Климактериялық қан кету.Этиологиясы.Диагностикасы.ЖТД іс-әрекеті
Климактериялық қан кету – 45-55 жастағы әйелдерде ең жиі кездесетін гинекологиялық патология. Сонымен қатар бұл науқастарда қосымша аурулары зат алмасу, эндокринді жүйе бұзылысы (гипертония ауруы,семіздік,гипергликемия) болады.Дисфункционалды жатырдан қан кету бұл жастағы әйелдерде ауыр өтеді.
Этиологиясы:Аналық без функциясының реттейтін гипоталамустың құрылымының функциональды өзгерісі.Бұл менопауза уақытында байқалады.Жатырдан қан кетудің себептерінің бірі аналық безінің ісіктері.Бұл қан кету гонадотропты гормондардың циклдың бөлінуінің бұзылысы. Сонымен қатар, эндометрийдің гиперплазиясы кезінде байқалады.
Клиникасы:Ациклды, интервалмен 1,5-6 ай, 110 күндей жалғасады.Науқастың жағдайы дисфункциональды жатырдан қан кету кезіндегідей болады.Гиповолемия және анемия анықталады.
Диагностикасы: Гипоталамус- гипофизарлы – аналық без жүйесінің бұзылыс деңгейін анықтау қажет.
Физикалық зерттеу әдістері:Ең бірінщі науқасты сұрастыру,қан кету қанша уақытқа жалғасқанын анықтау қажет.Жалпы қарау – пальпация.Сыртқы жыныс мүшелерін қарау.Бимануальды гинекологиялық тексеру – ішкі жыныс мүшелеріне баға беру.
Лабораториялық зерттеу әдістері: Қан тобы және резус – фактор анықтау, ЖКА,ЖЗА, Қандағы қант деңгейі, БХА: билирубин.Қан ұю жылдамдығын анықтау,коагулограмма, гормональды кольпоцитология.Сонымен қатар:ФСГ,ЛГ пролактин,эстраген,прогестерон,кортизол гормондарының деңгеійн анықтау.
Инструменталььд ы зерттеу әдістері:трансабдоминальды УЗС, трансвагинальді, допплеррометрия, кольпоскопия,гистероскопия, кіші жамбас қуыс ағзаларының допплерометриясы,кіші жамбас қуысының МРТ,эндомерий биопсиясы.
ЖТД іс-әрекеті:Емді бастамас бұрын, науқастың органикалық ауруларын және науқас жасын, аурудың ауырлық деңгейін, постгеморрагиялық анемия деңгейін анықтау қажет.Емі хирургиялық жолмен емдік – диагностикалық тазалау және гистероскопия көмегімен жүргізіледі.Кей жағдайларда жатыр ампутациясы жүргізіледі.
№15 Билет
Көлемді,жиі және тұрақсыз етеккір келу (дисфункциональды жатырлық қан кету)
80 мл артық қан кету болса немесе ұзақтығы 7 күнге созылса (менометроррагия) және аралығы тұрақты емес қысқа болған жағдайдағы қан кету.
Диагностикалық критерийлері:
-шағым және анамнез:
1. еттеккір уақытындағы ұзақ және көлемді қан кету(әдетте 7 күннен ұзақ). Қан кету тұрақсыз.
2.әлсіздік,бас айналу,жұмысқа қабілеттілік төмендеуі
- физикалық зерттеулер
1.айнамен қарау
2.бимануальды зерттеу арқылы жатыр және оның қосылқыларының көлемін қарау
-лабораториялық зерттеулер:
ЖҚА: гемоглобин деңгейінің төмендеуі ,эритроцит (3,9*10 12/л),гематокрит (0,36л/л) деңгейлерінің төмендеуі
-инструментальды зерттеу
Әйел жыныс мүшелерінің УДЗ
Емі:
Тек медикаментозды ем.
Көлемді және тұрақты қан кету кезіндегі гормональды гемостаз эндометриядағы атипиялық процесс жоққа шығарылғаннан соң жүргізіледі.
-құрамында этинилэстрадиол 20-30мкг бар комбинирленген оральді контрацептивтер. Препаратты қан кету қарқандылығына байланысты алғашқы тәулікте 4 таблеткадан ,3 күнге дейін қан кету тоқтағанша 1-2 таблеткадан дозасын азайтып қабылдайды. 21 күн бойы КОК қабылдайды.
-левоногестрел құрамында гормональды жатырішілік жүйе бар
-анемияға қарсы ем гемоглобин деңгейін реттеу үшін
1.фолий қышқылы ,тәуліктік дозасы 0,005 г (5 таблетка)
2.темір препараттары
-Тұрақты емес етеккір кезінде:
1.цикл регуляциясы кезінд КОК
2. жүктілік қажеттілік болғанда гормонотерапия І немесе ІІ фазасында овуляцияны стимулдау үшін . І фазада эстриол 2мг,ІІ фазада микронизирленген прогестерон 200мг. Стимуляция үшін кломифен 50-150 мг етеккір циклінің 5-9 күндері.
Емнің басқа түрлері : акупунктура,физиотерапия
Хирургиялық ем: Гистероскопия бақылауымен эндометрийді гистологиялық зерттеу арқылы жатыр қуысына қыру жасау.
№16 Билет