АЛЦТЖ -ң құрылымдық сұлбасы, техникалық сипаттамалары, жұмыс істеу принципі

РСМ2А 2 каналды құрылғысының құрылу сұлбасын қарастырайық, 2.3 сурет.

Техникалық сипаттамалары:

- Қуат көзінің кернеуі– 48В/60В;

- Арналар саны – 2;

- Пайдалы жылдамдық –144 кбит/с;

- Сызықтық код – 2B1Q;

- Ақпараттық арналар жылдамдылығы – 64 кбит/с.

РСМ2А келісімі арқылы АТСтің АКнен аналогтық сигнал және ИКМ кодалауының алгоритмін іске асырушы кодер декодер келіп түседі. Келістіру сұлбасы жіберілетін сигналдарды және келіп түскен сигналдың деңгейін келістіру және сызықпен гальваникалық келістіру үшін арналған . Осылайша физикалық АЛ станциялық порттан станциялық блок кірісінде аяқталады. Арығарай ИКМ кодекі әр арнада 64 кбит/с жылдамдықпен анаолгты сигналды цифрлы сигналға түрлендіреді. Содан кейін цифрлық ағындар U-chip іске асыратын микросхемамен мултиплекстеледі, керек болған жағдайда цифрлық ағындар жүйедегі арналар санына байланысты. 32 кбит/с или 16 кбит/с жылдамдыққа дейін транскодердің арнайы микросхемасымен АДИКМ алгоритмін колдану арқылы сығылады, транскодер керек болған жағдайда құрылады.

АЛЦТЖ да хабарды кодтайтын, цифрлық ағындарды тарату үшін 2В арна қолданылады. Осыған байланысты әр В арна 64 кбит/сжылдамдықты цифрланған әңгімелік арнадан тұрады. , U-chip микросхемасына басқарылатын және сызықтық сигналдар жатады және де цифрлық АЛ диагностикасы үшін АЛЦТЖ –да қолданылатын қызметтік сигналдар жатады. U-chip мультиплексоры процессордан шығатын қызметтік арна және 2 әңгімелік арнаны бірлік группа лық цифрлық ағында бірігеді. Мультиплексордың сызық бөлігі 2B1Q кодымен сызықтық кодтау арқылы сызықпен группалық сигналды түрлендіреді және де 1 жұп арқылы тарату қабылдау бір уақытта эхокомпенсацияны ұйымдастырып отырады.

Дистанциондық қорек көзінен дистанционды қорек сызығына беруді қамтамасыз ететін АЛЦТЖ станциялық блок шығысында сигнал мультиплексордан үйлестіруші сұлба арқылы өтеді. АС тұйықталуы және дистанциондық қоректендірудің қорғанысының өшірілуі кезінде үзілу, сонымен қатар найзағайдан қорғанысты қамтамасыз етеді. АЛЦТЖ станциялық блоктың барлық жұмыс барысы микропоцессор және микропрограммалық басқапкммен жүргізіледі. Өз кезегінде станциялық микропроцессоры орталық диагностика және басқару процессор модулімен ақпарат алмасады, соңғысы ортақ желілік басқару жүйесімен орталық басқарушы компьютермен байланысты. РСМ2А үшін АЛ бойынша тарату жылдамдылығы 160 кбит/с (2B+D+16кбит/с) құрайды.

АЛ мен бірге цифрлық сигнал абоненттік блокқа түседі де, сигнал қайта бөгеуілдер мен бұрмаланулар алынып, содан соң ИКМ кодегінде, ИКМ транскодерінде, мультиплексорда қайта өңделеді.