7. Хұн тарихына қатысты жазба деректерді талдаңыз.

Ғундар. Ғунну державасынның құрылуы. Қазақстанның Онтүстік және Жетісу жерлерінде ғұндар б.з.б. II-I ғ.ғ. келе бастаған. Ғұндар жайлы тарихи деректерді көрнекті Қытай тілінің мамандары Н.Я. Бичурин мен Н.Кюнердің еңбектерінен білеміз. Ал олардың тарихын жазуға еңбек еткен ғалымдар А.Н. Бенрштам, Л.И. Гумилев, Н.И. Конрад. Қазақ ғалымдарының ішінде соңғы кезде К.М. Байпаков айналысып жүр. Б.з.б. IV-III ғасырларда Қытайдың солтүстік шекарасында тұрған тайпалар топтасып, тайпалық екі бірлестік құрды. Олардың біріншісі Сюнну (Хунну немесе ғұндар); екіншісі дунху бірлестіктері деп аталды. Сюнулар (ғұндар) өз заманындағы, көршілес елдердің тарихына ықпал жасады. Ғұндардың этникалық шығу тегі, тілі осы күнге дейін дәлелденбей отыр. Зерттеушілердің көпшілігі оларды түріктердің арғы тегі деп есептейді. Сонымен Қытай жылнамаларымен археологиялық зерттеулерге қарағанда, б.з.б IV-III ғасырларда Қытайдың Солтүстігінде Байкалдан Ордосқа дейінгі аралықты мекендеген күшті ғұн тайпаларының бірлестігі құрылды. Олар өздерімен көрші жатқан халықтарын басып алумен қатар Қытай жерінде дүркін-дүркін шабуыл жасап тұрған. Бұл жағдай Қытай патшасының наразылығын тұғызып отырды. Сөйтіп, ғұндар мен Қытай өкіметінің арасында бір-біріне алма-кезек жасалған ұрыс–талас, соғыстар олардың ұрпақтарының арасында 300 жылдан астам уақытқа созылған. Олар өздерінің оңтүстігіндегі дунхуларды талқандап.Ғұндар мұнымен де қанағаттанып қоймай б.з.б. 203-202 жылдары Саян-Алтай таулары және жоғарғы Енисей жеріне дейін шабуыл жасап, Қытайдың хань әулетінің негізін салушы (б.з.б. 202 ж.) Лю-банды б.з.б. 200 жылы жеңіп, оларды өздеріне бағынышты етеді. Қытай императоры ғұндардың Шаньюіне (ханына) қыз беріп, алым-салық төлеп тұрған. Сөйтіп, Байкал көлінен Тибет тауына дейін Шығыс Түркістанның Хуанхэ өзінінің Орта ағысына дейінгі аралықты алып жатқан ұлан байтақ жерде «Ғұн державасы» пайда болды.

Ғұндардың саяси, қоғамдық құрылысы. Мемлекеттің басында ұлы Сенгир (Шаньюй) тұрды. Оның билігі дара және мұрагерлік болды. Әдетте ол тағын үлкен ұлына немесе інісіне өсиет етіп қалдырған. Шаньюй барлық ғұндарға тиесілі жерлер және бүкіл мемлекет территориясына билік жүргізуге құқылы болды. Оның соғыс жариялауға, бітім жасауға, армияны басқаруға құқысы болды. Жоғарғы сот билігі де Шаньюйдің қолында шоғырланды. Ғұн мемлекетінде Шаньюйден кейінгі екінші орында оның балалары және жақын туыстары тұрды. Бұданбасқа Шаньюйге туменбасы, жүзбасы, онбасылар бағынышты болды. Ғұндар 24 рудан құралды. Әр руды ақсақалдар басқарды. Ақсақалдар мемлекет ісін талқылау үшін бір жылда 3 рет құрылтай өткізіп отырды. Ғұндарда жақсы ұйымдастырылған әскер болған. Мұның негізгі тез жүретін атты әскер болды. Атты әскердің қаруы садақ пен жебе еді. Олар садақтарының сыртын сүйекпен қаптаған. Жебелердің екі түрі болған. Әсіресе, ұшқыр, ауыр ұңғырлы сауыт бұзар жебені темірден жасаған. Ұзын семсерлері ат үстінде жүріп соғысуға ыңғайлы. Ондай семсерлер Қазақстанда Ақтөбе Шаушықұм, Жамантоғай қорымдарынан табылған.

