2. Заттар,әрекеттер арқылы қарым-қатынас орындау кезеңі
3. Шынайы жесттер қалыптасу кезеңі.
Байланысқа түсуге дейінгі кезең. Байланысқа түсуге дейінгі кезең балалардың қоршаған орта және адамдармен саналы түрде байланысқа түсуінің болмауымен сипатталады. Өткен кезеңдерде саңырау-мылқау-соқырды «инертті салмақтар», «қозғалмалы өсімдіктер», «тірі кесектер», «ашулы аңдар» деп марапаттаған теңеулер дәл осы кезеңмен байланысты. Мінез - құлқы бойынша олар шын мәнінде адамның балаларына ұқсамайды. Соқыр-мылқау-саңырау бала оған берілген түсініксіз сезімдерді түсінбейді, ол өзінің ішкі ағзасынан келетін түйсіктерді және сырттан келетін түйсіктерді ажырата алмайды. Оның өзіндік «Мені», әдеттегі балалар сияқты ортадан әлі бөлініп шықпаған, бөліну қаншалықты қозғалыспен байланысты болғанымен. Бала тек қозғалу, жүру кезінде ғана өзін-өзі басқара алады, өзі туралы түсінік қалыптастыра бастайды. Дәл осы қозғалумен, тек жүрумен, қолдарымен жұмыс істеуімен психофизиологиялық механизмдер жүйесінің қалыптасуы байланысты. Бірақ соқыр-мылқау-саңырау балалар көп жағдайда бөтен біреудің көмегінсіз өз бетінше қозғалыс белсенділігін, мақсатты іс-әрекеттерге ұмтылысын, қарым-қатынасқа ұмтылысын көрсете алмайды.
Барлық заттар, тіпті солар арқылы олардың ең қажетті мұқтаждары қанағаттандырылатын заттар да, мұндай балаларға түсініксіз, олар оларды ең маңызды қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланыстыра алмайды. Егер соқыр-мылқау-саңырау баланың қолына тамақтандырар алдында қасық беретін болсаңыз, ол тіпті оны тәрелкеге апаруға әрекет жасауға ұмтылмайды да, керісінше, саусақтарын еріксіз ашып қасықты жіберіп қалады. Оған заттардың функционалды мәні белгісіз. Қарама-қарсылық жиі байкалады: соқыр-мылқау-саңыраулар тамақ ішуге жиі қарсыласады. Бұл ата-ананың үйде немесе балалар бақшасында тәрбиешілердің баланы асықтырып немесе қинап тамақтандыруынан, яғни тамақ ішкісі келмей түрған енжар баланың аузына тамақты құйып немесе итеріп, күш көрсету әрекеттеріне жүгінулерінен.
Соқыр-мылқау-саңырау бала, өзінің айналасында адамдар бар екенін, қарнын тойдыру үшін тамақ ішу керектігін білмейді. Әлем ол үшін бос және ешқандай зат жоқ, заттардың функционалды мәнін еліктеу бойынша өз бетінше меңгеру жолы ол үшін кесілген. Кейде соқыр-мылқау-саңырау балалар өз төсегінде отырып, маятник тәрізді жалықтыратын қозғалыстар жасайды- ағзада жиналып қалған биологиялық қуатты шығаруға осылай жол табады, қозғалыс рефлексі жүзеге асырылады.
Байланысқа түсуге дейінгі кезең, оқыту факторлары жоқ жанұяларда ұзаққа созылу мүмкін, себебі оның жақындары балаға тек қызмет көрсетуді, оның биологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруды ғана өз міндеті деп біледі, яғни баланы мүмкін болатын 30 жарақат алудан, құлаудан сақтап жүру, олардың жиһаздардан жарақат алып қалмауын қадағалап жүреді, ата-аналар кейде мұндай балаларды бұрышта немесе кереуетін қоршап, қамауда үстайды (жарақат алып қалмас үшін). Мұнысымен ересектер баланы қозғалысынан, бұлшық еттерін жаттықтыруынан айырады, бағдарлау қызметін дамытуына ортадан бөлініп шығу мүмкіндігіне кедергі келтіреді, яғни онсыз да баяу, оның дене жағынан және психикалық дамуын тежейді.
Бұл баланың ішкі жай күйін көрсетудегі негізгі ролі табиғи қажеттілігін қанағаттандырудан болатын қысымның өсуімен байланысты эмоционалды фактор (аффектті), естен тану дертінің қозуына тиісті. Бала ағзасының бұл биологиялық, бейсаналы сигналдары жанындағыларға оның кезек күттірмейтін тамаққа, шөлге, суықтан қорғануға, қозғалысқа бөліну реакцияларына деген қажеттіліктерін хабарлайды. А.В.Ярмоленко, мәлімет жинаған 50 соқыр-мылқау-саңырау балалардың ішінен 15 адамның оқытқанға дейін дәл осындай жағдайда болғанын растайды. Мысал ретінде зерттеуші соқыр-мылқау-саңырау Ронгхильд Каатаны алады. 14 жасқа дейін қыз механикалық тұрғыда, өзінің кіші інілерімен сіңілерінің бесігін тербетті. Күні бойы ол айналасындағыларға қызықпай, уақытын созылыңқы ыңқылға бере отырып, бір орында отыра алды. Онымен байланысқа түскісі келгендерді тістеді, жабайы аңға ұқсап тырнады, тепті, емдеу курсын алғаннан кейін және әрі қарай оқығаннан кейін оның жеткен жетістігі, орташа соқыр-мылқау-саңырау балаға қарағанда жақсы болды. Егер соқыр-мылқау-саңырау баланы уақытылы арнайы оқуға бермегенде, іс одан да қиын болар еді. И.А.Соколянский интеллекті сақталған, адамдық психикасы қалыптаспаған 24 жасар соқыр-мылқау-саңырауды сипаттады. Ол тіпті жүреде алмады, үнемі өз төсегінің үстінде отырады. Уақыт өте келе ол басын төмен қаратып, қолына тұрды, ол сонымен ағзасының қозғалысқа деген қажеттілігін қанағаттандырды.
5. Мектеп жасына дейінгі көру және есту жүйесі бұзылған балалармен коррекциялық жұмыстар
1. Соқыркереңдерді өз-өзіне қызмет етуге үйрету