№5 дәріс. xDSL технологиясы

Дәрістің мақсаты: студенттерге НDSL, АDSL,VDSL технологиясын оқып үйрету.

Мазмұны:

- НDSL технологиясының негізі. НDSL құрылғысының құрылуы мен қолданылуының мысалдары;

- АDSL технологиясының негізі. Ағымдары, жұмыс жылдамдығы. АDSL қосылуының құрылымдық сұлбасы. Ағымдарының бөлінуінің тәсілдері. АDSL модемінің құрылымдық сұлбасы. АDSL желісінің абоненттік интерфейстері. АDSL желісінің құрылымы. АDSL құрылымының мысалдары. Ассимметриялық технологияның түрлері, қолдануының мысалдары;

- VDSL қосылуының құрылымдық сұлбасы.

НDSL технологиясы – жоғарғы жылдамдықты цифрлық абоненттік сызық НDSL ( High – bit – rate Digital Subscriber Loop) . НDSL технологиясы 2048 кбит/с жылдамдықта толық дуплексті ауысымды қамтамасыз етеді.[1]

НDSL технологиясының негізін сызықтық тракт құрайды. Онда цифрлық потокты кодалау (немесе модуляция) тәсілі қолданылады. НDSL технологиясы бейімдеуші эхокомпенсацияны қолдануды қарастырады. Жұмысының негізі, қабылдау мен тарату бір спектралды диапазонда жүргізіледі, сигналдардың бөлінуін микропроцессор қамтиды. НDSL модемінің қабылдағышы сызықтық сигналдан таратқыштың жеке сигналын алып тастайды.

НDSL қондырғысының қолданыс аймағы:

- УАТС, ГТС –тің мүмкіндіктерінің байланысты орнату бойынша, байланыс арналарының өткізгіштік қабілеттілігінің өсуі бойынша кеңеюі DSL қондырғысы көмегімен;

- өткізгіштік қабілеттілігі аз дегенде 2мбит/с – қа тең ЛЕЖ сегменттерінің арасында байланысты қамтамасыз ету. DSL – ді сегменттер желісін қосу үшін, өте үлкен қашықтыққа шектелген, сонымен қатар жеке желі шектеріндегі орналасқан жұмыс станцияларының қосылуын қамтамасыз етеді. Идеалды түрде жоғарғы жылдамдықты қызметте Internet қосылу мүмкіндігі бар;

- ТОБЛ-ТОБЛ және ТОБЛ –шеткі ауысымының ұйымының қондырғылары;

- сигнал берудің тұйық телевидение және бейне бақылау жүйесі;

резервті және авариялық байланы жүйесінің құрылуы.

5.1 – суретте НDSL қондырғысының байланыстырушы сызығы (СЛ) үшін қолданысының мысалы көрсетілген.

АDSL технологиясының негізі

АDSL технологиясы станциядан абонент байланысы үшін бір АЛ-та үш арнаның ұйымдасуын қарастырады. [3]

 

 

5.1 Сурет– Цифрлық АТС арасындағы станция аралық байланыс

 

- ТЖ (ТЧ) –тің дуплексті арнасы;

- 15-640кбит/с жылдамдықтағы дуплексті қызметтік арнасы;

- 1,5-6,1 мбит/с жылдамдықтағы кіріс жоғарғы жылдамдықты поток (арна).

Абонентте АDSL модемі, ал станцияда пул (модемдердің құрылысы) қондырылады, олар DSLAM – Digital Line Access Module – цифрлық АЛ-ның қатынас модулі деп аталады, 5.2 – сурет.


АDSL технологиясы тек Интернет қызметіне немесе жұптық абоненттік кабельдерде ғана қолданылмайды. Технология кез-келген ақпаратты: бейне, деректердің дауысын цифрлық түрде берудің жоғарғы жылдамдықтылығын қамтамасыз етеді. Арналар санынан бастап модемдердің жұмысының жылдамдығының қатынасы 5.1 – кестеде келтірілген. Модемдер сызықтар жиілігінің диапазонының қатынасын қолданып бірнеше арна құрады.

 

 

5.2 Сурет - ADSL технологиясы үшін функционалдық сұлба

Жиіліктік мультиплекирлеу (Frequency Division Multiplexing, FDM) арқылы немесе жаңғырық-басушы арқылы. FDM диапазонды екіге бөледі: біреуі –жеткізуге, екіншісі- қатынауға.

 

5.1 К е с т е – Арна санына байланысты ADSL модемдерінің жылдамдықтары

Базалық жылдамдық Арна саны Жылдамдық
2,048 Мбит/с 1 2,048 Мбит/с
2,048 Мбит/с 2 4,096 Мбит/с
2,048 Мбит/с 3 6,144 Мбит/с

 

ADSL модуляциясының әдістері

1.

 


DMT – «дискретті көптональді модуляция» (Discrete Multitone), сурет 5.3. ADSL 0 дан 1,1 МГцке дейінгі диапазондағы жиіліктерді пайдаланады. 0 дан 4 кГц аралықтағы диапазон аналогты телефондық жолдарға сақталған. Егер трафик тек станциядан абонентке берілсе, онда DMT 4 кГц тен 249 арнаға 26 кГц және 1,1 МГц аралықтағы диапазонды бөледі, олардың әрқайсысын эквивалент модем ретінде қарастыруға болады. DMT сонымен қатар, екі бағыттағы трафик үшін 25 дуплексті арна бөледі. ADSL технологиясы DMT кодалауын не FDMмен , не жаңғырық –басумен.

 

5.3 Сурет – Ағымдардың DMTде бөліну әдісі

 

Байқасақ, FDM жүзеге асырудың қарапайым әдісі болып табылады. 5.3 суретте ADSLде жаңғырық-басушы қолданылмайтын кезі көрсетілген. Бұл асимметриялық құрылым және FDMнің тікелей қолданылуы ADSL дің шеткі құрылғыларын жаңғырық-басушы сұлбаларынан құтылдырады.

2. Жаңғырық-басушы әдісі, сурет 5.4. Суретте, шын мәнінде кіруші және шығушы ағымдардың өткізу жолақтары қайта жабылатын тиімдірек келісу жолы көрсетілген. Енді бөліктеніп жабылу кезінде ADSL құрылғыларында жаңғырық-басушы сұлбалары қажет. САР негізіндегі ADSL құрылғылары, әдетте FDM-келуді пайдаланады,ал DMT мен ADSL әдетте жаңғырық-басушыны пайдаланады, дегенмен ерекше жағдайлар бар. Құрылғының асимметриялығына байланысты жаңғырық-басушы әдісті жаңғырық-FDM деп те атайды. Жалпылай алғанда «FDM ADSL» және «ADSL дегі жаңғырық-басушы « жүйелері мен құрылғылары бар.

VDSL (Very High bit-rate Digital Subscriber Line) – жоғарыжылдамдықты технология DSL. 5.2 кестеде VDSL жылдамдығы көрсетілген.

 


Сурет 5.4 – Ағымдарды бөлу әдісі компенсация жаңғырығы