 

8. Ұлы түрік қағанатының тарихын баяндаңыз

1968 жылы Монғолияда Орхон алқабында түркі руналық жазуның ескерткіші табылды, әзірше бұл түркі қағанаты дәуірінің алғашқы ескерткіші. Бұл жазулар кағандардың билеушілерінің қорған- жерлеу орындарында қойылған. Қағандар билеушілері – Таспара, Бильге және оның ағасы Күлтегін. Санаулы онжылдықта Ұлы Дала кеңістігінде Рим империясының аумағынан кем емес мемлекет құрылды. Дала империясы – түркі қағанатының тууы - түркі әлемі туралы ұғым туғызды, Қазақстан тарихында және басқа да Еуроазия елдеріндегі ежелгі түркі деп аталатын жаңа дәуірді ашып берді. Түркілер тарихы - Қытай жылнамашыларының жазып алған ежелгі түркі аңызына сүйенсек, Шығыс Тянь Шань – Турфаннан басталады. Бұл аңызға қарасақ түркілер ата- бабалары жау тайпаларымен түбімен жойылған, тек бір ғана 10 жастағы ер бала аман қалған, оны бір қасқыр өлімнен аман алып қалып, өзі асырыған, кейіннен оған әйел болып, 10 ер бала туған. Олардың бәрі Түрфан әйелдеріне үйленген. Осы Тарланның Ашина есімі бір немересі жаңа тайпаның көсемі болып, оған өз есімін берген. Кейіннен Ашина руының көсемдері өз туысқандарын Алтайға шығарады, онда олар жергілікті тайпаларды игеріп, түркі есімін қабылдайды. Сондықтан да қасқыр - көптеген түркі халықтарының ең қасиеттейтін хайуаны. Сол қасқыр терісі - ішінде қолдары мен аяқтары шабылған адам жатқан қасқыр фигурасы каған стеласындағы барельефте бейнеленген. Аңыз түркілердің шығу тегін Шығыс Тянь-Шаньмен, Қытай жылнамашылары сияқты байланыстырады. Қытай жылнамашыларының айтуынша кейінгі ғұндар тайпасы ІІІ-IV ғасырда солтүстік Тянь-Шаньға қоныс аударған және Турфан аймағына ығыстырылып, онда 460 жылға дейін мекендеген. Сол жылы оларға монғол тілді жуань – жуань (авар) тайпалары шабуыл жасап, олардың иеліктерін құртып, ғұн тайпаларын Алтайға ығыстырған. Сол тайпалар ішінде Ашина ұрпақтарының тайпасы да болған. Ашина Алтайға қоныс аудармай тұрып жергілікті халықпен араласып кеткен. Олар күштерін жинап аварларды талқандады. 551 жылы түркі билеушісі Бұмын “қаған” титулын алды, яғни ол император дегенді білдіреді. VI ғасыр ортасында тарихи аренаға жаңа тұлға – Түркі қағанаты келді. Мұған қаған (553-572) 553 жылы Оңтүстік Батыс Манчжуриядағы моңголдардың қидан тайпаларын және Енисайдағы қырғыздарды жаулап алып, түрік елінің Орта Азияның Оңтүстік Сібірдегі өктемдегін біржола орнықтырды. Бірінші Түрік қағанаты атанған осынау мемлекеттік құрылым 630 жылға дейін сақталған. Шығыстан Корей шығанағына дейіңгі он мың км жуық, Оңтүстіктен Алашан Гоби шөлдеріне, солтүстіктен Байкалға дейінгі бес-алты мың км жуық жердегі ұланғайыр кеңістік осы державаның табанында жатты. Сосын Қытайдың Солтүстігіндегі Ци және Солтүстік Чжу мемлекеттерін де өзіне қаратып алды.555-558 жылдары түркілер Жетісу мен Қазақстанның Сырдария, Арал, Орал және Жайыққа дейінгі далаларын иеледі. Түркілердің батысқа қозғалысы тек жаулап алу болған жоқ, сонымен бірге ол Орта Азия түркілер тайпаларының қоныс аударуы және олардың Солтүстік Шығыс Орта Азия аймақтарына, алдымен қазақ далаларына қоныстанулары болды.

9. Көне түрік жазба ескерткіштерінің ерекшеліктері мен зерттелу деңгейін анықтаңыз.

