№2 дәріс . АҚМҚЖ негізгі түсініктері. Абоненттік линияларды тартудың цифрлық жүйелері

Дәрістің мақсаты: абоненттерді қосуды ұйымдастыру нұсқаларын, абоненттік қол жеткізу желісінің мәселесін, абоненттік линияның цифрлық тарату жүйелерінің құрылымын студенттердің меңгеруі.

Мазмұны:

- абоненттік желіні құрудың әдістері: абоненттер концентрациясының орнына станциялық құрылғының шығуын ұйымдастыру, сымсыз қосу;

- абоненттік қол жеткізу желісінің проблемаларын шешу әдістері;

- АЛ берудің цифрлық жүйесі, мақсаты;

- АЛТЦЖ ң құрылымдық сұлбасы, технологиялық сипаттамасы, жұмыс принципі.

 


Абоненттер коннцентрацияланған орындарға станциялық құрылғының шығуын ұйымдастыру. Станциялық шығару құрылғысына жататындар: ішкі станциялар және мультиплексорлар. Ішкі АТС аналогты және цифрлы болады. Цифрлық АТС-терді енгізген кезде концентраторлар деп аталатын ПС шығыстың көмегімен желі құрылғысы шеткі абоненттік құрылғыларға дейін 500-700м арақашықтық кезінде тиімді болып келеді. Осылайша салыстырмалы аз қолданысқа ие АЛ орнына ішкі станциядан тірек АТСке дейін СЛ тығыздалған түйіні жүреді (2.1-сурет). Осы кезде магистралды кабельдерге қажеттілік күрт төмендейді.

 

 

2.1 Сурет– Ішкі станцияның қолданылуы

 

Сымсыз қосылу (радиоқатынас). Сымсыз қатынас АЛ-ң ұзындық бойымен кірсе оның бөліктерде радиоарна көмегімен құрылады.

Сымсыз қатынасты қолданудың себептері:

1.АЛ-та қолдануының мүмкін еместігі;

2.Топырақтың жағдайына байланысты- тасты;

3.Ауа-райына байланысты-жел, тұман, қар;

4.Өңірдің рельефіне байланысты-су бассейні;

5.Мекемені жалға беру;

6.Ғимараттың монолитті қабырғалары.

Артықшылықтары:

- Енгізудің жоғары жылдамдығы;

- Өңірдің релефіне және типін шектеулердің болмауы;

- Өсірудің тездігі және қарапайымдылығы;

- Абоненттердің аз тығыздығы кезінде тиімділік;

- Бастапқы инвестициялардың аздығы.

Абоненттік қатынау желісінің мәселелерін шешудің әдістері

АҚЖ-да телекоммуникациялық оператордың басты проблемасы аз шығынмен және мүмкін болатын барлық қызмет спектрін қызмет көрсету мен абоненттерді қосудың әдістерін таңдауда болып келеді [1].

Абоненттік желінің дамуына құралдарды үнемдеу және басқа жаңа абоненттерді бір уақытта қосудың проблемаларын шешудің 3 әдісі бар:

- АЛ-ты тығыздау (Абоненттік линияларды таратудың цифрлық жүйесі - АЛЦТЖ);

- Сымсыз байланысты қолдану;

- Байланыстың оптикалық жүйелерін қолдану.

Абоненттік линияларды таратудың цифрлық жүйесі


АЛ-ты тығыздау үшін қолданады, олар әмбебапты (АТС-тің кез-келген типіне қосылады), ішкі құрылысы бойынша бірдей, олар абоненттер санымен, жұмыс уақытымен, цифрлық арналардың санымен, сызықтық кодсыз әдісімен ерекшеленеді: АЛЦТЖ -ң қосылу принципін қарастырайық , 2.2-сурет.

Артықшылықтары: бір АЛ-та бірнеше абоненттер; тиімдеу; шығындарды үнемдеу.

 

2.2 Сурет– АЛЦТЖ қосылу принципі