Triple Play жүзеге асыру әдістері

ADSL технологиясында

Провайдер жағында DSL (DSLАМ) қатынау мультиплексоры орнатылады немесе DSL сызығының сигналдарды алады және оларды тарату желісінде орнатады. DSL АМ сонымен қатар клиент үшін кіріс сигналдарды және оларды жоғары жылдамдықты қабылдау клиент арнасына жібереді.

Осыған байланысты (қысқа сым учаскілерінде жылдамдықты арттыруға мүмкіндік беретін), оператордың құрылғысына оптикалық арна бойынша және оны абоненттерге жақынырақ орналастыру қатынау құрылғыларын қосу (DSLAM) жалпы тенденция болып келеді. FTTx және DSL комбинациясы желінің құрылымын оптималдауға мүмкіндік береді. Осы кезде операторлық құрылғы барлық Triple Play қызметтерін қамтамасыз ету керек.

 

 

10.1 Сурет– DSL технологиясы үшін Triple Play қызмет көрсету принципі

 

Қарапайым DSLAM –бұл оператор жағында орнатылатын мультиплексор, ол абоненттік телефон сызықтары қосылатын концентратор болып келеді. Осы сызықтарының басқа жағында DSL модельдері ораласады.

DSLAM-ң басты функциясы болып қолданушыларға сапалы арна байланысын кең таратылымды Triple Play негізінде жеткізілуі. Дыбысты және интернетке қосылуды қамтамасыз ететін маршрутизатор видео ағынды Set-Top-Box құрылғысына декодалау үшін қайта жіберіледі. STB сигналды видео ағынға конверттейді ол, қолданушы телевизорында бейнені ығару үшін қажет.

DSL технологиясын қолданумен Triple Play қызметін ұсыну үшін шешімдер сұлбасы 10.2-суретте көрсетілген.

10.2 Сурет - DSL желі сұлбасы

PON технологиясында

PON технологиясы (passive optical networks) – талшықты оптика бойынша, көп жолақты мультиқызметті көптік қатынауда болашағы ең зор технология болып табылады.

Пассивті оптикалық желілердің мәні болып, олардың үлестірілетін желісі қандай да болмасын активті компонентсіз құрыла алуы: оптикалық сигналдың тармақталуы, оптикалық қуат-сплиттерлерін пассивті бөлгіштер көмегімен орындай алуы. Осы артықшылықтың салдары болып, қатыннау жүйесінің құнының түсуі, желілік басқарудың керекті көмегінің азаюы, таратудың жоғарғы алыстығы және үлестіруші желіні модернизация жасауының керек еместігі.

PON идеясының негізі – ONT көптік абоненттік құрылғыларда ақпаратты тарату үшін және олардан ақпаратты қабылдау үшін , OLT орталық түйінінде бірғана қабылдап -тарату модулін пайдалануында. 1.3-сурет.

OLT (Optical line Terminal)- орталық құрылғы, ағындарды терминалдық құрылғылардан ғимараттарға агрегаттайды.

ONU (Optical Network Unit ) немесе (Optical network terminal) – терминалдық құрылғы, ғимараттарда орнатылады, шеткі абоненттерді қатынау порттарымен қамтамасыз етеді.

10.3 Сурет - PON желі архитектурасы

 

PON архитектурасының артықшылықтары:

-аралық активті түйіндердің жылдамдығы;

-орталық түйінде оптикалық қабылдап-таратқыштарға экономияның болуы;

-талшықтарға экономия;

-жаңа абоненттердің қосылуының оңайлылығы және қызмет жасаудың оңайлылығы;

Абоненттердің нақты жерде орналасуы арқылы PON топологиясы, оптикалық тармақтардың орналасуын оптимизациялауға және оптикалық кабельдің салынуына кететін шығындарды оптимизациялауға, кабельдік желіні эксплуатациялауға мүмкіндік береді.