Жүктілікті үзу қаупі.Клиникасы .Этиологиясы.ЖТД тактикасы

Анықтамасы

Өздігінен түсік тастау (ӨТт) – жүктіліктің 22 аптасына дейін əбден жетілмеген, өмір сүруге қабілетсіз, немесе салмағы 500г дейін нəрестенің тууымен аяқталып, өз бетімен үзілуі.

Эпидемиология: ӨТт жиілігі жүктілігі анықталған 15 пен 44 жас аралығындағы əйелдердің 15-20 пайызын құрайды, ӨТт шынайы жиілігі табиғи сұрыптауды ескергенде, 50 пайызды құрайды.

Жіктемесі

1. ӨТт кезеңіне қарай:

- ӨТт қаупі – түрлі қарқынды ауырсындыру белгілері, жыныс жолдарынан жатыр мойнының құрылымдық өзгерістерінсіз қаншымақ бөлінуі;

- Басталған ӨТт – ауырсындыру белгілері, жыныс жолдарынан жатыр мойнының құрылымдық өзгерістерімен қоса шамалы қаншымақ бөлінуі;

- Өздігінен түсік тастау (аборт в ходу) - іш астының толғақ тəрізді ауыруы, жатыр мойнының делатациясы негізінде (фонында) жыныс жолдарынын қаншымақ бөлінуі;

- Толық өздігінен түсік тастау – жатыр қуысынан ұрық жұмыртқасының толық шығуымен аяқталады;

- Орындалмаған (болмаған ) ӨТт – жатыр қуысында өмірге қабілетсіз ұрық жұмыртқасының 3 апта жəне одан ұзақ мерзімге қалып қоюы;

- Жұқпалы ӨТт - жұқпалар белгісімен ілеседі;

- Дағдылы ӨТт - ӨТт жағдайлары 2 жəне одан көп рет.

2. Мерзіміне қарай: ерте ( жүктіліктің 12 аптасына дейін) жəне кешеуілдеген (жүктіліктің 13-22 апталарында).

• ЭПИДЕМИОЛОГИЯ

ӨТтжиілігіжүктілігіанықталған 15 пен 44 жасаралығындағы əйелдердің 15-20 пайызынқұрайды, ӨТтшынайыжиілігітабиғисұрыптаудыескергенде, 50 пайыздықұрайды.

ДИАГНОСТИКА

Диагностика критерилері

Анықтау сипат белгілері:

- Жүктіліктің 22 аптасына дейін жыныс жолдарынан қан кету жəне іш астының толғақ тəрізді ауыруы;

- Айнамен қарағанда, жатыр мойнынан қан ағу анықталады;

- Екі қолмен тексергенде, ішкі аңқа жабық, жатыр жүктілік мерзіміне сай үлкейген, жұмсарған, аздап ауырсындырады.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:

- Жатырды УДЗ;

- Жағындылерді созға, трихомониазға жəне ашытқы саңырауқұлақшаларға тексеру.

Қосымша диагностикалу шаралар тізімі:

- ИФА – хориондық гонадотропин;

- ИФА – ұшық;

- ЦМВ, хламидиоз, микоплазманы, уреплазманы;

- Зəрдегі 17 - кетостероидтарды анықтау, мойын каналынан өсінді тексеру.

• ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ

Емдеу тактикасы

Жүктіліктің бірінші триместрінен бастап:

1. Емнің негізін психологиялық қолдау, төсек тəртібін сақтау (көбірек жату), дене еңбегімен зорығуды болдырмау.

2. Ауырланған акушерлік анамнез құбылысында – прогестерон 100 мг күніне 4 рет немесе дидрогистерон 40 мг бірден, соңынан əр 8 сағатта 10 мг-нан, дротаверин 1 таблеткадан (40 мг) күніне 3 рет.

3. Қаншымақ бөлінуінде – натрий этамзилаты 1 таблеткадан күніне 3 рет, ол тоқтағанша.

4. Зəр-жыныс жолдары инфекциясы табылғанда – жүктілік мерзімінің 12 аптасынан кейін арнаулы ем.

5. Гиперандрогенияда – дексаметазон таблеткаланған (мөлшері зəрдегі 17-кетостероидтар деңгейіне байланысты.)

6. Дағдыға айналған өздігінен түсікте ауруханаға міндетті түрде жатқызу қажет.

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:

1. * Прогестерон 100 мг капс.

2. * Дротаверин 40 мг., 80 мг.табл.

3. Этамзилат 250 мг табл .

4. * Дексаметазон 500 мкг табл.

Қосымшадəрі-дəрмектертізімі: жоқ

Емтиімділігініңиндикаторлары: симптомдардыбасу, өмірсарасынжақсарту, асқынуларжиілігінтөмендету.

* – Негізгі (өміргемаңызды) дəрілікзаттартізімінекіретінпрепараттар.

• ГОСПИТАЛИЗАЦИЯ

Госпитализациялауға көрсетімдер:

- жыныс жолдарынан қан кету қарқынының күшеюі;

- 7 күн емдегенде түсік түсу қаупінің жойылмауы;

- түспеген түсік;

- инфекцияланған түсік;

- дағдыға айналған өздігінен түсік.

• ПРОФИЛАКТИКА

Біріншілік профилактика: ауру дамуына əсер ететін қауіп-қатерлі факторларды жою бойынша профилактикалық шаралар.

№3 Билет