2. Мини-пили. Құрамында тек прогестин бар.
3. Гормональды инъекция. Бұлшықетішілік инъекция әрбір 3 ай сайын жүргізіледі.Құрамында прогестин бар.
4. Норплант. Теріге имплантат қойылады,құрамында левоноргестрел
5. Гормональды сақина.НоваРинг .Майысқыш контрацептикалық сақина;Құрамында аз мөлшерде эстроген және прогестерон бар.
6. Гормональды пластырь Евра.Жіңішке пластырь;гормондарды ағзаға қан арқылы береді.
7. Гормональды жатырішілік спираль (Мирена) Құрамында левоногестрел.
8. Посткоитальды контрацепция. Контрацептикалық шара қорғалмаған жыныстық қатынастан соң жүргізіледі.
Гормональды контрацепция кемшіліктері:
1.Венерологиялық аурулардан қорғамайды.
2.Контрацептивті ұзақ қолдану кандидоз,веналардың тромбозын,инфаркт,инсульт , сонымен қатар онкологиялық аурулар (сүт безі рагі,жатыр мойнының аденокарциномасын ,бауыр рагін) тудыру мүмкін.
3.Таблетканы қабылдау ұзақ және міндетті түрде өз уақытында болуы қажет,сондықтан аса мұқияттылықты қажет етеді.
4.Әрбір ұмытылған таблетка жүктілік қаупін тұғызады.
5.Кейбір жағдайда жағымсыз әсер туғызуы мүмкін: жүрек айну,бас айналу,құсу,бас ауруы,сүт бездерінің ұлғаюы,салмақ қосу.
КОК қабылдаудың салыстырмалы қарсы көрсеткіштері:
1. Орта дәрежелі АГ. Веналардың варикозды кеңеюі.Психикалық аурулар,эпилепсия
2. Сүт безінің рагі.(5жыл бойыеш белгісіз)
3. Жоспарлы хирургиялық араласу (операциядан 4 апта бұрын)
4. Серповидті жасушалық анемия.
5. Жедел мононуклеоз
6. Жасы 35 тен асқан тәулігіне 15 артық шылым шексе
КОК қабылдаудың абсолютті қарсы көрсеткіштері:
1.жүрек –қантамыр жүйесінің ауыр аурулары
2.тромбофлебит
3. АГ ауыр дәрежесі
4. Бауырдың ауыр аурулары
5.сүт безінің қатерлі ісігі
6.вагинальді қан кету
7.айқын гиперлипопротеинемия
8.қант диабеті ретинопатиямен
9.жүктілік
10.емізу кезінде
№19 Билет
Комбинерленген оральды контрацепция .Көрсеткіштер,қарсы көрсеткіші.
Комбинерленген оральды контрацепция құрамында 2 гормон бар таблеткадан тұрады: эстроген және прогестин. Әйелдің аналық безінен бөлінетін табиғи жыныс гормонына ұқсас. Таблетка құрамында эстрогенді компонент ретінде қолданылады:этинилэстрадиол және прогестинді компонент ретінде:
левоноргестрел немесе норэтиндрон (бұл прогестеронның синтетикалық аналогы).
Комбинерленген оральды контрацепцияның контрацептивті эффекті әртүрлі механизмді әсер етуімен түсіндіріеді.
Комбинерленген дәрінің әсер етуі:
Овуляцияны тоқтатады(аналық без клеткаларының дамуы мен бөлінуі)
Жатыр мойны кілегейлі бөлінісінің қоюлануына әкеледі.Ол сперматозойдтың өтуіне кедергі болады.
Жатырдың кілегейлі қабығын өзгеріске әкеледі. Ол ұрықтанған аналық без клеткасының жатырдың кілегейлі қабығына бекуін (жабысуын)болдырмайды.
Жатыр түтігінде сперматозойдтың қозғалу белсенділігін азайтады
Комбинерленген оральды контрацепцияның үш түрі ажыратады:
Монофазалы: құрамында бірдей мөлщерлі эстроген мен прогестин бар 21 таблеткадан тұрады
Екі фазалы: екі әртүрлі комбинациялы эстроген мен прогестин бар 21 таблеткадан тұрады
Үш фазалы: үш әртүрлі комбинациялы эстроген мен прогестин бар 21 таблеткадан тұрады. Және олар түстері бойынша ажыратылады.
Гормональды контрацепция артықшылығы:
Жоғары эффективтілік
Баяу эффект: таблетканы циклдын 7-күніне дейін қабылдаған кезде
Қауіп факторы өте аз
Жағымсыз әсері өте аз (көп әйелдерге таблетка қауіпсіз)
Жыныстық қатынасқа әсер етпейді
Дәріні қабылдағанда жеңіл әрі ыңғайлы
Қабылдауды жеңіл тоқтатуға болады
Комбинирленген дәрілер бедеуліктің кейбір себептерін жояды
Комбинирленген таблетканың пайдалы әсері:
Қаламаған жүктіліктен қорғау эффективтілігімен қатар , әйел денсаулығына оң мәнді әсер етеді
Комбинерленген таблетканы қолданғанда әйел етеккірі кезінде ауырсынудың азайғанын смезінеде. Сонымен қатар етеккірдің өзі қою,қысқа уақытылы келіп өзгереді. Бұл таблетканы қабылдаған кезде етеккір циклі регулярлы болып өзгереді. Сондықтан бұл етеккір циклінің регуляры емес бұзылыстары бар әйелдерге де тағайындалады. Комбинирленген таблетканы қабылдау овуляцияны тежеумен қатар, жатырдан тыс жүктіліктің алдын алуға, аналық безі мен эндометрийдің рагын болдырмауға,жамбас астау ағзаларының қабынуын болдымауға,остеопороздың алдын алуға себебін тигізеді. Бедеулікті жоюға мүмкіндік береді,яғни қабылдауды тоқтатқаннан кейін жүкті болу мүмкіндігі жоғары.
Гормональды контрацепция жетіспеушілігі
Күнделікті қабылдауға өзіндік дисциплина мен өзіндік бақылауды қажет етеді
Әрбір қабылданбай қалған таблетка жүкті болу қаупін жоғарлатады
Міндетті түрде дәрілерді сатып алып тұру қажет
Эфективтілігі бірнешеуін қабылдағаннан кейін төмендеуі мүмкін
Егер де қайтадан жүкті болғын келсе, жүкті болу мүмкіндігі бірден қалпына келмейді (жиі 2-3 айдан соң). Жүкті болуды қажет етпей , бірақ дәріні қабылдауды тоқтатқан уақытта ,бірден жүкті болу қаупі де жоғары.
Сирек кездессе де,ауыр жағымсыз әсері: миокард инфаркті,инсульт,венозды тромбоз. Міндетті түрде дәрігер кеңесі керек.
Жыныс жолдары арқылы берілетін аурулардан және СПИДтен қорғамайды
Егер әйелде абсолютті қарсы көрсеткіші болса комбинирленген таблетканы қолдануға болмайды ,дәрігермен бірге басқа метод қарастырылуы керек.
Гормональды контрацепцияны қолданудың абсолютті қарсы көрсеткіші:
Болуы мүмкін жүктілік кезінде
Емізу кезінде немесе босанғаннан кейінгі 6айдың ішінде
Бауыр ауруларында
Жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруларында
Активті шылым шегуде
35жастағыларда немесе асқан
Қант диабетінде
Айқын бас ауруларында(мигрень)
АГ
Сүт безінің рагінде
№20 Билет