13. Оғыз мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
Қарлұқ қағанатының солтүстік-батыс жағында, Сырдарияның орта және төменгі бойында, оған жалғасып жатқан Батыс Қазақстан далаларында IX-X ғасырларда Оғыз тайпаларының ежелгі феодалдық мемлекеті қалыптасты. Оғыздардың ата-бабаларының әуелгі қоныстанған жерлері Ыстықкөлдің маңы. Оғыздар IX ғасырда Сырдария бойына келіп орналасады, бірақ ондағы кангар-печенег бірлестігімен ұзақ уақыт соғысуға тура келеді. Махмұд Қашғари Оғыз елінің 22 кейбір деректерде 24 тайпаға бөлінгенін және әр тайпаның өз белгі таңбасы мен туы болғанын айтады.
965 жылы Оғыз жабғуы Киев князі Святослав пен одақтасып хазарларды талқандады. 985 жылы оғыздар Орыс князьдарымен бірігіп, Еділ Булғариясын күйрете жеңді. IX-X ғасырларда Оғыз мемлекетінде ескі рулық-тайпалық институттардың тез ыдырауы жағдайында патриархаттық-феодалдық қатынастар дамыды. X ғасырдың аяғы мен XI ғасырдың бас кезінде Оғыз елінде алым-салықты тиянақты түрде жинап отыру жүйесі орын алды, бұл – мемлекетте тұрақты басқару аппаратының құрылғанын көрсетеді
XI ғасырдың басында Оғыз мемлекеті құлдырай бастады. Оған алым-салықты жыртқыштықпен аяусыз жинауға наразылық білдірген оғыз тайпаларының көтерілісі себеп болды. Бұл жағдай X ғасырдың екінші жартысында өкімет басына келген Әлиханның билік құрған кезіне жатады. Жабғының өкіметіне қарсы халық наразылығын, Жент маңына келіп қоныстанған салжұқтардың көсемдері пайдаланды. Салжұқ көсемдері Янгикенттегі оғыз билеушілеріне қарсы көтерілісті бастап, Жент қаласын басып алды, бірақ оны ұзақ ұстап тұра алмады. Осы кезде ел басына Әлиханның мұрагері Шахмәлік келіп, мемлекет едәуір кұшейді. 1041 жылы оғыздар Хорезмді жаулап алады. Алайда, арада екі жыл өткеннен кейін оғыздардың соңғы жабғысы Шахмәлік салжұқтардың қолына түсіп өлтіріледі. Салжұқтармен жүргізілген ұзақ жылғы соғыстар Оғыз мемлекетін қатты әлсіретті. Аяғында келіп Жабғы мемлекеті қыпшақ тайпаларының соққысынан біржолата құлады. Оғыздардың бірсыпыра топтары осыдан кейін Шығыс Еуропаға, Кіші Азияға қоныс аударды. Енді біразы Орта Азияға, Оңтүстік Қазақстандағы Қарахан әулетінің және Хорасанның салжұқ билеушілерінің қол астына көшті. Ал XI ғасырдың ортасында қыпшақтар талқандаған оғыздардың кейбір қалдықтары кейін келе Дешті Қыпшақтардың түркі тілдес тайпаларына сіңіп кетті.
14. Қыпшақтардың этно-саяси тарихы (IX-XI ғ.ғ)
XI ғасырдың екінші жартысынан бастап 1219 жылға дейін қыпшақ тайпалық одағы дамуының үшінші кезеңі жүрді. Осы кезде қыпшақ хандарының мәртебесі, күш-қуаты өсті. Олардың этникалық құрамы өзгеріп, қимақ, құман, ертедегі башқұрт, оғыз т. б. тайпалар кірді. Сондай-ақ қыпшақтардың этнос болып қалыптасуына түрік тілді қаңлылар, ұрандар, Шығыс Түркістаннан келген баяттар, түргештер, қарлұқтар, шігілдер әсерін тигізді.
ІХ-Х ғғ. қыпшақтар тарихы кимектер тарихымен қоса өрледі: қыпшақтар кимек қағанатына саяси тәуелді болады, конфедерацияға, сосын Кимек қағанаты құрамына кіреді.Қыпшақ тайпалары - 11-12 ғ-да Орт.Азия мен Шығ.Еуропадағы саны жағынан ең көп түркі тілдес тайпа.ХІ ғ. екінші жартысында қыпшақтар Маңғыстау мен Үстірт жерлеріне орнығады, олармен бірге сол арада оғыз тайпаларының біраз топтары да көшіп-қонып жүреді.Қыпшақтардың ХІ ғ. орта кезінде батысқа қарай жылжуының бастапқы кезеңі М.Қашқаридің географиялық картасында бейнеленген, ол картада қыпшақтардың мекені ретінде Еділдің ар жағы мен Каспий теңізінің арғы бетіндегі солтүстік-батыс жерлері көрсетілген, ал Еділ өзенінің өзі Қыпшақ елі ішінде қаладыҚыпшақ хандары өз мемлекетінің шекарасын еңейте отырып, оңтүстікте Тараз қаласының маңына дейін жетеді, сөйтіп Қарахандармен шектесіп жатқан жерден Қанжек Сеңгір бекінісін салады. Қыпшақ билеушілері мен Қарахандар арасындағы табиғи шекара Балқаш көлімен Алакөл шұңқырының көлдері болады.Солт-шығыс бетте қыпшақтар өркениет пен мәдениеттің Саян-Алтай ошағымен байланысты болған, бұл мәдениеттің иелері қырғыздар мен хакастар және басқа да тайпалар еді. Қыпшақ хандығының солтүстік шекарасы қазіргі қазақ даласын Батыс Сібірден айырып тұратын орманды дала зонасы арқылы өткен. Солтүстік Батыс жағында қыпшақтар Еділ бойы мен Орал өңірінің халқымен этникалық мәдени және саяси қарым-қатынас жасаған.Қыпшақ тайпаларының этникалық территориясы өздерінің этникалық-саяси бірлестігі шебінің тұрғысынан қарағанда,
негізінен тұрақты болған, тек оң-батыс шекарада ХІІ ғ. 30-жылдарынан бастап Хорезмшахтар мемлекеті тым белсенді саясатты жүргізуге көшеді. Қыпшақ тайпаларының ХІ ғ. екінші жартысы мен ХІІІ ғ. бас кезінде бұлғарлармен және башқұрттармен өзара алыс-беріс жасап, аралас-құралас тұруы қыпшақ тілі мен мәдениетінің оларға ықпал етуі бағытында дамып отырған.ХІ ғ. екінші жартысында ХІІ бірінші ширегі біткенге дейін қыпшақ хандарының жағдайы бірсыпыра тұрақтанып, саяси бірлігі біраз жақсарды. Бұған қарағанда, қыпшақтың этникалық - әлеуметтік қауымдастығында өз билігін бүкіл хандыққа жүргізе алатын жоғарғы хандар болғанға ұқсайды.
Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және жіктік жағынан да тең болмаған. Мүліктік теңсіздіктің негізі – малға жекеменшік болып табылады. Негізгі байлық жылқының саны болған. Жазба деректер хабарына сүйенсек, қыпшақтар еліндегі көптеген кісілердің бірнеше мыңнан жылқысы болған, ал кейбіреулердің жылқысының саны 10 мыңға жеткен және одан да көп болған деседі. Қыпшақ отбасының меншігіндегі малға ру-тайпа белгілері – таңбалар басылған. Хисапсыз көп малы бар ақсүйектер жеке меншігіне заң жолымен бекітіп берілмесе де, мал жайылатын өрістің бәрін меншіктеген. Жайылымдарды бөліп беруді, көші-қон мәселелерін реттеп отыруды қыпшақ хандары мен тайпа тектілері уысынан шығармаған. Бүкіл мұсылман Азиясы ішінде бірінші орын алуға ұмтылған Хорезмшах Мухаммед (1200-1220 жж.) мемлекеті құрамына ХІІІ ғ. бас кезінде Сығанақ облысы да кіреді. Сығанақ иелігінен айырылып қалғанына қарамастан, қыпшақ хандары Хорезмге қарсы қажырлы күресін жалғастыра береді. Жент қаласынан солтүстікке қарай Дешті қыпшақ еліне Мұхаммед Хорезмшах талай рет жорық жасайды. 1216 ж. Қадырханға қарсы аттанған әскери жорықтарының бірінде ол Ырғызға дейін жетіп, Торғай даласында қыпшақтар еліне қашып кірген меркіттерді қуалап келе жатқан Шыңғыс хан қолымен кездейсоқ соқтығысып қалады. Сұлтанмен айқасып қалғаннан кейін, монғолдар түн жамылып шегініп кетеді. Бұл монғолдардың Қазақстан жерінде алғаш рет болуы еді, бұған ілесе қыпшақтардың Хорезмшахтармен ұзаққа созылған бәсекесі тоқтап қалады. Моңғол басқыншылығының дәуірі келіп жеткен еді.1219ж монғол шапқыншылығынан Қыпшақ мемлекеті құлап, оның жері моңғол ұлыстарының құрамына енді.
15. Қарахан мемлекеті:этносаяси тарихы, Әлеуметтік экономикалық дамуы мәдени өркендеуі.
Х ғасырдың орта кезінде оңтүстік Шығыс Қазақстан мен Шығыс Түркістан жерінде Қарахан мемлекеті пайда болды. Орталығы – Баласағұн қаласы. Қарахан мемлекетінің құрылуы тарихында Қарлұқ конфедерациясы зор роль атқарды. Қарлұқтар мен бірге шікілдер мен яғма кірді. Қарахан мемлекетінің құрылуы Батыста Жетісудан
Испиджабқа дейінгі және Шығыста Қашқарға дейінгі ұланбайтақ аумақта болған саяси оқиғалар және Қарлұқ мемлекетінің ыдырауымен тығыз байланысты болды.Оғулшақтың немере інісі Сатұқ Боғраханды (915-955) Қарахан әулетінің негізін салушы деп есептейді. Исламды қабылдап, Саманилердің қолдауын пайдалана отырып, Сатұқ Боғрахан Оғулшаққа қарсы шығып, оны талқандады, сөйтіп Тараз бен Қашқарды бағындырды: 942 жылы ол Баласағұнда билеушісін құлатып, өзін жоғарғы қаған деп жариялады.Сатұқ өлгеннен кейін билік басына Мұса қаған келді. Ол Қағанаттың мемлекеттік діні ислам деп жариялады. Оның астанасы Қашқар болды. Мұса қаған қаза болған соң билік Әли-Арыстан қағанға өтеді. Ол Тараз бен Баласағұнды да өзіне бағынышты қалалар есебінде жариялаған. Қарахан мемлекетінің алғашқы саяси тарихы, Сатұқ ұрпақтарының ішіндегі ең күшті екі әулетінің Әли-Арыстан хан мен Хасан Бура ханның тұқымдарының арасында билік үшін ұзақ жылдарға созылған талас тартыстар басталды.Қарахан мемлекеті екі иеліктен тұрды:1)Шығыс хандық. Оның жері Оңтүстік Шығыс Қазақстан мен Шығыс Түркістан, астанасы Баласағұн, кейде Қашқар қаласы болып тұрған; 2) Батыс хандық. ОрталығыТараз, кейде Бұхар болған. Шығыс хандық қарахандықтардың негізгі бөлігі болып саналған. Сондықтан да оның қағаны дәстүр бойынша ұлы қаған деп есептелген. Жетісу мен Шығыс Түркістанды ХІ ғ. басында Хасан әулетінен шыққан Тұған хан билеп тұрды. Онымен Борға хан баласы Қадырхан Жүсіп бәсекелес болды.
