Сымсыз қатынау стандарттары

СТ-2, DECT, CDMA, D-AMPS және оның модификациялары сияқты басқа да көптеген радиоқатынау стандарттары бар.

1. СТ-2 технологиясы бір уақыттық интервалда абоненттен хабар қабылдайтын, ал келесі уақыттық интервалда базалық станциядан хабар қабылдайтын TDD қабылдауы мен тасымалдаудың уақыттық дуплекстік бөлінуі бойынша режимімен сәйкес келетін көптік қатынаудың арналарды жиілік бойынша бөлу әдісін қолданады. Осылайша, ақпараттық тарату және қабылдау үшін бір тасушы жиілік қана қолданылады. Жиілік спектрі 839-843, 864-868.2, 910-914 МГц.

 

6.2 Сурет–СТ-2 стандарты

 

2. DECT с тандарт ы – бұл жерде қабылдау мен таратуда уақыттық дуплекстік бөліну режимдері бар көптік қатынаудың уақыттық және жиілік бойынша арналарды бөлу әдістері аралас түрде пайдаланылады. Халықаралық нұсқау терминалогиясында бұл технология– MC/TDMA/TDD деп белгіленеді.

Жиілік диапазоны 1880-1900 МГц. ISDN желісіне қосылу мүмкіндіктері қарастырылған. Берілген технология абоненттік радиоқатынау құрылғысын салу үшін, сондай –ақ радиотелефондық сымсыз байланыс үшін қолданылады.

DECT стандартының жүйелері 1880-1900 МГц жиіліктер диапазонында жұмыс істейді. Бұл диапазон жиіліктік арналардың (көптік байланыс немесе МС – Mu1ti Carrier) 10 тасушы жиіліктеріне бөлінеді.

Әр сөз арнасы (а-а, немесе б-б) уақыттық интервалдар парасын пайдаланады. Бұл трафик үшін 120 сөз арнасы (10 тасушы 12 уақыттық интервал) қатынаулы екенін білдіреді.

 

6.3 Сурет– Уақыттық кадрлар

 

Шектеулі радиоқатынас жүйесінің құрылу мысалы

TANGARA Wireless жүйесі абоненттік қатынау үшін арналған цифрлық радиожүйе. Жүйенің техникалық сипаттамалары 6.1 кестеде келтірілген. Жүйе құрылымы 6.4 суретте келтірілген.

 

6.1 К е с т е – Техникалық сипаттама

Жүйенің максималды абоненттер сыйымдылығы Екі сымды 512 абонент . Е1 лі 960 абонент
Жүйе типі Цифрлық
Радиобайланысты ұстап тұрушы стандарт СТ-2
Көпстанциялы қатынау типі FDMA
Жұмыс жиіліктерінің диапазоны МГц 864 – 868,2 МГц
Арнаның жолақ ені 100 кГц
Дуплексті жүзеге асыру әдісі Уақыттық (TDD)
Сөзді кодалаудың типі мен жылдамдығы 32 кбит/с ADPCM
Тұтынушылар құжаттарын тарату үшін максималды жылдамдық, Кбит/с Факс 9,6 кбит/с, модем 16,8 кБит/сек тан аспайды
Бір бақылаушыға қосылатын базалық станцияның максималды саны* 6-арналық станциялар36 2-арналық 108 4-арналық не кез келген комбинация 54

 

6.1 кестенің жалғасы

Бір базалық станциямен қамтылатын сөйлесу арналарының максималды және минималды саны 2 ден 6ға дейін
БС және абоненттік терминал арасындағы радиобайланыстың максималды қашықтығы немесе ұяшық радиусы, км Көпсекторлы антеннада 12 км (толқындық арна8-14 дБ) және абоненттік жақтаудағы бағыттаушы антеннада (толқындық арна 8-14 дБ), 0.3 тен 10- 12 кмді қамтитын ұяшық радиусының 8 түрлі антеннасы бар
БС таратушының шығыс қуаты, Вт 0.01 ВТ бір арнаға (өшудің компенсациясы ретінде 0.5 Втқа дейінгі күшейткіш қойылады)
БС пен БС бақылаушысының арасындағы максималды қашықтық, км (байланыс арнасының байланыстырушы типін көрсету) по 3-ші параметр бойынша 0.9-ммден 11 км немесе E1 тракты бойынша шексіз қашықтық (РРЛ не талшықты оптика бойынша)
АТС ТфОП коммутаторы мен БСтің бақылаушы интерфейсінің түйісуі үшін Вариант 1. G.703 с сигнализациясымен R.2 MFC / R1.5 MFSне V5.1 Вариант 2. Екі сымды абоненттік жолдар
ТфОП коммутаторынан БС бақылаушысының максималды ара қашықтығы, км Абоненттік жол б\ша қосылуда шлейф кедергісі 240 Омнан аспауы тиіс(шамамен 1,8 км кабель б\ша ТПП 0,5) Цифрлық түйісу бойынша қосуда жолдағы өшулік 6 дБдан кем емес ( шамамен 800 м)

 

 


6.4 Сурет–TANGARA Wireless жүйе құрылымы

 

(BSC) базалық станция бақылаушысы базалық станциялар мен абоненттік терминалдарды басқарады. Әдетте АТС мекемелерінде орнатылады және ТфОПға әр түрлі интефейстер – шлейф бойынша сигнализациясы бар екісымды аналогты жол бойынша болмаса R2/R1.5 немесе V5.1 сигнализациялары бар 2 Мбит/с G.703 трактілері бойынша.

