2. Г.И.Бертынь ұсынған әтиологиялық классификациясы.
3. Соқыркереңдердің АҚШ елінде қолданатын топтастыруы.
ХХ ғ соқыркереңмылқаулардың арасында жоғары білім алғандардың бірі Елена Келлер (АҚШ) философ доктор атағын алды, кеңес психологы және әдебиетшісі О.И. Скороходова, педагог-психолог А.В. Суворов болды.
Соқыркереңмылқаулардың - термині қазіргі кезде ескерілмейді, оның орнына соқырсаңырау термині қолданылады.
Г.П. Бертынь соқырсаңыраулардың келесі жіктемесін бөліп көрсетті.
І. Есту және көру бұзылыстарын қамтитын тұқымқуалаушылықпен байланысты.
2.Көрудің экзогендік бұзылыстарымен байланысты естімеушіліктін тұқымқуалаушылық бұзылыстары.
З.Естудің экзогендік бұзылыстарымен байланысты көрмеушіліктін тұқымқуалаушылық бұзылыстары.
4.Тұқымқуалаушылыққа тәуелсіз соқыр және кереңдік кемістіктен болатын соқырсаңыраулық.
5.Экзогендік бұзылыстарға ұшыраған есту мен көру. б.Этиологиялық себептері анықталмаған бұзылыстар.
Соқырсаңырау балалардың топтастырылу белгілері бойынша төмендегідей болады.
1. сенсорлық
2. тілдік
3. әлеуметтік психологиялық даму деңгейі бойынша.
Сенсорлық белгілері бойынша
Есту және көру деңгейі және оның белгілерін ескеру.
• Тотальды соқырсаңырау, мүлдем естімеушілік пен көрмеушіліктің байқалуы.
• Практикалық соқырсаңыраулар аздаған ест ме көру функциясының болуы.
• Нашар көретін кереңдік.
• Нашар еститін соқырлық.
• Нашаркөретін нашареститіндер.
Тілдік
Соқыркереңдердің арасында тез бейімделетін және қарым-қатынасқа түсетін жоқ, сондықтан қосымша белгі - тілге келіп туады.
Мылқаулық. Соқыркереңмылқауларда ешқандай да сөйлеу тілі болмайды. Ақыл есі кем соқырсаңырау болған балалар оқытылмайтын және үлкендерге көнбейді.
Ауызекі сөйлеу. Еркін және сауатты ауызша тілді меңгерген, ауызша сөйлеу
міндетті емес. Дыбыс шығарудың бұзылуы саналмайды.
• Дұрыс анық сөйлеу.
• Анық емес, бірақ түсінікті сөйлеу.
• Міңгірлеп сөйлеу, тек жақын адамдары ғана түсінетіндей.
• Мүлдем міңгірлеп сөйлеу, ешкім түсінбейтіндей.
Жесттік. Сөйлеуде өзара бір-бірімен жесттік тілде сөйлеседі, ауызекі сөйлеуді білседе. Көретін-еститіндермен қарым-қатынасқа түскенде грамматика, сөйлеудің басқа түрлеріменде қиындықтар туады. Жесттік тіл мен ауызекі сөйлеу арақатынасына тәуелді болады:
• Жесттік тілді жақсы біле отырып, соқырсаңыраулар дыбыс шығару тілін қолданбай, ешжерде оқытылмайды және сауаттылық бастамасын білмейді.
• Жест-ауызша сөйлеуді біле түр, бірақ оны еститін-көретіндерде ауқын-ауқын қолдану.
• Ауызша-жесттік. Еркін және сауатты ауызша сөйлей алады, бірақ жесттік сөйлейтіндермен жестік тілде сөйлейді. Ауызша сөйлейтін топқа өткенде болуы мүмкін.
Соқырсаңырауларды қоршаған ортамен қарым-қатынасының үйлесуіндегі сезімталдық түрі.