ISDN – Integrated Services Digital Network
Анықтама 1 : ISDN сөзінің астарламасында мынадай байланыс желісі жатыр, яғни ондағы цифрлық беріліс пен цифрлық коммутацияның барлық құрылғылары кез- келген байланыс түрін орналастыру үшін қолданылады.
Анықтама 2: ISDN сөзінің астарламасында, территориясы шетте орналасқан қолданушыларға ақпаратты сәулетті- программалық тәсілмен тасымалдаудың жиынтығын білдіреді. Олар қолданушылық талап етуіне қарай байланыстың әртүрін пайдалану арқылы цифрлық негізде ақпаратты таратуды қамтамасыз етеді.
ISDN – Integrated Services Digital Network екі түрге бөлінеді:
а) таржолақты ЦСИС – N - ISDN – Narrowband
б) кеңжолақты ЦСИС – В – ISDN - Broadband
N - ISDN - де беру жылдамдығы 2,048 мбит/с –қа дейінгісі қолданылады. Ал В – ISDN - де жылдамдығы 2,048мбит/с-тан асатын кеңжолақты арналар қолданылады.
ISDN – де стандартты цифрлық арнаның екі типі бар: біріншісі – ақпараттық, ал екіншісі – сигнализациялық. Ақпараттық арна базалық қолданушылардың ақпараттарын тарату үшін В- арна деп аталады. Сигнализация арнасы – D –арнасы пакеттелген түрде деректер мен сигнализация сигналын береді.
ISDN – де қатынас құрудың (интерфейстің) екі түрі бар:
- базалық (негізгі)
- біріншілік
Базалық (негізгі) қатынауға дыбыстық сигналдарды және 64 кбит∕с жылдамдықтағы деректерді таратуға арналған 2 ақпараттық дуплексті В-арнасы және 16 кбит∕с жылдамдықта тарататын бір дуплексті сигнализацияның D арнасы кіреді. Яғни ISDN-нің бір абонентіне 2В+D дан келеді және 16 немесе 48 кбит/с жылдамдықтағы желінің бөлігіне байланысты кадрлық синхронизация қосылып отырады.
Біріншілік қатынауға сөз және деректер тарату үшін 64 кбит/ с жылдамдықтағы 30 дуплексті ақпараттық В-арнасы және бір дуплексті 64 кбит/с жылдамдықтағы сигнализацияның D-арнасы кіреді. Жалпы жылдамдығы 1984 кбит/сті құрайды және 64 кбит/с жылдамдықтағы синхронизация қосылады. Сондықтан жалпы алғандағы біріншілік қатынаудың жылдамдығы - 2048 кбит/сті құрайды.
ISDN дегі абоненттік қатынау желісі.
ISDN таржолақты абоненттік қатынау желісінде пайдаланылады:
- ТЕ1 - арнайыланған ISDN терминалдары - "1"типті терминалдық құрылғы, - бұл базалық қатынауды демейтін ISDN терминалы;
- ТЕ2 - арнайыланбаған терминалдар - “"2" типті терминалдық құрылғы базалық қатынауды қолдамайтын;
- АТА – аналогты ТА;
- PBX – мекемелік АТС;
- ТА – ISDNнің арнайыланбаған терминалдарын қосатын терминалды адаптер (модем). Терминалды адаптер автономды құрылғы немесе ТЕ2нің ішіндегі плата болуы мүмкін. Егер ТЕ2 автономды құрылғы болса, онда ол ТА-ға физикалық деңгейдің R стандартты интерфейсі арқылы қосылады;
- NТ (Network termination) – желілік аяқталуы немесе желілік терминал. Бірінші және екәнші типті болады;
- LT – сызықты терминал, выполняет функции NT1 функциясын орындайды және АТСЦ ның цифрлы абоненттік комплекті боп табылады (ЦАК);
- ST – станциялық терминал, АТСЦның коммутациялық өрісі боп табылады (КӨ).
- R, S, T, U – абоненттік қатынауды жүзеге асыратын интерфейстер, немесе "пайдаланушы-желі" деп аталатын интерфейс;
- R интерфейсі – цифрлық терминалдар интерфейсі, ол арқылы олар терминалдық адаптерге қосылады;
- S интерфейсі – бұл төртсымды шина;
- Т интерфейсі - NТ2 және NТ1 арасындағы байланысты қамтамасыз етеді, қазіргі уақытта NT1 және NT2 функцияларын атқаратын желілік аяқталу 1 шығарылып жатыр;
- U интерфейсі – бұл екі сымды абоненттік жол.
3.3 Сурет–ISDNнің АҚЖ құрылымы
V станциялық интерфейсі станциялық терминал мен сызықты терминал арасындағы өзара байланысты қамтамасыз етеді.
NT функциялары:
- екі сымды АЖнің қосылуы;
- сызықты сигнализациямен қамтамасыз ету;
- абонеттік жол және абоненттік терминал синхронизациясы;
- басқару;
- терминалды қорек көзімен қамтамасыз ету;
- сигнализацияны және пайдаланушылар деректерінің блоктарын қадағалау NT2:
- төрт сымды S шинасының қосылуы;
- сигнализацияның деректер блогында қате табу;
- маршрутизациямен қаматамасыз ету.
Стандарт бойынша ISDN желісінің бір АЛға сегіз терминалға дейін қосуға болады.