27 . XIII-XV ғғ. Қазақстанның рухани мәдениеті.
Қазақ халқының тіршілік-тұрмысында қолөнер кәсібі үлкен маңызды орын алды. Өйткені мал шаруашылығы немесе егіншіліктің дамуы қолөнер кәсіпшілігімен тікелей байланысты болды. Мал шаруашылығы үшін ер-тұрман, ат әбзелдері, малды ұстайтын, байлайтын жабдықтар, егіншілік үшін жер жыртатын және тырмалайтын, астықты жинайтын және өңдейтін құралдар т. б. қолөнершілердің еңбегімен дайындалды. Бұл кездегі қазақтың қолөнер кәсіпшілігі қарабайыр шаруашылық еді. Үйде істелетін кәсіп бұйымдардың көпшілігі тауарға айналмайтын, өндірушінің өз отбасын ғана қанағаттандыруға пайдаланылатын. Халық өнері, әсіресе, киіз үйдің жабдықтарын, жиһаздарын жасауда ерекше өрістеді. Бұл кезде оңтүстік Қазақстан қалаларының, Орта Азиямен, Шығыс Түркістанмен, Орыс мемлекетімен сауда-саттық байланысы жанданды. Осының арқасында көшіп-қонушы және отырықшы халық топтарының экономикалық, мәдени-әлеуметтік қарым-қатынасы кеңейе түсті. XVI-XVIII ғасырларда «Ұлы жібек жолы» бойында орналасқан Сығанақ, Сауран, Отырар, Түркістан, Сайрам, Жент т. б. қалалардың тездеп өркендеуі, қазақ халқының біртұтас ел болуына, жеке хандық құрып нығаюына үлкен әсерін тигізді. Түркістан, Отырар, Тараз, Сайрам және тағы басқа қалалардан табылған күміс теңгелер мен мыс ақшалар Қазақ хандығы тұсында сауда-саттық өркендеп, ақша айналымы дамығандығын көрсетеді. Сығанақ пен Сауранның, Ясы мен Отырардың архитектуралық комплекстері, Жәнібек пен Қасымның Сарайшықтағы, Қазанғаптың Ұлытау жеріндегі кесенелері, Маңғыстаудағы, Сырдария алқаптарындағы және Қаратау қойнауларындағы мазарлар өзіндік сәулет-сипатымен, архитектуралық формаларының жинақылық әрі айқыншылығымен ерекшеленді.
Ұлан байтақ кең далада мал бағып, күндерін табиғат құшағында мал өрісінде, түндерін жұлдызды аспан астындағы мал күзетінде өткізген қалың қазақ, әлемдегі табиғат құбылыстарын үнемі бақылап отырған. Осы бақылаудың нәтижесінде халықтың көпжылдық тәжірибелері қорытылып, жұлдызды аспан туралы астрономиялық түсініктер мен білімдер жинақталған. Және оның негізінде байырғы қазақ күнтізбесі қалыптасты. Қазақ халқы аспан әлемін бақылау арқылы «құс жолы», «құйрықты жұлдыз», «ақпа жұлдыз» және «кемпірқосақ» жайында ұғымын кеңейтті XVI-XVIII ғасырларда қазақ халқының арасында тақырыбы мен жанры жағынан алуан түрлі ауыз әдебиеті кең өріс алды. Қазақ халқының поэзиясында жыраулардың орны ерекше бағаланды. Жыр толғауларында қанатты сөздер, ғибратты нақылдар кең орын алды. Сол кездегі қазақ поэзиясының аса ірі тұлғалары – Шалкиіз (XV ғ.), Доспамбет (XVI ғ.), Жиембет (XVII), т. б. жыраулар. Қазақтың батырлар жыры эпосқа тән аңыз сияқтанғанымен, олардың бәрі дерлік тарихи оқиғаларға құрылған. Мәселен, Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қамбар дастандары тарих шындығымен қабысып жатқан шығармалар. Қазақтың әлеуметтік-тұрмыстық дастандары да («Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек» т. б.) феодалдық-рулық қоғамның өмірін үлкен шеберлікпен көрсетеді. Бұл кезде Қазақ хандығының мемлекеттік құрылысы мен халық өмірінің ерекше жағдайларын өзіндік өзгешелігімен қамтитын қоғамдық уклад «билер сөзі», «билер айтысы», «билер дауы», «төрелік айту», «шешендік сөздер» деп аталатын көркемдік мәдениеттің бірегей түрін туғызды. Әдебиеттің бұл түрін шығарушылар негізінен XVI-XVIII ғасырларда қазақ қоғамында сот ісін жүргізумен ғана айналысқан жоқ. Билер хан кеңесінің мүшелері болып, мемлекеттік істерге белсене араласты. Сонымен бірге атақты билер тайпалар мен рулардың басшылары болып, ел басқарды, жиындарда солардың атынан сөз сөйлеп, айтыс-тартыстар кезінде олардың мүдделерін қорғады. Қазақтың атақты билері поэтикалық таланты зор және суырып салма айту мен шешендік сөз арқылы өзара айтыстың тамаша шеберлері болған. XVI-XVIIIғасырларда би-шешендер арасында мемлекеттік және қоғамдық қызметінің маңыздылығы, шешендік өнерінің күшімен поэтикалық шеберлігі жағынан Төле би Әлібекұлы (1663–1756), Қазыбек Келдібекұлы (1665–1765), және Әйтеке Байбекұлы (1682–1766) ерекше орын алды. Бұл кезде қазақ тіліндегі жазба әдебиеттері діни және аңыздық мазмұндағы кітаптар түрінде таралды, сондай-ақ тарихи шығармалар мен рулар тарихы (шежіре) жасалды. Олардың ішінен Захир-ад-дин Бабырдың «Бабырнамасын», Камалад-дин Бинайдың «Шайбани-намесін», Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашидиін», Қожамқұл бек Бахидің «Тарих-и-Қыпшағын», Қадырғали «Жами-ат-таварихын» және басқа да шығармаларды арнайы бөліп көрсетуге болады. Сонымен, XVI-XVIII ғасырларда Қазақ қоғамында шаруашылықтың және мәдениеттің дамуында елеулі ілгерілеушілік орын алды. Оның басты себебі, қазақ халқының біртұтас мемлекетке бірігуімен байланысты еді.
28. «Қазақ» этнонимінің зерттелуі.
«Қазақ» этнонимінің шығуы: таихшы Бартольд :«өз мемлекетінен, тайпа, руынан бөлініп жеке өмір сүруші адам».М.Ақынжанов:«қас-сақ,нағыз сақ деген атаудан шыққан».ХІІ\ХҮғ түркі тілінде жазылған деректерде: «еркіндік аңсаушы, батыл» мағнасын білдіреді.Түркологтардың пікірінше «қазақ» терминінің бастапқы таралған жері Шығыс Дешті Қыпшақ. Жазбаша әдебиетте «қазақ» термині 1245ж мамлюктік Египет мемлекетінің қыпшақтары кезінде шыққан араб\қыпшақ сөздігінде бірінші рет қолданылған.(еркін,кезбе) Көне түрлі тіліндегі дерек:«қазақ оғлұм» сөзінен шыққан. Ежелгі Сбір тайпалары (берік,алып) деген мағнаны берген.Б.Көмеков: ХІІІғ хорасан түрікмендері арасында «қазақ» сөзі этникалық сипатта қолданылған.«Қазақ» сөзі көне түрік дәуіріндде пайда болып,ХІІІғ дейін «еркін адам» мағнасында қолданылған.ХІҮғ «қазақ» сөзі этникалық мағнаға ие бола бастады.ХҮғ ІІжартысында этникалық сипатқа ие болды.
«Қазақ» (этноним) деген атаудың шығуы туралы көп пікір бар. Ғылыми тұрғыдан жазба әдебиетте «қазақ» атауының пайда болуы туралы толық тұжырым жоқ. Енесейде табылған YIII ғасырдағы түрік ескерткішінде «қазғақ ұғылым» - «қазақ ұлым» деген сөз тіркесі кездеседі. IX-X ғасырларда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды мекендеген үш қарлық тайпаларының жалпы «хасақтар» деген аты болған. Қарлықтардың қазақ этногенезіне тікелей қатысы болғаны белгілі. Ең алғаш “Қазақ” сөзі мұсылман жазба деректеріндегі авторы белгісіз түркі-араб сөздігінде кездеседі. Ол сөздік мамлюктік Қыпшақ елінде құрылған деген болжам бар. Сөздік 1245 жылғы қолжазба түрінде жеткен және 1894 жылы Германияның Лейден деген қаласында басылып шығарылған. Бұл сөздікте қазақ терминінің «үйсіз», «кезбе», «қуғындалушы», «еркін» деген мағыналары берілген. Сонымен бұл сөздікте қазақ термині әлеуметтік мағынаға ие болып отыр. Осылай руынан, тайпасынан бөлініп, өз заңдары бойынша өмір сүрген адамдар тобын атаған. «Қазақ» сөзінің осы мағынасынан шыға отырып, жоғарыда көрсетілген деректерде еркін, үйсіз-кезбелердің көрсетілген аудандарда қоныстануы туралы айтылған деген қортынды жасауға болады.
29. Қазақ хандығының құрылу тарихына байланысты деректерді талдаңыз. Қазақ хандығы туралы бізге жеткен нақты жазба деректердің бірі Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегі. Жалпы бұл еңбек Моғолстан хандығы тарихына арналған. Алайда сол кездегі саяси жағдайға байланысты Қазақ хандығы туралы да көп мәлімет келтірілген. Абулғазы, Қадырғали Жалайыри өз еңбектерінде Қазақ хандығы, оның билеушілері туралы мәліметтер қалдырды. Сонымен қатар Қазақ хандығы кезеңіне байланысты шығыс деректерінің маңызы зор.Қазақ хандығы — шаруашылықтың дамуы, өндіргіш күштердің өсуі, феодалдық қатынастардың қалыптасуы нәтижесінде ерте заманнан бері Орта Азияның ұлан-байтақ өңірін мекендеген көшпенді тайпалардың бірыңғай этникалық топ — қазақ халқының негізінде бірігуі арқылы XY-ғасырдың орта шенінде құрылды. Қазақ хандығының құрылуына 1457-жылдан кейін Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріндегі Шу мен Талас өңіріне қоныс аударуы мұрындық болды. Ол кезде Жетісуді билеген Моғолстан ханы Есенбұға (1434—1462-жылдары билік еткен) қоныс аударған қазақтарды Әбілхайырға қарсы пайдалану үшін қарсы алып, қоныс берді. Осы оқиға жөнінде тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң, Әбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп, олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер - «қазақтар» деп атады. Қазақ сұлтандары 870 жылдары (1465—1466) билей бастады...». Қасым хан феодал ақсүйектердің қарсылығын әлсіретіп, хандықтың әскери қуатын арттырды. Өзіне қарасты қазақ жерін кеңейте түсті. «Тарих-и- Рашиди», «Шайбанинама» және т.б. деректерге қарағанда XYI ғасырдың екінші он жылдығында Қасым хан қазіргі қазақ жерінің далалық аймағын түгел бағындырды. Бұл кезде хандықтың шекарасы оңтүстікте Сыр жағалауы мен Түркістанның маңызды қалаларын, оңтүстік-шығыста Жетісудың көп бөлігін, солтүстік-батыста Жайық өзені жағалауын қамтыды. Қасым ханның Қазақ хандығын күшейту, қазақ тайпаларын және қазақтардың этникалық территориясын біріктіру жолындағы жеңістері елдің іші мен сыртындағы беделін арттырды. Мұхаммед Хайдар Дулати: «Қазақ хандары мен сұлтандары арасында Қасым хандай құдіретті ешкім болған емес» деп жазды.
30. XV ғ. ортасы-XVIII ғ. Қазақ хандығының тарихы туралы жазба деректер мен зерттеулер.
«Тарихи Рашиди" атты еңбекте қазақ хандығының қалыптасуы туралы, мұнан кейінгі Жетісумен Шығыс Дешті — Қыпшақта болған оқиғалар, Моғолстанның құлауы, феодалдық соғыстар, қазақтар, қырғыздар және өзбектердің сыртқы жауға қарсы күресте өзара одақтасуы туралы көптеген мәліметтер бар. Сонымен бірге бұл еңбекте ХV-ХVI ғасырлардағы Оңтүстік жөне Шығыс Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық жағдайы, ортағасырлық Қазақстандағы Жетісудың тарихи жағрапиясы, қалалық және егіншілік мәдениеті туралы құнды мәліметтер бар. 1533 жылы хандыққа қайта отырған Абу-ар-Рашид, өз тайпаларынан қауіп тонеме деген оймен, оларды қуғындай бастады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің немереағасы Сайд Мүхаммед мырза Дулатты өлтірді. Мүхаммед Хайдар Дулати Үндістанға қашып кетті. Онда ол Ұлы Моғолдар сарайында әскерлерді басқарды. Ол сол кездегі саяси оқиғалармен оған қатысқан қайраткерлерді, сондай-ақ Моғолстан мемлекетінің, Қазақ хандығының өткен тарихын жақсы білген. Оның тікелей өзі куә болған жайлары да көп еді. Содан да болар ол орта ғасырдағы қазақтарға, әсіресе дулат тайпасының тарихына қатысты өте құнды материалдар береді. Қазақ хандығының құрылуымен қалыптасуы, одан кейінгі кезеңдері, олардың қырғыздармен, өзбектермен қарым –қатынасы жайында кеңінен сөз болады.
«ТАРИХИ РАШИДИ» – «Рашидтің Тарихы» – 1499 – 1551 жж.өмір сүрген тарихшы, мемлекет қайраткері. Мұхаммед Хайдар Мырза Дулатидің еңбегі. «Тарихи Рашиди» 1541 – 46 жж. аралығында Кашмир өлкесіндежазылған. Еңбекте 14 ғ. ортасынан 16 ғ. 40-шы жылдарына дейінгі Моғолстанның, Шығыс Түркістанның тарихы баяндалады. Сондай-ақ, «Тарихи Рашидиде» 14 – 16 ғ. Қазақстан, Орта Азия, Ауғанстан, Солтүстік Үндістан, Тибет тарихына қатысты құнды көптеген мәліметтер бар. Сондай-ақ, Орта Азияда Темір әулетінің құлап, Шайбанилық әулеттің орнығуы, Сұлтан Сайд ханның Қашқарға баруы мен онда билікке келуі, моғол хандарының көрші аймақтарға жорықтары, моғол хандарының Қазақ хандығымен, Шайбанилар әулетімен қарым-қатынастары және т.б. көптеген мәселелер қарастырылады. «Тарихи Рашиди» еңбегінің орта ғасырлық Қазақстан тарихы үшін маңызы өте жоғары. Алғаш рет бұлеңбекте 15 ғ. Ортасында Қазақ хандығының Шу өзені бойымен Қозы басы тауы аралығында құрылғандығы, 15 ғ. Ортасынан 15 ғ. 30-шы ж. Аяғына дейінгі Қазақ хан дығының қысқаша саяси тарихы баяндалады. Орыс тілінде «Тарихи Рашидидің» деректерін бірінші рет ХІХ ғ. ортасында В.В. Вельяминов-Зернов өз еңбегінде қолданады. «Тарихи Рашидидің» орыс тіліндегі толық ғыл. аудармасы 1996 ж. Ташкентте, 1999 ж. Алматыда жарыққа шықты.
