайлық сипатта болды. 1953 жылы қыркүйекте КОКП ның ОК пленумы ауылшаруашылығында орын алған жағдайға талдау жасап , оның даму болашағын анықтады. Азық түлік тапшылығын шешу, астық өндіруді арттыру мақсатындва тың және тыңайған жерлерді игеру идеясы пайда болды. 1954 жылғы қаңтар Қ-н компартиясының VII съезінде КОКП бірінші хатшысы Ж. Шаяхметов қызметінен босатылды . Бірінші хатшылыққа П.К Пономоренко, екінші хатшылыққа Л.И брежнев отырды. 1954 жылғы қаңтар- наурыз - КОКП ОК Пленумы “Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы” қаулы қабылдады. Осының нәтижесінде Қазақстанда көптеген жерлер игеріліп, ол жерден астық өнімдері өндіріле бастады. 1960ж аяғына қарай астық өндіру көлемі алдынғы жылдармен салыстырғанда 3,8 есеге артты. Тың игеру Қазақстанды тауарлы астық өндіруден Одақ бойынша алдыңғы қатарға шығарды.. Тың игерудің пайдасымен қатар Қазақстанға тигізген зияныда көп болды. Атап айтқанда, басқа республикалардан келген адамдар саны тым көбейіп кетті. Жергілікті жерлерде орыс мектептері ашылып, қазақ балаларына мәңгурттену қаупі туды. Жер-су аттары орыс тіліне көшіріліп, орыстандыру саясаты ашық түрде жүргізіле бастады. 1953-62 жылдар аралығында Қазақстанда 25,5 млн гектар жер игерілді.
80. 1965 – 1985 жж. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайынталдап көрсетіңіз.
1964 ж қазанда жузеге асырылған партиялық аппарат төңкерісі Хрущевтік кезеңінде қарқын алған кереғар ізденістер мен пікірталасқа,ұстатпас уміт пен қайырсыз қиял атаулыға нүкте қойды. «Хрущевтік субъективті-волюнтаристік саясатын» мансұқ етіп,Л.И.Брежнев бастаған партиялық-мемлекттік иерархиялық сатылы лауазымының жаңа басшылары созылмалы кеселге ұшыраған әлеуметтік экономиканы сауықтыруға кірісті.КОКП ОК-тің наурыз және қыркуйек айларында өткен пленумдарында,партиялық құжаттарда көрсетілгендей «шаруашылық тетікті жетілдіру б\ша тарихи дерективалар» қабылданды.Осы дерективаларда «маркстік-лениндік экономика ғылымының» теориялық тұжырымдамалары көрініс тапты. Қаз\да индустрияландыру үрдістері 1965-1985 жж біршама екпінді журді.Еліміз КСРО дағы өнеркәсібі дамыған аймақтардың біріне айналды.Жалпы ішкі өнім көлемі б\ша республикамыз КСРО да үшінші орын алды.Cол аралықта импортта қарқындап өсті.Алайда бұл процестің кереғар жағы да болды.Мәселен орасан зор мөлшерде болат шығарған өнеркәсіптің өзі жоғары сапалы болатты қажетсінді.Демек егер өнімнің жалпы сұранысы сандық қатынастағы сұранысты қанағаттандырса,ал сапа жағынан өте артта қалды.Жоспардың баға көрсеткіштері де бұрмаландыАуыл шаруашылығына қаржы құюдың орасанүлкен көлемдері баламалы қайтарым бермеді.Жұмыс істеп тұрған ұйымдық шаруашылық құрылымдардың тетігі мультмилиондаған қаржы бөлуге қарамастан ұдайы тығырыққа тіреліп,жұмсалатын аса қомақты шығындарды қажетті нәтижеге бұруға дәрменсіздігін танытты.Осыдан келіп лажсыз жағдай туындады :құрылымдардың шұғыл алға ұмтылуы үшін кең ауқымды жеделдету процесін іске асыру қажет болды,ол ушін өз кезеңінде,басқалармен қатар орасан көп қаражаттар талап етілді,бірақ олар сол құрылымдарға тускен бойда,құрылымдардың өздері арқылы құрсауланып отырды.Сонымен,жылдан-жылға кеңейіп,қоғамның ғаламат қорын жұтып отырған,ауқымды да алуан түрлі шаралар кешені,арагідік экономикалық құрылымды «сілкіп қойғанымен»,оған алға жылжи түсудің жолын көрсете алмады.Бейнелеп айтқанда,ауқымды әлеуметтік эксперимент барысында құрылған құрылымдар өте күшті ырғақсыздыққа душар болды,ол инфаркт алдындағы қан қысымының жоғарылау кардиограммасын көрсетті.Нақ сол дағдарыс қоғамның жай-куйін белгіледі,жаңа утопиялық эксперименттерді дәйектеу және аяқтау үшін ресми насихат ойдан шығарған термин-тоқырау емес еді.
