Плацентаның төмен орналасуы.Этиология.Клиника . Диагностика ЖТД іс - әрекеті.

Плацентаның төмен орналасуы жүктіліктің ең жиі және қауіпті асқынулары.Жиілігі 0,4-0,6%.Плацента ұлпасы жатырдың алдыңғы немесе артқы қабырғасына, ішкі жатыр мойын тесігінен 5-7 см жоғары орналасады.плацентаның төмен орналасуы деп плацента ұлпасыныңм жатырдың төменгі сегментінде жапсырылып, оның ішкі ернеуін тұтас және жартылай жауып жатуын айтады.Екі түрі бар:

1.Толық төмен орналасу.Плацента ұлпасы жатырдың ішкі ернеуін түгелімен жауып жатады, бұл плацентаның орталық орналасуы деп аталады.

2.жартылай төмен орналасу.ішкі ернеу жартылай жабылып , тек қана іргелес жағынан плацента ұлпасы анықталады.

Себебі: жатырдың шырышты қабатының қабынуының салдарынан дегенеративтік өзгерістердің болуы.Осыған байланысты ұрық өзіне ыңғайлы орын іздеп, жаьырдың төменгі бөлігіне қарай жылжып жабысады.Бұл асқыну көбіне бірнеше жүкті болған, көп түсік тастаған ,қабыну процестері, жатыр ісігі бар әйелдерде кездеседі.

Клиника:жатырдан қан кету жүктіліктің екінші жартысында, 27-28 апталарда кездеседі.жүктіліктің сонғы айларында жатырдың төменгі сегменті пайда болады.жүктілік өскен сайын төменгі сегмент ұлғая береді, плацента жатыр қабырғасынан біртіндеп ажырап бөлінеді.сол жерден қан кетеді.

Плацентаның төмен орналасуы келесі белгі- жүктіліктің үзілу қаупі, нәрестенің жүрек соғысының нашарлауы, жатырда дұруыс орналаспауы.

Диагностика. Жүктіліктің екінші жартысында периодты түрде пайда болатын қан кету. УДЗ ұрықтың дұрыс орналаспауын анықтайды. 3 реттік УДЗ бақылау жжүргізеді.

Тактика.Плацентаның төмен орналасуында жүктіліктің 24 аптасынан жоғары стационарда бақылау жүргізеді. Қатаң төсектік режим, жатыр тонусын төмендететін препараттар, қан кетудің алдын алу.босанушы мен ұрықтың жағдайын бақылай отырып консервативті ем жүргізіледі.егер плацентаның толық төмен орналасуы болса, ұрық жағдайы нашарласа кесар тілігі жүргізіледі.\

 

№7 Билет