Қайырғали Жалаири (Қадыр Әлі Қосымұлы би, арғы тегі Жалайыр) - ХVI-ғасырдың ортасымен ХVII-ғасырдың басында өмір сүріп (1530-1605 жылдары), қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған. Ресейдің атақты патшасы Борис Годуновтың Ноғай ордасына жіберген Семен Мальцев “Ақназар патша мен Шығай ханзадының және Жалым ханзаданың қазақ ордалары және олармен бірге 20 ханзада Ноғайға келіп , ұрыс болды ”, - деп хабарлады. Бұл жеңістің нәтижесінде Ноғай жерлерінің бір бөлігі Хақназардың билігіне көшіп, қазақ хандығының жерін кеңейтіп, күш қуаты мен беделін арттырды, тарихи деректемелерде қазақ ханы “Хақназарды қазақтар мен ноғайлардың ханы” деп атаған. XVI ғасырдың ортасында ауыр дағдарысқа ұшыраған Ноғай ордасы ішкі феодалдық қайшылықтар мен қырқыстардың және халық бұқарасының феодалдық үстемдікпен қанауға қарсы күрестерінің нәтижесінде бордай тозып, 1569 жылдан соң мемлекет ретінде өмір сүруден қалды. Бұрын Ноғай ордасына қараған қазақ тайпалары және олардың этникалық территориясы Қазақ хандығына бірікті. Бұл Қазақ хандығының қазақ тайпаларының және қазақтардың этникалық территориясын біріктіру жолында Хақназар ханның жасаған жеңісті қадамдарының бірі еді. Ноғай ордасының ыдырауы, оған қарасты қазақ тайпалары мен олардың мекендеген жерлерінің Қазақ хандығына қосылуы хандықтың Батыс – солтүстік жағындағы жағдайда өзгеріс тудырды. Орыс мемлекеті мен Қазақ хандығы арасындағы кең өңірді алып жатқан Ноғай ордасының ыдырауы, оның бір бөлігінің орыс патшасына бағынуы, шығысқа қарай кеңейіп келе жатқан орыс мемлекетінің шекарасын қазақ хандығына жақындата түсті. 1563 жылы Сібір хандығының билігін тартып алған Көшім хан ендігі жерде Қазақ хандығына дұшпандық позиция ұстады. Оның үстіне моғол билеушілері мен Қазақ хандығы арасында
да қақтығыстар болып отырды. Осындай күрделі жағдайлармен есептескен Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті. Сырдария бойындағы Қазақ
хандығының үнемі жауласып келген МауараннахрдағыШайбани әулетімен одақтастық байланыс орнатуға ұмтылды. Орта Азиядағы ең ірі қалаларының бірі Ташкенттібасып алуға бағытталған әскери қимылдарын тоқтатты. Сөйтіп, Шайбани Әулетінен шыққан Бұхара ханы Абдолла екінші мен Қазақ ханы Хақназар қастаспай дос болып,өзаракөмектесу жөнінде «анттастық шарт» жасады, Хақназар ханның бұл дипломатиялық шарасы маңызды болды. Сонымен, Хақназар хан тұсында соғыс қимылдарытоқтап, бейбітшілік орнады, қазақтардың орта Азия халқымен сауда – саттық қарым-қатынасы, экономикалық байланысы одан әрі өрістеді. Мұның өзі Қазақ хандығыныңішкі жағдайын жақсартуға, халқының шаруашылық өмірінің оңалуына тиімді болды. Сонымен қатар Қазақ хандығы нығайып, қайта дәуірлей түсті.
31. Керей мен Жәнібек – Қазақ хандығының негізін қалаушылар.
Қазақ хандығының негізін салушылар Ақ Орда билеушісі Ұрыс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек еді. Қазақстан рулары мен тайпаларының едәуір бөлігі сонау XV ғ. 40-50-жылдарының өзінде Қазақстанның оңтүстігіндегі жерлерде - Қаратау баурайларында, Сырдарияның төменгі ағысында, Түркістанның солтүстік бөлігінде Керей мен Жәнібектің төңірегіне топтасқан еді. Әбілқайыр хан өз билігін нығайту жолындағы күреспен, көптеген Жошы ұрпақтарының және рулар мен тайпалардың бағынбаған басшыларының қарсыласын басумен әлек болып жүргенде, Ақ Орда хандарының мұрагерлері бұл аумақта тұрақты билігін қамтамасыз етіп алды.
Тарихи әдебиетте Ұрұс хан, ал сол арқылы Барақ хан және Жәнібек пен Керей де Орда Еженнің (Жошының үлкен ұлы деп айтылады) ұрпақтары деп саналатын болған, дегенмен бұл туралы деректемелерде нақты мәліметтер жоқ
50-жылдардың аяғында Әбілқайыр қалмақтардан (ойраттардан) жеңілгеннен кейін, ол ойрандалған ұлыстарда қатаң шаралар қолданып тәртіп орнатуға кіріскен кезде, Керей мен Жәнібекке бағынған көшпелі рулар мен тайпалардың жағдайы бұрынғыдан да қысымшылыққа ұшырады, Әбілқайырдың көрші елдердің ішкі істеріне үнемі дерлік араласып отыруы, үздіксіз жүргізген соғыстары мен шапқыпшылықтары мемлекетті құлдырауға жеткізді. Осының бәрі өзбек және қазақ тайпаларының ара жігінің ажырауына және соңғыларының ұлыстың оңтүстік-шығыс аумағына көшіп кетуіне алып келді. Моғолстан ханының Жетісу халқын ойраттардың шапқыншылығынан корғай алмауы сияқты, Әбілқайырдың іс-әрекеттері де бүкіл аймақтың соғыстар мен талас-тартыстар күйзелткен халық бұқарасының бұрынғыдан да зор наразылығын туғызды. Халық өзінің ауыр жағдайы үшін орта ғасырлардағы көшпелі қоғамға тән қарсылық түрі - Шығыс Дешті Қыпшақта да, Жетісуда да билеушілерінің қол астынан көшіп кетумен жауап қайырды. 50-жылдардың аяғында осындай көшіп кетуді Жәнібек пен Керей басқарды. XV ғасырдың 50-жылдарының соңынан бастап, 70-жылдардың басына дейін Шығыс Дешті Қыпшақтан, Сырдария бойындағы алқаптар мен Қаратау бөктерлерінен Батыс Жетісуға екі мыңға дейінгі адам, негізінен қыпшақ рулары мен тайпалары көшіп кеткен. Тұрғын халықтың жаппай көшуін Жәнібек пен Керей бастады. Көшіп кету әсіресе 1468 ж. Әбілқайыр өлген соң, мемлекет ыдыраған кезде тым күшейіп кетеді. Жәнібек пен Керей хандар бастаған қазақтардың қалың бұқарасының Оңтүстік және Орталық Қазақстаннан Жетісуға, Шу, Талас алқабына қарай ойысуы тегін емес. Бұған Ақ Орданың Моғолстанмен, ең бастысы оның Жетісудың солтүстік бөлігінің иелерімен ертеден бергі достық қатынастары; Жәнібек пен Керейге қарасты өлкенің басым бөлігін мекендейтін тұрғындарының этникалық жақындығы; ең соңында, феодалдық-бытыраңқы Моғолстанның, оның билеушісінің Жетісудағы үкімет билігін өз қолында ұстап тұра алмайтын әлсіздігі себеп болды.
Жәнібек хан мен Керей ханның көшіп келуін Моғолстан ханы Есен-Бұға құрметтпен және ықыласпен қарсы алған. Моғолстан ханы көшіп келген Қазақ басшыларының көмегімен өзінің ішкі және сыртқы дұшпандарын әлсіретіп алмақ болған. Ол уақытша болса да інісі Жүніс ханның бақталастық бәсекесін тойтара алды. Есен-Бұға хан қазақтарды ойраттарға тойтарыс беру үшін де нақты әскери күш ретінде пайдалануға тырысқан. Ал өз кезегінде Керей мен Жәнібек хандар Әбілқайыр хандығы мен Моғолстанның толық құлдырау сәтін тиімді пайдаланып, өздерінің саяси дербестігін нығайтты.
Шығыс Дешті Қыпшақта Ақ Орда хандары әулетінің билігін қалпына келтіру жолында Шайбани әулетіне қарсы күресе отырып, олар халық бұқарасының наразылығын пайдалана білді.
Зерттеуші-тарихшылар Қазақ хандығы тарихын есептеу үшін қабылдаған бірнеше уақыттар немесе оқиғалар бар. Хандықтың құрылуы мен Шығыс Дешті Қыпшақта Қазақ хандары билігінің таралу уақытын Мырза Мұхамед Хайдар Дулатидың "Та'рих-и Рашидидегі" мағлұматтарына сүйеніп, В.В. Вильяминов-Зернов әлдеқашан-ақ хижраның 870 жылы, XV ғасырдың 60-жылдарының ортасы деп есептеуді ұсынған.
Осы уақыт хижраның 870 жылы - біздің жыл санауымыздың 1465-1466 жылдар бес томдық "Қазақ ССР-ның көне заманнан бүгінге дейінгі тарихында" Қазақ хандығының құрылған уақыты ретінде алынған. Бұл оқиға Жетісудың батыс беллігіндегі аумағымен байланысты деп көрсетілген. Қазақ тайпалары мен руларының бір бөлігі Шығыс Дешті Қыпшақтан ондаған жылдар бойы тап осында ауысып келген. Моғолстанның жоғарыда аталған ханы Есен-Бұға 1462 ж. өлгеннен кейін Жетісуда Қазақ билеушілеріне қарсы тура алатын нақты күш болған жоқ. Оның інісі Жүніс хан ол кезде Ташкентте жүрген. Осындай жағдайда бұл аумақта жаңа саяси құрылым - Қазақ хандығының дербес шығуы толық жүзеге асатын құбылыс еді. Оның пайда болуы және Қазақ басшыларынын дербес шығуы үшін 1468 жылғы Әбілқайыр өліміне байланысты Дештідегі оқиғалардың барысын күтудің қажеті жоқ болатын. XV ғасырдың 60-жылдарының аяғы мен 70-жылдарының басында және одан кейінгі жылдары Қазақ хандарының билігі Қазақ хандығының құрамына енгізілген басқа жерлері мен оны мекендеген халықтары, Түркістан және Шығыс Дешті Қыпшақтағы ұлан-ғайыр жазық далаларда бірте-бірте кең тарай бастады.
Қазақ билеушілерінің алдында олар мемлекет болып бөлініп шыққан бойдан-ақ жаңадан пайда болған мемлекетті нығайту, мемлекет құрамына қазақтар мекендейтін аумақтарды қосып алу мақсатымен оның шекарасын кеңейту міндеттері, сондай-ақ хандықты көрші мемлекеттердің жер жөніндегі талаптарынан қорғау міндеттері тұрды. XV ғасырдың соңғы үштен бірінде қазақ хандарының Шайбани ұрпақтарымен және Моғолстан билеушілерімен өзара қатынастарын сол міндеттер анықтады.60-жылдардың аяғы мен 70-жылдардың басында Әбілқайыр хан өлгеннен кейін Орталық және Оңтүстік Қазақстаннан қашып келген көшпелілер есебінен Жәнібек пен Керей едәуір күшейді.
32. Қазақстандағы этникалық процестерді жүйелеп, қазақ халқының қалыптасу кезеңдерін көрсетіңіз.
Қазақстандағы этникалық процестерді жүйелеп, қазақ халқының қалыптасу кезеңдерін көрсетіңіз.Қазақ халқының қалыптасуы. Ғылыми әдебиетте этнос (яғни халық-тайпа, жұрт, ұлт) ұғымы жалпыға ортақ сыртқы кескін-кейпі ғана емес, едәуір тұрақтанған ерекше мәдениеті (тілін қоса) мен мінез-құлқы бар, сол сияқты өзінің біріңғай екенін және басқа этникалық топтардан бөлектігін түсінетін сана-сезімі бар, оның бұл қасиеті өз атымен (этноним, мысалы "қазақ") бекітілген, адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты бір тұтастығын білдіреді. Этностың құралуын және оның тұтастығын бұдан былай да сақтап қала беруі үшін ол жайлаған территорияның біріңғай тұтастығы және қажет. Адамдарды өзге этностардан бөліп ерекше етіп керсететін жалпыға ортақ кескін-кейпі пайда болуы үшін олар ұзақ уақыт бойы бір-бірімен ұдайы аралас-құралас тұруға тиіс, ал мұндай жағдай олар тек біріңғай тұрақты бір территория шебінде қоныстанғанда ғана болуы мүмкін, бұл әсіресе этностың құрылуы, бас қосып бірігуі кезеңінде өте-мөте қажет болады.
XV-XVI ғғ. қазақ халқы мен оның этникалық аумығының құрылып, қалыптасуының сан ғасырлық процесі негізінен аяқталады.
Қазақ халқының құрылуына себеп болған этникалық процесстердің бастау көзі мүлде ежелгі уақыттан - алғашқы қауым қоғамының ыдырау дәуірінен барып шығады да өз дамуында оның бірнеше кезеңі айрықша көзге түседі. Антропологиялық мәліметтерге қарасақ этникалық даму барысында ұзақ замандар бойына халықтың еуропатекті түрі тұрақтанып сақталып қалады да , кейінірек жүре келе азды көпті моңғолтекті түрге қарай өзгере бастайды. Тілдік хал-ахуал да өзгермей тұрмайды, ежелгі тайпалардың иран тілі бірте-бірте сатылап, осынау территорияның кейінгі қоныстанушыларының тілі түрік тіліне орын береді. Қола дәуірінде мал өсірумен, егіншілікпен шұғылданған, бет-бейнесі еуропатектес болып келетін андроновтық үнді-иран тайпаларының орнын ерте темір кезеңінде оңтүстік пен шығыс облыстарда - скифтерге туыс, көшпелі малшаруашылықты сақ тайпалары, солтүстік пен батыс облыстарда -савромат тайпалары басады.
Қазақстандағы және күллі Евразия территориясының далалық аймақтарындағы этникалық процесстің шешуші кезені б.з. 1-мың жылдығының орта кезінде Солтүстік Моңғолиядан Амударияға дейін - Жетісуды қосқанда - оңтүстік және оңтүстік-батысқа қарай созылып жатқан орасан зор территорияға біртіндеп түрік тайпалары тарап, мекендей бастады.
VI ғ. көне түрік мемлекеті - Түрік қағанатының, содан кейін Батыс Түрік қағанатының ұйымдасуы түрік тілді тайпалардың батыс жеріне тасқындап келуіне, сөйтіп Қазақстанның жергілікті халқын түріктендіруге, антропологиялық түрдің бірте-бірте моңғолдануына, түрік тайпаларының белгілі бір территорияда тұрақтап қалуына себепші болды, Бірқатар түрік мемлекеттері пайда болған дәуірде Қазақстан жеріндегі этникалық процесстерде бірігу әрекеті күшейе түседі. Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы Түркеш қағанаты VII- VIII ғғ. Шу мен Іле арасындағы аумақты территорияның тайпаларын біріктірді. Жетісу жеріне Батыс-Алтай мен Тарбағатай арасында жатқан облыстан ауып келген қарлық тайпалары федерациясына (ҮІІІ-Х ғғ.) қарлықтың өздерімен бірге, «қарлық» атымен тізе қосқан түріктілді тайпалар енеді.
ІХ-ХІ ғғ. Оғыздар мемлекеті Оңтүстік Қазақстан территориясында Сырдария алқабы мен Арал-Каспий алқабының тайпалары мен этникалық топтарын сол сияқты Жетісудан жылжып барған көшпелі түрік тайпалары мен этникалық топтарының басын біріктірген еді.
Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық аудандарында VIII-XI ғғ. өздерінің ерте феодалдық мемлекетін құған Қимақ саяси бірлестігінің құрамына көшпелі және жартылай көшпелі түрік тайпалары кіреді. Ең ірі тайпаларының бірі - қыпшақтар Қимақ мемлекетінің мұрагері болып қалады.
Қазақстаннын оңтүстік және оңтүстік шығысындағы халықтар мен тайпалардың өзара шауашылық және мәдени әрекеттестігі мен этникалық-саяси жағынан біріге түсуіне Х-ХШ ғғ. Орта Азия мен Шығыс Түркістанда, Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Қазақстанның орасан зор аумағын алып жатқан Қарахандар әулеті мемлекетінің құрамында ұзақ уақыт болуы себебін тигізеді.
Қыпшақ тайпаларының мемлекеттік бірлестігі (ХІ-ХП ғғ.) Ертістен Орал мен Еділге дейін, тіпті одан әрі Батысқа қарай ұшы-қиыры жоқ кең территорияда жайылып жатқан түрік тайпаларының этникалық-саяси және шаруашылық-мәдени байланыстарына қолайлы жағдай туғызады.
XIII ғ. бас кезінде Шығыс және Оңтүстік Шығыс Қазақстанға Моңғолия мен Алтайдан, Шынғысхан қолының тегеурінді тепкісінен түрік тілді (басқа деректер бойынша моңғол тілді) наймандар мен керейттер жер ауып келеді, олардың этникалық қауымдастық деңгейіне жеткен мемлекеттік-саяси бірлестіктері бар еді.
