№10 д әріс. Triple Play желісі

Дәрістің максаты: Triple Play желілерін студенттердің оқып білуі.

Мазмұны:

- Triple Play түсінігі;

- Triple Play қызмет көрсету;

- Triple Play жүзеге асыру әдістері.

Triple Play түсінігі

Triple Play термині әдетте : бір ағында видео және мәліметтер, дыбыс тарату қызметтері сияқты болып жайылады.

Triple Play қызмет көрсетулері

- мәліметтер тарату қызметі;

- интернет желісіне жоғары жылдамдықты қатынас;

- (вискир) жиілік резервтік көшірме;

- желілік дисктер (виртуалды дисктік жазықтық);

- - Интернет желісінде персоналды файлдық ресурстар;

- ойын ссерверіне қатынау;

Дыбыстық қызметтер:

- қалалық және қала аралық телефония;

- IP арқылы радиотарату;

Видео қызметтер:

1.IP арқылы телетарату (IPT V , HD-IPTV)

2.Ақылы видеоарналар PPV(Pay Per View);

3.Т алап ету бойынша видео VoD

4.Персоналды видео магнитафон

5.Видеотелефония

6.Видео- конференц байланыс қызметі;

7.Видео бақылау;

8.Ойындық видео қойылымдар;

Қолданушылардың дыбысты видеодеректерді беру конвергентті қызметіне байланысты қатынау желісі конфигурациясына жаңа талаптар қояды.

Қатынау желісі конфигурациясына талаптар:

- IP желілерге толық ауысу,сонымен қатар қолданыстағы (дыбыстық) VoIP-дағы қызметтер және келесі ұрпақ қосымшаларына ауысу.

- Оптикалық байланыстарды тез өсетін трафикті өңдеудің ең тиімді стратегиясы ретінде қолдану. Бұл желілердің ішкі түрлерінің кең ауқымдылығымен қатынау желілерінің тұйықталуын қарастырады (мысалы xDSL, GPON және WiMax).

Қазіргі кезде байланыс операторлары қолданушылардың «цифрлық үйіне» , олардың үйлік IP шлюздерімен басқара отырып ұмтылған. Ұсынылатын қызметтің қиындылығының өсуі операторларының үйлік желі қатынау желісінің бірігіп мүлтіксіз жұмысын қамтамасыз етуді қажет етеді. Осы кезде қызметтің оптималды сапасы ұсынылуы қажет.