№11 дәріс. Абоненттік қатынаудың мультиқызметтік желілері

Дәрістің мақсаты: АҚМЖ студенттермен оқып үйрену.

Мазмұны:

-АҚМЖ түсініктері;

-АҚМЖ жүзеге асыру;

-АҚМЖ -ң негізгі төрт компоненттері;

-NGN желілері;

-мультиқызметті абоненттік концентратор;

АҚМЖ түсініктері

Мультиқызметті АҚЖ қызметтің үш түрін көрсетеді

-сөзді тарату (дыбыс, телефондық байланыс, сөздік почта және т.б.).

-деректерді тарату (интернет, факс, электрондық почта, компьютерлік файлдар, электрондық төлемдер және т.б.).

-видео ақпаратты тарату (телевидение, тапсырыс бойынша видео, видеоконференция және т.б.).

АҚМЖ-ң жүзеге асырылуы

АҚМЖ мыналар арқылы жүзеге асырылуы мүмкін:

-ADSL технологиясында;

-Triple-Play технологиясында;

-Оптикалық тарату технологиясында;

-кабельдік желі телевидение технологиясында;

Мульти қызметті абоненттік концентратор МАК технологиясында;

АҚМЖ-ң негізгі төрт компоненттері.

АҚМЖ моделін құру үшін төрт негізгі компоненттерді қолдану ұсынылған:

-бөлмеде орналасатын құрылғы , ол бір терминалдан да тұра алады, сонымен қатар өзінше техникалық комплекс құралдарынан құралған, бір немесе бірнеше желілердің көрінісін береді;

- қатынау желісі, ол құрылғының қосылуын қамтамасыз етеді, және ол қолданушы бөлмесінде, транзиттік желіде орналасады;

- базалық желі, ол техникалық құралдардан тұрады, және ол инфокоммуникациялық қызметтегі қолдау құралдарына қосылуға мүмкіндік береді;

- инфокоммуникациялық қызметтегі қолдау құралдары, ол өзіне программалық қамтамасыз етумен қызметтерді көрсетуді басқаруды қосады;

NGN – Next Generation Network – келесі буындағы желі NGN мультиқызметті желіні жүзеге асыруда мүмкіндігі жоғары концепция болып табылады. NGN концепциясының қарастыруы бойынша келешектегі желілер IP (Internet протокол) технологиясын ауқымды түрде пайдаланатын болады.

Сондықтан NGN талаптарына адаптирленген модель.11.1-суретте көрсетіледі.

 

 

11.1 Сурет– Мультиқызметті желіні ұйымдастыру

Мультиқызметті қатынау желісінің моделі 11.2-суретте көрсетілген

 

 

11.2 Сурет- Мультиқызметті қатынаудың желілік моделі

 

Қолданушы бөлмедегі желінің бірнеше түрі, телефондық аппараттардың (ТА) үйлесуінен құралады, ол үйлестіруші қорабқа қосылады (ҮҚ). ҮҚ мен қатынау түйінінің арасында көп жұпты кабель салынады. Бұл жағдайда, терминалдардың қосылуы «тура қоректену» сұлбасы бойынша қосылады, яғни үйлестіруші шкафтың орнатылуынсыз жасалады. Қарастырылып отырған желі қолданушы бөлмеде ешқандай жоғарғы жылдамдықты қатынау қызметтерін ұстамайды.

Қолданушы бөлмедегі желінің екінші түрі іскер абонент топтарына интегрирленген қатынау құрылғысы (Integrated Access Device -IAD) арқылы қызмет көрсету үшін арналады. Бұл құрылғы бірнеше ТА қосуға мүмкіндік береді (немесе ұқсас екі сымды интерфейсті пайдаланатын басқа терминалдарды қосады), сонымен қатар жергілікті желіні (LAN) қосады.

IAD және қатынау түйінінің арасында ақпаратпеналмасу (SHDSL) жоғарғы жылдамдықты сандық абоненттік сызық құрылғысын орнату арқылы жүзеге асырылады. Бұл құрылғы симметриялық сандық тракты құрады, бұл үшін көп жұпты кабельдің физикалық тізбектері пайдаланылады. Пәтерлік сектор қолданушылары үшін, ассиметриялық сандық абоненттік сызықты (ADSL) құрылғыны орнату көп таралған нұсқа болып табылады.

Қолданушылар бөлмесіндегі желінің үшінші түрі болып, пәтерлік сектор клиенттері үшін функционалды мүмкіндіктерді демеу «Triple-Play Services» бар нұсқалардың ең жақсысы болып табылады. Тұратын бөлмеде аппараттық программалық құралдар орнатылады, оларды үй сервері деп атаса да болады. Ол терминалдардың барлық түрлерінің қосылуын қамтамасыз етеді және ол «Triple-Play Services» концепциясын қарастырады. Қарастырылып отырған модель үшін телефондық терминалдардан басқа, персональдық компьютер (ПК) мен теледидарлар көрсетіледі. Жалпы жағдайда теледидар орнатқышпен қамтамасыз етіледі және ол «Set top box» деп аталады. Оның негізгі міндеті болып - қандай да бір қызмет түріне қатынау үшін, диалогты қамтамасыз ету болып табылады. Үй серверінің қосылуы көп жұпты кабель арқылы қосылуы мүмкін, бірақ ол ADSL, SHDSL немесе сол сияқты құрылғылардың орнатылуын қажет етеді. Қоланушылардың саны көп болған жағдайда опта-талшықты кабельдің салынуы қажет. Бірақ одан басқа кеңжолақты жүйесі бар сымсыз қатынау да пайдаланылады.