Моңғол жаулаушылығы тұтас алғанда Қазақстан территориясындағы этникалық процесс барысына қатты ықпал жасады. Халықтың дені қырылып-жойылып, құлдыққа алынып, ел-жұрт шебінен алысқа жер аударылып жіберілді. Қазақстандағы түрік тайпаларының қалған бөлігі жаңа саяси құрылымдар арасына - Жошы, Шағатай, Үгедей ұлыстарының арасына бөлшектеніп кетеді, бірақ территорияларды шектеп белгілерде бұрыннан қалыптасқан этникалық шекара есепке алынады. Қазақстан территориясындағы халықтар құрылуының бұрынғы эволюциялық жолы кесіліп тасталады. Халықтың этникалық құрамы, оның этникалық-әлеуметтік ұйымдасу түрлері, өмір тіршілігінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы және басқалары қатты өзгереді. Дегенмен жүре келе моңғолдар қалың түрік арасына сіңіп, түріктеніп кетеді. Олардың тілі мен әдет-ғұрпын қабылдайды. Моңғол империясы құрылып, ұлыстар ұйымдасып біткеннен кейін тайпалар мен халықтардың бұрын осы жерді мекендегендері де, шығыстан келгендері де бар - бәр-бәрінің араласып тіл табысу, бірлесу процестері жеделдей түседі.
Біртіндеп шаруашылық өмірі де қалпына келеді. Қазақстанның түскей бетіндегі қаладар қайта жаңарып, бұрынғы отырықшы мәдениет зоналарындағы егіншілік ошақтары жаңғыра бастайды, тауар айналымы кеңейіп, әртүрлі облыстар халықтарының шаруашылық саласында қарым-қатынас орнығады, бұл әрине тайпалар мен тайпалар бірлестіктерінің, басқа да этникалық-саяси топтардың өзара байланысын, алыс-берісін қамтамасыз етеді. Бұл процестердің бәрі Ақ Орда, Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы мен Моғолстан мемлекеттерінің құрылып нығаюына байланысты болатын. Ақ Орданың, Әбілқайыр хандығы мен Ноғай Ордасы халықтарының этникалық құрамы бірдей еді. Оларда сол уақытттың жазба деректерінде жинақтауыш этно-саяси термин "өзбек" атымен белгілі болған түріктілді тайпалар мекендеді. Бұл тайпалардың көпшілігі қазақтың Орта және Кіші жүздерінің құрамынан белгілі. Оның басқа бөлігі ХҮ-ХҮІ ғасырлар шамасында Орта Азияға өздерімен бірге "өзбек" атын ала кетеді.
Моғолстан құрамына кірген Жетісуды орта ғасырлар деректерінен жинақтауыш этно-саяси термин "моғолдар" атымен белгілі болған тайпалардың негізгі бөлігі қазақтардын басқа бұтағы - Ұлы жүз құрамына кіреді. Моғолдардың енді бір бөлігі Шығыс Түркістанға барып, ұйғырлар қатарын толықтырады, ал үшінші бөлігі - тән-шән өңіріне өтіп, қырғыздарға сіңісіп кетеді. Халықтың, бұрын моңғол ұлыстарында болғаны сияқты, ұзақ уақыт ХІҮ-ХҮ ғғ. жеке мемлекеттер құрамында болғаны жоғарыда айтылған факторлар әсерін күшейте түседі, соның нәтижесінде Қазақстан жерінде үш жүз түрінде бірнеше этникалық бірлестік торабы пайда болады. Қазақ жүздерінің әрқайсысының көшіп-қонатын жолдары мен жерлері, ілгеріде аталған мемлекеттер территориясының негізгі бөлігімен сәйкес келетін жалпыға ортақ этникалық территориясы болады. Ұлы жүз Сырдариядан бастап Жетісу жерін түгел жайлайды. Орта жүз Орталық Қазақстан аудандары мен Солтүстік- Шығыс Қазақстанның бір бөлігін қоныс етеді. Сырдарияның төменгі жағы, Арал теңізінің жағалауы, Каспий ойпатының теріскей бөлігі Кіші жүздің мекені саналатын. ХҮ ғ. екінші жартысы мен XVI ғ. қазақ халқының негізгі этникалық территориясын мемлекет етіп біріктіру (Қазақ хандығын құру және территориясын кеңейту) халықтың да қалыптасу процесінің аяқталуын тездетті.
Қазақ хандығының Әбілқайыр хандығы мен Ақ Ордадан, сол сияқты Моғолстаннан бір айырмасы - оның аналардан гөрі кең, тиянақты этникалық негізгі қалыптасып біткен халқы болды. Моңғол жаулаушылығынан кейін тұңғыш рет Шығыс Дешті-Қыпшақтың Түркістан мен Жетісудың күллі түрік рулары мен тайпалары түгелге жуық бір мемлекетке біріктірілді.
ХҮ ғ. екінші жартысынан бастап, осы бір қалыптасқан халық көршілері арасында да сол заман оқиғаларын көрсететін жазба деректерде де "қазақ" атымен белгілі болды. Деректерде бұл термин әуелгі кезде әлеуметтік мәнінде қолданылып, «өз мемлекетінен, тайпасы мен руынан оқшауланып шығып, шытырман оқиғалар іздеуге мәжбүр болған адам". (В.В.Бартольд) мағынасында қолданылады. "Тарих-и Рашиди" мен өзге деректерде "қазақ" атауы Жәнібек пен Керей бастап Жетісуға көшіп кететін саяси топты білдіру үшін бастапқыда "өзбек-қазақ", сосын "қазақ" түрінде пайдаланылады. ХҮ ғ. "өзбек", "қазақ" терминдерінің этникалық мәні болмайды. Мысалы, Ибн Рузбихан XVI ғ. бас кезінде былай деп жазады: "Шыңғыс хан иеліктерінен шыққан, асыл текті үш тайпаны өзбектерге жатқызады. Қазір (олардың) біреуі - шайбанилер, ал оның мәртебелі ұлы ханы бірқатар ата-бабаларынан кейін солардың билеушісі болып келеді және болып отыр. Екінші тайпа - қазақтар, олар барша әлемге күш қайратымен, ержүрек батылдығымен әйгілі, үшінші тайпа - маңғыттар, олар патшалары астраханнан".
Жәнібек пен Керей хандығы нығайғаннан кейін, олардың қамтуындағы халық түгелдей қазақтар деп атала бастады. Бірте-бірте "қазақ" атауы этникалық мәнге ие болады да, Шығыс Дешті-Қыпшақтың, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның әбден қалыптасқан түріктектес халқының этнонимі ретінде қолданыла бастайды.
ХҮІІ ғ. және ХҮІІІ ғ. басындағы Қазақ хандығының саяси дамуы. Қазақстан аумағында мемлекеттілік дамуының тамырлары тереңде жатыр. Ол көне дәуірде және орта ғасырларда Қазақстан аумағын мекендеген көптеген тайпалар мен халықтардың тарихына байланысты. Қазақ мемлекеттігінің қалыптасуы мен дамуын тарихи әдебиетте Қазақ хандығының дәуірімен байланыстыру қабылданған.
Дамудың маңызды кезеңдерінің бірі моңғолдардан кейінгі кезең ХІV-ХV ғасырлар болды. Сол кезде Шығыс Дешті Қыпшақтың (Қазақстанның далалық бөлігі), Жетісу мен Түркістанның (деректемелерде соңғы орта ғасырлардағы Оңтүстік Қазақстан аумағы осылай аталған) көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы-егінші халқын этникалық және саяси жағынан топтастыру аяқталды. Қазақстан тарихындағы бұл күрделі дәуірдің бастапқы кезеңі моңғол ұлыстарының - Дешті Қыпшақ пен Орта Азиядағы (Мауереннахрдағы) Шыңғыс ұрпақтары иеліктерінің ыдырауымен, соңғы кезеңі нақ Қазақ мемлекетінің, Қазақ хандығының құрылуымен сипатталады.
Қазақ хандығының пайда болуы Шығыс Дешті Қыпшақтың, Жетісу мен Түркістанның кең байтақ, аумағындағы әлеуметтік-экономикалық процесстердің заңды қорытындысы болды. Көшпелі мал шаруашылығы мен отырықшы-егіншілік, қала шаруашылығы қалыптасқан аралас экономикалы өлкелердің табиғи тығыз байланысы негізінде ХІҮ-ХҮ ғасырларда тұтас экономикалық ауданның құрылуы аймақтың бүкіл жерінің бір саяси құрылымға бірігуіне қолайлы жағдай әзірледі. Аймақтың көшпелі және отырықшы халқының экономикалық мәдени, қоғамдық-саяси байланыстарының нығаюы Қазақ рулары мен тайпаларының этникалық жағынан бірігуіне, халықтың ұзаққа созылған қалыптасу процесінің іс жүзіндс аяқталуына себепші болды. Өз кезегінде Ақ Орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы шеңберінде жергілікті этникалық негізде мемлекеттіктің даму тәжірибесі қалыптасып жатқан біртұтас халықтың саяси жағынан бірігу қажет екенін түсінуіне жәрдемдесті. Этникалық қауымдастықты айқындайтын көптеген элементтерді - тіл, материалдық мәдениет, тұрмыс, тарихи зерде, халықтың ғұрпы, ойлау салты элементтерін қайта жаңғыртуда, оны дамыту мен этникалық аумағын қорғауда мемлекеттің жетекші рөл атқаратыны белгілі.
Біртұтас мемлекет қана халықтың этникалық құралу процесіндегі ықпалдардың әсерін жойып, оның этнос ретіндегі мәдени-шаруашылық дамуын қамтамасыз етеді.
Бірқатар зерттеушілер көшпелілердің мемлекеттілігі егінші өңір мен қалаларды жаулап алуы арқылы қалыптасады деген пікір ұстанатынын атап өткен жөн. Бірақ тарихи шындыққа қарағанда арғы ата-бабалары сияқты қазақтар таза көшпелі мал шаруашылығымен айналыспаған, олар отырықшы, жартылай отырықшы болған, егіншілік те, қала мәдениетін де білген.
Шынына келгенде, қазақ мемлекеттігі Ақ Орданың өзінде-ақ қалыптасқан. Халықтың шаруашылық үлгісінің, ортақтығы, бірдей материалдық мәдениеті мен тұрмысы, Қазақстан аумағында түрік тілдес тайпалардың тіл жөнінен жақындығы орын алған. Ақ Орда мен Әбілқайыр хандығында да, Қазақ хандығында да халықтың ортақ қоныстану аумағы болды.
XV ғасырда Ақ Орда әлсіреп, феодалдық талас-тартыстар жағдайында және Барақ ханның қаза табуына байланысты Қазақстан даласының көп бөлігінде биліктің Шайбани ұрпағы Әбілқайырдың қолына көшуі - нақ сол Жошы ұрпақтары әулеттерінің алмасуы ғана болып табылады. Ал халық өзгермей, нақ сол аумақ шеңберінде қалды, оны шаруашылықтың материалдық мәдениет пен тұрмыстың ортақ түрлері біріктірді. Әбілқайыр хандығы ыдырағаннан кейін нақ сол қалыптасқан халықта, нақ сол этникалық аумақта, нақ сол шаруашылық-экономикалық жағдайларда билеуші әулет қана алмасып, Жошы ұрпақтарының бұрынғы тармағының (Ақ Орда хандарының ұрпақтары) билігі қалпына келтірілді. Билеуші әулеттердің алмасуы, саясат саласындағы езгерістер қоғамның экономикалық негізде әсер еткен жоқ.
Қазақ халқының негізін қалаған Ақ Орда хандарының ұрпақтары Жәнібек пен Керей "қазақтарының" Әбілқайыр "өзбектерінен" этникалық құрамы жөнінен де, әлеуметтік-мәдени дамуы, кәсібінің тегі, материалдық тұрмысы, шаруашылығы жөнінен де еш айырмашылығы болмады. Қазақ хандығы Ақ Орда, Әбілқайыр хандығы мемлекеттігінің тікелей жалғасы болды.
Ақ Орда мемлекеттін, Әбілқайыр хандығын, Моғолстанның солтүстік бөлігін (Жетісуды) және Ноғай Ордасын қазақ халқының ірі-ірі этникалық топтары мекендеді. Осы мемлекеттерде мемлекеттік даму, шаруашылық, мәдениет саласында моңғолдар жаулап алуының теріс зардаптарын біртіндеп жоюмен бірге XIV-XV ғасырларда қазақ халқынын одан әрі бірігу, топтасу процесі жүріп жатты. Моңғолдар жаулап алуының зардаптарын жоюдың бүкіл кезеңі бойында, Қазақстан аумағында Ақ Орда, Әбілқайыр хандығы, Моғолстан, Ноғай Ордасы өмір сүрген кезең бойында нақ қазақ мемлекеттігін нығайту міндеті алда тұрды. Этникалық жағынан жақын топтардың саяси бытыраңқылығын жою, саяси және шаруашылық байланыстардың үзілуіне әкеп соққан үздіксіз соғыстары мен талас-тартыстарды жою, сол үшін сол кезде-ақ іс жүзінде халық болып қалыптасқан қазақ тайпалары мен руларын мемлекет етіп біріктіру міндеті барынша қажет болды. Оны нақты шешуге біртұтас мемлекет құру жәрдемдесе алатын еді. Ол кейінгі ғасырларда қазақ халқынын топтасуын, оның этникалық аумағының тұтастығын халықтың сан ғасырлық мәдениетінің дамуын қамтамасыз еткен Қазақ хандығы болуға тиіс еді.
33.Қазақ хандығының өркендеуіндегі Қасым ханның қызметі.
Қасым хан басқарқан жылдары (1511-1518) қазақ халқының саны 1 миллионға жетіп, қуатты мемлекетке айналды.
Қазақ халқы дербес халық ретінде Батыс Еуропаға әйгілі болды. Қасым хан Мәскеу князі III Василиймен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.
Әмір Темірдің ұрпағы, Үндістандағы Ұлы Моғол империясының негізін салған ұлы жазушы Бабыр өзінің атақты "Бабырнама" кітабында: "Қазақ халқының бұрынғы-соңғы хан-сұлтандарының ішінде Қасым хандай құдіретті әмірші болған емес. Оның үш жүз мың әскері бар еді" деп жазған. Сонымен бірге тарихшы Мұхамед Хайдар Дұғлат "Тарихи Рашиди" деген еңбегінде: "Шыңғыстың ұлы Жошы ханнан соңғы жерде бұл жұртта Қасымнан асқан кұдіретті хан болған жоқ" деп жазды.
Қасым хан алғашқы қазақ заңы "Қасқа жолды" жарыққа шығарды. Бұл заң қазақтар арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері негізінде жасалды.
Бұл заңның сол кездегі мұсылман елдердегі жаппай қолданылып, жүрген ислам дінінің заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді етіп жасалды. Халық арасында бұл заң "Қасым ханның қасқа жолы" деп аталды.
Қасым ханның тұсында Қазақ хандығының территориясы қазіргі территориямыздың негізгі аймақтарын біріктірді.
Хандықтың шекарасы батыста Жайыққа, Оңтүстік-батыста Сырдың оң жағалауы, Аралдан Маңғыстауға дейінгі жерлерді алып жатты, солтүстікте Ұлытауға дейігі жерлер, оңтүстік-шығыста Жетісудың көп бөлігі қарады.
Қасым ханнан кейінгі Қазақ хандығын басқарған Мамаш (1518-1523), Тахир (1523-1533), Буйдаш (1533-151557), Тоғым (1533/34-1537/38) хандардың кезінде өзара ішкі таластың салдарынан біршама әлсіреп, өзбектермен және моғолдармен күресте, Қасым ханның кезінде ие болған жерлердің біразынан айырылып қалды.
