Мультиқызметтік абоненттік концентратор

Мультиқызметтік абоненттік концентратор (МАК) – қатынау түйіні, концентратор функциясын атқарады. Бұл тұрғыдан қарағанда NGN концепциясы және Triple Play Services идеологиясы телекоммуникациялық желіде қатынау түйінінің орнының бейнесін көрсетеді және оның функцияларын атқарады. Бұл түйін, бірнеше интерфейстерді, сигнализацияның әртүрлі протоколдарын, жаңа қызметтердің экономикалық енгізілуін, мультиқызметті трафик үшін қызмет көрсету сапасының барлық талаптарын орындау керек.

МАК, Triple Play Services қызмет көрсетілуінің енгізілу мүмкіндігін қамтамасыз етеді және ол бар электробайланыс желілері үшін кеерек болып табылады. NGN ұйымдастырылуы кезінде МАК аппараттық құралдарында ешқандай өзгерістер жасау қажет емес. Жаңа интерфейске ауысу программалық қамтамасыз етуде азғантай өзгерістер арқылы жүзеге асырылады. NGN –ға ауысуда қатынау құрылғысын ауыстыру қажет емес.

МАК –қа қосылудағы негізгі проблема болып, (басқа да концентраторларға қосылудағы сияқты) ұсталынатын қызметтер спектріне әр түрлі талаптардың қойылуы болып табылады.

 

 

11.3 Сурет- Мультиқызметті абоненттік концентратордың қосылуының екі нұсқасы

Потенциалды қолданушыларды терминалдық құрылғыға қосу үшін МАК-ғы көптегенинтерфейстердің болуы қажет. Бұл дегеніміз, интерфейстер қолданушы жағынан да, желі жағынан да трафиктерге қызмет көрсетілуі үшін жұмыс істеуі қажет.

Қолданушылар жағынан келесі интерфейстерді бөліп көрсетуге болады:

-екі сымды торап Z, ол телефонды немесе басқа да терминалдарды қосу үшін керек. Ол үшін ТФОП алгоритмін қолдану қажет, яғни қосылысты ажыратып/қосу үшін және тональдік жиіліктегі арналық өткізу жолағында сигналдармен алмасу үшін пайдаланылады (мысалы, таксафондар, персональды компьютерлер модельдерімен және факсимиьді аппараттармен);

- интегралды қызмет көрсетудегі сандық желі интерфейстері (ISDN) 2B+В және 30D+D; (В – негізгі сандық арна, өткізу қасиеті 64 кбит/с, ал D – қызметтік арна, жалпы сигнализация үшін пайдаланылыладфы, өткізу қасиеті 16 және 64 кбит/с);

- Ethernet порты, жергілікті желілерді қосу үшін (LAN) және IEEE 802 стандартында пайдаланылатын деректерді алмасыту үшін арналған;

- сандық сызықтар үшін торап, xDSL ішінен бір технологияны пайдаланады;

- видеоақпарат ағымдарына қызмет көрсету үшін арналған порт, сандық интерактивті телевидения қазіргі кездегі стандарттар ішінен бір базада түрлендірген болып табылады.

 

 

Әдебиеттер тізімі

 

1. О.М. Денисьева, Д.Г. Мирошников. Средства связи для последней мили.- М.: Эко-Тренз-НТЦ НАТЕКС, 1999. – 140 с.

2. Гольштейн Б.С. Протоколы сети доступа. - т.2. - изд. 3. -М.: Радио и связь, 2005.-288 с.