1005 жылы Туған ханды Қадырхан Қашқардан тықсырып шығарды. 1017-1018 жылы Жетісу көшпелі тайпалар шабуылына ұшырап, көп ұзамай Туған хан дүние салды. Қадырхан күшейіп, Шығыс Қарахан мемлекетіндегі бүкіл билік оның қолына көшеді.1032 ж. Қадырхан иелігіне Жетісу, Испиджиб пен Тараз өңірлері Шығыс Түркістан қарайды. 1056 жылы Қадырхан баласы Иннал-тегін өкімет басына келеді. Иннал-тегіннің баласы Ибрахим болады. Осыдан кейін Шығыс қағанатының да он бес жыл бойы Қадыр ханның балалары Юсуар Торғулхан мен Бограхан Харун басқарады.Екі қағанат арсындағы шекара Сырдарияны бойлай өтеді. Орта Азия мемлекеттерімен қызу сауда жүргізеді. 1089 жылы Орта Азиядағы Салжұқ сұлтандығы шабуыл жасап Самарқант қаласын басып алады. Осы кезде Шығыс Қарахан қағанатына Шығыс Түрік қағанатының билеушісі Тоғырыл шабуыл жасап Қашқар қаласын өзіне қаратты. Осындай шапқыншылықтан кейін ХІІ ғ. 1 жартыжылдығында Қарахан мемлекеті іс жүзінде тарихи сахнадан шығып қалды.
Мемлекеттік дін ретінде — Ислам діні болды. Исламның (960 ж. Мұса жариялады) енуіне байланысты, араб әрпіне негізделген жаңа түркі жазуы қалыптасады. Түрік этносының ой-санасы өседі. Жүсіп Баласағұни есімі кең мәлім болды.
16. Түркілердің материалдық және рухани мәдениетінің ерекшеліктері (VІ-XII ғғ.).
Көне түркі дәуірінің мәдени, әдеби ескерткіштерін сөз етуден бұрын беретін келе қазақ халқын құраған тайпалық бірлестіктерінің тұрмыс- тіршілігі, әлеуметтік өмірі жайында бірер сөз айта кеткен дұрыс. Өйткені “Өз өміріндегі қоғамдық өндірісте адамдар өздерінің дегендеріне қарамайтын, белгілі бір, қажетті қатынастарда - өндірістік қатынастарда болады, бұл қатынастар олардың материалдық өндіргіш күштері дамуының белгілі бір сатысына сай келеді. Осы өндірістік қатынастардың жиынтығы қоғамның экономикалық құрылымы, реалдық базисі болып табылады, осыған келіп заңдық және саяси қондырма орнайды және бұған қоғамдық сананың белгілі бір формалары сай келеді. Материалдық өмірдің өндіріс әдісі жалпы өмірдегі әлеуметтік, саяси және рухани процестерді туғызады. Адамдардың санасы олардың болмысын бейленейді, қайта керісінше, олардың болмасы олардың санасын билейді.ордасы Орхон өзенінің (Монғолия) жоғарғы сағасында болды. Бумынның інісі қаған ҮІ ғасырдың орта кезінде Орта Азиядағы эфталиттер мемлекетін күйрете жеңді. Түрік қағанатының территориясы бұрынғыдан да ұлғайып, әскери қуаты арта түсті. Сөйтіп, “халықтардың ұлы қоныс аударуы” Қазақстанның, Орта және Алдыңғы Азияның, сондай-ақ Европаның этникалық және саяси картасын едәуір дәрежеде өзгертті. Қазақстан территориясында жергілікті тұрғындардың антропологиялық типіне монғол типтес элементтердің жайылуының алғашқы күшті толқындарының бірі және өлкенің бүкіл территориясында түркі тілдерінің кеңінен таралуы ғұндардың қысымымен болған шығыс тайпаларының миграциясымен байланысты болса керек. Орта Азия мен Қазақстан территориясында бірте-бірте патриархалды –феодалдық қатынастар қалыптасып, ежелгі феодалдық мемлекеттер құрыла бастады. Орталық Азиядағы көптеген тайпалық одақтардан бірігіп пайда болған осындай ежелгі феодалдық мемлекеттердің бірі. Түрік қағандығы (552-745 жылдар) еді. Бұл қағандыққа енген тайпалар алғашында Алтай мен Жетісудың бір бөлігін мекендеді. “Түрік” деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталады. “Түрік” этнонимі алғашқы кезде белгілі бір адамның ата-тегі шонжар топтағы немесе әскери ақсүйектерден шыққанын білдірген. Кейінірек бұл сөздің семантикасы бірте-бірте ұлғайып, билік жүргізуші, үстемдік етуші, яғни “патша” шыққан тайпаның символы болған. Бертін келе сол билік етуші тайпаға бағынышты болып қалған тайпаларды да көршілері түріктер деп атап кеткен. Батыс түрік қағандығы яки қағанаты – Түрік қағандығының негізінде 603 жылы құрылған ертедегі феодалдық мемлекет. Бұл қағанаттың территориясы Жетісу мен Шығыс Түркістанды, Тянь-Шаньның батыс беткейі мен Орта Азияны алып жатты. Қағанаттың орталығы Шу өзені алқабындағы Суяб қаласы еді. Қағанаттың бірінші басшысы – қаған, жоғарғы әміршісі әрі әскер басы болды. Батыс түрік қағанатының негізін қалаған Бумын қағанның інісі Істемі–қаған болды. Түріктер 558 жылы аварларды Батысқа ығыстырып, Еділ мен Жайық бойын өзіне қаратып алды. Білге қаған мен оның інісі Күлтегін осы ұлан-ғайыр қағанаттың тәуелсіздігін тан империясынан қорғау үшін күрескен. Кезінде Батыс түрік қағандығын құраған түрлі тайпалар кейіннен қазақ халқының құрамына еніп кеткені мәлім.Батыс Түрік қағанаты ыдырай бастаған кезде олардан қимақтар мен қыпшақтар оқшауланып бөлініп шықты. Қыпшақтар – ерте кезден-ақ Орталық Азияны мекен еткен көне тайпалардың бірі екені мәлім. Қыпшақ қоғамы – ертедегі феодалдық мемлекет бірлестігі ретінде өмірге келген. Олар Ертіс өзенінен бастап сонау Дунайға дейінгі ұлан-ғайыр кең алқапты мекен етті. Қазіргі қазақтардың арғы аталарының бірі саналатын қыпшақтарды Европада- қумандар, ал Ресейде - половецтер деп атаған. Сонымен ҮІ-ҮІІ ғасырларда көшпелі және жартылай көшпелі өмір сүрген қаңылылар, қарлұқтар, шігілдер, тухшлер, яғмалар, оғыздар, қимақтар, қыпшақтар, т.б. тайпалар бертін келе түркі тілдес халықтардың этникалық құрамына негіз болып қаланды.
17. Ортағасырлардағы қала мәдениеті (ІХ-ХІІ ғғ.).
Архелогиялық зерттеулерде ерте орта ғасырға қарағанда орта ғасырдың дамыған кезінде отырықшылықмәдениет өркендеп, қалалар саны көбейген.
Егер бұрын Оңтүстік қазақстанда 30 қаланың орны белгілі болса, ал кейнгі кезде зерттеулер бойынша, олардың саны 37 қалаға жеткен. Жазба деректерде алғашқы кезенде 6 қала ғана аталса, соңғы кезде 33-ке жетті.
Қалалар санының өсуі Шығыстың экономикалық, мәдени байланыстар жүйесіне қатысуға байланысты қалалар маңызының артқандығын көрсетеді. Екіншіден, қала манында жартылай көшпелі мал өсірушілердің отырықшылана бастауы қала санының өсуіне әсер тигізген.
Оңтүстік Қазақстанда қалалардың топтаса орналасқан жерлері – Арыс өзенінің Сырдариядағы қосылатын тұсындағы сағалары. Арыстың орта ағысында орталығы Осбаникент қаласы болған Кенже аймағы құрылса, ал өөзеннің сырдарияға құяр жерінде орталығы Отырар қаласы болған Фараб аймағы орын тепкен. Ал Шауғар аймағында
Қарнақ, Шур , Шағылжан қалалары болған. Сырдың орта ағысында – Сүткент, төменгі ағысында Сығанақ , Жанкент, Асынас Жент, Баршынкент қалалары өмір сүрген.
Қалаллық отырықшылық мәдениеттің тағы бір қанат жайған жері – Жетісу аймағы. Әсірісе оңтүстүк-батыс Жетісудың орталығы Таразда да қала мәдениеті өркендеген. Бұл аймақта 36 қала жұрты табылды. Солтүстік-шығыс Жетісудан (орталығы – Лабан, Алматы, Талхир қалалары) 70 қала жұрты ашылған.
Қалалар тек саны жағынан ғана емес, көлемі, экономикалық жағынан да өсіп отырған. Оны негізінен үш топқа бөліп қарауға болады. Бірінші топқа көлемі 30 гектардан асатын қала жұрттары жатады. Ондай қалалар Испиджаб, Отырар, Сауран, тағы басқалар. Екінші топқа 10 гектардан 30 гектарға дейінгі қалалар жатады. Мұндай қалалар Бурух, Хурлуг, тағы басқалар. Ал үшінші топқа көлемі 10 гектарға жетпейтін қалалар - Алмалық , Лавар , Қапал , Ақтам , Арасан , тағы басқалар жатқызылған.
Мұнадай қалалар 1 және 2- топқа қарағанда өте көп кездеседі. Қалалар көлеміндерінің үлкен-кіші болуының өзі, олардың тұрғындарының санына ғана емес, ішкі құрұлыс жүйелеріне, қоғамдық сауда , діни орындардың орналасуына да байланысты.
X-XII ғасырлардағы қалалар дамуының өзіне тән бір ерекшелігі - бұл кезде отырықшылық мәдениеттің дамуы Қазақстанның орталық және шығыс аймақтарына қарай жайыла бастауы. Мәселен , Ұлытау етегіндегі Басқамыр, Аяққамыр немесе Кеңгір өзенінің бойындағы Сарайлы, Торайлы қалаларының өмір сүруі қалалық мәдениеттің дамуын көрсетеді.
