Ерте гестоз . Жүкті әйелдердің құсуы . Клиника. Классификация. Стационарлық емге көрсеткіш.

Жүктілік кезіндегі гестоз ауруы — қазіргі акушерлік саладағы өзекті проблеманың бірі және аурулардың арасында алдыңғы орындарда тұр.

Гестоз — әйелдердің жүктілік кезіндегі асқынған ауру түрі, ол ана ішіндегі нәрестенің ең маңызды органдары мен жүйке жүйесі функциясының бұзылуымен сипатталады.

 

Гестозбен ауырған әйелдерде созылмалы түрдегі бүйрек және гипертония аурулары қалыптасады. Сондықтан аурудың алдын алу шараларын қолданған жөн. Мұндай аналардан туған балаларда дене пішіні және психоэмоционалды даму жағынан бұзылыс туындайды.

Жүктілік гестозы екіге бөлінеді: алғашқы және кеш.

Алғашқы гестоз жүктіліктің алғашқы үш айлығында құсу және ауыздан сілекей ағуы секілді белгілер арқылы анықталады. Гестоздың пайда болуына іштен туа біткен және жүре пайда болған нейроэндокринді айналым жүйесінің жетіспеушілігі (гипоксия, инфекция, улану, тұқым қуалау факторлары) және де әйелдерде кездесетін патологиялық аурулар (жүрек-қан тамыры аурулары, гипертония ауруы, гипотония, қант диабеті, пиелонефрит, гломерулонефрит, т.б.) әсер етеді.

Ерте гестоздар жүктіліктің алғашқы айларында пайда болады.

Жүкті әйелдің құсуы. Бұл жиі кезедеседі. Әйелдердің 80-85% жүктілік кезінде таңертеңгі мезгілде жүрегі айнып, анда-санда құсатын болады, бірақ жалпы жағдайы өзгермейді. Бұл гестозға жатпайды, тек жүктіліктің бір белгісі болып есептеледі. Ал гестоз кезінде әйел тәулігіне бірнеше рет жүрегі айнып, лоқсып, құсып, тәбеті төмендеп, жалпы жағдайы нашарлайды. Клиникалық белгілеріне байланысты үш түрге бөлінеді: 1) жеңіл; 2) орташа; 3) ауыр.

Жеңіл түрінде күніне 3-4 рет құсады (көбіне тамақ ішкеннен кейін). Тамақ ішу қабілеті сақталады, кейде ащы-тұщы тағамдарды сүйсініп жейді. Жалпы жағдайы өзгермейді.

Орташа түрінде әйел тәулігіне 10 және одан да көп рет құсады, жүрегі айнып, тамақ ішуі нашарлайды, ал ішсе, жедел құсып тастап отырады. Содан әлсіреп, жүдей бастайды. Сонымен бірге жүйке жүйесінде, зат және көмір сутегінің алмасуында өзгеріс болып, кетоацидоз пайда болады. Дене қызуы көтеріліп, жүрек пен тамыр соғуы жиілейді. Уақытында дұрыстап емделмесе, келесі ең ауыр түріне көшеді.

Құсықтың ауыр түрін тоқтатусыз құсық деп те атайды. Бұнда құсықтың саны 20-дан да асады, жүрегі айнитыны сонша, тамақты ойлағаннан, иісінен құсатын болады. Кейде бұған сілекей ағу қосылады. Соның салдарынан ағза сусызданып, әлсізденіп, жүдейді. Кейде салмағы 8-10 кг дейін кемитін болады. Ағзада зат алмасуының ақырына дейін тотықтырылмаған қалдықтар көбейіп, қанда мочевина, қалдық азот және креатиннің мөлшері көбейеді, зәрде ацетон пайда болады, дене қызуы көтеріліп, тамыр соғысы жиілейді, ол 100-120-ға дейін жетеді. Дем алғанда аузынан ацетонның иісі шығып, әйел есінен тануы (кома) мүмкін. Ауруды анықтау жолдары жоғарыдағы белгілерге байланысты болады.

Емдеу жолдары.Гестозды, орташа, ауыр түрлерін тек емханада емдеу керек. Емі жан-жақты болуы қажет.

1. Жүйке жүйесінің жұмысын қалыпқа келтіру үшін бром, кофеин дәрілерін береді, электроанальгезия, электроұйқы, психотерапия қолданады.

2. Құсықты басатын аминазин, спленин, дроперидол дәрілерін қолданады.