Көне түркі жазба ескерткіштері, түркі руникалық жазба ескерткіштері – 7–9 ғасырлардағы көне түркі ойма жазулары мен қолжазбалары, көне түркі әліпбиіндегі әр алуан мәтіндер. Көне түркі жазба ескерткіштері арқылы қазіргі түрік халықтарының көне тілін, тарихын, этногенезін, географиясын, рухани мәдениетін, жазба дәстүрін, әдет-ғұрыптары мен дүниетанымын білуге болады.Табылған аймақтары:Көне түркі жазба ескерткіштері табылған аймақтарға Сібірдегі Енисей, Лена өзендерінің аңғарлары, Моңғолиядағы Орхон, Онгин, Селенга өзендерінің алқабы, Орта Азия мен Қазақстандағы Талас пен Сыр бойы, Ертіс пен Іле қойнауы жатады. Орыс этнограф-ғалымы Н.М.Ядринцев 1889 жылы Моңғолиядағы Орхон өзенінің құйылысынан қос тілдік жазуы бар ерекше үлкен екі тас тапты. Кейіннен біреуі Білге қағанға (735), екіншісі оның інісі Күлтегінге (732) қойылғаны белгілі болып, мазмұны толық анықталды. Бұл ескерткіштердің бір қырына Қытай иероглифтері ойылған, ал үш қырына ойылған жазу таңбалары «Сібір руналарына», Енисей бойынан табылған жұмбақ жазуларға ұқсас. Финн және орыс ғалымдары жүргізген арнаулы зерттеулер нәтижесінде Орхон және Енисей ескерткіштерінің нұсқалары жинақталып жарияланған атластар жарық көрді. Сайып келгенде Дания лингвисі В.Томсен 1893 жылы түркі руникалық (Орхон-Енисей) таңбаларының дыбыстық мағыналарын негізінен дұрыс анықтап, академик В.В.Радлов 1894 жылдың қаңтарында көне түркі тілінде жазылған Күлтегін ескерткішіндегі руникалық жазудың тұңғыш аудармасын берді. Моңғолиядағы, Сібір мен Азиядағы айқындалған түркі руникалық ойма жазуларының жалпы саны әзірше екі жүзге жуық. 20 ғасырдың бас кезінде Шығыс Түркістандағы түркі руникалық жазуының шамандық, манихейлік, буддалық дін және заң мазмұнында қағазға жазылған нұсқалары (8–10 ғасырлар) айқындалды. 1932 жылы Талас алқабынан ағаш таяқшаға ойылған руникалық жұмбақ жазу табылды. Иссык жазба ескерткіш— сақ дәуірінен қалған жазба ескерткіш (б. з. д. 5—4 г.). 1970 ж. Ӏле өңірінің тау бектеріндегі Есік қаласы іргесіндегі Сақ заманынан қалған үлкен қорымнан алтынға бөленген жауынгер мәйіті және оның түрлі заттары, сонын ішінде жұмбақ жазуы бар күміс тостағанша табылған. Оның сырт жағына руна тәріздес 26 таңба ойылып жазылған. Ескерткіштің құндылығы — біріншіден, ертедегі Қазақстан жерін мекендеген сақ тайпаларының тілі көне түркі тілі екендігін, екіншіден, бұдан 2500 жыл бұрын түркі тектес тайпалардың әліпбилік жазуы болғанын дәлелдейді:Могoилян жазба ескерткіш — Орхон өзені бойынан табылған көне түркі ескерткіші (7 ғасырдың соңы). Ескерткіш Құтлұғ(Қабаған) қағанның баласы Могилянға арналған, мәтінін жазған Иоллығ Тегін, оны тапқан Н. М. Ядринцев, алғаш рет оқыған В. В. Радлов. Жазуда Могилянның, Күлтегіннің, Тоныкөктің жорықтары баяндалған.Мойунчур ескерткіші — Орхон-Енисей көне түркі жазуымен 759 ж. жазылған ескерткіш. Оны Солтүстік Моңғолияда 1909 ж. тапқан Г. И. Рамстедт. Ол — ескерткіш мәтінін немісше аударып, 1913 ж. жариялаған. Бұл еңбекті Н. Оркун түрік тіліне, С. Е. Малов 1959 ж. орыс тіліне аударып жариялаған. Ескерткіш "Селенге тасы" деп те аталады. Мойун-чур сол кездегі ұйғыр мемлекетінің ханы болған. Ескерткіш мәтінінде жер-су, адам, тайпа, халық (ұйғыр, оғыз, тоғыз, татар, қырғыз, түркеш, түрік, соғды, қыпшақ т.б.) атаулары кездеседі. Ескерткіште әңгіме оғыз тайпасының өкілі атынан баяндалады.Орхон ойма жазулары — Моңғолияның Орхон, Селенге өзендері

бойынан табылған көлемді әдеби мұралар, хан әулетінің құлпытастары, 7—8 ғғ. жазылған көне түркі руникалық ескерткіштері болып табылады. Оған Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк, Күлі-чур, Мойун-чур т.б. ескерткіштер жатады. Ескерткіштер мен ондағы жазбаша деректерді ашып жариялаған — Н. М. Ядринцев, В. Томсен, В. В. Радлов

10. Жазба деректердің негізінде Түргеш қағанатының тарихын сипаттаңыз.

