№8 дәріс. Сымсыз АҚЖ. Қатынастың оптикалық желісі

Дәрістің мақсаты: студенттерге WI-FI стандартын, абоненттік қатынастың цифрлық қатынастың цифрлық және де аналогтық желісін оқып үйрену.

Мазмұны:

- WI-FI стандартының мағынасы;

- Абоненттік қатынастың аналогтық және цифрлық құрылымдық желісі.

WI-FI стандарттары

ІЕЕЕ 802.11 немесе WI-FI стандарты (Wireless Fide lity) – сымсыз жергілікті желінің ең белгілі стандарты болып табылады. 8.1 – суретте ІЕЕЕ 802.11 стек хаттамасының құрылымдық сұлбасы көрсетілген.

 

8.1Сурет - ІЕЕЕ 802.11 стек хаттамасы

 

Сымсыз желілер конфигурация және кең тарату кезінде өте икемді болып келеді. Олар қосымша қосу қызметін атқаруы мүмкін, сонымен қатар желілік инфрақұрылымның құрылуы кезінде сымды желіні ауыстырушы болып табылады.

WI-FI желісінің сегменті дербес желі ретінде қолданылуы мүмкін. WI-FI желісі келесілерде қолданылуы мүмкін:

- Қолданушылардың желіге сымсыз қосылуы үшін;

- Ерекшеленген сымды сызық немесе Dualap қосылуын пайдаланғаннан гөрі правайдер желілеріне интернет-қызметтері арқылы қосылуы үшін;

Сымсыз желіні құру үшін WI-FI – адаптерлері мен рұқсатнама нүктесі қолданылады.

8.2 – суретте, адаптерлер, кеңейтілген слот РСІ, Сard Bus, Compact Flash арқылы қосылған құрылғы болып есептеледі. 2.0 порты арқылы қосылған адаптерлер бар. WI-FI – адаптерлері сымды желідегі желілік карта сияқты қызметтерді атқарады. Ол қолданушы компьютерін сымсыз желіге қосу қызметін атқарады.

 

 

8.2 Сурет– Адаптерлер

 

Сымсыз желіге қатынас құру үшін адаптерлер тікелей басқа да адаптерлермен байланыс орнатуы мүмкін. Мұндай желі арнайы (аd hos) немесе жоспардан тыс желі деп аталады.

Сонымен қатар, адаптерлер арнайы құрылғы рұқсатнама нүктесі арқылы байланыс орната алады. Мұндай құрылым инфрақұрылымды деп аталады.

8.3 – суретте, қатынау нүктесі, ол таратқыш-қабылдағышты және құрылған микрокомпьютерлі автономды модульді құрылғы болып табылады. Осы қатынау нүктесі арқылы қарым-қатынас және сымсыз адаптерлер арасында ақпарат алмасу, сонымен қатар желінің сымды сегментімен байланыс орнату мүмкіншілігі бар. Олай болса, қатынау нүктесі концентратор қызметін атқарады.

 

 

8.3 Сурет– Қатынау нүктесі

 

Қатынау нүктесінде желілік интерфейс (uplink port) болу керек, сонын көмегімен нүкте қарапайым сымды желіге қосылуы мүмкін. Осы интерфейс арқылы нүктенің түзетілуі іске асады.

Қатынау нүктесі клиенттерді (базалық режим – рұқсатнама нүктесінің режимі) орнықтырылған желі (Wireless distributed System –WDS ) құру үшін үлкен қызмет етеді. Бұл сымсыз көпір «нүкте-нүкте» және «нүкте-көп нүкте» -нің режимсдері.

Желіге деген қатынас эфир арқылы кең көлемді ақпарат берцу арқылы іске асады. Бірнеше беріліс станция жұмысы диапазонында қабылдағыш станция сигнал қабылдай алады.

Қызмет көрсету зонасы (service set – SS) деп топталған логикалық құрылғы аталады, олар сымсыз желіге қосылуды қамтамасыз етеді.

Базалық қызмет көрсету зонасы (basic service set – BSS) – бұл 802.11 –стандарты бойынша жұмыс жасайтын топ, бір-бірімен сымсыз байланыс арқылы байланысатын.