Абоненттік линия туралы түсінік

АЛ – бұл мыс жұпты, екі талшықтан тұратын (талшық «а» және талшық «в»), яғни екі сымнан тұратын АЛ. Ол бір жағынан абонент терминалын қосса, екінші жағынан санцияға қосылады. 1.2.-сурет.

 

1.2 Сурет– Абоненттік линия

 

АЛ– дің түрлері

1.Пәтерлік сектордың АЛ-ғы, оның меншікті жүктемесі линияға 0,15 Эрл-ді құрайды.

2.Іскер сектордың АЛ-ғы (кәсіпорын немесе мекеме), олар арқылы 0,2 Эрл-қа дейін меншікті жүктеме жіберіледі.

3.Әмбебап таксофондар линиясы – картафондар.

4.Жергілікті байланыс таксофондарының сызығы (тек қана шығыс қосылулар).

5.Қала аралық телефондық байланыс таксофондар линиясы.

6.Ақылы сервисті қызмет байланысы үшін таксофондар линиясы (мысалы, анықтама берушілермен).

7.Сөйлестіретін пункттер линиясы.

Басқа да АЛ түрлерінің градациясы мүмкін

АЛ параметрлері:

-Екі сыңарлы мыс сымы (а және в талшығы);

-а сым өткізгішінде «-» қарама-қарсылығы, в сым өткізгішінде «+» қарама-қарсылығы;

-Қоректену кернеулігі: 60В немесе тұрақты токта 48В.

-Шлейф кедергісі (қысқа тұйықталған а және в АЛ өткізгішінде) 1000 Ом-нан көп емес, қашықтағы абоненттер үшін 2000Ом-нан көп емес (кейбір АТС типті мекемелер үшін кедергінің мәнінің үлкейтілуі – 3000 Ом-ға дейін жіберіледі).

-АЛ шлейфінің кедергісі, телефондық аппараттың (ТА) кедергісімен бірге қосқанда 1800Ом-нан көп емес;

-өткізгіштер арасындағы сыйымдылық, жерге қатысты 0,5Мкф –тен көп емес (қашықтықтар абоненттер линиясы үшін сыйымдылықтың шекті мәні 1,0Мкф-қа дейін).

-өткізгіштер арасында немесе әрбір өткізгіш арасында және кедергінің оқшаулануы (кедергінің кеміп қалуы) 20кОм-нан аз болмауы тиіс (кейбір АТС типтері үшін мысалы, АТСК 80кОм-нан аз емес);

-өзінің өшіп қалуы 4,5дБ аспау керек. (диаметрі 0,5мм кабельдері үшін) немесе 3,5дБ көп емес (жила диаметрі 0,32мм кабельдер үшін).

-өшіп қалудың өтулігі соңының ең жақын жерінде (АТС-қа) екі көршілес АС арасындағы тізбектерде 69,5 дБ-ден аспауы тиіс. [1,2]

Абоненттік таратқыш желінің құрылымы

1.3-суретте қазіргі кезде қолданылатын қалалық телефондық желіде абоненттік қатынауды ұйымдастыру сұлбасы келтірілген.

АТС-ке қатынауды ұйымдастыру үшін көп жұпты байланыс кабельдері қолданылады, олар ережеге сәйкес арнайыланған кабельді канализацияларда салынады. Бұндай АҚҚ ұйымдастыру әдісі классикалық қатынау болып табылады – ол мысты (металлдық) жұп бойынша болады. 1.3.-сурет

 

 

1.3 Сурет– Абоненттік таратқыш желі құрылымы

 

АҚҚ аймақ бойынша әртүрлі талшық диаметрі, АЛ-дан, үлестіруші шкафтан, үлестіруші коробкадан тұрады. Кемшіліктері:

Оны ұстауға үлкен шығындар кетеді.