Арабтар жаулаушылығы басталған кезде Қазақстан және орта Азияның басым бөлігі Батыс түрік қағанаты өкіметінің билігінде болатын.Арабтарға қарсы күрес жүргізу ісінде Жетісуда өкімет басына келген түркештер бірінші орынға шықты.Уақыты 704-756.Түркештер Шу мен Іле өзені аралығын қоныстанған.Алғашқықағаны-Үшлік.(704-706).Территориясы:Жетісу,Іле,Шу,Талаc алқаптары.Астанасы-Суяб,жазғы ордасы-Күнгіт қаласы.(Іле өзені бойында).Бүкіл жер 20 үлесті аймаққа(түтік) бөлінді.Әр түтікте жеті мың әскер болған.Қағанат екі қарсылас топқа бөлінді:1)Сары түркештер(шулық),ордасы-Суяб қаласы.(Шу өзені бойында).2)Қара түркештер(ілелік),ордасы-Тараз қаласы(Талас өзені бойында).Араб тарихшысы Әл-Идриси дерегі:Түркеш нағыз түрік мағынасындағы сөз.VIIIғ.басы(705ж)-Орта Азия мен Қазақстанға арабтардың жорығы басталды.706ж.-түркештер соғдылармен одақтасып,Бұхар маңында арабтарды жеңді.709ж.-араб қолбасшысы Кутейбтің екі одақтастықтың арасында алауыздық туғызуының салдарынан соғды ханы Тархун көмектесуден бас тартты.Нәтижесінде арабтар Бұхарды жаулады. Үшеліктің ұлы Сақал қаған(сары түркеш)бүкіл Орта Азияны бағындырды.708ж. сары түркеш пен қара түркеш арасында шиеленіс күшейді.711ж. қара түркештер шақыруымен келген Шығыс түрік қағаны Қапаған Болучу(Жоңғария) түбінде сары түркеш әскерін жеңді.Сақал қаған тұтқынға түсіп,қағанат күйреді.Түркеш қағанаты 7 жыл өткеннен соң ғана қалпына келтіріліп,билікке Сұлу қаған(қара түркеш)келгесін қайта нығайды.Билік қара түркештерге көшіп,Орда Тараз қаласына ауыстырылды. Сұлу қаған екі майданда күрес жүргізді:Батыста-арабтармен,шығыста-Таң патшалығымен. Сұлу қаған Қытаймен одақтасып,бар күшті батысқа бағыттады.723ж.-түркештер Ферғана қарлұқтары және Шаш тұрғындарымен бірігіп,арабтарға соққы берді.Арабтар Сұлудың батылдығына байланысты оны Сүзеген деп атаған. 732ж.-арабтар түркештерді ығыстырып,Бұхарды қайтара жаулады.736ж. Сұлу қаған арабтарға қарсы жорыққа шығып,Тоқарыстанға дейін барды да,жеңіліскеұшырады.Осы кезде сары түркештер мен қара түркештер арасында күрес қайта өршіді.738ж. қолбасшы Баға-Тархан Сұлуды өлтіріп,оның ұлына қарсы соғысты бастады.Түркештер арасындағы алауыздық 738-748ж.арабтарға Оңт.Қазақстан мен Орта Азияны басып алуға жағдай жасады.Осының салдарынан түркештер 746ж. Жетісуға ұмтылған қарлұқтарға қарсылық көрсете алмайды.748ж.-қытайлар Суяб қаласын жаулап алып,қиратты.751ж.Атлах қаласының маңындағы қытайлар мен арабтар арасындағы ірі шайқас(Талас бойы).Бес күнге созылған шайқастың шешуші кезеңінде қарлұқтар арабтар жағына шығып,қытайлар жеңілді.Атлах шайқасының тарихи маңызы:Қытай әскері Жетісуды,Шығыс Түркістанды тастап шегінді. Арабтар Талас аңғарынан Шашқа қарай ығысты. араб-қытай шапқыншылығынан Түркеш қағанаты әлсіреді.756ж. қағанат қарлұқтардың тегеурініне төтеп бере алмай біржолата құлады.