Қандай контрацепция әдісі ЕҢ тиімді?
#1
*!Плацентаның жартылай жолда жатуына тән ең ықтимал клиникалық белгі болып табылады:
+*плацента ішкі араңның 2/3 бөлігін жабады
* плацента ішкі араңды толық жабады
* плацента ішкі араң шетінде орналасқан
* плацента ішкі араңнан 5-6см жоғары орналасқан
*плацента ішкі араңнан 7-8см жоғары орналасқан
#2
*!Ең нәтижелі қосымша репродуктивті технологияларға жатады:
*контрацепция
* бедеулікті емдеу
+*жасанды ұрықтандыру
* жынысты өзгерту бойынша операция
*хирургиялық стерилизация
#3
*!Ұрық көлденең орналасуында, жетілген жүктілікте көрсетіледі
*босануды табиғи жолдар арқылы жүргізу
+*жоспарлы кесір тілігі
*босану әрекеті басталғаннан кейін кесір тілігі
*қағанақ маңы суы кеткеннен кейін кесір тілігі
*босануды табиғи жолдар арқылы жүргізіп ұрықты жамбасы арқылы шығару
#4
*!Босанғаннан кейінгі іріңді -септикалық инфекцияның ең жиі кездесетін түрі
*мастит
*перитонит
*параметрит
+*эндометрит
*пельвиоперитонит
#5
*!Преэклампсияның ауыр дәрежесінде жедел көмек көрсетуге арналған ең тиімді препарат?
*допегит
*диазепам
*эуфиллин
*карбамазепин
+* магний сульфаты
#6
*!Гипоменструальды синдром – сипатына ең сай түсінік:
* етеккір аз болуы
* етеккір қысқа болуы
+*етеккір қысқа және аз болуы
* етеккір сирек болуы
* етеккір ауырсынумен болуы
#7
*!Сыртқы акушерлік зерттеудің төртінші әдісімен анықталады
*жатыр түбі биіктігі
*ұрықтың орналасуы
*ұрықтың позициясы
*ұрықтың түрі
+*ұрықтың келіп тұрған бөлігінің тұру деңгейі
#8
*!Шок индексі – сипатына ең сай түсінік:
+* пульс жиілігінің систолалық АҚҚ көрсеткішіне қатынасы
* пульс жиілігінің диастолалық АҚҚ қатынасы
*Систолалық АҚҚ пульс жиілігіне қатынасы
*Диастолалық АҚҚ пульс жиілігіне қатынасы
*Пульс жиілігінің орташа АҚҚ көрсеткішіне қатынасы
#1
*!Алғаш жүкті, 29 жаста, жүктіліктің 7 аптасында лоқсуға, тәулігіне 20 ретке дейін құсуға, дене салмағын 6 кг жоғалтуға шағымданады. Анамнезінен: 1 ай бойы ауырады, соңғы аптада тәулігіне құсу жиілігі 5 реттен 15-20 ретке дейін артқан. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы ауыр, тері жабындылары субиктериялық, АҚҚ 90/60 мм с.б.б., нәжісі 5 күн болмаған, ацетонурия, протеинурия. Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
*птиализм
*жедел гастрит
+*жүктілікке байланысты толассыз құсу
*жүктілікке байланысты құсу жеңіл дәрежесі
*жүктілікке байланысты құсу орташа дәрежесі
#2
*!Алғаш жүкті, 29 жаста, жүктіліктің 7 аптасында лоқсуға, тәулігіне 20 ретке дейін құсуға, дене салмағын 6 кг жоғалтуға шағымданады. Анамнезінен: 1 ай бойы ауырады, соңғы аптада тәулігіне құсу жиілігі 5 реттен 15-20 ретке дейін артқан. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы ауыр, тері жабындылары субиктериялық, АҚҚ 90/60 мм с.б.б., нәжісі 5 күн болмаған, ацетонурия, протеинурия. Дәрігердің ЕҢ ықтимал ұсынысы қандай?
*амбулаторлы емдеу
*перинаталды орталыққа жатқызу
*терапия бөліміне жатқызу
+*гинекология бөліміне жатқызу
*гастроэнтерология бөліміне жатқызу
#3
*!Жүкті әйел мерзімі жеткен жүктілікте эклампсия ұстамасынан кейін жедел жәрдем көлегімен перзентханаға жеткізілді, магний сульфаты енгізілді, жоспарда-босандыру.
Ұстама басталғаннан қанша ЕҢ ықтимал сағат ішінде босандыру көрсетіледі?
*тусе салысымен
+*12
*18
*24
*48
#4
*!Жүкті әйел жүктіліктің 36 аптасында оң жақ қабырға астындағы ауру сезіміне, аяқтарындағы ісінуге шағымданып перзентханаға түсті. Соматикалық аурулары жоқ. Қарап тесергенде: жағдайы ауыр, тері жабындылары мен склерасы сарғайған, АҚҚ 160/100 мм с.б.б., аяқтарында және ішінде айқын ісінулер, диурезі азайған, зәрі қоңыр, протеинурия 0,3 г/л. Hb 92 г/л, тромбоциттер 100х109/л, АЛТ мен АСТ жоғарылаған.
Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
+*HELLP синдромы
*вирустық гепатит
*обтурациялық сарғаю
*жедел майлы гепатоз
*холестатикалық жүктілер гепатозы
#5
*!Үдемелі жатырдан тыс жүктілікте қай тексеру тәсілі ең дұрысы?
*Жатыр қуысын диагностикалық қыру
*Иммунологиялық тест
*Кіші жамбас мүшелері УДЗ
*Артқы күмбез пункциясы
+*Лапароскопия
#6
*!Бойжеткен 22 жаста, дене салмағының индексі 35, жанұя жоспарлау кабинетіне келіп, метаболизмге әсер етпейтін контрацепция түрін қалайтынын айтты. Анамнезінен: етеккір циклі өзгеріссіз, тұрмыс құрмаған, жыныстық қатынаста 20 жастан, 2-3 рет айына, жүктілік болмаған, жыныстық партнеры біреу, латекске аллергиялық реакциясы бар.
Қандай контрацепция әдісі ЕҢ тиімді?
*мушеқап
+*спермицидтер
*таза гестагендер
*теріастылық имплант
*жатырішілік контрацептив
#7
*!АИТЖ-мен инфицирленген жұбайлар жанұя жоспарлау кабинетіне кеңес алуға келді, ұзақ уақытқа арналған және тиімді контрацепция түрін қалайтынын айтты. Анамнезінен: жұбайлар 35 және 36 жаста, екі дені сау балалары бар, келешекте нәрестені дүниеге әкелуді жоспарламайды. Аталған контрацепцияның қандай түрі ЕҢ тиімді?
*тосқауылдық
*спермицидтер
*гормоналды
*жатырішілік контрацептив
+*ерікті хирургиялық стерилизация
#8
*!Сексуалды белсенді қызбала 16 жаста, жиі жыныс партнерларын ауыстырады. Жыныстық жолмен берілетін инфекция түрлерінен қорғайтын бір реттік контрацепция түрін қалайтынын айтты.
Сұранысына аталған контрацепцияның қандай түрі ЕҢ ықтимал?
+*мүшеқап
*биологияық әдіс
*үзілген жыныстық акт
*гормоналдық контрацепция
*жатырішілік контрацепция
#9
*!Әйел 25 жаста, босанғаннан кейін 6 айда жанұя жоспарлау кабинетіне кеңес алуға келді, баласын аралас тамақтанырады, 2 жыл көлеміне арналған тиімді контрацепция түрін қалайды. Анамнезінен: Созылмалы сальпингоофорит.
Сұранысына аталған контрацепцияның қандай түрі ЕҢ ықтимал?
*лактациялық аменорея
*жатырішілік контрацепция
+*таза прогестинді контрацептив
*ерікті хирургиялық стерилизация
*қосарланған ауыз арқылы контрацепция
#10
*!Әйел 3 айлық баласын тек қана емшекпен емізеді.
Аталған контрацепцияның қай түрі әйелге ЕҢ тиімді?
+*лактациялық аменорея әдісі
*жатырішілік контрацепция
*таза прогестинді контрацептив
*ерікті хирургиялық стерилизация
*қосарланған ауыз арқылы контрацепция
#11
*!Гинекология бөліміне 15 жасар қыз бала 2 апта бойы жыныс жолдарынан көлемді қан кетуге шағымданып түсті. Анамнезінен: етеккір 14 жастан, етеккір цикл қалыптаспаған, соңғы етеккірі 3 ай бұрын келген. Тік ішек арқылы зерттеуде: жатыр көлемі жасына сай, қосалқылар анықталмайды. Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
*Верльгоф ауруы
*Виллебранд ауруы
*аналық без апоплексиясы
*аналық без кистасының жыртылуы
+*ювенилді жатырдан қан кету
#12
*!Пациентка 31 жаста гинекологқа бедеулікке шағымданып келген Бимануальдық тексеру кезінде қосалқылар маңында ісіктік байқалады. Дәрігердің ЕҢ тиімді ем тактикасы?
* гормональдық сынау
+*кіші жамбас мүшелері УДЗ
*лапароскопия
*гистероскопия
*антибактериальды терапия
#13
*!Науқас 17 жаста, етеккір болмауына шағымданып келген. Қарау кезінде: бойы кішкентай, екіншілік жыныстық белгілер дамымаған. Мойнында қанат тәріздес катпарлар анықталады. Қандай тексеру әдісі бастапқы кезеңде ең мәліметті?
