Медициналық терминология жіктелуі.

Барлық медициналық терминология бойынша үш топқа бөлінеді:

1. Адамның дене ағзалары мн бөліктерін атайтын анатомия-гистологиялық сөздер:

Cor – жүрек

Musculus – бұлшықет

Vertebra – омыртқа

Os – сүйек

2. Медициналық манипуляция, аурулардың белсенділігін және атын атайтын клиникалық сөздер:

Cystis – қуықтың қабынуы

Gastrotomia – асқазанды ашу

Sarcosoma – қатерлі ісік

3. Химиялық қопаларды, дәрілерді оның шикі затымен түрлерін атайтын сөздер:

Remedium – дәрі-дәрмек

Medicamentium – дәрі-дәрмек

Медицина саласында терминдер өте үлкен, зор орынды алады.Әр болашақ медицина қызметкері алға басуын осы медициналық терминдерден бастайды.Терминдерді білу медицина қызметкерін науқаспен қарым – қатынас жасауда біліктігін көрсетеді.
Медицинада латын тілі анатомия мен фармакологияның халықаралық терминологиясы ретінде және шипашақ (рецепт) жазуына пайдаланады. Латын тілін білгендіктен әртүрлі әлем мемлекеттің дәрігерлері бір – бірін жақсы түсінеді. Медициналық шығармалар латынша жазылған.

Анатомия мен фармакологияда латын тілі жеке орын алады. Адамның мүшелерінің әр қайсысы латын тілінде аталған. Дәрілердің атаулары да латын тілінде.

Латын тілін ғылым саласында пайдалынады, көбінесе ботаника және зоологияда. Батыс Еуропада латын тілі сабақтары жоғары білім орындары мен орта білім орындарында өткізіледі. Англия, Франция, Италия және Германияда ХVІІІ-ХХ ғасырларда классикалық филологиясы көне тілдер және әдебиет туралы ғылым үлкен гүлденуіне жетті. Бүгінгі уақытта бұл білім аумағы өте белгілі.