Қалыпты орналасқан плацентаның уақытынан бұрын ажырауы(ҚОПУБА).Этиология.Клиника . Диагностика.ЖТД іс-әрекеті.

Плацента нәресте туғаннан кейін бөлінеді, кейбір жағдайларда жүктілік , босану кезеңдерінде плацента жатыр қабырғасынан бөлініп, ана мен баланың өміріне қауіп төндіреді. жүктіліктің осындай асқынуын қалыпты орналасқан плацентаның уақытынан бұрын ажырауы дейді. Жиілігі 0,1-0,5%.

Этиология:

• жатыр қабаттарының аурулары-(ұзаққа созылған қабыну, ісік, жатыр тыртығы)

• қағанақ суы көбейгенде, егіз жүктілікте

• жүрек қан-тамыр аурулары және гестоздар

• экстрагениталды аурулар(артериялды гипертензия, артериалды гипотония, жүрек ақаулару, бүйрек ақаулары, қант диабеті, қалқанша безі аурулары, туберкулез, мерез және т.б.)

• АВО жүйесі және резус-фактор бойынша анасы мен ұрықтың қанының изосерологиялық сәйкессіздігі

• қабыну аурулары, көптеген оперативті араласулар

Клиника: жыныс жолдарынан қан, іштің ауырсынуы, ұрықтың жедел гипорксиясы. ҚОПУБА кезінде қан кету: сыртқы, ішкі, аралас. Жатырдың пальпациясында гипертонус, толғақ арасында жатырдың босаңсуы жоқ. Қынаптық зерттеу кезінде жатыр мойны сақталған, сыртқы ернеуі жабық.ъ

Диагностика: негізгі: қан тобы және резус-фактор, жалпы қан анализы, коагулограмма, қосымша: УЗИ,КТГ.

Тактика:

1. АҚҚ және ЖСЖ өлшеу.

2. лабораториялық зерттеу үшін қан алу

3. қуықты катетеризациялаудиурезды сағат сайын бақылау

4. ылғалданған кислородты ингаляция

5. лабораториялық зерттеу жүргізу: гемоглобин, ттромбоцит, фибриноген, АЧТВ, МНО.

6. қан тобын және резус фактор анықтау.

Акушерлік іс-әрекет:

• көрсеткіш бойынша фетоплцентарлы комплекс УДЗ жүргізу

• көрсеткіш бойынша кардиотокография

• амниотомия, ұрық жағдайын және босанушыны мониторингілеу

№6 Билет