5.4 Сурет– Ағымдарды бөлу әдісі – компенсация жаңғырығы

 

5.2 Кесте– VDSL жылдамдықтары

VDSL типі «Кіруші» жылдамдық, Мбит/с «Шығушы» жылдамдық, Мбит/с

Асимметриялы

51,84

6,48

38,88
29,16
25,92

3,24

22,68
19,44
12,96 3,24

Симметриялы

25,92 -
12,96 -

 

Асимметриялы VDSL әртүрлі облыстарда қолдану үшін жасалған: цифрлық телекөрсетілім, VoD талабы бойынша видео, қашықтықтық оқыту, телемедицина. Бұл жүйе телекөрсетілім үшін керекті жоғары дәлдікті (HDTV) 18 Мбит/с сигналдың өткізу жолағында береді. VDSL симметриялы технологиясы телеконсалтинг, видео конференция байланысы, жоғарыжылдамдықты талап ететін корпоративті ортада қолданылады. 5.5 суретте VDSL базалық архитектурасы көрсетілген.

 

5.5 Сурет - VDSL архитектурасы

 

№6 д әріс. Сымсыз АҚЖ

Дәрістің мақсаты: сымсыз АҚЖ технологиясын студенттердің үйренуі.

Мазмұны:

- көптік қатынауды ұйымдастыру технологиясы;

- сымсыз қатынаудың стандарттары;

- Шектеулі радиоқатынау құрылу жүйесінің мысалы.

Көптік қатынауды ұйымдастыру технологиясы.

- FDMA (Frequency Division Multiple Access) – жиіліктік бөліну бойынша көптік қатынау. Бұл кезде белгілі бір жүйеге арналған спектр әртүрлі абоненттерден келетін арналық ақпарат тасымалы орындалатын жиілік жолақтарына бөлінеді. 6.1,а –сурет;

- TDMA (Time Division Multiple Access) – уақыттық бөліну бойынша көптік қатынау. Бұл кезде бөлінген жиілік жолағы белгілі бір қысқа уақыт аралығында арналық ақпаратты тасу үшін арналған, сондай-ақ келесі уақыт аралығында басқа абоненттен келетін ақпарат орындалады 6.1,б-сурет;

- CDMA (Code Division Multiple Access) –кодалық бөліну бойынша көптік қатынау. Бұл кезде абоненттерден келетін хабар шифрланады және бір уақытта беріледі. Бұл әдістің артықшылығы – ол ақпараттың құпиялылығында, бірақ бұл үшін өте енді жиіліктер жолағы қажет. Ал қазіргі таңда жиіліктер ресурстарымыз шектеулі болып табылады. 6.1, в-сурет.

 

6.1 Сурет - Әр түрлі жүйелердегі көптік қатынау ұйымдастырылуы