81.1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі: себептері және салдары.
Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды. Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына келтіріліп, бұл жөнінде “Желтоқсан. 1986. Алматы.” “Желтоқсан құрбандарын жоқтау”, “Ер намысы — ел намысы” жинақтары, “Аллажар” (1991, реж. Т.Теменов), “Қызғыш құс” кинофильмдері түсірілді. Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді. Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын төмендетуге зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ. 17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И.Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын — 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды. 18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды. Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталған). Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар. Желтоқсанның 19 — 23 аралығында халықтың наразылық шерулері мен митингілер Қазақстанның Жезқазған, Талдықорған, Көкшетау, Қарағанды, Арқалық, Павлодар, Жамбыл, Талғар, Сарқан, т.б. қалалары мен Сарыөзек, Шамалған, Шелек елді мекендерінде жалғасты. Желтоқсан көтерілісіне КОКП ОК-нің қаулысымен “қазақ ұлтшылдығының көрінісі” деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға болды.
82.ҚР егемендігінің қалыптасу кезеңдері. Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң.
Қазақ зиялылары «егемендік алдымен тілге берілсін» деген ұсыныс тастады.Филология ғылымдарының докторлары Бабаш Әбілқасымов, Сапарғали Омарбеков «Социолистік Қазақстан» газетінің 1990 жылғы 3 қазанындағы санында Қазақ КСР нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның жобасы тіл туралы заңға қайшы келіп тұрғанын айтты.Тіл туралы заңда орыс тілі-Қазақстан жерінде ұлтаралық қарым қатынас тілі деп жарияланған болатын. Декларация жобасын жасаушылар оны ресми тіл деп өзгертіп жібергені сынға алынды.Ғалымдар орыс тлін Қазақ КСР ІНДЕ ресми тіл деп жариялау қазақ тілінің мемлекеттік статусын жоққа шығарумен парапар екенін,озі көктеп,өркен жайған туған топырағында қазақ тілінің ресми тіл болуға да әбден құқығы бар екенін дәлелдеді.Декларация жобасы қызу талқылынды. Жалпы жұртшылықтан түскен пікірлер мен ескертулерді Декларация жобасына енгізу жөнінде арнайы комиссия құрылып,депутат Салық Зимановтың басшылығымен бір аптадан астам уақыт жұмыс істеді. 1990 жылдың 15 қазанында Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінен екінші сессиясында егемендік туралы Декларацияның жобасы жөнінде талас пікір болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Е,Асанбаев тарапынан «Демократиялық Қазақстан» жобасы өте кеш ұсынылды. Жоғарғы кеңеске мәлім етілмей, баспасөзге жарияланды.Оныңғ құрамындағы 30 депутат сессияға дейін белгісіз болып келді деген пікірлер айтылды.Декларациянвң негізгі жобасына толықтырулар мен өзгерістер енгізу үшін құрылған комиссия мүшесі депутат Сұлтан Сартаев «Демократиялық Қазақстан» тобындағы депутаттардың «ұлттық республика дегенді жойып, азаматтық қоғам құрайық» деген пікіріне қарсылық білдірді.Депутат С.Сартаев әлемдік тәжірибеге сүйене отырып: «Ұлттық мемлект азаматтық қоғамда, яғни құқықтық мемлекетке қайшы келмиді.Мәснелен, Англия құқықтық мемлекет.Алайда ол ағылшындардың ұлттық мемлекеті.Декларациядағы қазақ деген сөзден қорқатын ештене жоқ.Қазақ ұлты сонау ерте дәуірден тілі,діні қалыптасқан,кіндік қаны тамған өз атамекені бар халық қой.Енді келіп оны мүлдем сызып тастау мүмкін емес»-деген түсінік берді.Жоғарғы Кеңес «Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияны» 1990 жылы 25 қазанда 18 сағат 55 минутта қабылдады.Декларацияда аса маңызды мәселе,республиканың өз бюджетін қалыптастыратындығы айқындалды.Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация-еліміз Конституцияның негізіне айналған республиканың тұңғыш заң актісі.Бұл құжатта «халқаралық қатынастардың дербес субьектісі болуға, сыртқы саясатты өз мүдделеріне сай белгілеуге,халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуға құқығы бар» егемен мемлекет деп жарияланды.Декларация алғаш рет табиғи ресурстардың, экономикалық және ғылыми техникалық әлеуетінің Қазақстан меншігінде болуының ерекше құқығын баянды етті.