Легірлеуші элементтің мөлшері
а- кеңейтілетін, б- γ -қатты ерітіндінің тарылатын аймағы
67-сурет-Легірлеуші элементтердің темірдің полиморфизміне әсерінің үлгісі:
Барлық легірлеуші элементтер ферриттің қаттылығын өсіреді. Сонымен хром, әсіресе никель болаттың тұтқырлығын тіпті де төмендетпейді.
Никель көптен-көп суықта сынғыштық табалдырығын қатты төмендетеді, ал хроммен бірге қосылғанда қыздырғыштығын көбейтеді.
Көптеген легірлеуші элементтер аустениттің перлит аймағында түрленуін баяулатады. Изотермиялық ыдырау диаграммасындағы түрлену сызықтары оңға жылжиды (67-сурет), ал карбид түздіруші элементтер (Сr, W, Мо, V) сорбиттік және трооститтік түрленуді баяулатады (қайта суытылған аустениттің тұрақтылығының екі минимумы пайда болады).
60.
Қорытпалар синтезінің теориялық негізі болып: Менделеевтің периодитық заңы, оның қазіргі заманғы дамудағы физика-химиялық талдауы мен математикалық модельдер жасауға және шектеулі сынақтар саны бойынша қорытпалардың оңтайлы құрамын табуға көмектесетін экспериментті жоспарлау әдістері. химиялық көзқарас тұрғысынан металдар –бұл Менделеевтің периодтық жүйесінде белгілі аймақты төмендететін элементтер. физикалық көзқарас тұрғысынан металдар – оларда Ферми беттерінің болуына негізделген өзіне ғана тән жарқырауға, жоғары жылу- және электрөткізгіштікке ие болатын – металды табиғатқа ие қарапайым денелер. металлургиялық көзқарас тұрғысынан – қоспалар мөлшерінің талаптары бойынша белгілі құжаттармен рәсімделген, металды табиғаттың қарапайым техникалық денелері.
Қорытпалар балқытумен, электролизбен, диффузиямен, металды керамикамен және т.б. өндірілетіндерге бөлінеді. балқытумен дайындалатын қорытпалар, балқытудың ерекшеліктері мен алғашқы материалдар бойынша таза металдан немесе тікелей рудадан (шойын, силумин) өндірілетін біріншілік және қалдықтардан немесе қайта балқытудың әртүрлі әдістерімен алынған арнайы дайындамалардан екіншілік өндірілгендерге бөлінеді. Аралық қорытпалар өз кезегінде қайта балқытылатындарға бөлінеді (мысалға, шойындар) металемес қорытпалардағы легірлеуіш қоспалар немесе қара қорытпалардағы ферроқорытпалар. компоненттер деп қорытпаның құрамына кіретін және оның қасиеттіне әсер ететін барлық белгіленетін химиялық элементтер түсіндіріледі. Қорытпаны түзуші компоненттер келесі түрлерге бөлінеді.
Негіз — қорытпа қасиеттерінің сипатын анықтайтын, басым болатын компонент. Көбінесе қорытпаларда бір негіз, кейде екі (мысалға, қорғасынды-қалайысы бар баббиттерде), жекелеген жағдайда үш негізді болады (мысалға, жеңіл балқитын эвтектикалық қорытпаларда). Қоспаларда —рудадан қорытпаға кездейсоқ түсетін компоненттер, жанармай, отқа төзімділер немесе атмосфералар. Қоспалар мыналарға бөлінеді:
зиндылар, талап етілетін қасиеттерді төмендететіндердің мөлшері шектеледі;
қалған қалдықтар, қалдықтарды балқытқан кезде қорытпаға өтетіндер; олар сирек жағдайларда пайдалы болып табылады,бірақ олардың мөлшері орындаушыларды легірлеуші қоспа ретінде бұл қоспалардан тұратын сәйкес қалдықтарды қорытпалар алу үшін қолдануды міндеттеу мақсатында шектейді;
бейтараптылар, қорытпаның қасиетіне елеулі әсер етпейтін және бақылауға алынбайтындар;
жасырын қоспалар; қорытпаның қасиетіне әсер ететін элементтердің аздаған мөлшері, бірақ қиын анықталады сондықтанда ашық түрде бақыланбайды (газдар, тотықтар).
Легірленетін қосылмалар — қорытпаға оның қасиеттерін басқару мақсатымен арнайы қосылатын компоненттер (соның ішінде модификаторларда). Ағашты жаққанда алынған көмір палеолит дәуірінде адам танысқан бірінші элемент болды. өзінің жылтырлығымен оның назарын аударған бірінші металдар алтын, таза мыс. Адамдардың тапқан бірінші темірі шығу-тегі жағынан метеоритті болған. ежелгі өркендеу дәуірінде адамзат 9 металды білген және пайдаланған, оның ішінде алтын, мыс, қалайы, қорғасын, күміс, сурьма, темір, сынап, мырыш. Бұлардың барлығыда салыстырмалы жеңіл қалпына келетіндер немесе таза элементтер. Біздің эрамыздың басынан XVIII ғас.дейін жаңа элементтерді алудағы ілгерлеу мардымсыз болды. мышьяк, висмут, платина, фосфор ашылды.