Қала құрылысындағы өзгерістер. Қалаларға жүргізілген археологиялық
Зерттеу жұмыстары олардың ішкі құрылыс жүйелерінен толық мағлұмат береді.
Дамыған ортағасырлық қалалар Отырар, Тараз, Талғар, Баба-Ата, Құйрықтөбеге кең көлемде жүргізілген қазаба жұмыстары, бұл қалалардың қоғамдық құрылыс орындары жобаларының қанадай дәрежеде болғандығын көрсетті. Көшелер онын екі жағына салынған үйлер, шаруаға қажетті бөлмелер, олардан аулақтау жерге шеберханалар аршылған. Шеберханалар – қыш-құмыралардың махалласы тұрғын үйлерден алыстау салынатын болған. Жазба және археалогиялых деректерді салыстырғанда, ертедегі орта ғасырдағы қыш құмырашылар махалласына қарағанда дамыған орта ғасырдағы құмырашылар шеберханалары екі-екі жарым есе ұлғайған. Бұған байланысты үйлер саны да өскен. Отырар қаласын қазған кезде сауда орны анықталған. Оған басты дәлел, бұл аумақта жүріс-тұрыс көп болғандықтан , көшеге қыш-құмыралардың сынағы төселген. Құмыршылардың шеберханасы қаланың оңтүстік жағында, биіктеу жерге салынған. Қолөнер шеберлері шоғырланған қала көшелелері сол негізгі кәсіп атымен (Зергерлер көшесі) аталған.
X-XII ғ. Қалаларыедағы басты бір жаналық – жаңадан салына бастаған қала құрылысының ерекше бір жүйесі – мұсылман дінінің енуі байланысты мешіттердің пайда болуы. Осы кездегі қалалардың құрылыс жүйесінің тағы бір жаңа түрі – шығыс моншасы. Отырар қаласының екі жерінен шығыс моншасының орны табылған. Мұндай моншалар Тараз, Йасы, тағы басқа қалалардан да белгілі болған. Тараз, Отырар моншаларына су қыш құбырлармен тартылған. Мұның өзі орта ғасыр мәдениетінің даму дәрежесін көрсетеді.
Зерттеу жұмыстары қалалардың бекінісітері жайлы да мәлімет береді. Отырар қаласының дуалы да мәлімет береді. Отырар қаласының дуалы табанының қалындығы 6,2 м болса, ол жоғарылаған сайын сүйірленіп, 1,5 м-ге дейн жұқарған. Қалалардың қорғаныс жүйелері олардың үлкен-кішілігіне байланысты әрқалай болған. Мәселен, Х ғасырдағы Баба-Ата қаласының шахристанының дуалы екі қатар етіп кірпіштен тұрғызылған. Дуалдың жиегіне кірпіштен кемер жасалған. Ол жерге қарауыл немесе қаланы немесе шабуылдан қорғаушылар тұрған.
Жетісу аймағындағы қалалардың қорғаныс жүйелері, ішкі құрылыс жүйесі де өзгеше болған. Жергілікті ру-тайпалардың отырықшылануына байланысты, Талғар қаласының ішіндегітұрған үйлердің жанында малға арналған қора-жайлар да салынған.
Сонымен, Х ғасырдан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі кезенде Қазақстандағы қалалардың құрылыс жүйелерінде елеулі өзгерістер болды. Ол қаланың үшінші сыртқы бөлігінде қалыптасуы, махаллалар көлемнің ұлғаюы, қала құрлымындағы жаңа элементтер – мешіт, монша сияқты қоғамдық құрылыстар салынып, қорғаныс бекіністерінің неғұрлұм мықты бола түсуіне көрінеді.
Тұрғын үйлер. Х-ХІІ ғасырлар қалаларына жүргізілген қазба жұмысының кезінде аршылған үйлердің құрылыс жұйелері ерте орта ғасыр кезінде (VІ-ІХғасырлар) салынған үйлерге ұқсас екендігі байқалды. Бірақ Х ғасырдың тұрақ-жайларында бөлме сандары көбйе бастайды. Бөлменің еден дейіңгі тек кіреберіс алдындында ғана сақталды. Сәкілер бөлменің жартысын, тіпті үлкен бөлігін алып тұрады. Бөлмеге аузын есік жаққа қаратып тандыр ошақ орнатылды. Мұражасы тандырдың артқы жағынан тесіліп, түтін қабырғаның бойымен үйдін төбесі арқылы шығарылған. Ал тандырдың жанында төрт бұрышты 30х30 см, беті ашық ошақ болады. Оған қазап тұрған шоқ салып қояды. Ол үйге жылу беру үшін пайдаланылған. Үйдің төбесі бір немесе 3-тен 5-ке дейін белағаш қойылып немесе итарқа етіліп жабылған. Үйдің төбесінің жабылуы оның көлеміне байланысты болған.
Тандыр ошақтың оң жақ бұрыш қабырғасында ыдыс-аяқ қоятын
ұя-тақта жасалады. Қабырғанын ортасында шырақ немесе әр түрлі ұсақ-түйек құрал-саймандар қоятын ойықтар болады. Ал ошақтың алдында күл түсетін шұңқырлары бар.
ХІ-ХІІ ғасыр тұрғын үйлері құрылысында да өзгерістер болған. Мәселен, Құйрықтөбе қаласын қазғанда қатар жасалған үш бөлмелі, бір-бірімен байланысты үйлер аршылған. Қазақтар ондай үйлерді “қоржын үй” деп атаған. Ондай үйлер қазақ қыстауларында көптеп кездеседі. Олардың сәкілері бөлмелердің тең жартысын алып жатады. Сәкілердің үстіне, еденге орналасқан ашық ошақтар соқпақша, дөңгелек, таға тәрізді болып келеді. Бөлмелердің көлемі әртүрлі болған. 30 шаршы метрден 40-50 шаршы метрге дейін жететіндері кездеседі. ХІІ ғасырдың тұрғын үйлеріндегі тағы бір ерекшелік – еденге орнатылған дөңгелек немесе тік бұрышты темір ошақтар. Олар өсімдік және геометриялық өрнектермен безендірілген. Бұл ошақтар Орта Азия тұрғын үйлері бөлмесінің ортасындағы сандалдарға ұқсас. Бірақ тардың кигіз үй ортасындағы ошақтарынан ешбір айырмашылығы жоқ. Мұндай ошақтардын маңызы өте зор болған Олар үйге әрі жылу, әрі жарық берген. Ошақ айналасына отырған отбасы мүшелері әңгіме-дүкен құрған, тәлім тәрбие мәселелерін талқылаған.
ХІІ ғасырдағы және бір жаңалық, бөлмелерде ошақ алдында ташнау болған. Ташнау деген бүгінгі күнде көп қабатты үйлерде пайдаланып жүрген канализацияның қарапайым түрі. Ол үшін ошақ алдында терендігі екі үш метр шұқыр қазылып, оған түбі арнайы тесілген күбі құбыр орнатылады. Тесіктін үстінен қалындығы 4 – 5 см, төрт бұрышты 30х30 см күдірілген кірпіштер төселіп, олардың тесігінің астындағы күбі құбыр тесігінің тұсы ашық қалдырылады. Кейбір ірі қалаларда ташнаудан арнайы қыш құмыралар тартылып, қаланың сыртына қарай шығарылған.
Х – ХІІ ғасырлардағы Жетісу аймағындағы қалалардың үй құрлыстарында өзіне тән жергілікті ерекшеліктері болды. Үй бөлмөлері белгілі бір негізгі құрылыстың төңірегіне топтастырылып салынады. Көлемі 500 – 600 шаршы метр келетін аумақ дуалмен қоршалып , оның ішкі жағынан дуалға тақап жағалай тұрғын үйлер салынады да, ортасы аула ретінде пайданылады. Мұндай тұрақжайлар кішігірім қорған сияқты болған. Бөлмелері қатар – қатар орналасқан. Ортадағы ашық аланаға мал қораланып, киіз үйлерде тігіледі. Мұндай жағдай Жетісу қалаларында жиі кездеседі.
Мәдени мұраларды зерттеу, сақтау және оны қолданудағы бетбұрыс Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бүгінгі Қазақстанның алдында тұрғын маңызды міндеттерімен өатар мәдени мұрамызды дамыту мәселесі жайлы айтқан Үндеумен тығыз байланысты. Осыған байланысты 2004 – 2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» атты мемлекетік бағдарлама жасалды. Қазақстанның ежелгі және ортағасырлардағы тарихы жазылуда, біздің туған тарихымыз осылайша тірнектеп жинақталуда.
18. Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерін талдаңыз (Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Махмуд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Ибн Сина, Райхан Бируни және т.б.)
Ғалымдар Қайта өрлеу дәуірін Ренессанс деп атайды, өйткені бұл кезеңде антикалық дәстүрлер қайта жаңғырып, ғылым мен мәдениетте, әдебиетте өрлеу, өркендеу байқалды. Ренессанстың алғашқы ғалымдары мен жазушылары, философтар түркі ойшылдары еді. Олардың Ренессансы ІХ-Х ғасырларда-ақ басталды, Европаға Ренессанс бірнеше ғасырдан кейін келді.
Әбу Насыр Әл Фараби (870-950 жж) бүкіл әлемге «Екінші ұстаз» ретінде танылды (бірінші ұстаз болып ежелгі грек философы Аристотель саналады). Әл Фараби ғұлама ғалым, философ, математик, өнертанушы, әдебиеттенушы, ақын болатын. Ол қазақ жеріндегі Отырар қаласында дүниеге келді. Арыс өзенінің Әмударияға құятын жеріне жақын орналасқан Отырар қаласын қыпшақтар Қарашоқы деп атады.
Ортағасырларда Отырарда қыпшақтар, қаңлы, қоңырат сияқты, кейіннен қазақ хандығының құрамына енген рулар өмір сүрді. Отырар қаласының өзі жартылай көшпелі, жартылай жер өңдейтін диқаншылар қаласы бола отырып, Арал теңізі жағасындағы халықтардың сауда мен айырбас орталығы ретінде әйгілі болды. Арабтар Отырарды Фараб деп атады, Әл Фарабидің есімі де осы қаладан шыққандығын білдіреді. Қыпшақ тілінде Әл Фарабидің толық есімі – Мұхаммед Ибн Мұхаммед Ибн ұзлағ Тарахани, мұндағы «тархан» сөзінің мағынасы, біріншіден, түркіхалықтарынан шыққандығын бірлесе, екіншіден, қағандарға жақын бай, шонжарлар ортасына жататынын көрсетеді, «тархан» сөзі- «патшазада» мағынасын да білдіреді. Оның негізгі трактаттары мен философиялық еңбектерінің жалпы саны екі жүзден асады. Философиялық және матемтикалық еңбектерінің ішінде әйгілері «Альмагеске түсініктемелер», «Метафизика», «Ғылымдардың пайда болуы туралы», «Әріптестер кітабы», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» және басқалары. Әл Фараби алғашқылардың бірі болып поэтикалық өнер психологиясын зерттеп, поэзия туралы үлкен трактат жазды, өзі де тамаша ақын болатын.