*қанда гормонды анықтау
* генетик кеңесі
* кіші жамбас мүшелері УДЗ
*лапароскопия
*гормональдық сынау
#14
*!Науқас 16 жаста, етеккірінің жоқтығына шағымданады. Қарап тексергенде: бойы 145 сантиметр, екіншілік жыныс белгілері айқын емес, мойнында “қанаттәрізді” қатпарлар бар. Ултрадыбыстық зерттеуде: жатыр гипплазиясы, аналық безде фолликулалар жоқ. Кариотип 45Х0. Науқаста аталған синдромдардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
*Шихан
*Симмондс
*Иценко-Кушинг
*Киари-Фроммел
*Шерешевский-Тернер
#15
*!Науқас 17 жаста, етеккірінің жоқтығына шағымданады. Қарап тексергенде: дене бітімі нормостениялық, сүт бездері дұрыс дамыған, сыртқы жыныс мүшелері әйел типті, қыздық перде бүтіндігі бұзылмаған. Ректо-абдоминалды зерттеуде: жатыр мен жатыр мойны пальпацияланбайды. Олардың жоқтығы ультрадыбыстық зерттеуде дәлелденген.
Осы жағдай аталған синдромдардың қайсысына ЕҢ ықтимал тән?
*галактореяға
*гонадалар дисгенезиясына
*гипопитуитаризмге
*гипофизарлы кахексияға
+*тестикулярлы феминизацияға
16
*!Науқас 52 жаста, бір апта бойы ішінің төменгі бөлігіндегі ауру сезіміне шағымданды, соңғы 3 тәулік дене қызуының 390С көтерілуіне, жүрек айну, құсу байқалған. Анамнезінен: менопауза 1жыл бұрын, ЖІС экспозициясы 10 жыл, алынбаған. Қарап тексергенде: тері жабындылары бозарған, іш перденің тітіркендіру симптомы оң. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойнының сыртқы ернеуі жабық, ЖІС жібі, іштің алдыңғы қабырғасының ауру сезіміне және тітіркенуіне байланысты жатыр және жатыр қосалқылары анықталмайды. Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
*жедел эндометрит
+*пельвиоперитонит
*жедел метроэндометрит
*жедел сальпингоофорит
*тубоовариалды абсцесс
#17
*! Науқаста медициналық абортан кейін 5–ші тәулікте, дене температурасы 37,5 С, ішінің төменгі жағы ауырсынады. Анамнезден:жүктіліктің 9аптасында жатыр қуысын қыру арқылы артифициальды аборт жасалған. ЖҚА: лейкоцитоз - 13,2х109/л, лейкоцитарлық формула солға қарай жылжыған, ЭТЖ - 45 мм/сағ. Ддиагноз: эндометрит, антибиотикотерапия тағайындалған. Антибактериальдық терапии тағайындағанда нені ескеру қажет?
*әйелдің жағдайы
* лейкоцитоз көрсеткіші
*қоздырғыш сезімталдығы
*қабыну процессінің орналасуы
*босанғаннан кейінгі кезең ұзақтығы
#18
*!Науқас 26 жаста, көлемі 6,0 см оң жақ аналық без ісігі анықталған.
Аналық без ісігінің анатомиялық аяқшасын аталғандардың қайсысы ЕҢ ықтимал құрайды?
*аналық бездің өзіндік байламы, оймыш-жамбас байламы
*оймыш-жамбас байламы, аналық бездің шажырқайы, жатыр түтікшесі
*аналық бездің өзіндік байламы, аналық бездің шажырқайы, жатыр түтікшесі
+*аналық бездің өзіндік байламы, оймыш-жамбас байламы, аналық бездің шажырқайы
*аналық бездің өзіндік байламы мен шажырқайы, оймыш-жамбас байламы, жатыр түтікшесі
#19
*!Лапароскопия кезінде оң жақ аналық без ісік аяқшасының 360 градусқа бұралуы анықталды. Аталғандардың қайсысы ЕҢ ықтимал аналық без ісігінің хирургиялық аяқшасына жатады?
*аналық бездің өзіндік байламы, оймыш-жамбас байламы
*аналық бездің өзіндік байламы, аналық бездің шажырқайы, жатыр түтікшесі *оймыш-жамбас байламы, аналық бездің шажырқайы, жатыр түтікшесі
*аналық бездің өзіндік байламы, оймыш-жамбас байламы, аналық бездің шажырқайы
*аналық бездің өзіндік байламы мен шажырқайы, оймыш-жамбас байламы, жатыр түтікшесі
#20
*!Науқас 29 жаста, жүрек айну, құсу, іштің төменгі бөлігінің ауыру сезіміне, диареяға шағымданады. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, дене қызуы 390С, тілі құрғақ, ақжабындымен жабылған, іш палпацияланганда ауру сезімді, іш перденің тітіркену симптомы оң, нәжісі сұйық. Айнамен қарағанда: жатыр мойны таза, іріңді бөлінділер. Қынаптық тексеруде: кіші жамбас қуысында шеттері анық емес, ауыру сезімді конгломерат пальпацияланады, артқы күмбез жазылған, ауыру сезімді.