3. Ағзаның улануына қарсы қажетті мөлшерде сұйықтықтар құйылады. Науқастың ауыр жағдайы кезінде тәулігіне 2500-3000 мл дейін сұйықтықты ақырындап, тамшылатып көк тамырға жіберу керек. Оларға гемодез, полиглюкин, реополиглюкин, глюкоза, аскорбин қышқылы, желатиноль, белок препараттары жатады, кейде гемоглобин азайғанда, қан кұю қажет. Физиотерапиялық әдістерді де қолданады: кальций, броммен мойынға электрофорез жасау, эндоназалдық гальванизация және витаминдер беріледі. Егер ем қонбай, әйелдің жағдайы, қан, зәр анализдері нашарласа, жүктілікті үзу белгіленеді.

№4 Билет

Кеш гестоз. Преэклампсия. Классификация, диагностика. ЖТД іс – әрекеті. Гестоз — әйелдердің жүктілік кезіндегі асқынған ауру түрі, ол ана ішіндегі нәрестенің ең маңызды органдары мен жүйке жүйесі функциясының бұзылуымен сипатталады.

Жүктілік гестозы екіге бөлінеді: алғашқы және кеш

Кеш гестоз – жүктіліктің екінші жартысында көп мүшелік қызметтердің жетіспеушілігімен көрініс беретін синдром.

Преэклампсия - бұл жүкті әйелдердегі әдетте АҚ мен протеинурияның көтерілуімен көрінетін көп жүйелі синдром.

Жүктіліктің жеңіл формадағы бұл асқынулары әйелдердің 3% кездеседі, және көбіне анасы мен нәрестенің денсаулығына айтарлықтай әсер етпейді.

Преэклампсияның ауыр формасы жүкті әйелдердің 1-2% кездеседі.

Бұл кезде, ең алдымен бүйрек, бауыр, қан ұйыту жүйесі және ми, сонымен қатар бала жолдасы зақымданады. Преэклампсияның ауыр формасы анасы мен нәрестенің денсаулығына айтарлықтай зиянын тигізіп, тіпті өлімге де әкелуі мүмкін. Дамыған елдерде эклампсия 2000 жүкті әйелдің біреуінде, дамып келе жатқан елдерде - жиілігі 1/100 ден 1/1700 дейінгі босануларда кездеседі. ҚР гестоз жүкті әйелдердің 15-27 % кездеседі. Эклампсия дүние жүзіндегі ана өлімінің ең басты себебі болып отыр (10-15%). Преэклампсияның пайда болуы себептерін түсіндірудің барлық әректі ешқандай нәтиже бермеді. Бүгінгі күні бұл асқынудың дамуының 30-дан аса теориясы белгілі. Профилактикасының тиімді әдісін іздеуден де, әзірше еш нәтиже шықпады. Сонымен, нәтижелілігі дәлелденген бірден-бір емдеу әдісі - анасы мен жаңа туған нәрестеге орынды көмек көрсете алатын, емдеу мекемелеріндегі босандыру болып отыр.

Жіктемесі:

Клиникалық диагноз МКБ-10

Созылмалы гипертензия О10: О10.0, О10.1, О10.2, О10.4, О10.9

Жүкті әйелдердегі ісінулер О12.0

Преэклампсияның жеңіл сатысы О11, О12, О12.1, О12.2, О13, О16

Преэклампсияның орташа сатысы О14, О14.0

Преэклампсияның ауыр сатысы О14.1, О14.9

Эклампсия О15, О15.0, О15.1, О15.2, О15.9

Диагностика критерилері

Шағымдар мен анамнез

Шағымдар спецификалық емес және гестоздың көрінісінен және ауырлық сатысына байланысты. Бас ауруына, жүрек айнуына, эпигастрия кезіндегі ауыру сезіміне, кенеттен пайда болған ісікке, зәр шығуыдың азаюына, іштегі нәрестенің қимылдау сипаты өзгеруіне, теріде себебсіз қан құйылу пайда болуына немесе мұрыннан қан жиі кетуіне жасалған шағымдарға ерекше көңіл бөлу керек.

Физикалық тексерулер

Гипертензия

Гипертензия диагнозы диастоликалық қысым бір рет өлшегенде сынап бағанасынан 110 мм асса немесе тең болса немесе арасына 4 сағат салып екі рет өлшегенде сын. бағ. 90 мм асқанда немесе тең болғанда қойылады.

Систоликалық АҚ бастапқыдағыдан сын. бағ. 30 мм көбейсе, бірақ сын. бағ. 160 мм көп болмаса.