Жүсіп Баласағұн 1015 немесе 1016 жылы Баласағұн қаласында туды. Ол кездері Баласағұн қаласы Күз-Орда болып аталатын. Жүсіп бай, белгілі түркі отбасынан шыққан, сол уақыт өлшемі бойынша өте терең білім алған, парсы-тәжік және араб поэзиясын тамаша білген, олардың әсері ақын шығармаларынан байқалып отырады. «Құтты білік» - Шығыс ақындарының көптеген буындарына үлгі болған, ерте түркі поэзиясының аса құнды маржандарының бірі. Оны ақын қартайған шағында Қашқар қаласында жазған. Жүсіп Қашқар әміршісі сарайында қызмет етсе керек, өйткені поэма-әмірші мен оның айналасындағыларға өзін-өзі қалай ұстау, тәрбиелі болуды үйретіп, өмірдің әр қилы жағдайларында не істеу керектігін насихаттайды. Бұл поэманы Қашқар мен Табғаш империясының бүкіл шығыс бөлігінің әміршісі Боғра-Қара –Хақанға сыйлаған соң Жүсіп «сарай министріне» тең «ұлық хасс-хаджиб» лауазымы мен үлкен қызметке ие болады.
«Құтты білік» 6520 бәйіттен құралған, қосымша 124 бәйіті бар, Бәйіт – ұйқасқа құрылған екі тармақтан тұратын өлең. Кіріспесінде поэманың боғрахан тілінде түркі сөздерімен жазылғаны, араб, тәжік тілдерінде мұндай кітаптар көп болғанымен, түркі тіліндегі даналарға белгілі алғаш кітап екені айтылған.
Шығарманың басты идеясы – патша - әкімдерді де, қарапайым халықты да әділ, дұрыс өмір сүруге үйрету. «Құтты білік» бірінен бірі туындайтын төрт құрамдас бөліктен құралған. Біріншісі: әміршісі идеалды әділ және шыншыл болуы керек. Шыншылдық үлгісі ретінде Күнтуды патша келтірілген. Екінші бөлімі: әмірші мен оның айналасындығылар елдің ішінде әділдік, бақыт пен байлық болуы үшін қызмет етуге ұмытылуы тиіс. Бақытты өмір үлгісі ретінде Айтолды уәзірдің өмірі келтірілген. Үшінші бөлімінде: қоғамда әділдік пен бақытпен бірге ақыл мен білім болуы тиіс. Білім мен ақыл үлгісі ретінде уәзір ұлы Өгділміш айтылады. Және соңғы бөлімінде – адамның әр нәрсенің де шегін біліп, уақытында өзін тоқтатуы керектігі айтылған. Мұндай қарапайымдылық үлгісі ретінде Оғдұрмыш дәуріш берілген.
Махмұт Қашқари (11 ғасыр) – ортағасырлық Шығыс ғалымдарының ішіндегі жарқын жұлдыздардың бірі, ұлы түркі филологы, ақын, әрі тарихшы. Ол көне түркі сөйленістерінің алғаш түсіндірме сөздігін «Диуани лұғат ат-түрк»- «Біртұтас түркі тілдерінің сөздігін» жазған. Бұл еңбек көне түркі филологиясы бойынша бізге жеткен жалғыз тұтас еңбек қана емес, сонымен бірге көне түркі филологиясының озық туындысы, көне тілдер қалпын терең зерттеумен қатар, сол дәуір тайпалары өмірінің энциклопедиясы, халық даналығының нағыз қазынасы. Кітапта көптеген өлеңдер, халық әндері, мақал, мәтелдер, жұмбақ, аңыздар мен ертегілер, сонымен қатар тарихи деректер келтірілген. «Диуани лұғат ат-түрк» оқырмандарға көне және ортағасырлар дәуіріндегі түркілердің өмірі, астрономия, география, медицина, математика саласындағы білімі туралы мәлімет береді. Махмұт Қашқари көне түркі тілін ғылыми тұрғыда зерттеп, оның жергілікті ерекшеліктерін бір-бірімен салыстырған, ауыз әдбиеті үлгілерін жинаған алғашқы тілші ғалым, философ, саяхатшы, этнограф. Махмұт Қашқар қаласында білім алған, сондықтан оны басқа Шығыс ғалымдары Қашқарлық Махмұт ретінде атаған. Ол Қашқар қаласымен ғана шектеліп қалмай, Самарқанд, Бұқара, Нишапур, Мерв пен Бағдатта білім алуды жалғастырды. Ол өзінің сөздігіне қажетті материалдар жинақтау үшін көптеген түркі рулары мен тайпаларының тілі мен ауыз әдебиеті үлгілерін, тарихы мен дәстүрі, этнографиясын зерттеді. Осы мақсатпен Қашқар, Жетісу, Хорезм, Мәуереннахр жерлеріне саяхат жасады, тіпті түркілер Аттила (Еділ) жорығынан кейін қалып қойған Рим жеріне дейін барды, филологиялық мәліметтердің құнды қазынасын жиыстырып, өзі құрастырған сөздігіне өңдеп енгізді.
«Диуани лұғат ат-түрк» - барлық түркі тілдес халықтардың ортақ рухани мұрасы. Сөздікте бар-жоғы 6000 сөз берілген, бұл сөздер түркі тілдес халықтардың көпшілігіне түсінікті. Кітапқа енген халық ауыз әдебиеті нұсқаулары, екі жүзден астам өлеңдер, қысқаша новеллалар, мақалдар мен мәтелдер көне түркі тілінің қалпы туралы неғұрлым толық түсінік қалыптастырып, сол кезеңдегі сөзжасам тәсілдері, сөйлем құрау принциптері туралы тың мәліметтерге бай. Осылайша, бұл кітап көне түркі әдебиеті бойынша әлемге әйгілі алғаш хрестоматия болып табылады.
«Диуани лұғат ат-түрк» ортағасырлық түркі халықтары ой-санасының ғажайып ескерткіші, біздің көшпенді бабаларымыздың мәдениетінің айғағы болып табылатын құнды қызына.
Қожа Ахмет Яссауи – көрнекті орта ғасыр ақыны, діни қызметкер, сопылық ілімнің негізін қалаушы,тірі кезінің өзінде-ақ әулие болып саналған діни философ Сайрам (Испиджаб) қаласында туған. Нақты туған жылы белгісіз. Аңыз бойынша Ахметтің рухани жетекшісі мен тәрбиешісі әйгілі шейх арыстан-баб. Ұстазы қайтыс болған соң, Ахмет Яссауи Бұқараға көшіп кетеді. Онда әйгілі шейх Қожа Жүсіп Хамаданидан дәріс алып, өзі де діндардар ұстазы болып, «шындықты таныту жолын» үйрету құқығына ие болады. Бірқатар уақыт бойы Бұқара сопылары қоғамының басшысы болады, бірақ сенімі оны Ясы қаласына әкеледі. Ол мұнда діндарлық қызметін кеңінен жүргізеді. Ясы қаласы 16ғ. бастап Түркістан болып аталған. Ясыдан шыққан Қожа Ахметтің аты бүткіл мұсылман әлеміне кең тарады. Оны қарапайым адамдар қадір тұтқаны соншалық, оның қайырымды болуға, сараңдық пен екі жүзділікке қарсы дәрушілік философиясын құрған өлеңдері дала халықтары арасында кеңінен танымал басқа да жерлерге таратты. «Даналық кітабы» - «Диуани хикмет» ислам дінін уағыздайды, осы уқытқа дейін мұсылман заңдарын әлі толық сіңіріп бітпеген қарапайым халыққа бұл діннің мәні мен мағынасын түсіндіреді. Бұл кезде де түркі тайпалары тәңірлік дінді ұстанатын еді. Араб-парсы тілдерінде жазылған кітаптар дала халықтарына түсініксіз болатын. Даналық кітабы арқылы халықтар ислам әлемімен, сопалық ағымның ой-пікірлерімен танысты. Адамның рухани өмірінің таза болуы, аққатты іздеп табуды, ізгілік, адамгершілікке шақыруы арқылы әділдіктен үлкен ештеңе жоғын айтады. Сондықтан Қожа Ахмет өз өлеңдерін түркілер, дала халықтары сөйлейтін-оғыз қыпшақ тілінде жазды. «Даналық кітабының» негізгі тақырыптары төртеу, біріншісі – шаригат деп аталатын ислам заңдары мен дәстүрлерінің жиынтығы, екіншісі – тарихат, философиялық ілім ретіндегі сопылықтың идеяялық мәні мен мақсаты, үшіншісі – марифат, бір ғана құдайдың діні ретінде исламды зерттеу мен мәнін танудың қажеттілігі, төртіншісі –хақиқат, құдайды идеалды тану мен оган шындыққа секілді жакындауга ұмтылу. Аңыз бойынша, құдайға шын сенген адамға бұл дүниеде ұзақ өмір сүрудің керегі жоқ, сондықтан, Қожа Ахмет 63 жасқа жеткен соң мешіт жанындағы жерасты қылуетке түсіп, өмірінің қалған уақыт сонда өткізеді. Жер астында Мұхаммед әулиенің нағыз шәкірті тағы да 63 жыл өмір сүрді деседі. Жерасты қызмет жанында оның көптеген шәкірттері, сонымен бірге отбасыда бірге өмір сүрген. 1116 ж. өлген соң, ол әулие ретінде, арнайы тұрғызылған мавзолейге барлық сән- салтанатымен көміледі, кейініректе бұл жер мұсылмандардың зиярат ететін қасиетті жеріне айналды. 14 ғасырда монғол шапқыншылығынан кейінгі қираған қалалар қалпына келтіріле бастады, соның ішінде Ясы қаласы да, онда жерлеген Қожа Ахметтің қызы Гауһар мен күйеу баласы Әли Қожа, Баба-Араб мешіті және басқа да көптеген ортағасырлық ескерткіштер қайта жаңғырды. Қожа Ахмет кесенесі зиярат етушілерінің көптеген сыйлары мен таратуларының арқасында сол уақыттың ең бай кесенелерінің біріне айналды. Әмір Темір (Темірлан) бұл киелі жерлерді өзінше қастерледі. 1395ж. Тоқтамысты жеңген соң, жеңіс құрметіне ескірген Ахмет Яссауи кесенесінің орнына үлкен ғажайып мемориалды кешен тұрғызады. Бұл ескерткіш әлі күнге дейін біздерді ортағасырлық архитектураның ғажайып туындысы ретінде тамсандырып келеді. Ғұлама ақын; адамдарды рухани тазалыққа, имандылыққа, хақ жолына адалдыққа, өмір бойы жете түсуге, дін ережелерін меңгеруге, мейірімділікке, қанағаттыққа, БАСҚА ДАНА ҚҰНДЫЛЫҚҚТАРҒА БАСТАҒАН.
