№9 дәріс. Қатынаудың оптикалық желісі
Дәрістің мақсаты: V.5 және FTTx технологиясының оптикалық қатынау жүйесі, оның сипаттамалары мен құрылымын студенттің меңгеруі.
Мазмұны:
- V.5 протоколы, V.5.1 және V.5.2 интерфейстері, олардың ерекшеліктері. Тасушы арна протоколдарының тағайындалуы;
- FTTx технологиясы. Олардың ерекшеліктері, параметрлері, мысалдары.
- Қатынаудың оптикалық жүйесі.
V.5 протоколы, V.5.1 және V.5.2 интерфейстері, олардың ерекшеліктері. Тағайындалған тасушы арна протоколдары
Интерфейстің екі типін құрайтын V.5 аталған, абоненттік қатынас жүйесі үшін құралған жаңа цифрлық стандарт ETSI және ITU спецификациясы V.5 V.5.1 V.5.2 интерфейстерінің 2 әртүрлі көрсетілуін табатын, арналарды қосу тәсілі.
V.5.1 стандартты (протокол, интерфейс) арналардың динамикалық концентрациясыз (тек қана статикалық мулбтиплексорлау рұқсат етіледі.) 2048 кбит/с өткізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Оны техникалық түрде СТОП немесе ISDN BRI арналары көмегімен жүзеге асыруға болады. Бұл стандарт тіреуіш желіге түйіні қызметін және қатынау желісі арасында басқарушы ақпаратты таратуды қамтамасыз ететін арна, сонымен қатар деректерді таратуды анықтайды. Осы арна көмегімен ISDN BRI порты босатылады немесе белгіленеді(порт ретінде бұл жағдайда UNI интерфейсін қамтамасыз ететін көрсету түйінінің ресурстары алынады), сонымен қатар олардың блокировкасы іске асырылуы.
V.5.2 стандарты (протокол интерфейс) арналарының динамикалық концентрация мүмкіндігін қарастырады. Онда әрқайсысы 2048 кбит/с өткізу мүмкіндігі мен 16 ағынға дейін қолдануға мүмкіндік беретін құрама интерфейс сипатталған. Сонымен қатар V.5.2 стандарты СТОП немесе ISDN BRI порттарының белгіленуі ғана емес, сондай-ақ ISDN РRI –да мүмкіндік береді. Сигнализация немесе басқаруға қатысты осы стандарттың спецификациясы V.5.1 деп ерекшеленбейді, бірақ V.5.2 қатынау түйіні қажетті UNI қосылуы өзі инициализация жасай алатын , байланысты басқару арнайы арнасын белгілеуді де қарастырады.