Етеккір циклінің бұзылысы.Этиология, классификациясы.

Етеккір циклы – репродуктивті жүйе қызметінің циклдық өзгерістерімен сипатталатын әйел организмінде өтетін күрделі биологиялық процесс.

Этиологиясы:етеккір бұзылысының себептері:

1.Психикалық қатты сілкіністер.Психикалық және жүйкелік аурулар.

2.Әлеуметтік жағдайдың нашарлығы – аштыққа шалдығу, авитаминоз.

3.Тұқым қуалаушылық және климаттық факторлар.

4.Профессионалды зияндылық, жыныстық жетілу кезіндегі қатты физикалық жұмыс атқару.

5.Індетті аурулар:нейроинфекциялар (тұмау,паротит,туберкулез, ревматизм).

6.Соматикалық аурулар (жүрек-қан тамыр аурулары, қан түзілу жүйесінің аурулар, бауыр аурулары).

7.Қалқанша безі мен бүйрек үсті безінің қызметтерінің бұзылысы.

8.Жыныстық жетілу мен менопауза кезінде жасқа байланысты гипоталамо-гипофизарлы жүйенің қайта дамуының бұзылыстары.

Классификациясы:

1.Аменорея – етеккірдің 6 ай бойы жоқ болуы.Аменорея түрлері:

-физиологиялық (жыныстық жетілуге дейінгі кезең,жүктілік кезінде,лактация кезінде және менопауза кезіндегі аменорея) және патологиялық (әртүрлі функционалды және органикалық аурулардан пайда болған аменорея)

- біріншілік- (етеккірдің 15-16 жасқа дейін бірде бір рет келмеуі) және екіншілік- (егер етеккір бір рет келіп, сосын келмесе)

- нағыз – (фегулярлы жүйеде циклдық өзгерістердің жоқ болуы) және жалған (гипоталамус – гипофиз – аналық без – жатырда және бүкіл организмде циклдық өзгерістер өтеді,бірақ механикалық тосқауылға байланысты етеккір болмайды ).

2.Гипоменструальды синдром – етеккір циклы бар,бірақ олар бұзылған.

А)етеккір кезіндегі қан мөлшерінің өзгеруі:

- гиперменорея (меноррагия) – қан мөлшерінің ұлғаюы;

-гипоменорея- қан мөлшерінің азаюы;

Б)етеккір ұзақтығының өзгеруі:

- полименорея – етеккірдің ұзақтығы 6-7 күннен асатын болса;

- спаниоменорея – ұзақтығының 1-2 күннен аспауы.

В)етеккір циклының ұзақтығының өзгеруі:

- проименорея- етеккір циклының ұзақтығы 21 күннен қысқаруы;

- олигоменорея – етеккір циклының 35 күннен асып 3- 5 ай келмеуі;

3.Дисфункциональды жатырдан қан кету- жүктілікке, жыныс мүшелерінің органикалық немесе қабыну ауруларына, жалпы организмнің жүйкелік,гемостаз немесе бауыр ауруларына байланысты емес, гипоталамо- гипофизарлы – аналық без жүйесіндегі функциональды өзгерістерге байланысты жыныстық гормондардың ретті секрециясының өзгеруімен сипатталатын қан кету.

4.Дисменорея- етеккірдің ауырып келуі, жалпы жағдайының өзгерулері байқалады.

№17 Билет

Отбасын жоспарлауда қойылатын сұрақтардың,кеңестердің негізгі принциптері.

Отбасын жоспарлау дегеніміз-ДДҰ анықтамасына сәйкес біруақытта бірнеше мәселелерді шешуге арналған шаралар жиынтығы болып табылады.Олар:

Қаламаған жүктіліктің алдын алу,тек қалаған баланы дүниеге әкелу,жүктіліктің интервалын бақылау,баланың дүниеге келу уақытын жоспарлау ата-анасының жасына сәйкес ,отбасыдағы бала санын анықтау.

Осы мәселелерді шешу үшін отбасын және некені жоспарлауға арналған медико-генетикалық консультацияға бару керек.

Маңызды болып контрацепция болып табылады,яғни ол қаламаған жүктіліктің алдын алуға көмектеседі және жасанды түсік жасататын әйелдер өлімінінің алдын алады.Жасанды түсік жасау әйел ағзасына өте ауыр асқынуларға алып келеді:қабыну аурулары,жатырдан тыс жүктілік,менструалды циклдың бұзылысы .Сонымен қатар бала көтере алмауға да алып келеді және жүктілік кезіндегі ,босану кезіндегі акушерлік асқынуларға алып келеді.Ал контрацепцияны қолдану қаламаған жүктіліктің алдын алады,сонымен қатар жыныстық жолмен жұғатын аурулардың алдын алады.

Контрацептивтік заттар төмендегі талаптарға сәйкес болуы керек:

-жоғары контрацептивтік эффективтілігі

-әйел ағзасына және ер адамға патологиялық әсері болмау керек;

-келесі ұрпаққа тератогенді әсері болмауы керек;

-қолданғанда қарапайым болуы қажет;

-бағасы қымбат емес,сонымен қатар конфиденциалды болу керек.

№18 Билет