19. Найман және Керейт ұлыстарын сипаттаңыз.
Наймандар ұлысы. 11-13 ғасырларда Қазақстанның шығысында өмір сүрген іргелі мемлекет. Жазба деректер бойынша Найман мемлекетінің алғашқы билеушілері 1143 жылдан бастап белгілі. Соның ішінде Рашид-ад-Дин: «Наймандардың хандығы қадірлі, қуатты, халқының саны көп, әскерлері де жауынгер еді» деп жазады. Оның ол кездегі ең белгілі қағаны Білге Бұқа қаған еді. Елді тайпалардың белді өкілдері мен ақсақалдар, батыр, қолбасшылары бас қосатын «Хан Кеңесі» арқылы басқарған. Білге Бұқаның екі баласы Таян хан мен Бұйрық хан таққа таласып қыорқсып мемлекетті екіге бөліп алды да өзара соғысып әлсіретіп тынды. Сондан қазір Наймандардың бір бөлігі – Солтүстік Наймандар –Алтай, Зайсан, Марқакөл, Қара Ертіс бойында қалып қойды, бұл «Бұйрық ханның Наймандары» деп аталды, екінші бөлігі Оңтүстік Наймандар – Жетісу, Сыр бойына қарай ойысты да оларды «Күшлік ханның Наймандары» деген.
Осылайша өзара бөлшектеніп әлсіреген Наймандар елін, соның ішінде 1199 жылы Бұйрық ханның елін және 1204 жылдары Күшлік ханның елін Шыңғысхан мен оның Одақтастары жаулап алды. 1208 ж. Шыңғысханнан қашқан Күшлік бастаған наймандар Қарақытай еліне қашып келеді. 12 ғ. керейттер мен меркіттер қосылған Наймандар конфедерациясы Орталық Азиядағы ірі мемлекеттік құрылым болады. Ал наймандардың шығу тегі әлі белгісіз, жаңа мәліметтер олар түркі тілдес тайпалар дегенді айтады. Ол "сегіз" деген мағына береді дегенді айтады. Көп тарихшылар Наймандардың арғы шығу тегін Қиыр Шығыстан келген Ляо империясымен, яғни Қидан империясының тарихымен байланыстырады. Оған дәлел ретінде жазба деректер бойынша Солтүстік Наймандардың халқын Найман, Арғын, Қаңлы, Қаракерей рулары құрағанын, ал Оңтүстік Наймандар елінің халқын Найман, Албан, Суан, Ысты рулары құрағанын айтады.
Наймандардың батыс жағында - Ертіс бойын мекендеген Қаңлылар елі мен Сарыарқа даласындағы Қыпшақ хандығы бірлестігі, солтүстігінде - Енисей қырғыздары мен Хакастар, шығысында - Шығыс Моңғолияда көшіп жүрген Керей хандығы, ал оңтүстігінде отырықшы Ұйғырлар болды.
Керейттер ұлысы.
Керейт мемлекеті 9 ғасырдың аяғында Алтайда, Монғолия далаларының батысында қалыптасады. Этникалық құрамы түркі тілді және монғол тілді жұрттан құралды. Керейттердің батысында - наймандар, солтүстігінде меркіттер, шығысында татарлар, оңтүстігінде - таңғұттар тұрады. Керейт тайпалары көсемдерінің екі ордасы болған. Солтүстік ордасы Орхон өзені бойындағы Қатынбалық қаласында және оңтүстік ордасы Хуанхэ өзені бұрылысының теріскейінде. Орхондағы Бас орда өте қолайлы географиялық жерде орналасқандықтан, сауда дамуына қолайлы болды. Сондай-ақ миссионерлер жиналатын орынға да айналды. 1007 ж. Керейттердің ақсүйектері наймандардың билеушілерімен бірге христиан дінінің нестроиандық тармағын қабылдады. Ал көпшілік қара халық баяғы көшпенділердің Тәңіршілдік дінінде қала берді. Іс жүргізу кең тарады. Құжаттар мөр басу арқылы бекітілген. Қоғамның таңдаулы тобында қызмет орындары мұра болып берілген.
Керей хандығына енген негізгі тайпалар – керейіт, сахайыт, тумауыт, албат, тункайт-кирун, торғауыт рулары болса олардың халық санын Рашид-ад-Дин «200 мыңдай халқы бар еді» деп көрсетеді. Керей хандығы 12 ғасырдағы Маркуз Бұйрық ханның тұсында өрлеген мемлекетке айналады. «Алтын кеседен ас ішіп, алтын ер-тұрман сайлаған бұл халық еді» деп көрсетеді орта ғасырлық жазбалар Керейлер ұлысын. Тайпалар мыңдықтар мен Жүздіктерге бөлінген. Олардың бас қаласы Қарақорым болды. Маркуз Бұйрық ханның немересі Куржакуз Бұйрық хан қаза болғаннан кейін оның ұрпақтары арасында тақ таласына қырқыс басталады. Осы кезде Тоғрул хан (Уаң хан) бастаған жікшіл топқа Монғолдардың Есугей ханы (Шыңғысханның әкесі) бастаған көршілес далалықтар қолдау көрсетеді. Содан соң Керейлер мен Моғолдар өзара ант су ішкен Тату көршілер ретінде («Анда» дейді) ант беріседі.
Осы қатынас Шыңғысхан тұсында да жалғасын табады. Шыңғысханның Монғолдардың ханы тағына келуін Тоғрул ханның Керейлері қолдайды, одан соң Шыңғысханның әйелі Бөрте ханшайымды қайтадан тартып алуға Темучиннің ар-намысын үшін Меркіттерге қарсы 1719 жылғы жорыққа бірге қатысады (Тоғрул-Жамуха-Темучин одағы). Бұл жорыққа қосылуға Керейлер 20 мың атты әскер жіберген. 1198 жылы Шыңғысханмен бірігіп, татарларды талқандайды, 1201 жылы Темучинмен ашық тайталасқа шыққан Жамуханың Алақай-бұлақ одағын күйретеді. 1203 жылы тағы да Темучинмен бірлесіп, Наймандар еліне жорыққа қатысып, Найман елінің батыс қанатына соққы береді. Бұл жорықтар Шыңғысханның ұлы империясының құрылуына Керей мемлекетінің қосқан орасан зор үлесін көрсетеді.
Алайда 1203 жылы осы «екі алыптың» шайқасында Тоғрул хан жеңіліп, оның халқы Шыңғысхан әскерлерінің жартысын құрады. Бұлар Абақ Керейлер болса, Шыңғысханға мойын ұсынғысы келмеген Керейлер Орта Азия мен Батыс Қазақстан жерлеріне жеткен. Соның ішінде Орта Азиядағы Керейлерді қазір Ашамайлы Керейлер деп атайды. Ашамайлы Керейлер Қазақ халқымен бірге Қарақалпақ халқының және Өзбек халқының құрамында кездеседі. Олар бұл аталған халықтар құрамында негізінен Керей деп емес «Ашамайлы» руы деп аталады. Ал батыс Қазақстан жеріне жеткен Керейлер қазір Кіші жүздің құрамында. Бұл ру қазір Керейіт (Кіші жүз Керейлері) деп аталады. Керейіттердің және оның ішіндегі аталарының Торғай, Орал бойын мекендеген бір бөлігі Башқұрт және Ноғай халықтарының құрамында кездеседі.
Тарихта 12 ғ. соңында Темучиннің саяси өрлеуі басталады, ол меркіттер мен татарларды талқандағаннан кейін, сөйтіп 1203 ж. керейттерді бағындырады, ал 1206 ж. наймандарды жеңеді. Қалған наймандар Күшлік бастауымен Алтайға, керейттер мен меркіттерге қосылады. 1211 жылы Күшлік пен онымен одақ құрған хандар Жетісудағы Қарақытай мемлекетін жояды. Шыңғысхан әскерлері көп кешікпей оларды өкшелеп, Қарақытай мемлекетін де, одан әрі Хорезмшах елін де жаулап алды.
Сонымен, бұл аталған кезеңдегі, қыпшақтар, қаңлылар, меркіттер, керейттер мен наймандардың мемлекеттері 10-13 ғасырларда қазақ халқының этногенетикалық процестеріне үлес қосқаны созсіз. Сондықтан бұл кезең тарихта қазіргі Қазақ халқының қалыптасу кезеңі оретінде танылады да аталған елдер алғашқы мемлекеттіліктің көріністері ретінде анықталады. Қыпшақ-Керей дәуірі Шыңғысханның жорықтарымен аяқталып, енді Қазақ халқы өз тарихындағы шешуші кезеңге – Алтын Орда-Ақ Орда кезеңіне аяқ басады. Бұл кезең Шыңғысханның көшпенді империясы иемденген қазақ халқының жерінде «Жошы Ұлысы» және «Шағатай ұлысы» деп аталған мемлекеттердің құрылуынан басталады.
20. Монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды жаулау тарихын жүйелеп көрсетіңіз.
ХІІ ғ. аяғы мен ХІІІ ғ. басында Монғолия жерінде қият-бөржігін тайпасының билеушісі Есугей баһадурдің баласы Темучин (1155-1227) билік еткен ірі көшпелі мемлекет құрылды. Ол 20 жылға созылған қиян-кескі күрес барысында Монғолияның бүкіл тайпаларын өз қол астына біріктірді. Егер бұрын Монғолияны мекендеген тайпалардың көпшілігі татар деген атпен (ең қуатты тайпалардың бірінің аты бойынша) белгілі болса, енді мемлекеттің нығаюына байланысты Монғолия тайпалары өздерін монғолдар деп атай бастайды да, бұл термин жинақтаушы этникалық-саяси мәнге ие болады. Қытай деректерінде бүкіл Монғолияның халқы «татарлар» деп аталған, осы атау араб, парсы, орыс және батыс европалық деректерге ауысқан. Жалпы «татарлар» атауының шығыс-монғолдық тайпалардың бір бөлігіне ғана қатысы бар. «Татар-монғолдар» және «монғол-татарлар» атауы кейін пайда болған.
ХІІ-ХІІІ ғғ. межесінде монғол қоғамында феодалдық қатынастардың қалыптасу процесі жүріп жатты. Бұл қоғам екі топқа – ақсүйек нояндарға және еңбекші халық – араттарға бөлінді.
1206 жылы көктемде Темучинді жақтаушы монғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы болып, онда ол Шыңғыс хан деген атпен монғолдардың әміршісі болып салтанатты түрде жарияланды. Шыңғыс хан тұсында Монғол империясының астанасы Қарақорым болды. Монғол мемлекеті әскери-әкімшілік ұйым негізінде құрылды. Мемлекет аумағы үш әскери әкімшілік аймаққа бөлінді. Әр аймақ бірнеше түменнен, түмен 10 «мыңдықтан», әр мыңдық – 10 «жүздіктен» тұрады. Армия темірдей тәртібі және жоғары әскери дайындығымен ерекшеленді. Монғолдардың әскери басымдыққа жетуіне Шыңғыс ханның жауапты орындарға этникалық және әлеуметтік шығу тегіне қарамастан батыл да іскер адамдарды қоюы көп әсерін тигізді.
