№3 дәріс. АЛЦТЖ. ISDN абоненттік қатынау желілері
Дәрістің мақсаты: студенттерге ЦСПАЛ интерфейстері мен ISDN қатынасының абоненттік желісін оқып үйрену.
Мазмұны:
- АЛЦТЖ интерфейсі, жұмыс қашықтығы, регенераторлар;
- АЛЦТЖ –дың арнайы интерфейстері. АЛЦТЖ –дың басқарылуы және эксплуатациясы;
- ISDN анықтамасы. ISDN –нің негізгі анықтамасы: ISDN түрлері, ISDN қатынасының типі;
- ISDN –ге абоненттік қатынастың желісі.
АЛЦТЖ интерфейсі, жұмыс қашықтығы, регенераторлар
Көп жағдайда АЛЦТЖ – дар қалалық және ауылдық телефон желілерінің АЛ (абоненттік линияларын) тығыздау үшін қолданылады. Егер абоненттік линия ұзындығы мәннен аспаса, 3.1 – кестеде келтірілгендей, абоненттік блоктың қосылуына кедергі келтірілмейді. Кестеде келтірілген мәндер шамаланып алынған (ориентировочные) екенін айтып кету керек. Қондырғының жұмысқа қабілеттілігін бағалауда параметрлерінің саны салыстырмалы түрде екенін (ауыспалы өшулік, шуыл деңгейі, изоляция кедергісі және т.б).
3.1 Кесте–АЛ-тың мүмкін болатын ұзындығы
Талшық диаметрі, мм | Линияның мүмкін болатын ұзындығы, км |
РСМ-2А | |
Регенераторсыз | |
0,4 | 5,0 |
0,6 | 9,0 |
АЛЦТЖ қондырғысының құрастырылуы ыңғайлы болған. Онда абоненттік сызықтарда абоненттік блок станциондық жиынтыққа сызықтық регенераторды қолданбай-ақ қосылуы мүмкін.Оған қарамастан АС-тың ұзындығы регенераторсыз қосылу мәнінен үлкен болып тұрады. Бұл жағдайды сызықтық регенераторлар қолданылады. Регенераторлар АС-тің тығыздалу жолымен қондырылуы мүмкін, мұнда әр регенератор қондырғы жұмысының максымалды қашықтығының 95-100% - ға дейін өсуін қамтамасыз етеді. Регенераторлар ереже бойынша орналастырғыш шкаф немесе кросс бөлімшелерінде орналасады.
АЛЦТЖ – дың арнайы интерфейсі. АЛЦТЖ –дың басқарылуы және эксплуатациясы
АЛЦТЖ - дың АТС –ке қосылуының қадамды- декадтық жүйесі әлі күнге дейін байланыс операторлары қатарымен эксплуатацияланды. Себебі АЛЦТЖ түгелімен жартылай өткізгіш құрылғылардан жасалған. Номинал мөлшерінен кіріс тогының асуы кіріс тізбегінің қатардан тыс шығып кетуіне әкеледі. Мұндай жағдайда болдыртпау үшін қосымша қорғаныс кросын қолдану керек, оны АЛЦТЖ қондырғысы жиынтығында табуға, тапсырыс беріп алуға болады. 3.1 – сурет сұлбасында көрсетілгендей техникалық эксплуатациялау жүйесі техникалық қызмет көрсетуді талап етпейді, себебі жүйеде өзін-өзі диагностикалау және авариялық сигнализация орналасқан, бірақ платтардың қатардан шығуы кезінде олардың орнын техникалық персонал басады. АЛЦТЖ-ға орталықтандырылған жүйе техникалық эксплуатация мен дистанциондық басқару құрылуы мүмкін.
3.1 Сурет - АТСДШ жағынан эксплуатациялау болған кезде АЛЦТЖ –ның қорғанысы үшін қосымша кросс құрылғысының сұлбасы