Қазақ хандығы Қасым ханның баласы Хақназар ханның басқарған жылдары бұрынғы күш-қуатына ие болды
34. XVII ғасырдағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы. XVII ғасырдың басында қазақ билеушілері мен Аштарханилер арасындағы өзара қатынастар тұрақсыз болды, олардың арасындағы қақтығыстар уақытша одақпен алмасып отырды. Мысалы, Аштарханилер әулетінің өкілі, Бұхар ханы Иманқұл Ташкентті тартып алуға тырысты, сол мақсатпен 1611 және 1613 жылдардың басында жорық жасады. Алғашқы жорығында Иманқұл хан Самарқандқа дейін жетіп, Ташкент пен оның аймағына өзінің құқығын мойындатты. Екінші жорығы да Ташкентке бағытталып, қазақтарды ойсырата жеңіп шығады. Осы жеңістен кейін ол өзінің ұлы Ескендір сұлтанды Ташкенттің билеушісі етіп тағайындайды. Ескендір сұлтанды ташкенттіктер өлтіргеннен кейінгі Иманқұл ханның кек алу жорығы қазақтар үшін ауыр болды. Өзінің Ташкентті алуға ұмтылуында ол қазақтың екі ханының өзара жауластығын пайдаланды. Сөйтсе де кейінгі жылдары қазақтардан жеңіліп, Иманқұл қазақ хандығымен бейбіт келісім жасады.Есім хан 1628 жылы қайтыс болып, Түркістан қаласындағы Ахмед Иассауи кесенесінде жерленген. Есім ханның мұрагері Жәңгірдің өмірі ат үстінде Қазақ хандығы жауларымен күресте өтті. Халық оны ел үшін еңіреп туған ерлігіне бола «Салқам Жәңгір» деп атаған. Жәңгір хан (1628-1652 жж.) билік құрған жылдары да Сыр бойындағы қалалар үшін Аштарханидтермен және Жетісудағы жайылымдар үшін қалмақтармен қақтығыстар тиылмады. Қазақ хандығына қалмақтар жақтан төнген қауіп зор болды. «Қалмақ» сөзі батыс монғолдардың түрікше аты. Олар өздерін ойраттар деп атаған. Қалмақтар бұл жылдары шығысында Хангай таулары, батысында Моғолстан, оңтүстігінде Гоби шөлі, солтүстігінде Ертіс пен Енисейдің жоғарғы ағыстары арасында көшіп-қонып жүрді. 1635 жылы бұл территориядағы тайпалардың басын біріктіріп, Батур қонтайшы Жоңғар мемлекетінің негізін қалады. Осыған байланысты жоңғарлар күшейіп, қазақ жерлеріне жиі-жиі шапқыншылықтар жасай бастайды. Жәңгір хан тұсында қазақтар мен жоңғарлар арасында үш ірі шайқас орын алады. Алғашқы 1635 жылғы шайқаста Жәңгір қалмақтарға тұтқынға түсіп қалып, бірақ көп ұзамай қашып шығады. Тұтқыннан босағаннан кейін, Жәңгір хан қалмақтарға қарсы күрес басшылығын өз қолына алады. 1643 жылы жоңғар қонтайшысы Батур қазақ жеріне 50 мың әскермен басып кіреді. 1644 жылы Жоңғарияға барған орыс елшісі Г.Ильин жоңғарлардың 50 мың қолына Жәңгір хан бастаған 600 жауынгердің қарсы тұрғанын айтқан. Мүмкін, бұл 600 адам ататын қарумен жабдықталған Жәңгір хан әскерінің алдыңғы шебі болуы мүмкін. Жәңгір өз тобының бір бөлегіне жоңғарлар тар асудан асып келгенше екі таудың арасындағы тар жырада ор қазып, бекініс жасауға бұйырады. Ал өзі екінші бөлегімен таудың екінші бетіне жасырынады. Жоңғарлар ор қазып, бекініп жатқан қазақ жасақтарына қарсы шабуыл жасайды. Осы кезде Жәңгір өз тобымен жаудың ту сыртынан лап береді. Қазақтар осы жерде бірінші рет оқ ататын қару пайдаланады. Шайқас барысында Батур қонтайшы 10 мың әскерінен айырылады. Шайқастың шешуші кезеңінде Жәңгір ханға Самарқан билеушісі Жалаңтөс батыр бастаған 20 мың әскер көмекке келеді. Батур қонтайшы кейін шегінуге мәжбүр болады. Сөйтіп, 1643 жылы жер жағдайын және соғыс тәсілін шебер пайдаланған Жәңгір хан Самарқан билеушісі Жалаңтөс батырдың әскери көмегі арқасында зор жеңіске жетті. Бұл тарихта Орбұлақ шайқасы деген атпен белгілі. Бұл жеңістің Қазақ хандығы үшін зор маңызы болды. Бірақ жоңғар билеушілері қазақ жерлеріне басып кіру үшін жаңа жорықтарға дайындала бастады. Батур қонтайшы бытыраған әскерлерін қайта құрап, Сібірдегі орыс қамалдарынан қару-жарақ сатып алды. Өзіне тәуелді қырғыздардан ат-көлік жинастырды. Осындай әскери дайындықтан кейін Батур қонтайшы 1652 жылы қазақтарға қарсы аттанды. Бұл соғыста қазақ жасақтары жеңілді. Жәңгір хан осы 1652 жылғы шайқаста жоңғарлардың қолынан қаза тапты. Жәңгір хан да Түркістан қаласындағы Қожа Ахмед Иассауи кесенесінде жерленген.Жәңгір ханнан кейін Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы нашарлады. Феодал шонжарлардың арасында алауыздықтар мен бақталастықтар өршіді. Қазақ сұлтандары ұлыстарды жеке-дара билеп, дербестенуге бой ұрды. Қазақ жүздерінің арасындағы байланыс нашарлап, олар бір-бірінен оқшаулана бастады.
35. ХҮІІ-ХҮІІІ ғ. басындағы Қазақ хандығы. Тәуке хан – мемлекет қайраткері, реформатор, дипломат
XVII ғасырдағы қазақ хандығының тарихында Тәуке хан (1680-1718) да айрықша орын алады. Тәуке хан тұсында Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласы болды.
Тәуке хан Қасым хан мен Есім ханның тұсында жасалған қазақтың әдет-ғұрып, заң жораларын бірізге түсіріп, "Жеті Жарғы" зандар жинағын жасады.
Үш жүздің басын біріктіріп, олардың көшіп-қону конысын белгіледі. Әр руға таңба үлестіріп, ұранын айқындады. Жыл сайын қазақ ру басыларын жинап Күлтебеде кеңес өткізді.
Тәуке хан тұсында хан кеңесі, билер кеңесі сияқты органдар жұмыс істеді.
Қазақ хандығына "Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы", Тәуке ханның "Жеті Жарғысы" деп аталатын зандар болды.
Қасым ханның кезіндегі заңдар жинағы бес бөлімнен тұрды:
1. мүлік заңы (мал, мүлік, жер дауын шешу ережелері);
2. қылмыс заңы (кісі өлтіру, ел шабу, мал тонау, ұрлық)
3. әскери заң (қосын кұру, аламан міндеті, тұлпар ат, қару жарақ);
4. елшілік жоралары (шешендік, халықаралық қатынастарда
сыпайылық, әдептілік)
5. жұртшылық заңы (ас, той, мереке үстіндегі ережелер)
Қасым ханның қасқа жолы бір ғасырдай қолданған соң, тиісті толықтырулар енгізіліп, Есім ханның тұсында "Есім ханның ескі жолы" деп аталған.
Тәуке хан тұсында "қасқа жолдың" бұрынғы бес тарауына тағы да екі тарау қосылып, "Жеті Жарғы" деп аталды. Бұл жаңадан қосылған екі тарау: жер дауы туралы заң мен құн дауы туралы заң еді.
1718 жылы Тәуке хан дүние салды да, Қазақ елі үшке бөлініп кетті. Бір-бірімен алты бақан алауыз хандар бір қазақтың баласын үшке бөліп, береке-бірлігін бұзды. Осындай қырқыс кезеңді Жоңғар ханы Сыбан Раптан қапы жіберген жоқ. Көрші мемлекеттерден қару-жарақ сатып алып 80 мың адамдық әскерімен Жетісу жеріне басып кірді.
36. ХҮІІ-ХҮІІІ ғ. 1-ші ширегіндегі қазақ-жоңғар қатынастарын талдап көрсетіңіз
Есім ханның кезінде қазақ жеріне ойрат тайпалары да бірнеше рет шапқыншылық жасады. Бұл шапқыншылықтарға қазақтар тойтарыс беріп отырды. Есім ханнан кейін қазақ хандығының тағына оның баласы Жәңгір отырды.
1635 жылы Батыр Қонтайшы бытырап жүрген ойрат тайпаларын біріктіріп, Моңғолияның батыс аймағында Жоңғар мемлекетін құрды. Бұрынғы бытырап жүрген ойрат тайпалары біріккеннен кейін Қазақ хандығына үлкен қауіп туғызды. Осы кезден бастап жоңғарлардың Қазақ жеріне ірі шапқыншылықтары басталды.
Жәңгір хан басқарған жылдары қазақтар мен жоңғарлардың арасында үш ірі соғыс болған. Біріншісі 1635 ж., екіншісі 1643 ж., үшіншісі 1652 жылы. 1643 жылғы ұрыста қазақтар екі таудын арасына ор қазып, жоңғарларға қарсы соғысты. Осы соғыста Жәңгір хан 6 мыңдай әскерімен 50 мың жоңғарларға тойтарыс берді. Осы ұрыста Жоңғар ханға Самарқан билеушісі Жалаңтөс Бахадүр 20 мың әскерімен көмекке келген.
Жәңгір хан 1652 жылы кезекті қазақ-жоңғар соғысында қаза табады.
1718 жылы Тәуке хан дүние салды да, Қазақ елі үшке бөлініп кетті. Бір-бірімен алты бақан алауыз хандар бір қазақтың баласын үшке бөліп, береке-бірлігін бұзды. Осындай қырқыс кезеңді Жоңғар ханы Сыбан Раптан қапы жіберген жоқ. Көрші мемлекеттерден қару-жарақ сатып алып 80 мың адамдық әскерімен Жетісу жеріне басып кірді. Болат, Сәмеке, Әбілқайыр хандардың қырсығынан береке-бірліктен, күш қуаттан айырылып қалған қазақтарды қатыгез жау қырғынға ұшыратты.
1724-1725 жылдары жоңғарлар Ташкент пен Түркістанды басып алып тонады.
Осыған байланысты Ұлы жүзбен Орта жүздің көп бөлігі Самарқан мен Бұқараға барып бас сауғалаған. Кіші жүз Хиуаға қарай көшті.
Ата-баба қонысынан, туған-туысқанынан, барлық байлық мал-жанынан айрылған бұл 1723 жылғы қасіретті қазақ халқы "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" деп атады. Кіші жүзде оны "Сауран айналған" дейді.
Осы қазақ халқының басына төнген құдіретті жылдары 1 жарым миллиондай адам қырғынға ұшырады.
Хандардың басы бірікпей алауыз болып жатқанда елін жаудан қорғау үшін Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Райымбек, Тайлақ, Саурық сияқты батырлар атқа қонды.
Қазақтың ер жүрек жігіттері әр жерден жауға тұтқиылдан тиіп, кек қайтара бастады.
Қазақ халқы жауға қарсы азаттық соғысына, Отан соғысына көтерілді.
Үш жүздің билері, батырлары Шымкенттен 30 шақырым жердей Бадам станциясынан 5 шақырым жердегі Ордабасы аталып кеткен төбе басында күш біріктіріп, күреске шығуға тоқтамға келді.
Бас қолбасшылыққа Кіші жүздің ханы Әбілқайыр сайланды, Үш жүздің біріккен күші 1728 жылы Бұланты өзенінің бойында Шұбартеңіз көлінің маңында жоңғарлар қолына соққы беріп, жеңіске жетті. Бұл жеңіс халықты рухтандырып, жауға қарсы жаңа күреске шығуға, туған жерді жоңғарлардан біржолата азат етуге бел байлатты. 1730 жылы көктемінде Балқаш көлінің төңірегінде Аңырақай деген жерде Үш жүздің қазақ әскері басқыншы жоңғарлар қолын тас-талқанын шығарып жеңді.
Бірақ бұл жеңіс ұзаққа бармады. Аңырақай жеңісінен кейін-ақ өлген Болат ханның орнына бас хандыққа талас басталды. Үміткерлер үшеу еді. Біріншісі барлық қазақ әскеріне қолбасшылық жасаған және тамаша жеңістерге жеткен Кіші жүздің ханы Әбілқайыр, екіншісі - Болаттың інісі Сәмеке, үшіншісі- Болаттың жас ұлы Әбілмәмбет.
Хан сайлаушылардың көпшілігі осы Әбілмәмбетке дауыс берген. Осыған ызаланған Әбілқайыр Орынборға қарай көшті. Енді ол бүкіл үш жүзге хан болу арманын Ресейге арқа сүйеу арқылы іске асырмақ болды.
XVIII ғасырдың басында Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайы шиеленісті. Тәуке хан өзара тартыстарды уақытша тыйып, тыныштықты қалпына келтірген еді. Алайда сұлтандардың өз алдына оқшауланып, билік үшін күресуі көп ұзамай бірлікті бұзды. Қазақ қоғамының өз ішінде дағдарысты құбылыстар етек алды: көшпелі ұжымдар арасында ынтымақ болмады, алауыздық етек алып, рулық тартыс, билік үшін ішкі саяси күрес күшейді. Ал бұл жағдайды көршілер дереу пайдаланды. Жан-жақтан: солтүстік пен батыстан – Ресей мемлекетінің, шығыстан – жоңғарлардың, оңтүстіктен – Орта Азия хандықтарының саяси қысым жасауы айқын аңғарылды. Қазақ халқы үшін ең басты қауіп – Жоңғар хандығы тарапынан төнді. XVIII ғасырдың басында жоңғарлардың негізгі тайпалары: торғауыттар мен дербеттер Тарбағатай, Монғол Алтайы, Ертістің жоғарғы ағысын, хойттар Қара Ертіс салалары мен Қобда өзенінің алқабында, ал Іле өзенінің орта және жоғарғы салалары бойында чоростар, Жоңғар Алатауының беткейлерінде хошоуттар мекендеді. Жоңғар экономикасының негізі мал шаруашылығы болды. Мал басының өсуімен, жер көлемін кеңейту мақсатында жоңғарлар Қазақ хандығы территориясына шапқыншылықты жиілетті. Сонымен бірге жоңғарлар Қазақстанның оңтүстігіндегі сауда-қолөнер орталықтары шоғырланған қалаларды басып алуды көздеді. 1718 жылдың көктемінде Аягөз өзенінің бойында қазақ жасақтары мен жоңғар әскерлерінің арасында болған үш күндік қантөгіс ұрыста қазақтар жеңіліп қалды. Оған себеп: Әбілқайыр және Қайып сұлтандар өздерінің соғыс қимылдарын келісіп жүргізбеді. Осы жылы жоңғар әскерлері Түркістан маңында Бөген, Шаян және Арыс өзендерінің бойында қазақтарды тағы да қырғынға ұшыратқан.