1207-1208 жж. Шыңғыс ханның үлкен баласы Жошы Енисей қырғыздарын және Сібірдің оңтүстігіндегі «орман халықтарын» бағындырды. Қазіргі Шығыс Түркістан аумағында тұрған ұйғырлар монғолдарға бағынды. 1211 ж. Шыңғыс ханның қолы Солтүстік Қытайға енді, 1215 ж. олар Цзинь мемлекетінің астанасы Чжунду (Пекин) қаласын жаулап алды. 1217 жылы Цзинь империясы Хуанхэ өзенінің солтүстігінде орналасқан барлық иеліктерінен айырылды.
Шыңғыс ханның негізгі мақсаты батыс елдерін – Орта Азия мен Иранды, Таяу Шығыс пен Кавказды, Шығыс Европаны басып алу болды. Батыста монғолдар 1211 жылы алғаш рет Жетісу жеріне келгенімен ұзақ тұрақтай алмады. Бұл жылы монғол әскерін Жетісуға Шыңғыс ханның қолбасшыларының бірі Құбылай бастап келген болатын. 1216 жылы Шыңғыс хан өзінің үлкен ұлы Жошыны қыпшақ даласында көшіп-қонып жүрген меркіттерді біржолата талқандауға аттандырды. Жошы Торғай даласында қыпшақтарға қарсы 60 мың әскерімен жорыққа шыққан хорезмшах Мұхаммедтің қолымен кездесіп қалды. Екі жақ күні бойы шайқасты, ал түнде монғолдар жаққан оттарын қалдырған күйі кері шегініп кетті.
Монғолдардың батысқа қарай жылжуы 1218 жылы қайта басталды. Осы жылы қаңлы, найман және керей тайпалары жайлаған Жетісу жеріне алғашқы соққы берілді. Бұл кезде Жетісуды наймандардың Күшлік ханы билеп тұрған еді. Оған қарсы Шыңғыс хан өзінің таңдаулы қолбасшыларының бірі Жебені жіберді. Монғолдар жергілікті халыққа ислам дінін жария түрде ұстануға рұқсат етіп, Күшліктің мұсылмандарды қудалауына байланысты халықтың наразылығын тиімді пайдаланды. Сонымен қатар Жетісу халқын өз жағына тарту үшін Шыңғыс хан бұл өлкеде тонаушылық пен қырғынға тиым салды. Көптеген елді мекендер, соның ішінде Баласағұн қаласы ұрыссыз берілді, ал Күшлікті монғолдар Бадахшанда ұстап, өлтірді.
Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін монғолдарға Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Бұл өңірге басып кіруге «Отырар апаты» деп аталатын оқиға сылтау болды. 1218 жылы жазда Шыңғысханның тапсырмасымен құрамында көпестері мен монғол барлаушылары бар, барлығы 450 адамнан тұратын 500 түйеге теңделген жүгі бар керуен Отырарға аттанады. Отырар билеушісі Қайыр хан көпестерді жансыздар деп күдіктеніп, оларды өлтіруге бұйырады, керуен тоналады. Бұған шамданған Шыңғысхан оның қарымтасы ретінде хорезмшах Мұхаммедтен Қайыр ханды ұстап беруді талап етіп, елшілерін жібереді, ал хорезмшахтың келген елшілерді өлтіруі соғысқа сылтау болады.
Шыңғысхан Орта Азияны бағындыруға өз вассалдарының жасақтарымен қоса жалпы саны 150 мың адамы бар қалың қол жіберді. Әскери жорық 1219 жылы қыркүйекте Ертіс жағалауынан басталды. Отырар қаласы қоршауға алынды. Өзінің әскерін үш топқа бөлген Шыңғысхан бір бөлігін Отырарды алу үшін ұлдары Шағатай мен Үгедейге қалдырды, үлкен ұлы Жошы бастаған екінші бөлігін Сырдарияның төменгі ағысына аттандырды. Өзі Бұқараға бет алды. Отырар билеушісі Қайыр хан ерлікпен шайқасты, ол басқарған әскер мен қала тұрғындары басқыншыларға қарсы табан тіресе қарсылық көрсетті, қаланы 5 ай бойы ұстап тұрды. Бесінші айдың аяғында хорезмдік әскербасы Қараджа хаджиб опасыздық жасап, қаланың қақпасын ашып, 10 мың әскерімен монғолдар жағына шығып кетіп, оларды қалаға жіберіп қойды, кейін оның өзі осы опасыздығы үшін монғолдар тарапынан өлтірілді. Қайыр хан өз жауынгерлерімен қамалда тағы бір ай қорғанды. Бірақ күш тең болмады, қамал қиратылды, 1220 жылы ақпанда Отырар қаласы алынды, Қайыр хан қолға түсіп, қатал жазаланып өлтірілді.
Отырар сияқты Сыр бойындағы Сығанақ, Ашнас және т.б. қалалар тұрғындары да монғолдарға қатты қарсылық көрсетті. Араб және парсы тіліндегі тарихи деректерде монғолдар халқын түгелдей қырып, күл-талқан қиратқан отыз шақты қалалар аталады. Олардың ішінде оңтүстік-қазақстандағы Отырар, Сығанақ, Ашнас қалалары бар.
Монғолдар Сырдария өңіріндегі қалаларды бағындырып, Орта Азияға қарай ішкеріледі. Үргенішті қоршауға алу бірнеше айға созылды. Монғолдар Бұқарды, Самарқанды алды, Хорезмді жаулап алды. 1221 жылы көктемінде монғолдар Орта Азияны жаулап алуды аяқтады.
Енді соғыс Хорасан, Ауғанстан және Солтүстік Индия территориясына ауысты. Қолбасшылар Жебе мен Сүбедей нояндар басқарған 30 мыңдық әскер Солтүстік Ираннан шығып, 1220 жылы Кавказға басып кірді. Бұл әскер армян, грузин, алан, қыпшақ және орыс әскерлерін Қалқа өзенінің бойында талқандап, 1224 жылы Шығыс Дешті Қыпшақ даласы арқылы Шыңғысханның Ертіс бойындағы ордасына оралды. Сөйтіп, 1219-1224 жж. монғол шапқыншылығы нәтижесінде Қазақстан Шыңғысхан империясының құрамына кірді.
Шыңғысхан көзінің тірісінде ұлан-байтақ аумақты алып жатқан жаулап алған жерлерін бәйбішесі Бөртеден туған ұлдарының санына қарай төрт ұлысқа бөлді. Кіші ұлы Төле Шыңғысханның негізгі жұртын – Монғолияның өзін, сондай-ақ монғолдың тұрақты 129 мың адамдық армиясының 101 мыңын иеленді. Үшінші ұлы Үгедейге Монғолияның батыс бөлігі, Жоңғария мен Шығыс Түркістан аймағы қарады. Оның ұлысының орталығы жоғарғы Ертіс пен Тарбағатай аймағында орналасты. Шыңғысханның екінші ұлы Шағатайдың иелігіндегі жерлер Оңтүстік Алтайдан Әмударияға дейінгі, яғни Жетісу мен Мәуераннахрды қамтыды. Шыңғысханның үлкен ұлы Жошының үлесі Ертістен батысқа қарай төменгі Еділге дейінгі жерді қоса бүкіл Шығыс Дешті Қыпшақты қамтыды. Сонымен Қазақстанның аумағы монғолдың үш ұлысының құрамына: үлкен бөлігі – Жошы ұлысының құрамына, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан – Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі – Үгедей ұлысына кірді.
21. Қазақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырау кезеңінде (XIII-XV ғғ).
Алтын Орда (1236 – 1242 жж.). Жеті жылдық жорықтан орналған кейін Батый орталығы төменгі Еділде орналасқан 1242 жылы (1243 ж.) тарихи әдебиетте Алтын Орда деген атқа ие болған зор мемлекет құрды. Алтын Орданың астанасы Сарай – Бату (қазіргі Астрахань маңында) болды, кейінірек астанасы Сарай – Беркеге көшірілді. «Алтын Орда» ұғымы біртекті емес бір жағдайда Алтын Орда деп Батый мен оның Мирасқоры Беркенің жеке иелігіндегі жерлерді, яғни Еділ бойы мен Солтүстік Кавказды айтқан, ал енді бір орайда түгелдей Жошы ұлысы айтылады. Батый (1227 – 1255-56 жж.) зор беделге ие болды және моңғол империясын өзінің қолдауымен таққа отырған ұлы хан Мөңкемен (1251-1259 жж.) бірге биледі. Алайда Батый да, оның мирасқорлары да Алтын Орданың тағында біртұтас мемлекетті басқарушылар болмады. Жошы ұлысы үлестерге оның көптеген ұлдарына ыдырады. Батый хан Шығыс Европаға жасаған жеті жылдық (1236-1242 жж.) жорығынан кейін Арал теңізінің Шығыс Солтүстігі жағындағы жерлерді ағасы Орда – Еженге берді. Бұл Ақ Орда деп аталды. Арал теңізінің солтүстігіндегі жерлерді інісі Шайбанға берді, ол Көк Орда деп аталды. Шайбанға қарасты төрт ру ел: қосшы, найман, бұйрат, қарлық тайпалары еді («Әл-Омари «Алтын Орда тарихына қатысты материалдар жинағы», 1т., 235 бет.) Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда Еділ бұлғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, гректер, ежелгі хазарлар мен алан ұрпақтары, хорезмдіктер тұрды. Далалық өңірді негізінен мал шаруашылығымен айналысқан түркі тілдес қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керей, т.б. тайпалар мекендеді. Дешті – Қыпшақ төңірегі мен Еділ бойында қоңыс аударған моңғолдар аз болған жоқ. Олар жергілікті түркі тілдес халықтармен сіңісіп кетті. Алтын Орда өзін билеген хандары: Батый 1242 – 1256 (1259) жж., Берке 1257-1266 жж., Мөңке-Темір 1266-1280 жж., Туда Мөңке 1280-1287 жж., Төле Бұқа 1287-1291 жж., Тоқты 1291-1312 жж., Өзбек 1312-1342 жж., Жәнібек 1342-1357 жж. тұсында қуатты кемеліне келіп, билігі мейлінше күшейе түсті. Егер Жошы мен Батый моңғолдарға ұлы ханға белгілі бір дәрежеде бағынышты болса, Беркеден бастаған Алтын Орда хандары өздерін тәуелсіз деп есептеді. Берке хан тұсында Алтын Ордаға ене бастаған ислам діні кейін Өзбек хан тұсында үстем дінге айналды. Алтын Орда хандығы феодалдық мемлекет болды, ол берік мемлекеттік бірлестік болмады. Оның халқы ала-құла, әлеуметтік және мәдени даму дәрежесі әркелкі, экономикалық негізі әлсіз еді. Феодалдық қатынастар дамыған сайын ішкі –сыртқы қатынастар асқына түсті. 1342-1357 жылдары Алтын Орданы билеген Жәнібек хан өлгеннен соң, Шыңғыс тұқымынан тараған билеуші топтар арасында хан тағына таласқан феодалдық қырқыс өріс алып, бір кезде күшейіп дәуірлеген Алтын Орда мемлекетін мүлдем әлсіретті. Оның үстіне Алтын Орда үстемдігі астында езілген қалың бұқара мен тәуелді халықтардың азаттық күресі етек алады. 1380 жылы Куликов даласындағы зор шайқаста Алтын Орданың Мамай бастаған қалың қолын орыс князьдерінің жеңуі Алтын Орданың құлауын тездетті. XIV ғ. аяқ шенінде, яғни 1391 – 1395 жылдары Ақсақ Темір Алтын Ордаға бас көтертпестей етіп екі рет күйрете соққы берді. Осыдан соң ол бірте – бірте ыдырай бастады. XV ғасырдың басында Тоқтамыс хан мен Едіге бидің өзара таласы Алтын Орданы одан әрі қажытты. XV ғ бірінші жартысында онан бұлғарлар, казан (1445 жылы) мен Қырым (1449 жылы) бөлініп шықты. XV ғ ортасына қарай Астрахань, Сібір хандықтары, Ноғай Ордасы құрылды. 1480 жылы орыс князьдіктері моңғолдардан толық тәуелсіздік алды. Қорытып айтқанда, езілген халықтардың моңғолдарға қарсы үздіксіз күресі, Алтын Ордаға қараған елдердің ішкі экономикалық байланысының болмауы, олардың арасындағы қайшылықтар мен феодалдық тартыстар, хан тағына таласқан күрестер, сыртқы соғыстар салдарынан, Алтын Орда мемлекеті бірте–бірте ыдырап, ақырында құлады.