Ауыр гипертензия

Диастоликалық АҚ бір рет өлшегенде сын. бағ. 120 мм асса немесе тең болса немесе арасына 4 сағат салып екі рет өлшегенде 110 асса немесе тең болса.

Систоликалық АҚ бастапқыдағыдан сын. бағ. 30 мм көбейсе, бірақ сын. бағ. 160 мм көп болмаса.

Диастоликалық қысым сын. бағ. 90 мм және систоликалық сын. бағ. 140 мм болса, шекаралық болып саналады, бұл кезде ол ауру болып саналмайды, тек қана анасы мен іштегі нәрестенің хал-жағдайын мұқият бақылаудың қажеттігін көрсетеді.

АҚ көрсеткіштері өсуіне қарамастан, жүктіліктің көпшілігі жақсы өтеді, бұл - гипертензия кей жағдайда жатыр-бала жолдасы қан айналымына қан тамырлық қарсыласу жағдайында оң әсер ететінін көрсетеді және компенсаторлық механизм болып саналады.

 

Ісінулер

Бір қалыпты ісінулер физиологиялық ағымда өтіп жатқан жүктілігі бар әйелдердің 50-80% байқалады. Анасы мен іштегі нәресте үшін ісіксіз өтіп жатқан преэклампсиядан гөрі ісінулермен өтіп жатқан преэклампсия көбірек қауіпті болып табылады. Тез үдейтін генерализделген ісіктер, әсіресе бел маңындағы, болжаудың жаман белгілері болып табылады.

Протеинурия

Протеинурия 24 сағат ішінде немесе арасына 4 сағат салып алынған 2 сынақта 300 мг тең болған немесе асқанға дейін патология болып саналмайды. Бұдан басқа, зәр шығару жолдарындағы инфекцияның барлығын жоққа шығару қажет. Жүкті әйелдердегі патологиялық протеинурия ішкі ағзалардың зақымданғанының алғашқы белгісі.

Орташа дәрежедегі преэклампсияға тән протеинурия 300 мг-нан 5 г-ның арасында; ауыр дәрежедегі преэклампсия үшін - 5 г асқанда болады.

Ауыр преэклампсияға тән:

1. Гипертензияның ауыр формасы қосылған протеинурия.

2. Гипертензияның кез келген формасы қосылған нашарлататын симптомдардың бірі:

- церебральдық симптомдар (бастың ауыруы,көрудің бұзылуы);

- олигурия (30 мл/сағаттан аз);

- эпигастраль аймағындағы ауыру сезімдері;

- құсу;

- жайылған ісіктер (әсіресе кенеттен пайда болған);

- тромбоциттер саны 100 *1млрд/л аздау;

- бауыр қызметінің бұзылуы;

- өкпенің ісінуі;

- іштегі нәрестенің гипотрофиясы.

Ми симптоматикасының шеткі формалары - тырыспалар, ессіз күй (кома) эклампсияға тән.

Преэклампсияның ауырлық сатысы өте анық көрінетін клиникалық немесе зертханалық белгілерінен анықталады.

Емдеу тактикасы

Қабылдау бөлімінде ауыр преэклампсия белгісі бар жүкті әйелді бірден кезекші дәрігер қарайды. Госпитальдау және емдеу туралы шешімді жауапты акушер-гинеколог дәрігер мен анестезиолог-реаниматолог дәрігер бірлесе қабылдайды. Босанудың басталауы немесе қағанақ суы ағып кетуі байқалса, жүкті әйелді бірден босану бөліміне жатқызады. Басқа жағдайларда жүкті әйел ПИТ-ке ауыстырылады. Жүкті әйелдің бөлімдегі кез келген орын ауыстыруы каталкамен ғана жүзеге асырылады.

Қабылдау бөліміндегі акушер жүкті әйелді (босанатын әйел) емдеу басталғанан және оны ПИТ-ке немесе босандыратын бөлмеге ауыстырғанан кейін құжаттарын толтырады.

Босандырудың әдісі мен мерзімі туралы сұрақты шешуге арналған іншектік тексеру, гемодинамика тұрақтанғаннан кейін жасалады.

Ем мақсаттары

Емдеу мақсаты - жүкті әйелдің өміріне қауіп төндіретін асқынуларды болдырмау (тырыспалар, миға қан құйылу, ессіз күй (кома), полиоргандық жетіспеушілік, HELLP-синдромы, жедел ДВС-синдром және ә.қ.), мүмкіншілігіне қарай, өмір сүре алатын нәрестені дүниеге келтіру, босанғаннан кейінгі кезеңде әйелге орынды реабилитация жасау.

№5 Билет