1718 жылы Тәуке хан дүние салды да, Қазақ елі үшке бөлініп кетті. Бір-бірімен алты бақан алауыз хандар бір қазақтың баласын үшке бөліп, береке-бірлігін бұзды. Осындай қырқыс кезеңді Жоңғар ханы Сыбан Раптан қапы жіберген жоқ. Көрші мемлекеттерден қару-жарақ сатып алып 80 мың адамдық әскерімен Жетісу жеріне басып кірді. Болат, Сәмеке, Әбілқайыр хандардың қырсығынан береке-бірліктен, күш қуаттан айырылып қалған қазақтарды қатыгез жау қырғынға ұшыратты. 1724-1725 жылдары жоңғарлар Ташкент пен Түркістанды басып алып тонады. Осыған байланысты Ұлы жүзбен Орта жүздің көп бөлігі Самарқан мен Бұқараға барып бас сауғалаған. Кіші жүз Хиуаға қарай көшті. Ата-баба қонысынан, туған-туысқанынан, барлық байлық мал-жанынан айрылған бұл 1723 жылғы қасіретті қазақ халқы "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" деп атады. Кіші жүзде оны "Сауран айналған" дейді, яғни Сауранды айналып қашу қасіреті болды. Үлкен ордада «Алқакөл сұлама» дейді. Осы қазақ халқының басына төнген құдіретті жылдары 1 жарым миллиондай адам қырғынға ұшырады. Хандардың басы бірікпей алауыз болып жатқанда елін жаудан қорғау үшін Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Райымбек, Тайлақ, Саурық сияқты батырлар атқа қонды. Қазақтың ер жүрек жігіттері әр жерден жауға тұтқиылдан тиіп, кек қайтара бастады. Қазақ халқы жауға қарсы азаттық соғысына, Отан соғысына көтерілді. Үш жүздің билері, батырлары Шымкенттен 30 шақырым жердей Бадам станциясынан 5 шақырым жердегі Ордабасы аталып кеткен төбе басында күш біріктіріп, күреске шығуға тоқтамға келді. Бас қолбасшылыққа Кіші жүздің ханы Әбілқайыр сайланды, Үш жүздің біріккен күші 1728 жылы Бұланты өзенінің бойында Шұбартеңіз көлінің маңында жоңғарлар қолына соққы беріп, жеңіске жетті. Бұл жеңіс халықты рухтандырып, жауға қарсы жаңа күреске шығуға, туған жерді жоңғарлардан біржолата азат етуге бел байлатты. 1730 жылы көктемінде Балқаш көлінің төңірегінде Аңырақай деген жерде Үш жүздің қазақ әскері басқыншы жоңғарлар қолын тас-талқанын шығарып жеңді.Қазақтар Аңырақай шайқасын үш жүздңн басын қосу арқылы жеңіске жетті, бұл айтулы оқиға 1729ж немесе 1730ж көктемде болған. Бірақ бұл жеңіс ұзаққа бармады. Аңырақай жеңісінен кейін-ақ өлген Болат ханның орнына бас хандыққа талас басталды. Үміткерлер үшеу еді. Біріншісі барлық қазақ әскеріне қолбасшылық жасаған және тамаша жеңістерге жеткен Кіші жүздің ханы Әбілқайыр, екіншісі - Болаттың інісі Сәмеке, үшіншісі- Болаттың жас ұлы Әбілмәмбет.Хан сайлаушылардың көпшілігі осы Әбілмәмбетке дауыс берген. Осыған ызаланған Әбілқайыр Орынборға қарай көшті. Енді ол бүкіл үш жүзге хан болу арманын Ресейге арқа сүйеу арқылы іске асырмақ болды. Бұл жылдар қазақ тарихында «бан шұбырынды» деген атаумен енді, бұл қазақ қоғамының өмірі мен санасында ұзақ жылдар бойы өзінің терең ізін қалдырды. Халық аңыздарына сүйенсек, «бан шұбырынды» мен «Алқакөл сөламадан» кейін «қайын сауған», яғни тек қайынның шырынымен қоректеніп күн көрген қасіретті заман болған.
37.«Ақтабан шұбырынды–Алакөл сұлама» кезеңі және қазақ халқының жоңғарларға қарсы «Орбұлақ», «Аңырақай» шайқастарының тарихи маңызын дәлелдеңіз
Есім ханның кезінде қазақ жеріне ойрат тайпалары да бірнеше рет шапқыншылық жасады. Бұл шапқыншылықтарға қазақтар тойтарыс беріп отырды. Есім ханнан кейін қазақ хандығының тағына оның баласы Жәңгір отырды.
1635 жылы Батыр Қонтайшы бытырап жүрген ойрат тайпаларын біріктіріп, Моңғолияның батыс аймағында Жоңғар мемлекетін құрды. Бұрынғы бытырап жүрген ойрат тайпалары біріккеннен кейін Қазақ хандығына үлкен қауіп туғызды. Осы кезден бастап жоңғарлардың Қазақ жеріне ірі шапқыншылықтары басталды.
Жәңгір хан басқарған жылдары қазақтар мен жоңғарлардың арасында үш ірі соғыс болған. Біріншісі 1635 ж., екіншісі 1643 ж., үшіншісі 1652 жылы. 1643 жылғы ұрыста қазақтар екі таудын арасына ор қазып, жоңғарларға қарсы соғысты. Осы соғыста Жәңгір хан 6 мыңдай әскерімен 50 мың жоңғарларға тойтарыс берді. Осы ұрыста Жоңғар ханға Самарқан билеушісі Жалаңтөс Бахадүр 20 мың әскерімен көмекке келген.
Жәңгір хан 1652 жылы кезекті қазақ-жоңғар соғысында қаза табады.
.Ата-баба қонысынан, туған-туысқанынан, барлық байлық мал-жанынан айрылған бұл 1723 жылғы қасіретті қазақ халқы "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" деп атады. Кіші жүзде оны "Сауран айналған" дейді.
Осы қазақ халқының басына төнген құдіретті жылдары 1 жарым миллиондай адам қырғынға ұшырады.
Хандардың басы бірікпей алауыз болып жатқанда елін жаудан қорғау үшін Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Райымбек, Тайлақ, Саурық сияқты батырлар атқа қонды.
Қазақтың ер жүрек жігіттері әр жерден жауға тұтқиылдан тиіп, кек қайтара бастады.
Қазақ халқы жауға қарсы азаттық соғысына, Отан соғысына көтерілді.
Үш жүздің билері, батырлары Шымкенттен 30 шақырым жердей Бадам станциясынан 5 шақырым жердегі Ордабасы аталып кеткен төбе басында күш біріктіріп, күреске шығуға тоқтамға келді.
Бас қолбасшылыққа Кіші жүздің ханы Әбілқайыр сайланды, Үш жүздің біріккен күші 1728 жылы Бұланты өзенінің бойында Шұбартеңіз көлінің маңында жоңғарлар қолына соққы беріп, жеңіске жетті. Бұл жеңіс халықты рухтандырып, жауға қарсы жаңа күреске шығуға, туған жерді жоңғарлардан біржолата азат етуге бел байлатты. 1730 жылы көктемінде Балқаш көлінің төңірегінде Аңырақай деген жерде Үш жүздің қазақ әскері басқыншы жоңғарлар қолын тас-талқанын шығарып жеңді.
Бірақ бұл жеңіс ұзаққа бармады. Аңырақай жеңісінен кейін-ақ өлген Болат ханның орнына бас хандыққа талас басталды. Үміткерлер үшеу еді. Біріншісі барлық қазақ әскеріне қолбасшылық жасаған және тамаша жеңістерге жеткен Кіші жүздің ханы Әбілқайыр, екіншісі - Болаттың інісі Сәмеке, үшіншісі- Болаттың жас ұлы Әбілмәмбет.
Хан сайлаушылардың көпшілігі осы Әбілмәмбетке дауыс берген. Осыған ызаланған Әбілқайыр Орынборға қарай көшті. Енді ол бүкіл үш жүзге хан болу арманын Ресейге арқа сүйеу арқылы іске асырмақ болды.
38.Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктері.
Хандар кезеңінде қазақ қоғамы бір-біріне қарама-қарсы негізгі әлеуметтік топтан – ақсүйектер мен қарсүйектерден тұрды, олардың экономикалық жағынан ғана емес, саяси және құқтық белгілері жағынан да айырмашылығы болды.
Шыңғысханның әке жағынан тарайтын, хан болмаған ұрпақтарын білдіру үшін сұлтан терминімен қатар «төре» немесе «оғлан» термині қолданылған. Алайда «төре» деген сөз сұлтандарды ғана емес, неғұрлым көп адамдарды – жалпы алғанда көрнекті және атақты адамдарды да, қазы, билерді де білдіру үшін қолданған.
Ұлыстарды басқару сұлтандарға ұлыс адамдарына әскери-саяси билік етуге де, іс жүзінде жайылымдарды, су көздерін және т.б. билеп-төстеуге де құқық беретін еді. Әрбір ұлыс сұлтаны ұлыс аумағының мұраға алатын құқығы бар жеке иеленуші емес, ең алдымен ұлысты басқару және ұлыс әскеріне қолбасшылық ететін құқығы бар билеушісі болды. «Сұлтанды немесе қожаны өлтірген адам, - делінген «Жеті Жарғы» қаулыларында, - өлтірілген адамның туыстарына жеті адамның құнын төлейді. Сұлтанға немесе қожаға тіл тигізіп ренжіткен 9 мал, ал қол тигізген 27 мал төлеумен жазаланады». Қоғамның басқа мүшелері алдындағы тағы бір артықшылығы – оларға дүре соғуға болмады және билер соттамады. Шыңғысханның ұрпақтарын сұлтан немесе ханның өзі соттайтын болды. Әңгімелескен кезде қарапайым адамдардың оларды атымен атауына болмайтын еді, есімінің орнына тақсыр (мырза) деген қолдануға тиіс болды. Сұлтанмен кездескен кезде кез-келген қарапайым адам атынан түсіп, онымен бір тізесін бүгіп тұрып сәлемдесуге тиіс болған. Сәлеміне жауап ретінде сұлтан оның иығына қолын салған. Сұлтанның үйі ақ киізбен жабылған. Ақсүйектердің барлық өкілдері тек қана ақ киіздің үстінде отырған. Сұлтандар (әскери міндеткерліктен басқа) ешқандайда міндеткерліктер атқармады. Қазақ ұлысы барлық сұлтандардың «Асқар» деп аталатын бір ғана ерекше ұраны болды, оны қарапайым халық – қарасүйектер қолдануына болмады.
Шонжар ақсүйектер тобына қарама-қарсы хандықтың өзге халқы қарасүйек деп аталады. Қарасүйек адамдардың әр-түрлі категорияларын атау үшін бірнеше термин: қараша, қаракісі, құлқұтан, шаруа, бұқара терминдері қолданылды.
Әлеуметтік қарасүйектер тобында рулар мен тайпалардың басшылары – билердің ғана ерекше құқықтары болды. Би деген сөз бұрынғы бек сөзінің кейіннен өзгерген түрі болып табылады және деректемелерде ХҮ ғасырдан ерте кездеспейді, ал түріктердің «бек» деген сөзі моңғолдардың «ноян» және арабтардың «әмір» деген сөздеріне сәйкес келеді.
Көшпелі қазақтар қоғамында жеке басы еркін адамдардан басқа, бас бостандығы жоқ еркектер (құлдар) мен бас бостандығы жоқ әйелдер (күңдер) болған.
ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы қазақ қоғамы игі жақсыларының тобына батырларды да жатқызуға болады. Түрік-моңғолдың «батыр», «баһадүр» сөзі бастапқыда шайқас алдында жауын жекпе-жекке шақыратын батыл, ержүрек адамды білдірген. Шыңғысхан кезінен бастап батыр – «феодалданған әскери-көшпелі шонжарлардың» өкілдеріне берілетін феодалдық иерархия атақтарының бірі, сондай-ақ шайқаста жеке басының көрсеткен ерлігі немесе соғыс қимылдарына шебер басшылық еткені үшін хан немесе сұлтандар аталатын құрметті атақ. Бұл сөз атақ ретінде адамның атына қосылып айтылған.
«Ақсақал» - түрік сөзі. Деректемелердің мәліметтеріне қарағанда, саяси өмірде айтарлықтай рөл атқарған.
39. XV-XVIII ғғ. қазақтардың шаруашылығы және оның түрлері.
Қазақтардың негізгі кәсібі мал шаруашылығы болды. Қазақтар негізінен қой, жылқы және түйе өсірген; қазақтардың шаруашылығында мүйізді ірі қара болмашы орын алған, өйткені ол жыл бойы бағуға, әсіресе қыс кезінде қар астынан тебіндеп жайылуға нашар бейімделген.
Деректемлердің кейбір хабарларынан қазақтардың егіншілікпен шұғылданғаны байқалады. Бірақ Қазақ хандығы аумағының түрлі аудандарында егіншіліктің дамуы мейлінше әркелкі болды, аудандардың басым көпшілігінде егін шаруашылығы төменгі дәрежеде болды, немесе болмады. Алайда, кейбір аудандарда егіншілік зор маңызға ие болды, бұл ең алдымен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға қатысты еді.
Қазақтардың шаруашылығында әр түрлі қолөнер мен үй кәсіпшіліктері елеулі орын алды, олардың көпшілігі мал шаруашылығы өнімдерін өңдеумен байланысты еді. Қазақтар ежелден тері өңдеп, киіз басуды, оларды түрлі түске бояуды білген, олар теріге, металға және тағы басқа материалдарға батыру арқылы өрнектеуді, құрап жамау және кестелеп тігу тәсілін шебер меңгерген.
40. XV-XVIII ғғ. қазақтардың материалдық және рухани мәдениетінің ерекшеліктерін талдап көрсетіңіз
Қазақ хандығының нығаюы, Қазақ хандығының экономикалық және мәдени өмірі Оңтүстік Қазақстанның тарихымен тығыз байланыста болды. Соңғы орта ғасырларда қала мәдениеті мен отырықшы–егіншілік мәдениет қазақтың этникалық аумағының нақ осы, бірден-бір ауданында сақталып қалды.
Оңтүстік Қазақстан ХІҮ-ХҮІ ғасырдың жазба деректемелерінде Түркістан деп аталады.
Бұл тарихи географиялық термин орта ғасырлар деректемелерінде Мауреннахр (Сырдария және Әмудария өзендерінің аралығы осылай аталған) мен Шығыс Дешті Қыпшақ (Қаратаудан Сырдарияның төменгі ағысы мен Аралдан солтүстікке қарай көсіліп жатқан далалық кеңістік) арасында жатқан Орта Сырдария алабына қатысты айтылады, яғни оңтүстік-шығысында – Сайрам қаласынан оңтүстікке таман (Шымкент маңайында), Шыршық және Бадам аңғарларының су айрығымен және солтүстік-шығысында – Қаратау жотасымен шектелетін Сырдарияның сол жағалауын бойлай жатқан кең өңірдің жері Түркістан деп атаған.
ХҮ-ХҮІ ғасырлар шебінде, Қазақ хандығының нығаю дәуірінде ол айтқан «Түркістанның отыз бекінісінің» ең ірілері Сырдарияның оң жақ жағалауы мен оның салалары бойындағы Ясы (Түркістан), Отырар, Сайрам, Сауран, Иқан, оның сол жағалауындағы Аркөк, Үзгент, Аққорған, Қожан, Қаратаудың теріскей беткейіндегі Созақ, Құмкент қалалары болған. Сол кездің деректемелерінде қалалар мен қалашықтардың, бекіністер мен қыстақтардың жиырмадан астам атауы ауызға алынады (археологтар тапқан қала жұртының саны бұдан артық). Мәселен, Ясы қаласының төңірегіндегі Иқан, Қарнақ, Йунка, Қарашоқ, Сура қалалары мен қыстақтарын айтады. Отырар өңірінде Игілік қыстағы, Сайрамға жақын жерде Шымкент қалашығы, төменіректе Арыста-Халадж-Қараспан, Жақанкент (Иаканкент) болған. Қаратау беткейлерінде Қарақұрым қонысы мен Жылан-Қарауыл бекінісі болған.
Қалаларда құрылыс ісі және соған байланысты қолөнер (кірпіш, шыны жасау) дамыды. Қала құрылысында тұрғын үйлер, мешіттер, медреселер, мазарлар, моншалар, дүкендер, жабық базарлар, керуен-сарайлар, кесенелер салынды.
ХҮ ғасырдың екінші жартысы – ХҮІІ ғасырдағы халықаралық саудада Қазақстан даласы мен Түркістан қалалары арқылы Орта Азия мен Ресей сауда экономиканың дамуында маңызды факторға айналады. Ресей мен орта Азияның Қазақстан арқылы сауда және дипломатиялық қатынастары ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда жанданды.
Халықаралық саудамен қатар Сырдария қалаларының көшпелі дүниемен дәстүрлі саудасы және жергілікті сауда жүргізіледі. Сырдария қалаларынан далаға астық, қала қолөнерінің өнімдері, мата апарылды.
Қалалар төңіректегі егінші және көшпелі халықты қажетті товарлармен базар арқылы жабдықтап отырды.
Қазақтардың негізгі кәсібі мал шаруашылығы болды. Қазақтар негізінен қой, жылқы және түйе өсірген; қазақтардың шаруашылығында мүйізді ірі қара болмашы орын алған, өйткені ол жыл бойы бағуға, әсіресе қыс кезінде қар астынан тебіндеп жайылуға нашар бейімделген.
Деректемлердің кейбір хабарларынан қазақтардың егіншілікпен шұғылданғаны байқалады. Бірақ Қазақ хандығы аумағының түрлі аудандарында егіншіліктің дамуы мейлінше әркелкі болды, аудандардың басым көпшілігінде егін шаруашылығы төменгі дәрежеде болды, немесе болмады. Алайда, кейбір аудандарда егіншілік зор маңызға ие болды, бұл ең алдымен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға қатысты еді.
Қазақтардың шаруашылығында әр түрлі қолөнер мен үй кәсіпшіліктері елеулі орын алды, олардың көпшілігі мал шаруашылығы өнімдерін өңдеумен байланысты еді. Қазақтар ежелден тері өңдеп, киіз басуды, оларды түрлі түске бояуды білген, олар теріге, металға және тағы басқа материалдарға батыру арқылы өрнектеуді, құрап жамау және кестелеп тігу тәсілін шебер меңгерген.