22. Алтын Орда билеушілерінің мемлекеттік қызметін сипаттаңыз.
1227 жылы Шыңғысхан қайтыс болғаннан кейін 1235 жылы Қарақорымда монғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысында Шығыс Европаға жаңа жорық жасау туралы шешім қабылданды. Монғол әскерін Шыңғыс ханның немересі Батый басқаратын болды. Шығыс Европаны бағындыруға аттанған Батый басқарған монғол армиясының көпшілік бөлігін қыпшақтар құрады. Сондықтан деректерде оның әскері қыпшақтық деп аталған. 1236-1242 жж. Еділ Бұлғариясын, орыс княздіктерін бағындырып, Польшаны, Венгрияны, Чехияны, Молдовияны, Валахияны, Трансильванияны талқандап, Батый Еділдің сағасына қайта оралды да, мұнда жаңа монғол мемлекеті – Алтын Орданы құрды. Бұл мемлекеттің аумағы шығыста Ертіс өзенінен батыста Еділ мен Әмударияның төменгі сағасына дейінгі орасан зор жерлерді алып жатты. Алтын Орда Шығыс Дешті Қыпшақ, Хорезм және Батыс Сібір территориясының бір бөлігін қамтыды. Бастапқыда астанасы Астрахань маңындағы Сарай-Батый қаласы болды, кейін астана Сарай-Берке қаласына Еділ бойындағы жоғарырақ жерге көшірілді. Алтын Орда алғашқы кезде Монғол империясының бір бөлігі болды, сөйтіп, әуелгі кезде монғолдың ұлы ханына қарайтын, бірақ Батый хан (1242-1256) өзін тәуелсіз билеуші ретінде ұстады. 1260 ж. Монғол империясы тәуелсіз ұлыстарға бөлінді. Алтын Орда Батыйдың інісі Берке ханның (1256-1266) тұсында дербес мемлекетке айналды. Ол елді басқарған кезде Алтын Орда Монғол империясынан біржолата бөлінді. Одан кейінгі Мөңке-Темір хан (1266-1280) тұсында Алтын Орда тұңғыш рет өз атынан теңге құя бастады. ХІІІ ғасырдың 80-ші жылдары Алтын Ордада беклербек Ноғайдың есімімен байланысты дағдарыс басталды. Ноғай Шыңғысханның бір ұрпағы ретінде Батый мен Берке кезінде мемлекеттегі екінші адам болды. Оның ниеті өзінің дербес мемлекетін құру еді. Ол өзіне Дунай, Днестр, Днепр бойындағы елдерді бағындырып алды. Тоқты хан кезінде (1298-1312) алауыздық өзара күреске ұласып, 1300 жылы Ноғай жеңіліс тапты, содан кейін ғана Алтын Орданың бірлігі қайтадан қалпына келтірілді. Өзбек ханның (1312-1342) және оның баласы Жәнібектің (1342-1357) тұсында Алтын Орда барынша күшейді. 1312 жылы Өзбек хан исламды мемлекеттік дін етіп жариялады. Орыс княздықтары Алтын Ордаға тәуелділіктерін мойындап, ұлы ханның қолынан «князь» атағын алып, алым-салық төлеп тұрды. Бірақ билеушілердің хан тағына таласып, өзара қырқысуының салдарынан Жәнібек хан қайтыс болғаннан кейін Алтын Орданың құлдырауы басталды. 1357-1380 жылдары ондаған хан ауысады. Сөйтіп, бұл жылдар Алтын Орда тарихында «Ұлы дүрбелең кезеңі» деп аталады. 1380 жылы Алтын Орданың уақытша билеушісі Мамай Куликово даласында Дмитрий Донской бастаған орыс әскерінен жеңіледі. Жошының ұрпағы Тоқтамыс хан Мамайдың әлсірегенін пайдаланып, Алтын Орда билігін тартып алады. Өз билігін әскери жеңістермен нығайту үшін ол 1382 жылы Мәскеуге жорық жасап, оны талқандап, өртейді. Ол сонымен қатар Мәуераннахр мен Кавказдың ар жағына бірқатар жорықтар жасайды. Тоқтамыстың кезінде (1380-1395) Алтын Орда уақытша күшейеді. Бірақ ХІҮ ғ. соңында Әмір Темір Алтын Ордаға бірнеше рет жорық жасап (1389, 1391, 1395 жж.), оны ойрандап кетеді. Алтын Ордаға Темір мемлекетімен болған соғыс өте ауыр тиді. Осы соққыдан ол оңала алмайды. ХҮ ғ. орта кезінде Алтын Орда құлайды. Ол Сібір хандығы, Ноғай Ордасы, Қазан хандығы, Қырым мен Астрахан хандықтарына бөлініп кетеді.
23. Ақ Орда Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет.
Ақ Орда14-15 ғасырлар Орта Азия мен Қазақстан монғол шапқыншылығы зардабынан арыла бастады. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар түзеле бастады. Көптеген ұлыстар мен елдер тәуелсіз бола бастады. Осындай тәуелсіздікке ие болған мемлекеттердің бірі - Ақ Орда. Оның шекарасы Жайық өзенінен Ертіске, Батыс Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты.Ақ Орданың халқы - қыпшақтар, Алтайдан осында қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керейттер, үйсіндер, қарлұқтар Ақ Орда хандары - Орда Ежен, Сартақ, Қоныша, Баян, Сасық-Бұқа, Ерзен, Мүбарак, Шымтай, Орыс хан, Қойыршақ, БарақКүшейген кезі.Ақ Орданың күшейген кезі 14 ғ. 2 жартысы. 1361 ж. Ақ Орданың билеушісі болған Орыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағын иемденуге күш салды. Сөйтіп, 1374-1375 жж. Еділ бойымен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, Хажы-Тарханды (Астраханьды) қоршауға алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Бірақ Орыс ханның үстемдігі ұзаққа созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кетіп, Алтын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. 1377 ж. Орыс хан қайтыс болды. Ақ Орда иелігі Орыс ханның баласы Темір Мәлікке көшті. Бірақ осы кезде Маңғыстау үстіртінің билеушісі - Жошы әулеті Түй хожа оғланның баласы Тоқтамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандайды. Өзін 1379 жылы Ақ Орда ханы етіп жариялайды. Ақ Орда әмірлерінің қолдауына ие болған ол, 1380 жылы Сарайды, хажы-Тарханды, Қырымды және Мамай Ордасын басып алды. Тоқтамыстың бұл табысы орыс жеріне басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 ж. Куликово даласында орыс әскерлерінен жеңілуі себебінен мүмкін болды. Тоқтамыс мұнымен тоқтаған жоқ. Атап айтқанда, Тоқтамыс Ақсақ Темірдің қамқорынан босануға тырысады. Бірақ, 1380, 1391, 1395 жж. Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа қарсы жасаған аса үлкен үш жорығынан кейін Алтын Орда тас-талқан болып қирайды. Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі талас-тартыстан 14 ғ. соңы мен 15 ғ. бас кезінде Ақ Орда да әлсіреп қалады.Жаңа дәуір.1423-1424 жылдары Орыс ханның немересі Барақ өзінің бақталастарын жеңіп шығып, Ақ Орда да хандықты өз қолына алды. Алайда, Ақ Орданың басты қаласы Сығанақ, Сырдың орта ағысындағы аудандар Темір әулетінің қолында еді. 1425-1426 жылдары Барақ Ақсақ Темірдің немересі Ұлықбекке қарсы жорыққа аттанып, Сығанақты және Сыр бойындағы басқа да қалаларды босатты. Жорықта жүріп Барақ қаза тапқаннан кейін Шығыс Дешті Қыпшақтың билігі Шайбан әулетіне көшті. Барақ өлген соң олар Ақ Орданың елеулі бөлігін жаулап алды. Сөйтіп, 1227 жылы Жошы өліп, оның ұлысы екіге жіктелгенде пайда болған Ақ Орда екі ғасыр өмір сүрді. Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері қалыптасты. Мал шаруашылығы да дамыды. Жер иеленушіліктің інжу, милк, сойырғал сияқты түрлері және тархандық сый тарту болған. Ақ Орданың еңбекші халқы хандар мен ақсүйектер пайдасына күпшір, зекет, тағар тәрізді салықтар төлеп тұрды. Ақ Орданың ресми тілі қыпшақ тілі болды.
24.Қазақстан тарихындағы Әбілхайыр хандығының орны мен рөлі.
