Абоненттік қатынастың аналогтық және цифрлық құрылымдық желісі.
8.4 Сурет–Абоненттік қызметтің аналогты желісі
8.4 – суретте аналогты АҚЖ – нің мысалы көрсетілген, қатынас желі қондырғысы екенін көрсетеді, ол екі желілік элементтерден тұрады.
АҚЖ – та сызықтық сигналды таратуда өте кең таралған және қолданылатын радиоарна мен оптикалық кабель. Тәртіп ретінде бұл жаңашаланған қондырғы желіге қатынас құру үшін әртүрлі ортада таратылуы үшін универсалды болып табылады. Оптикалық кабельдер бағасы мен өткізгіштік қабілеті бойынша жақсы көрсеткіш болып келеді.
8.4 – суретте аналогты АҚЖ көрсетілген, себебі коммутациялық станция аналогтық абоненттік шекті қамтиды. АҚЖ аналогтық сызықтың жалғасы ретінде болады.
Берілген сұлбаның артықшылығы: интерфейстердің келісуінің қарапайымдылығы; коммутациялық станция түріне де универсалдылық; ОСД АТС-ке кез-келген жүйе – электронды, квазиэлектронды, электромеханикалық жолмен қосылуы мүмкін.
Негізгі кемшілігі–станциондық блоктағы цифрлы-аналогтық түрленудің болуы. Шыныменде, егер коммутациялық қондырғы цифрлық болып келсе, онда цифрлық ағымдар алдымен АТСтің абоненттік комплектілерімен аналогтық сигналға түрлендіріледі, ОСД станциялық блогымен қайтадан цифрлық сигналға түрленеді.
Мүмкіншілігі:
1.Байланыс қызметінің сапасы жағынан, цифрлық қосылу абоненттің цифрлық желіге қосылуды қамтамасыз етеді және сәйкесінше аналогтық арнада бөгеуілдің азаюы
2.Экономикалық тиімділік жағынан және ОСД шығынын азайту үшін цифрлық қосылудың артықшылықтары бар, себебі желіні тұрғызу үшін 2сымды интерфейсі бар АТСтің абоненттік модулі және ОСД станциялық блогының аналогтық модулдері керек емес.
8.5 Сурет– Абоненттік қатынаудың цифрлық желісі