Өз мемлекетінің құрылуы қазақ халқы рухани мәдениетінің одан әрі дамуында зор маңызы болды. Оның түрі тақырыбы мен мазмұны алуан түрлі болып, бұрынғы дәуірлердің мәдениетін қисынды жалғастырды. Оның құрамында аңыз хикаялар мен кейінгі фольклорлық туындылар, орта ғасырдағы қолжазба кітаби дүниелер мен қазақтың төл әдебиеті, тарихи шежірелік және құқық қатынастар мен шешендік өнері, музыкалық және халықтық-драмалық шығармашылық пен халықтық көңіл көтеретін ойындары түгел қамтылған.
Дербес мемлекеттілік, оны қорғау мен нығайту қажеттілігі жағдайында бір мезгілде әрі көреген суырып салма ақын, әрі хандықтың бас идеологі, әрі хандардың серігі мен кеңесшісі, әрі тайпаның жауынгер басшысы ретінде көрінген жыраулардың рөлі едәуір арта түсті.
ХҮІ-ХҮІІІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясының аса ірі өкілдері – Шалкиіз (Шалгез) Тіленшіұлы (1465-1560), Доспамбет жырау (шамамен 1490-1523), Жиембет Жырау (ХҮІІ ғ.), Марғасқа жырау (ХҮІІ ғ.), Ақтамберді жырау (1675-1768), Тәтіқара ақын (ХҮІІІ ғ.), Үмбетей жырау (1693-1787).
Қазақ хандығының мемлекеттік құрылысының өзіндік ерекшелігі, халық өмірінің ерекше жағдайлары мен өзіндік ерекшелігі бар қазақ қоғамы «билер сөзі», «билер айтысы», «билер дауы», «төрелік айту», «шешендік сөздер» деп аталатын көркемдік мәдениеттің бірегей түрін туғызды.
ХҮІ-ХҮІІІ ғасырлардағы би-шешендер арасында мемлекеттік және қоғамдық қызметінің маңыздылығы жағынан, шешендік өнерінің күші мен поэтикалық шеберлігі жағынан Төле би Әлібекұлы (1663-1756), Қазыбек Келдібекұлы (1665-1765) және Әйтеке Байбекұлы (1687-1766) ерекше бөлек орын алады, олар Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Ресейде, Жоңғария мен Цин империясында танымал болған.
Қазақ халқының рухани мәдениетінде жазбаша әдебиет те дамыды, ол негізінен алғанда сарай маңындағы ортада және көбінесе тарихи шығармалар түрінде қалыптасты.
Тарихта сақталған шежірелік және наративтік деректемелер ретінде ғана емес, сонымен қатар соңғы орта ғасырдағы Орта Азия мен Қазақстанның түрік халықтары көркем әдебиетінің ескерткіштері ретінде де маңызы бар шығармалар аз емес. Олардың ішінен Захир ад-дин Бабырдың (1483-1530) «Бабыр наме», Камал ад-дин Бинаидың «Шайбани намесін», Мұхамед Хайдар Дұғлатидің (1499-1551) «Тарихи Рашидиін», Қожамқұл бек Балхидің «Тарих-и Қыпшағын», Қадырғали бектің (1555-1607) «Жами-ат-таварихын», Әбілғазы Баһадүрдің (1603-1664) «Түрік шежіресін» және басқаларын арнайы бөліп көрсетуге болады. Бұл авторлар тек оқиғаларды суреттеумен және билеушілер генеалогиясының тарихын баяндаумен ғана шектелмеген. Олар өз суреттемелеріне қоса көркем бейнелер жасап, ауыспалы мән беріп отырған, кейде шайқастардың немесе басқа оқиғалардың әдеби көріністерін беріп, өздерінің сөз саптауларын алуан түрлі айшықты топтармен әрлендіре түскен, хикаяларына өздерінің сирек кездесетін поэтикалық таланты мен кең көлемді эрудициясы бар екендігін дәлелдейтін өлең жолдарын енгізіп отырған.
Қазақ халқының тұрғын-үй – материалдық мәдениеттің тамаша ескерткіші. Қазақтың киіз үйі ағаш сүйегі мен киізден тұрады. Ағаш сүйегі мынадай төрт бөліктен тұрады: 1) құрастырмалы-жиналмалы қабырғасы – қанат, олардан киіз үйдің қабырғалары (кереге) құралады; 2) күмбез сүйегі (уық); 3) дөңгелек төбесі (шаңырақ); 4) есік немесе сықырлауық. Ағаш сүйектің әрбір бөлігіне белгілі бір киіз жамылғы сәйкес келеді, оларды шебер қазақ әйелдері жасайды, олар: 1) керегелерге тұтылатын туырлық, олар бірнешеу; 2) үзік күмбезге жабылады, олар екеу; 3) түндік – шаңыраққа жабылатын шаршы киіз; 4) Киіз есік – киіз үйдің есік ойығын жауып тұратын ұзынша киіз.
Қанаттың тор көзі ортасынан қиғаштап жіңішке қайыстармен (көк) біріктірілген шағын кереге ағаштарынан құралады, уықтар жиынтығы жеңіл де қатты, өңдеуге жақсы талдан жасалды. Дөңгелек шаңырақ қайыңнан иілген екі жарты шеңберден құрастырылады, ал есігі екі жаққа айқара ашылатын қос жақтаулы етіп қарағайдан жасалады.
Керегелерінің санына қарай киіз үйлер: 6 қанатты, 7 қанатты, 8 қанатты және т.б. үйлер болып бөлінеді, яғни керегелерден құралатын қанаттары неғұрлым көп болса, киіз үй соғұрлым үлкен болады. Киіз үйдің сүйегі киізбен жабылып, арқанмен бекітілген. Қыста жылы болу үшін киіз үйді екі қабат киізбен қауып, керегеге әсем өрнектелген ши тұтылған. Еденге әдетте киіз, тері, кілемдер төселген. Көшпелінің киіз үйінің ортасында күз бен қыс айларындағы суықта үйді жылытып тұратын ошақ орналасқан.
Егіншілік мәдениеті бар аудандарда отырықшы үйлер салынған. Киіз үй тәрізді дөңгелек жартылай жертөбелер немесе киіз үйге ұқсатып, жоспарланған жербетіне дөңгелетіп тұрғызылған құрылыстар, сондай-ақ жер бетіндегі тұрғын үйлер (бір, екі, үш бөлмелі) қолда бар табиғи материалдан: өзен аңғарларында шикі кірпіштен, тауларда тақта тастардан салынған.
Қазақтың темір ұсталары негізгі еңбек құралдарын, балта, пышақ, қырықтық, шеге және басқаларын жасады. Темір ұсталары сонымен қатар басқа да шаруашылық-тұрмыс заттарын, қару жарақтар, найзалар менжебелердің темір ұштарын соққан. Қазақтардың негізгі қаруы қылыш пен садақ болатын. Жауынгерлік қарудың басқа түрлерінен айбалта, шоқпар, жалғыз сапты күзді, екі басты шоқпар, бір шоқ жылқы қылымен шашақталып, қарсыласын ерден жұлып алып үшін ілмек жасаған ұзын найза аталады.
41.Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының бастапқы кезеңін анықтаңыз.
Геосаяси тұрғыдан алғанда, Еуразиядағы екі ірі мемлекет Қытай мен Ресей арасында орналаса отырып, табиғи үдерістерге тұтасымен байланысты көшпелі Қазақстан отырықшы көршілерінің экономикалық және саяси тұрғыда тұрақты ниет нысаны болды.XVII-XVIII ғасырларда қытайлық богдыхандармен жіберілген жоңғарлық көшпелі тайпалар қазақ хандығына қарсы кеңауқымды соғыс ашады. Бүкіл далада қантөгіс соғыс болып, елдегі түрлі аймақтардағы экономикалық және әскери-саяси байланыстардың әлсіздігінен және рутайпалық бытыраудан әлсіреген қазақ елі 1723 жылы жеңіліс табады. Бұл қазіргі кезде тарихта «Ақтабан шұбырынды» трагедиясы ретінде белгілі.Қарсылық көрсете білген қазақ батырларының ержүректігі, Абылай ханның батылдығының арқасында, Төле би, Қазбек би, Әйтеке билердің дипломатиялық қабілеттері мен халықтың еліне деген адалдығы арқасында Қазақстан толық басып алудан және тұрғындарды қырып салудан аман қалды. Өз тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне кепілдік іздеп қазақ хандары сол уақытты Сібірден шығысқа қарай өз шекарасын белсенді ұлғайтып келген Ресей империясынан қорғаныс іздеді. Алайда, әскери көмекпен бірге бекініс-қалалары салынып, ішкі Ресейден халықтың жапай көшуі басталды,шаруашылық қажеттіліктер үшін жайылымдық жерлерді берілді, ресейлік әкімшілік-аймақтық бөліну үлгісі бойынша аймақтық бөліну басталып кетіп, ақыр соңында Қазақстанның жеке тәуелсіздігінен айырылуына әкеліп соқты.Халық жасағын басқарған Кенесары хан тарапынан, Сырым датұлының көтерілісі, Ұлы Жүз көтерілісі жәнебасқа да отарлауға батыл қарсыласуларға қарамастан 1871 жылы Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретіндегі күшін жойды. 1850-1860 жылдардағы Оңтүстік Қазақстанды Ресейдің басып алуы Қазақстанды отарлаудың соңғы кезеңі ретінде сол дәуірде оңтүстік Қазақстан аумағын алып жатқан Қоқан, Бұқар және Хива хандықтарына қарсы ресейлік әскери жорығынан кейін орын алды.Қазақстанның бұдан кейінгі тағдырының жалпы бейнесі қоғамдық прогресстің еуропалық үлгісімен, соның ішінде Ресейдің мемлекеттігі мен оның халқының тағдырымен байланысты болды.XIX ғасырдың бірінші жартысында қазақтардың көпшілігі отырықшылыққа ауысып, егіншілікпен айналыса бастайды, бұл Ресейдің ішкі облыстарынан қоныс аударып келген орыс шаруаларына қазақтардың кең құнарлы жерлерін тартып алып беруімен түсіндіріледі. Қазақстанның экономикасы Ресейдің шаруашылық қызметі аясына біртіндеп кіре берді. Оның аумағында өндірістің, көліктің, сауданың көптеген салалары қарқынды дами бастайды. Ұлттық жұмыс тобын, зияткерлерді қалыптастыру жүргізілді.Жаппай әлеуметтік-экономикалық сараптаулармен бірге Қазақстанда этномәдени синтездеу әрекеттері және орыстың рухтандырушылығының үздік үлгілері түрінде еуропалық өркениет жетістігінің жергілікті жағдайына үйрену және өз халқы үшін қолайлы мәдени перспективадағы қазақтың шығармашыл зияткерлерін іздеу әрекеттері жүзеге асырылады. Осы іздеулерді өз қызметімен іске асырған керемет оқымысты Шоқан Уәлиханов (1835-1865) – ол батыс оқымыстылары арасында бірінші болып өз кезегінде сыртқы әлемге беймәлім Қашқариға барған және ұлы ауызша шығармашылығындағы шығарма – «Манас» эпосын жазған тамаша оқымысты-шығыс зерттеушісі. Қазақ мәдениетінің тарихында ұлы ойшыл-ақын Абай Құнанбаевтың (1845-1904) ролі ерекше. Қазақтың әдеби тілінің негізін қалаушылардың бірі, қазақтың жазба әдебиетінің классигі, ол тек дарынды ақын ғана емес, шығыс, орыс және еуропа әдебиеттері шығармаларының шебер аудармашысы.
42.Абылай хан мемлекет қайраткері, саясаткер және дипломат.
АБЫЛАЙ (Әбілмансұр, Сабалақ)(1711-1781 жж.), ұлы мемлекет қайраткері, дипломат, саясаткер, үш жүздің басын қосушы ұлы хан. Ханның аты атасының атымен ұқсас. Әкесі Уәли мен атасы Абылай мұсылманның қасиетті орталықтарының бірі Түркістанды билеген. Абылай тарих сахнасына 18 ғасырдың 30-жылдарында көтерілді. Оның жасынан халқының азаттығы үшін ойраттарға қарсы күреске белсене қатысуы жергілікті тұрғындар арасында беделін көтерді. Көреген саяси қайраткер ретінде қалмақтармен қатерлі соғыстардан шаршаған қазақтардың шиеленіскен ахуалын біршама бәсендету үшін дипломатиялық жолдарды пайдаланып, қазақ-ойрат тартысының қарқынын басуға тырысты. Әбілкайырдың сыртқы саясаттағы, әсіресе Ресей тұрғысындағы шараларын толық құптамаса да, онын басты бағытының саяси астарын түсіне білді. 1740 ж. тамызда Орта жүздің ханы Әбілмәмбетпен, тағы да баска 120 старшынның қатысуымен Орынборға келіп, орыс үкіметінің қамқорына кіруге келісімін білдірді. Қазақ елшің тұтастығын сақтау мақсатында Цин империясымен де қарым-қатынастарын суытпады. Қарапайым сұлтан болса да Пекинге елшілік аттандырып, қазақтардың, хал-ахуалын Ресейден тәуелсіз жағдайда шешуге ат салысты. Кытай мемлекетімен қарым - қатынастарды бір жүйеге келтіру арқылы Ресей тарапынан саяси қауіпті бәсеңдетті. Абылайдың қолбасшы, саяси қайраткер ретінде ерекше күшеюі 1738-1741 ж. қалмақтардың жойқын шапқыншылығына қарсы күресте көзге түсті. Бір қақтығыста жекпе-жекте қалмақ қонтайшысы Қалдан-Сереннің (Цэреннің) баласы батыр Шарышты өлтірген 19 жасар Абылайдың ерлігі халық арасына тарап кетті. Қалдан-Серен (Цэрен) Абылайды өлтіру үшін қазақ даласына арнайы қарулы жасауыл аттандырды. Өзінің серіктерімен кездейсоқта қалмақтардың торына түскен Абылай ойраттардың қапасынан тек 1743 жылдың жазында құтылды. Оны бұгаудан босатуда басты орын алған Ресейдің өкілі майор К. Миллердің миссиясы нәтижелі аяқталды. Екінші жағынан, одан өрі атақты сұлтанды қапаста ұстау қазақтардың қарсылығын тудыруы мүмкін еді. Әбілмәмбет ханның Түркістан өлкесіне көшіп кетуі Абылайдың мемлекет қайраткері ретіндегі беделін арттыра тұсті. Шын мәнінде әлі ақ киізге көтерілмесе де, сұлтан мемлекетаралық қарым-катынастарда, қазақ жұртының өз ішінде хан ретінде танылды. 18 ғасырдын 40- жылдарында Абылайдың көш-конысы Есіл өзені бойында,
Көкшетау өңірінде, Ертістің жоғарғы ағысында орналасты. Орта жүздің руларын бес саусағындай білген, шегедей кадағалап билеген Абылай тез арада Орталык Азиядағы ең беделді қайраткер ретінде белгілі болды. 1745 ж. Қалдан-Серен (Цэрен) дүние салғаннан кейін жонғария елі әлсіреп, ішкі әр түрлі топтардын әуресінен өзінің бұрынғы саяси куатынан айрылып қалды. Жоңғария әлсіреген сайын Абылайда Ресейден ығысып, Пекин сарайына жақындады. Кереген мемлекеттік қайраткер Ресейден төніп келе жатқан кауіпті дер кезінде түсінді. Сұлтанның ендігі саясаты жонғар-қытай тартысынан қазақ елін алыстау ұстап, елдің дербестігін толық қалпына келтіріп, Шығыс Түркістанмен іргелес өңірдегі ойраттардың уақытша билігінде қалған жерлерді кайтадан қайтару еді. Осы мақсат үшін қытай әскерімен соғыскан Абылай дипломатиялык айла-амалдарды ұтымды пайдаланып, өз максатына жетті. 1771 ж. жасы келген Әбілмәмбет дүние салды. Қалыптасқан дәстүрге сай Орта жүздін ханы болып не Әбілмәмбетгін інілерінің бірі, не үлкен ұлы Әбілфайз сайлануға тиіс еді. Алайда басшы сұлтандардың, старшындардын, тіпті Әбілфайздың өзінін қолдауымен үш жүздің өкілдері Абылайды тендесі жоқ қайраткер ретінде хан көтерді. Тарихи кұжаттарда аныкталгандай, Абылай бір жүздің емес, үш жүздің билеушісі ретінде танылды. Абылайдың беделінің өсіп бара жатқандығынан біршама сескенген Ресей императрицасы II Екатерина «Бөліп ал да,билей бер» деген саясат ұстап, Абылайды үш жүздің дара ханы ретінде танудан бас тартып, тек Орта жүздің ханы ретінде сый көрсетті. 1778 ж. акпан-мамыр айларында өзін үш жүздің ханы ретінде танытатын грамотаны алу үшін ұлы Тоғым бастаган елшілікті Петербургке аттандырды. II Екатерина тағы да ресми түрде Абылайды қазақ жұртының бас ханы ретінде бекітпеді. Хаңдықтың белгілері — алмас қылышты, кұндыз берікті, алтын зерлі шапанды, императрица берген басқа да сыйлықтарды Абылай қабылдаудан бас тартты. Ол сыйлықтар кейіннен Петропавл бекінісінде сақталынды.1778 ж. қыста II Екатеринаның талабымен Көкшетаудағы ханның аулына жіберілген капитан Бреховтың миссиясы сәтті аяқталды. Абылай Ресейдің сый-құрметінің астарын түсінді. Капитан Брехов Абылайды үш жүздін ханы, халық басын иген мемлекет қайраткері болғанын растады. Ырыктарына көнбей, өзінің хандық билігін күшейте бастағанынан қауіптенген Ресей мемлекеті оны биліктен тайдырудың жоспарын ойластырды. Сібір шекаралык шебінің командирі генерал-майор Огарев күш жұмсап, Көкшетау өңіріне әскер төгіп, хандыкты Абылайдан тартып алудың жоспарын ұсынды. Халықтың кең қолдауынын нәтижесінде ол залымдык пікір жүзеге аспады. Абылайдың хандық мемлекеті барлық билеудің, басқарудын жүйесі қалыптаскан біріккен феодалдық ел болды. Қырғыздарды, қоқандыктарды, еділ қалмақтарын, ойраттарды сан рет талқандауы оның ірі қолбасшылық, саясаткер қасиетін де айқындады. Ол бірнеше тілді білді, кытай тілінде жазды, еркін сөйледі. Абылай 69-дан аса бергенде,1781 жылдың 23 мамырында дүние салды. Түркістанда жерленді. Абылай қазақ тарихындағы ең ұлы қайраткерлердің бірі. Оның ел үшін, жер үшін жан аямаған күресі, жан тазалығы, батырлығы, дипломаттық өнері, көрегендігі қазақ елін сан рет әр түрлі қасірет, опаттан сақтап қалды. Абылай атымен көшелер, даңғылдар аталған, ескерткіштер орнатылган. Абылай ұлы тұлға, Абылай халықтын аңызына айналған қасиетті перзенті.