15 ғ 20- жылдарында Ақ орданың ыдырауына байланысты Жошы әлеттерінің арасында феодалдық қырқыс басталды. Қазақстанның орталық, батыс, солт.батыс аудандарында тәуелсіз иеліктер пайда болды. Осы иеліктердің бірі Әбілқайыр хандығы. Билеушісі Әбілқайыр Жошы ханның 5- ші ұлы Шайбанидің ұрпағы. Әбілқайыр жастайынан жетім қалып, Жұмадық ханның қолында өскен. Әбілқайыр 17 жасында яғни 1428 ж 200 ден астам ақсүйектердің қолдауымен хан болады.Тарихи жазба деректерде жаңа құрылған хандықтың атауы «Өзбек ұлысы», «Шайбани ұлысы», «Әбілқайыр хандығы » деп аталады. Әбілқайыр өзі 40 жыл билік еткен соң хандықты Әбілқайыр хандығы деп аталады. Хандық 92 баулы ру- тайпадан тұрған. Әбілқайр хан жас болсада жалғыз қзі елді дамытуға коп күш салады. Алдымен өзінің қарсыласы Махмұд- Қожа ханды жеңеді. 15 ғасырдың 40- жылдары Балқаш өңірінің терістік батысын өз иелігіне қосады. 1431 жылы Тоқа- Темір ұрпақтарына қарсы соғыста Әбілқайыр жеңіске жетеді. Одан кейін Батый ханның астанасы болған Орда – Базарды жаулап алып өзінің астанасы етеді. Әбілқайыр хан 1446 жылы Атбасар маңында Мұстафа ханды тас талқан етіп жеңеді. Бұл жеңістің нәтижесінде ол Қаратау аймағындағы Сығанақ, Созақ, Аққорғна, Аркөк, Үзкент сияқты маңызды қалаларды басып алады. Осыдан бастап хандықтың астанасын Сығанақ қаласы етіп бекітеді. Қаланың орналасқан жері Орта Азия мен Дешті Қыпшақ арасындағы тоғыз жолдың торабы еді.Әбілқайыр ханның ендігі алға қойған мақсаты Орта Азияның атақты қалаларын басып алу болса, одан соң Жетісудағы Моғолстанға шабуыл жасау еді. Ханның бұл ойы 1446 жылы Самарқанды алумен іске аса бастайды.Алайды бұл ұзаққа созылмайды, Хандықтың ішінде алауыздықтар көбейіп кетеді. Халқының арасында әлеуметтік- экономикалық теңсіздік шиеленісе түседі. Ұрыс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек ашық қарсылық корсетпесе де іштей Әбілқайырды қолдаған жоқ.Әбілқайыр 1456-145- ж.ж. Сығанақ түбінде Үз- Темір тайшы бастаған ойраттардан жеңіліп қалады. Хан бұл аймақты тастап Дешті Қыпшақ жеріне кетуге мәжбүр болған. Әбілқайыр жеңілістің себебін ішкі алауыздықтар мен қайшылықтарлың шиеленісуінен көріп, мемлекетті күшті қылуды қарастырады. Өзі күмәнданған ақсүйектерді жазалайды. Бұл одон сайын наразылықты туғызып Керей мен Жәнібек Жетісуға кошіп кетеді. Әбілқайыр оларды жазаламақ болып 1468 жылы Моғолстанға жорыққа аттанады. Жорық кезінде Әбілқайыр Алматы маңындағы Аққыстауда қайтыс болады. Хандық мүлде әлсіреп ыдырай бастайды. Халқының бір бөлігі Орта Азияға кетсе, бір бөлігі Қазақ хандығына қосылады. Нәтижесінде Көшпелі Өзбек мемлекеті тарих сахынасынан жоғалады.
25. Моғолстан мемлекетінің Қазақстан тарихындағы орны мен рөлі.
ХІҮ ғ. ортасы – ХҮІ ғ. басында Оңтүстік-Шығыс Қазақстан аумағы Моғолстан мемлекетіне кірді. Бұл мемлекет ХІҮ ғ. ортасында Орта Азияның солтүстік-шығыс бөлігі, Жетісу мен Шығыс Түркістан жерінде Шағатай ұлысы ыдырағаннан кейін құрылды. Моғолстан мемлекетінің негізін салушы – дулат тайпасының көсемі Әмір Болатшы. Алғашқы ханы – Тоғылық Темір (1348-1362 жж.), ол Моғолстан билеушілері әулетінің негізін салды. Астанасы – Іле алқабындағы Алмалық қаласы болды. Территориясы: Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қырғызстан, Шығыс Түркістан. Орталық аймағы – Жетісу. «Моғолстан» атауы «монғол» сөзінен шыққан. Өйткені түрік және парсы деректерінде монғолдарды осылай атаған. Халқы: дулаттар, қаңлылар, керейттер, арғындар, үйсіндер, барластар т.б. түрік және түріктенген монғол тайпалары. Олар мемлекет атауына сай моғолдар деп аталды. Осынау тайпалардың Жетісуды жайлайтын едәуір бөлегі кейін қазақ халқының құрамына енеді, ал оның Тянь-Шань өңірі мен Шығыс Түркістанды мекендейтін екінші бөлегі қырғыздар мен ұйғырлар құрамына кетеді. Осылардың ішінде дулаттар ең қуатты тайпа болды. Билеушінің дәрежесі – хан. Моғолстанда мемлекеттің саяси басшысы және жер-судың жоғарғы иесі хан болған. Дулат тайпасы әмірлерінен ханның көмекшілері - ұлысбектер тағайындалды. Хандық кеңес мемлекеттің ішкі және сыртқы істері, әскери жорық және жайылымдық жерлерді бөлумен айналысты. Ақсүйектер жерді шартты түрде иеленудің икта, инджу, сойырғал сияқты түрлерін пайдаланған. Көшпелі аудандарда жер қауымның қарауында болған. Бірақ мал ақсүйектер қолында шоғырланғандығы себепті көшпелі аудандарда қоныс-өрістердің көпшілігі солардың меншігінде болды. Салықтың бірнеше түрі жиналды. Қала мен ауыл тұрғындарынан, егіншілер мен көшпелі халықтан алынатын салықтар, деректерде көрсетілгендей, қалан, күпшір, зекет, тағар, баж және қарадж деп аталған. Сондай-ақ халық әскери, кірешілік, еңбек, пошта т.б. әртүрлі міндеттерді атқарған. Иеліктерді қайта бөлуге бағытталған соғыстар мен өзара қырқыстар халық бұқарасының халін ауырлатты. Моғолстанның алғашқы ханы Тоғылық Темір өз билігін нығайту үшін ислам дінін тірек етті.Сөйтіп, ХҮІ ғ.басында феодалдық өзара қырқыстар, халық наразылығының жиілеуі және олардың Қазақ хандығына барып қосылуы салдарынан Моғолстан ыдырап, жеке мемлекет болып өмір сүруін тоқтатты. Моғолстан Қазақ хандығының құрылуына және қазақтың өз алдына жеке халық болып қалыптасу барысын аяқтауына территориялық тірек, саяси-экономикалық негіз болды.
26. Батыс Қазақстан территориясы Ноғай Ордасы құрамында.
Ноғай ордасы ,Маңғытұлысы – Алтын Ордаыдырап, Ақ Орда әлсірегеннен кейін Бат. Қазақстан жеріне іргелес аймақта пайда болған мемлекеттік бірлестік. Негізгі аумағы Еділ мен Жайық аралығы болғанымен, шығыста Жайықтың сол жағасына, солт.-шығыста Бат. Сібір ойпатына дейін, солт.-батыста Қазанға дейін, оңт.-батыста Арал, Каспийт-недейін, кейде Маңғыстаумен Хорезмге дейінгі алқапты қамтыды. Н. о. Алғашында осы бірлестіктің негізін қалаған маңғыттардың атымен “Маңғыт Ордасы” аталған. “Ноғай” атауы бұдан кейініректе, алғаш орыс жылнамаларында (1479), кейін шығыс деректерінде (1500) пайда болған.Бұл атаудың шығу тегі туралы көптеген зерттеушілер 13 ғ-дың 2-жартысында Алтын Орда әскерінің қолбасшысы Ноғай иелігіне қараған ұлыс халқы “ноғай”, “ноғайлы” аталғандықтан деп санайды. Тарихи жазба деректерге қарағанда Н. о-ныңнегізін Едіге қалаған. Ол 15 жыл (1396 – 1411) Алтын Ордадағы билікті түгелдей өз қолына ұстаған тұста иелігіндегі ноғай ұлысы даралана бастады. Кастилия елшісі Р.Г. Клавихоның жазбасында Едіге ордасы 200 мыңнан астам жасақ ұстағаны айтылады. Ол Алтын Орданы өзі қойған хандар арқылы басқарып, “бектербегі” немесе “ұлыәмір” атағына ие болған. Ибн Арабшахтың айтуынша, оның жиырма баласының әрқайсысы жеке иеліктерде билік жүргізіп, әскер ұстаған. Н. о-ның даралануы 13 ғ-дың 2-жартысында басталып, Нұрәд-Диннің (1426 – 40) тұсында аяқталды. Орт. – Жайық өз-нің төм. саласы, Сарайшыққ. болды. Алтын Орда ыдырағаннан кейін пайда болған өзгеде ордалар сияқты Н. о-нда этн. Құрылымнан гөрі, саяси құрылым басым еді. Басбилікті “бектербегі”, әмір атқарды. Негізгі бұқарасы “ұлыс адамдары” (ноян, мырза, князь, т.б.), “қарахалық” деп аталды. Хан тағы тек Шыңғыс хан әулетінің ғана үлесі болсада, Н. о-ның саяси үстемдігі, экон. Тіршілігі маңғыт әмірлерінің, яғни Едіге ұрпағының қолында болып, билік атадан балаға көшіп отырды. 15 ғ-дың орта шенінде ноғайлар Сырдарияның орта ағысындағы қалаларды басып алып, Шығ. Дешті Қыпшақтың саяси өмірінде Едігінің ұрпақтары Уақасби, Мұсамырза, Жаңбыршы, т.б. басты рөл атқарды. Ұлыстар мен ру-тайпалар арасында билік үшін, жайылымдық жер үшін үздіксіз күрес жүрді. Халқының негізгі кәсібі көшпелі малш. болды. Н. о-ның құрамына енген тайпалар (маңғыт, алшын, жалайыр, қаңлы, керей, қыпшақ, найман, ар-ғын, тама, т.б.) кейіннен қазақ халқының этн. Құрамын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. Ш.Уәлиханов Н. о. Мен Қазақхандығы халқының туыстығы туралы “бауырлас орда” деп атаған (қ. Қазақ-ноғай қарым-қатынастары). 15 ғ-дың аяғында Н. о. Орыс мемлекетімен саяси және сауда-экон. Байланыстар орнатып, ноғай билеушілері Мәскеумен Қазан базарларына жыл сайын мыңдаған жылқы мен қой өткізіп тұрды. 16 ғ-дың 2-жартысында Қазан мен Астрахан хандықтарын Ресей жаулап алғаннан кейін Н. о. әлсіреп, бірнеше ұлыстарға, ордаларға бөлінді. Солт. Кавказда Кіші Ноғай ордасы, Жем, Ойыл жағалауларында Алты ұлыс ордасы құрылды.