(BS) базалық станциясының модульдік құрылымы бар және 2ден 6 радиоарналарына дейін қолдау көрсетеді. Желідегі жүктемеге және жіберілетін бас тартулар ықтималдығына байланысты әр базалық станция 6-дан 80 абонентке дейін қызмет етеді (тұрақты байланыс үшін бөлінген арналар). Нұсқау саны бір БСке 60 абоненттен.

(RNT) абоненттік терминалы қоғамдық телефондық автоматтардағы немесе абонент бөлмесіндегі қабырғалық монтаж үшін арнайы жобаланған кіші өлшемдер блогы болып табылады. Оған шағын бағыттаушы және штырлы антенна жалғана алады.

RNT интерфейсі телефондық автоматымен телефондық станцияға ұқсас келеді. RNTға кез келген конструкциялы телефондық аппараттар, автожауапберушілер, факсимильді аппараттар, модемдер ж.т.б. қосыла алады. Интерфейс қайтаполюстік сигналдарын және 12/16 кГц телефондық автоматтар үшін метрлік сигналдарды қарастырады.

№7 дәріс . Сымсыз АҚЖ

Дәрістің мақсаты : қатынаудың спутниктік жүйесін студенттердің игеруі.

Мазмұны:

- спутниктік қатынау жүйесі туралы түсінік;

- спутниктік қатынау жүйесінің мысалы. Тағайындалуы, қызметтер;

- желі құрылымы. Желі элементтерінің тағайындалуы;

- функциялау принциптері. Байланыс орнату процесі.

VSAT – Very Small Aperture Terminal – аз габаритті жердегі абоненттік спутниктік станциялар негізіндегі байланыстың спутниктік жүйесі, станция С және Ku диапазондарында жұмыс істейді.

 

7.1 К е с т е - Спутниктік байланыс жүйесінің жиіліктер диапазоны

Диапазонның аталуы Жиіліктер жолағы, ГГц
С 3,40 - 5,25 және 5,725 -7,075
Ku 10,70-12,75 және 12,75-14,80

 

Fara Way VSAT желісі Gilat компаниясымен шығарылған.Бұл байланыс қызметтерін көрсетуші және спутниктік байланыс арқылы магистральді, абоненттік арналар бойынша АТС пен абоненттер арасында байланыс орнатушы электробайланыс және коммутация жүйесі. Бұл желі шеткі аймақтардағы және алыс орналасқан пункттерде қызмет ету үшін арналған.

FaraWay негізіндегі телефондық байланыс қызметтері:

- VSAT-VSAT ішкі спутниктік желі ішіндегі телефондық байланыс;

- VSAT - қалааралық (халықаралық) телефондық байланыс;

- қалааралық (халықаралық) телефондық байланыс - VSAT;

- VSAT - GSM ұялы байланыс аоненттері ;

- ұялы байланыс аоненттері GSM - VSAT.

Fara Way VSAT желісі NCC желісімен басқарылатын орталықтан, жүктеме терминалдарынан және қашықтағы станциялардан тұрады.

Желіні орталықтан басқару – NCC барлық спутниктік жүйеге арналған қатынауларды басқарады және алыс терминалдардағы тұтынушылар үшін коммутатор ролін атқарады. NCC желінің автоматты жұмысын, басқару және бақылау функциясын қамтамасыз етеді; желі операторына қуаттың пайдаланылуы туралы есептемесін көрсетеді; жүктеме туралы статикалық деректер жинайды және үлестіруші спутниктік ресурстарды басқарады. NCC сондай-ақ шектеусіз нөмірлеу жоспары негізіндегі адресатты таңдау, тізбек маршрутизациясының автоматты өзгеруі және коммутация хаттамасынығң түрленуі сияқты маршрутизация және коммутация функциясын атқарады. NCC орталығы желінің кез келген орнында орналаса алаы және ол станцияның жүктемесін қоса алғанда оның белгілі бір компонентіне байлаулы болмауы керек.

NCC құрамында: Стандартты РЧ құрылғысы, спутникпен байланыс үшін РЧ мен антеннаның қабылдау таратқышы, желінің басқару құрылғысы бар.

Желіні басқару құрылғысы:

- желіні басқару құрылғысы мен басқару арнасы бойынша жырақтағы станциялар арасындағы спутниктік байланысты қамтамасыз ететін (ССМ) арна басқару модулінен;

- нақты уақыттағыны басқаруға арналаған программалық қамтамасы бар DAMA жұмыс станциясынан және (DCS) қоңыраулады өңдеуден;

- желінің жағдайын көру, конфигурациясын өзгерту және берілген әңгімелесулердің жазбаларын сақтау үшін қолданылатын (NMS) желіні басқару станцияларынан;

Жүктеме терминалы – бұл түйінге бағытталған трафик концентрацияланатын станция. Бұл терминал кез келген қашықтықта орналасу мүмкіндігі бар. Желіде бірнеше жүктеме терминалдары болуы мүмкін, аудандық орталықтарға бағытталған трафикті концентрациялауға арналған.

Алыстатылған станция. Алыстатылған станция құрылғысының негізігі функциясы ретінде спутниктік тізбектің жердегі құрылғымен байланыстыру болып табылады. Бұл функциялардың орындалуы үшін жырақтағы станция құрылғысы сигнализация мен сызықтық интерфейстерді ұсынады, сондай-ақ абоненттер құрылғысы үшін интерфейстер; оның әрдайым спутниктік тізбектерді үлестіру, оқиғаларды бақылау және станция ресурстарын басқару үшін басқару құрылғысымен тұрақты байланысы бар.