43.Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің себептері,барысы, ерекшеліктері. Көтерілістің себептері мен алғышарттары.
1773–1775 жылдардағы Е. Пугачев басқарған шаруалар соғысына қатысқан қазақтардың негізгі талаптары қанағаттандырылмады;Көптеген сұлтандар, билер басқа да Кіші жүздің ықпалды адамдары патша үкіметінің саясатымен келіспеді;Кіші, Орта жүздердің кейбір аудандары Уфа, Сібір губернияларына бағындырылды; ертіп, Сырдарияға қоныс аударды. Ханға, хан кеңесіне қарсы болған Кіші жүздің ықпалды адамдары Сырымның қасына топтасты. 1797 жылы патша үкіметі хандық кеңесті жойып, Кіші жүздегі хандық билікті қалпына келтірді. Хан болып Айшуақ сұлтан бекітілді.1797 жылы Сырым Хиуа хандығының жеріне қоныс аударды. Себебі бұл кезде Қаратай сұлтан Сырымның қуғындауын жиілеткен еді. 1797 жылы Сырымның Хиуа жеріне өтуі, оның басшылығымен болған көтеріліс те жеңіліспен аяқталды. 1802 жылы Сырым Датұлы Хиуа жерінде қайтыс болды. Көтерілістің жеңілу себептері:
· Көтерілістің ұйымдастырылуы нашар болды;
· Үстем тап өкілдері (билер, старшындар) арасындағы алауыздық;
· Ру арасындағы қайшылықтар;
· Көтеріліске шыққан әр түрлі топтар арасындағы байланыстардың нашарлығы;
· Жазалаушы казак отрядының қару-жарағы мен күштерінің мықтылығы;
· Қазақ феодалдарының Орал казактарына сатылуы;
· Қазақ шаруалары арасындағы әр түрлі жағдайлар т. б.
Көтерілістің барысы. 1783 жылы Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының казак әскерлеріне қарсы көтерілуі басталды. 1784 жылы Сырым Датұлы казактар тұтқынынан босап, көтеріліске ірі қол жинай бастады. Бұл тұтқынға ол 1783 жылы желтоқсан айында түсті. Көтерілісшілер арасында Жантөре сұлтан, Барақ, Тіленші старшындар сияқты үстем тап өкілдері де болды. 1784 жылы Сырым Датұлының қарамағына 1000-ға жуық адам шоғырланды. Патша үкіметі көтерілістің етек алуынан сескеніп, жазалаушы отрядтарды жібере бастады. 1785 жылы 17 ақпанда генерал-майор Смирнов басқарған, казактар мен башқұрттардан құралған 2670-тей адамы бар жазалаушы отряд қарапайым ауылдарды ойрандап, біраз қазақтарды тұтқындады. 1785 жылы Сырым Датұлы басқарған көтерілісшілердің күресі барынша кеңейді. 1785 жылы наурызда Назаров басқарған Жайық казак отрядтары көтерілісшілерге шабуыл жасады. Мұнда екі жақ та нақты нәтижеге жетпеді. 1787 жылы Колпаков пен Пономарев басқарған, 1250 адамнан құралған жазалаушы отрядтар көтерілісшілерге шабуыл жасауға бата алмай, бейбіт ауылдарды ойрандады. Нұралы ханның патша үкіметін жақтауы көтерілісшілердің алдарына Нұралы ханды тақтан тайдыру мақсатын қоюға себеп болды. 1785 жылы Кіші жүздің ақсүйектер тобы Нұралыны тақтан тайдыру үшін құрылтай өткізді. 1786 жылы Нұралы хан Орал бекінісіне қашып барды. 1790 жылы Нұралы Уфада қайтыс болды. Жайық бойындағы казак әскері жасаған озбырлықтары көтерілістің одан әрі өршуіне себеп болды. 1790 жылы тамызда казак әскерінің басшысы Д. Донсков 1500-ге тарта адам мен бейбіт жатқан қазақ ауылдарын ойрандады. Бұл, әрине, қазақтардың қарсылығын тудырды. 1791 жылы Нұралының орнына Кіші жүздің ханы болып Ералы сұлтан сайланды. Бұл жағдай көтерілістің одан әрі кеңеюіне әсер етті. 1792 жылы Сырым Датұлы Ресейге қарсы күресін ашық түрде кеңейтті. Қазақ феодалдарының біраз бөлігі Сырым Датұлын қолдамады. Ал Жантөре сұлтан, Ералы, Барақ, Ілекбай старшындар Сырым Датұлын қолдады. Бірақ осы уақыттан бастап Сырым Датұлы көтерілісінің қарқыны уақытша бәсеңдеді. Оған көтерілісшілердің Елек пен Красногорск бекіністерін алудағы сәтсіздігі себеп болды. 1794 жылы Ералы хан өлді. 1795 жылы Нұралының ұлы Есім хан болып сайланды. Есімнің хан тағына отыруы Сырымның басқарған көтерілісінің қайтадан өрістеуіне себеп болды. 1797 жылы 17 наурызда Сырым басқарған көтерілісшілер хан сарайына шабуыл жасап, Есім ханды өлтірді. 1797 жылы полковник Скворкин Сырым көтерілісшілерін қудалай бастады, бірақ қудалаушылардың алғашқы әрекеттері сәтсіздікпен аяқталып жатты. Көтерілістің жеңілуі. Есім ханнның өлімінен кейін Кіші жүзде хан сайлау мәселесі тұрды. Ал патша үкіметі Кіші жүздегі хан сайлау мәселесін жүзеге асырмауға тырысты. Бірақ осыған қарамастан, Кіші жүз феодалдары Нұралының баласы Қаратайды хан орнына сайлады. Осыдан кейін Сырым Датұлы өзіне қарасты халықты артынан ертті.
44. Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері,барысы,ерекшеліктері.
Қазақ халқының азаттық күресінде Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің маңызы зор. Ішкі Ордада көтерілістің алғашқы толқыны 1827–1829 жылдары болып өтті. Қазақ ауылдары Оралдың арғы жағына қайта орала бастады. Өткір жер дауы, салықтық езгі, әлеуметтік қысым, отаршылдық қанау 1836 жылы көтеріліске әкелді. Көтерілісті белгілі батыр Исатай Тайманұлы мен ақын Махамбет Өтемісұлы басқарды. 1836 жылдың ақпанында Ішкі Орда қазақтарының Жәңгір ханға қарсы ашық күресі басталды. Оған сылтау болған Исатайдың хан ордасына шақырылуы еді. Ол барудан бас тартты және өзінің ауылдарын қыстаудан көшіріп алып, көтерілісшілердің үлкен лагерін жинады. Хан мен оның айналасындағылар жала жабуға көшті. Барымта кезінде біреулер бақташы шалды өлтірген болатын. Қарауылқожа жүргізген тергеу ісі Исатайдың және оның жақтастарының өлімге қатыстылығын дәлелдеуге тырысады. 1836–1837 жылдары Жәңгірге қарсы арыз-шағымдар жазуды Исатай халық алдында хан мен оның айналасындағылардың саясатын әшкерелеу үшін пайдаланды. Исатай халық көп жиналған кезде Ордаға арыз тапсырады, бұл арызды хан 12 күннің ішінде қарастыруға уәде береді, бірақ ештеңе де өзгермейді. Хан уәдесінен таяды. 1837 жылдың басында көтерілісшілердің қимылы өрши түсті. Көтерілісшілер Жәңгір ханнан өзінің айналасындағылардың Балқы би мен Қарауылқожаны шеттетуді, билікті ру старшындарының қолына беруді, сондай-ақ көтерілісшілерге қарсы басталған барлық істерді тоқтатуды немесе оларды билер сотының құзырына беруді талап етті. Жәңгір хан қатты састы. И. Тайманұлы әкімшілікті ханмен арадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуге болатындығына көздерін жеткізуге тырысты. Бұл кезде Орынбор әкімшілігі мен хан асығыс түрде казак әскерін, хан жасақтарын жасақтай бастады. 15 қарашада таң алдында Тастөбе елді мекенінде көтерілісшілер мен жазалаушылардың арасында кескілескен соғыс болды. Шайқаста көтерілісшілер жеңіліп, орасан көп малдары қырылды, ондаған адам қаза тапты. Бірақ аздаған қосынмен Жайықтың сол жағасына өтіп Исатай мен Махамбет құтылып кетеді. Енді көтеріліс Жайықтың сол жағасында жалғасады. 1838 жылғы 12 шілдеде Кіші жүз жеріндегі Қиыл өзенінің бойында көтерілісшілердің жазалаушылармен кезекті шайқасы өтіп, осы ұрыста Исатай мерт болады. Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістің негізгі қозғаушы күші көшпелі рулар болды. Қозғалыстың стихиялығы, нақты бағдарламасының болмауы, ұйымшылдықтың жетіспеуі жеңіліске әкелді. Махамбет Өтемісұлы халық көтерілісінде маңызды рөл атқарды. Ол жалынды жырлары арқылы халықты патша үкіметі мен отаршылық билікті жақтаған хандарға қарсы күреске шақырды.
45.1822-1824 ж.ж. Сібір және Орынбор қазақтары туралы Жарғылар.
ХІХ ғ. 20-30 жылдары орыс-ағылшын бақталастығының шиеленісуіне байланысты патшалық Ресей Орта Азия мен Қазақстанда өз ықпалы мен билігін одан əрі нығайту басты міндеті деп санады. Қазақстанның Ресей мен Орта Азия хандықтарының жəне Қытай аралығында геосаяси орналасуы Ресей тарапынан қазақ даласын отарлау үрдісін тездетті. Осы мақсатпен Ресей империясы 1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы», 1824 ж. «Орынбор қырғыздары туралы» Жарғыны қабылдады. Ресейдің хандық билікті жоюға асығуы соншалықты, олар əрбір мүмкіндікті пайдаланып, ел ішіндегі ықпалды адамдарды, хандарды, билер мен батырларды бір-біріне айдап сала отырып, алдау, күш көрсету сияқты шараларды қолданды. 1822-1824 жылдардағы Жарғының қабылдануымен Орта жəне Кіші жүзде хандық билік жойылды. Авторы Сібір əскери губернаторыМ.Сперанский болған «Сібір қырғыздары туралы» (1822 ж.) Жарғы бүкіл Орта жүздің жерін қамтыса, авторы Орынбор əскери губернаторы П.Эссен болған«Орынбор қырғыздары туралы» (1824 ж.) Жарғы Кіші жүз территориясына таралды. «Сібір қырғыздары туралы» Жарғы бойынша Орта жүз территориясы«Сібір қырғыздарының облысы» аталып Батыс Сібір генерал-губернаторына бағынатын болды да орталығы алғаш Тобыл, 1839 ж. бастап Омбы болды. Хандықбилік жойылғаннан кейін Оңтүстік-батыс Сібірде тұратын қазақтар ішкі округтерге біріктірілді, ал Орта жүздің қалған қазақтары сыртқы округтерді құрады. 1838 жылға қарай 7 сыртқы округ құрылды: Қарқаралы (1824 ж.), Көкшетау (1824 ж.), Аягөз (1831 ж.), Ақмола (1832 ж.), Баянауыл (1833 ж.), Құсмұрын (1834ж.), Көкпекті (1838 ж.). Əр округ болыстар мен ауылдарға бөлінді. Батыс-Сібір генерал-губернаторлығын генерал-губернатор басқарды, оған сібір қырғыздарының облысы бағынды. Округтердің басшылығында округтік приказдар тұрды жəне оларды сұлтандар жиналысында 3 жылға сайланатын аға сұлтандар басқарды. Округке 15-тен 20-ға дейін болыс кірді. Болыстарды сұлтандар басқарды. Бір болыстың құрамында 10-нан 12-ге дейін ауыл болды. Ауылдарды ауыл старшындары басқарды, əр ауылда 50-ден 70-ке дейін үй болды. Қазақтарға тек қана өз округында ғана көшіп-қонуға рұқсат берілді, ал бір округтен екінші округке өту үшін жергілікті басшылардан рұқсат алуы керек болды. Жаңа əкімшілік бөлініс қазақтардың дəстүрлі жер қатынасын күйретті де – рулық қауым құлдырады. Сонымен қатар, оған аға сұлтандарға, болыс сұлтандарына, тілмаштарға, казактарға түрлі көлемде жер бөліп беру де əсер етті. Оларға өңдеуге, мал шаруашылығына,омартаға т.б. ыңғайлы жерлер бөлінді жəне егерде ол жерлер қойылатын талаптар бойынша дұрыс пайдаланылатын болса, онда оның иесі жерге меншік құқығын иеленуге де мүмкіндігі болды. Патша өкіметінің қарауы бойынша Орта жүз жері бөлініске түсіп, бір əкімшілік басқарудан екіншісіне өтіп жатты. Осылайша, Омбы облысы Тобыл губерниясына кірді, Семей жəне Өскемен уездері Том губерниясына берілді. 1822 ж. Жарғы бойынша сот істеріне де өзгерістер енгізілді, ол өзгерістер бойынша сот үш категорияға бөлінді: қылмыстық істер (мемлекеттік сатқындық, ұрлық, барымта, билікке бағынбау); арыз-шағымдар («қазақтардың əдет-ғұрып заңдары» бойынша билер шешетін екінші кезектегі істер); облыстық басшыға берілетін арыздар бойынша (қазақтардың сұлтандар мен билерге, болыстарға т.б.). 1824 ж. Орынбор генерал-губернаторы П.Эссен даярлаған «Орынбор қырғыздары туралы» Жарғы кіші жүзде жүзеге асырылды. Бұл реформа барысында Кіші жүздегі хандық билік жойылып, оның территориясы: Батыс, Орта жəне Шығыс болып үшке бөлініп,Орынбор генерал-губернаторлығына бағынды. Бұл бөліктердің басында аға сұлтандар тұрды. 1824 ж. «Орынбор қазақтарын басқару туралы ереже» қабылданды да, ол бойынша орыс шенеуніктерінен жергілікті əкімшілікті қадағалайтын «қамқоршылар» қызметі енгізілді. Қазақтардың ру-тайпалық бөлінісі ескерілмеді, ауылдардың өз бетінше қарекет етуі мүмкін болмай қалды. Осылайша, Ресей империясы Қазақстанды өз отарына айналдыру үшін хандық билікті, яғни, қазақ мемлекеттілігін жойып, орнына орыстың əкімшілік-территориялық басқару жүйесін енгізді. Алғаш Кіші жүз қазақтары шекаралық комиссия арқылы басқарылды, ал Орта жүз қазақтары шекаралық басқармаға бағынды. Кейін 1822-1824 жж. Ресей империясы Орынбор жəне Сібір ведомстваларының территориясында тұратын Кіші жəне Орта жүз қазақтарын басқару туралы Жарғыларды қабылдады. Осы жəне одан кейін жалғасқан ХІХ ғасырдың 30-50 жылдарындағы реформалар патшалық Ресейдің қазақ жерлерін одан əрі отарлау үшін жағдай жасады. ХІХ ғасырдың 60 жылдарының аяғына қарай қазақ даласы тұтастай Ресей империясына бағынышты болды жəне жаңа заңдар қабылданып, Ресейлік басқару жүйесіне қарай жақындатылды.
46.Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері және оның тарихи маңызы.
Ресей империясының қазақ даласындағы хандық билікті жою, шекаралық аймақтарда жаңа бекіністерді салып, қазақ жерлерін күштеп тартып алуды одан әрі жлғастыруы, қазақ қоғамында әлеуметтік қатынастардың шиелінісуі К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көт-ң шығуына себеп болды. Көт-ң мақсаты қазақ елінің патшалы Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген өңірлерінің дербестігін сақтау, қазақ жерлерін бекіністер мен округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату, қоқандықтардың тепкісіндегі қазақтарды азат ету. Көт-с бүкіл үш жүзді қамтып, ұлт-азаттық сипат алды. Көт-ң басты қозғаушы күші қазақ шаруалары болды. Көт-ке әртүрлі ұлттардың өкілдері орыс, өзбек, қырғыз т.б. қатысып, көтерілісшілер саны 20-мыңға жетті. Көт-ке Кенесары қолын басқарған атақты батырлар Иман, Жоламан, Бұғыбай, Сұраншы, інісі Наурызабай, Әбілғазы, әпкесі Бопай қатысты. 1837 ж қараша – Кенесары Петропавл қаласынан шыққан Ақтау бекінісі казактарының тобын тұңғыш рет шабуыл жасап.1838ж 26 мамыр – Кенесары сарбаздары Ақмола бекінісіне шабуыл жасап, өртеп жібереді. 1841ж Кенесары қолы Ташкентке аттанып, бірақ жұқпалы аурудың таралуынан жорық тоқтатылады. Ендігі кезекте патша үкіметі көт-ке қарсы шаралар ұйымдасытыра бастады: 1842ж Орынбор ген-губ Обручев, Сібірден Сотников әскері жіберілді. 1843ж І Николай старшина Лебедевтің 300 казактан тұратын тобын жіберуге келісім берді, сұлтан Жантөреұлы, Айшуақұлы, полковник Генс, Бизанов бастаған 5 мыңдық топ ұйымдастырылды. 1843ж 1 және 7 тамызда көтерілісшілер казактардың Орынборлық тобымен шайқасты. 1843 ж 17 тамызда полковник Бизановтың тобы ешқандай нәтижеге жетпей Ор бекінісіне оралды. 1844ж шілдеде көтерілісшілер сұлтан Жантөреұлының тобын қоршап, 44 сұлтанды мерт қылды. Осы жеңістің нәтижесінде Орынбор әкімшілігін Кенесарымен келіссөз жүргізуді бастауға мәжбүр етті. Кенесарының сонда қойған талабы, әскери бекіністер салынбаған Ақтау, Есіл, Нұра және Жайық өзеніне дейінгі өңірді Ресей билігінен босату. 1845ж сәуірде Кенесары ауылына орыс елшілері Долгов және Герн келеді. Бірақ екі жақ бір-бірінің талаптарын мойындата алмағандықтан, келіссөздер тоқтатылды. 1845 ж қазан, қарашада көтерілісшілер Созақ, Жаңа жүлек, Қоған бекіністерін алады. Абылайдың баласы сұлтан сүйік Ресей билігін мойындаса, Үйсін, Жалайыр, Дулат руларының көпшілігі көтелісішілерді жақтады. 1847 ж сәуір Кенесары 10 мың әскермен қырғыз жеріне басып кіреді. әскерледің қырғыз ауылдарын тонауы көтерілісшілердің Кенесарыға қарсы өшпенділік туғызады. Қазақ сұлтаны Рүстем мен Сыпатай би топтарының Кенесарыдан бөлініп кетуі қазақ жасағының жеңілісіне әсер етеді. Сол жылы Кенесары Бишкек маңындағы Майтөбе шайқасында 32 сұлтанмен қаза табады. Тарихи маңызы; үш жүзді қамтыған тұңғыш ірі көтеріліс, ХІХ ғасырдың І жартысындағы Ресей азаттық көтерілісінің құрамдас бөлігі, Патша үкіметінің Орта Азияны отарлауын кешеуілдетті, қазақ халқының ішкі қайшылықтарының Ресей саясатымен байданыстылығын көрсетті.
47 . XIX ғғ. 50-ші жылдарындағы Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтеріліс: себептері, барысы, ерекшеліктері.
Жанқожа 17 жасында Кіші жүз құрамындағы Әлімұлы тайпасының жергілікті рулары сайлап алғанҚылышбай ханның Хиуа бекінісіне жасаған жорығы кезінде жасаққа елеусіз еріп барып, ешкімге дес бермей тұрған қарақалпақ батыры Тықыны жекпе-жекте өлтіреді.Осы жорықта әділетсіздігі үшін Қылышбай ханның өзіне де қол жұмсайды. Қоқан хандығының Созақ бекінісіне орналасқан әкімдерінің жергілікті халыққа салынатын алым-салықтан тыс көрсеткен зорлықтары қазақтардың бас біріктіріп, бұл қамалға шабуыл жасауына себепкер болды.Созақта тұратын, Құрман би араша түсуді өтініп, Жанқожаға арнайы хабар жібереді. Жанқожа елден қол жинап, Созаққа жорыққа аттанып, жолда Жаңақорған, Желек бекіністеріндегі қоқандықтарды қуады.1830 жылдың күзінде Созақ бекінісін қоршауға алып, көмекке келген қоқандық Таған палуанды жекпе-жекте қолға түсіреді. Одан соң Жанқожа жасақтарымен бекіністің дарбазасын бұзып кіріп, Созақты басып алды. Қоқан бектері Отыншы мен Сушыны қолға түсіріп, баласын өлтіргенің үшін Құрман биге тапсырады. Кейбір деректерге қарағанда, Жанқожа Қоқан хандығының Шымқорған, Қосқорған, Күмісқорған тәрізді бекіністерін де талқандайды. Хиуа хандығы Аллақұл ханның тұсында 1835 жылы Қуандарияның батысындағы Құртөбе деген жерге бекініс салып, онда 200 әскер ұстайды. Жанқожаға арқа сүйеп, алым-салық төлеуден бас тартып, Хиуа бегі Бабажанның озбырлығына көнбей жүрген сырдың төменгі сағасындағы қазақтарды тәртіпке келтіру үшін түрікмен Аймұхамед палуанды жасақтарымен жіберді.1836 жылы Ақирек деген жерде елге тізесі батқан осы Аймұхамед палуанды Жанқожа жекпе-жекте өлтіреді. Басшысы мерт болған палуанның жасақтары бас сауғалап қашуға мәжбүр болды. Жанқожа бұдан кейін де Сыр бойындағы қазақтарды хиуалықтардың езгісінен құтқару үшін, олардың бекіністеріне жиі-жиі шабуыл жасап отырды. Оның бұл жорықтары нәтижелі болып, Хиуа бекіністері көп шығынға ұшырады. 1845 жылды көктемінде Хиуа хандығы Сыр бойындағы қираған бекіністерін қалпына келтіру үшін 200 жасақ аттандырады. Жанқожаның жігіттері бұлармен ұрыс салып, кері қайтарады. 1847 жылы көктемде Хиуа бегі Уайыс-Нияздың әскеріАтанбас, Ақирек, Қамыстыбасты жайлап отырған қазақтарға шабуыл жасап, 1400 үйді ойрандап, тонап кетеді.Осы жылдың тамыз айында Хиуа бегі Қожанияз бастап, қазақ сұлтандары Жанғазы Шерғазиев пен Елікей (Ермұхамед) Қасымов қоштаған шапқыншылар қазақ ауылдарын тағы да тонауға ұшыратады. Хиуалықтардың мұндай шапқыншылығы бір жылда бірнеше рет қайталанады. Тонауға ұшыраған елін қорғауға Жанқожа 700 сарбазымен
қарсы шығады. Құрамында екі мың әскері бар хиуалықтар Жаңақала бекінісінің төңірегіне шоғырланады. Жанқожаға Ресейдің Райым бекінісінің бастығы Ерофив бастаған отряд көмекке келіп хиуалықтарды бірге талқандайды. Патша шенеуіктері мен әскерлері ауық-ауық елдің тыныштығын бұзып, бұл кезде егде тартып отырған Жанқожаға да маза бермейді. Орынбор шекаралық комиссиясының Сырдария жүйесі бойынша өкілі И. Осмаловскийдің көмекшісі болып есептелінетін тілмаш Мұхамедхасан Ахмеров пара жинауға шабармандарын Жанқожа ауылына жұмсайды. Жанқожа оларды «орыс заңында мұндай салық мүлде жоқ» деп қуып жібереді. Мұндай келеңсіз құбылыстарға ашуланған Жанқожа көтеріліске шығуға мәжбүр болады.1856 жылы желтоқсанның соңғы күндерінде көтерілісшілер Қазалыны қоршауға алды. Қаратөбе манындағы Л. Булатовтың отрядына бірнеше рет шабуыл жасады. Көтерілістің бас кезінде Жанқожаның 1500-ден аса сарбазы болса, 1857 жылы қаңтарда олардың саны 5000-ға жетті. Жағдай Орынбор генерал- губернаторы В. А. Перовскийді қатты алаңдатты. Ол генерал-майор Фитингофт бастаған 300 атты казак, 320 жаяу әскер, 1 зеңбірек, т.б. қаруларымен қоса сұлтан Елікей Қасымов бастаған бірнеше жүз казак жасағы бар жазалау отрядын аттандырады. Екі жақ Арықбалықтың тұсында кездесіп, бірнеше дүркін шайқас болды. Бақайшағына дейін қаруланған жазалаушы отрядқа көтерілісшілер қарсы тұра алмай, шегінуге мәжбүр болды. Екі күн бойы ізіне түскен жазалаушы отрядтың көзіне көрінбей, көтерілісшілер Қызылқұмға ойысып кетті.Жазалаушы отряд жолда кездескен қазақ ауылдарын шауып, тонаушылыққа ұшыратты. Фитингофт бастаған жазалаушы отряд ақпан- наурыз айларында көтерілісші халыққа қарсы тағы бірнеше рет жорыққа шығып, қазақ ауылдарына адам айтқысыз жауыздықтар жасады. 1856-1857 жылы қазақтардан тартып алынып есептелмей, талан-таражға түскенді қоспағанда, 79567 сомның малы сатылды. Көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейін Жанқожаға сатқындық жасаған рубасылар мен елағаларына ренжіп, Дауқара жаққа, одан Бұхар хандығы жеріндегі Ерлер тауына жалғыз кетіп қалады. Екі жылдан соң қайта оралып, Қызылқұмда жалғыз отырған Жанқожаны Елікей Қасымов бастаған казак отряды келіп өлтіріп кетеді.
49. Ресей империясының 1867-1868 жж. Қазақстандағы реформалары және олардың нәтижелері.1865 жылы үкімет Қазақ даласын басқару туралы «Ереженің» жобасын даярлау үшін Далалық комиссия құрды. Оның құрамына Ішкі істер министрліктің және жергілікті генерал-губернаторлықтардың өкілдері кірді. Ресей Қазақстанды басқарудың бұрынғы жүйесін түбірімен қайта құру міндетін алға қойды. Реформаны даярлау кезінде қалың бұқараның көңіл күйі назарға алынбады. Ш. Уалиханов Қазақстанда халықтың өзін-өзі басқаруына негізделген әкімшілік билік жүйесін енгізуді ұсынды. «Сот реформасы жөніндегі жазбаларында» ол қазақ халқы үшін әлеуметтік-экономикалық жаңашылдықтарды аса маңызды деп есептеді. 1867 жылы наурызда Қазақ жерін, Орта Азия өлкесін әкімшілікбасқару реформасының жобасын түпкілікті құрастыру үшін әскери министр Д. А. Милютин бастаған ерекше комитет құрылды. Нәтижесінде II Александр патша 1867 жылы 11 шілдеде «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша Ережені», 1868 жылғы 21 қазанда «Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтарының Дала облыстарын басқару туралы уақытша Ережені» бекітті. 1867 – 1868 жылдары реформаның негізгі мақсаты «Қазақ даласының XIX ғасырдағы Ресейдің басқа да бөліктерімен толық қосылуына қол жеткізу, Ресейдің қол астындағы халықтарды бір басқарманың астына біріктіру, жергілікті ақсүйектерді биліктен шеттету, рулық бастамаларды әлсірету» болды. Реформаның негізінде Қазақстан аумағы үш генерал-губернаторлыққа: Түркістан, Орынбор және Батыс Сібір, әрбір генерал-губернаторлық облыстарға бөлінді. Қазақстанның бүкіл аумағында 6 облыс құрылды, олардың екеуі – Жетісу мен Сырдария облыстары Түркістан, Ақмола және Семей облыстары Батыс Сібір, ал Орынбор мен Торғай облыстары Орынбор генерал– губернаторлықтарының құрамына кірді. Әрбір облыс белгілі бір шамадағы уездерден тұрды. Әкімшілік басқарма әскери сипатта болды. Облыстардың басында барлық әскери және азаматтық билікті толығымен өз қолдарында шоғырландырған әскери губернаторлар тұрды.1868 жылғы «Далалық облыстарды басқару» бойынша және 1867 жылғы Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару жөніндегі «Уақытша Ереже»бойынша болыстық басқарманың қолына полициялық және нұсқау таратушылық биліктер берілді. Ол «тыныштық пен тәртіпті» сақтауды, салық төлеуді және халықтың барлық міндеткерліктерін өтеуін бақылады. Оның міндетіне билер сотының шешімін орындату кірді. Ауыл старшындары өзінің құзырында болыстық басқармалардың міндеттерін орындады.«Уақытша Ереженің» 210-тармағына сәйкес Қазақ жері Ресей империясының меншігі болып жарияланды. Сұлтандардың барлық әлеуметтік-саяси және мұрагерлік құқықтары жойылды, ел билігі орыс шенеуніктерінің қолына шоғырланды.Ескі экономикалық және идеоло-
гиялық жағынан тұтас, туыстыққа негізделе біріккен әкімшілік-рулық ұжымдардың орнына «Уақытша Ережені» енгізудің нәтижесінде жасанды бірліктер пайда
болды. Осының бәрі қоғамдық билік жүйесінің дәстүрлі базасына әсер етті. Сондықтан тоқырауға ұшырады, оның маңызы, беделі және қажеттілігі төмендеді.
Реформа нәтижесі.1)Өлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты.2)Феодалдық – патриархалдық қатынасты әлсіреткен капиталистік құбылыстар ене бастады.3)Таптық жіктелу салдарын жатақтар қалыптаса бастады (кедейленген қазақтардың өндіріске жұмысқа жалдануы).4)Отарлық басқару күшейді.5)Қазақ жері Россия үкіметінің меншігі болды. 6) Орыс шаруаларын жаппай қоныстандыру басталды.