Аллаға шүкіршілік етудің маңыздылығы

Шүкіршілік – мұсылманды өмірдің өткелдерінен алып өтетін ең маңызды құлшылық. Тағдырға шынайы иман келтірген адам өмірде өзіне берілген немесе берілмеген барлық несібелері үшін Аллаға шүкіршілік етеді. Мұны бұрынғылар «Аллаға қанағат ету” және “Аллаға шүкір ету» деп екіге айырған. Қанағат ету – адам өзінің қолындағы, әрі қолы жетпеген несібелері үшін разы болуы болса, ал “Шүкір ету” — кісінің қолындағы несібелері үшін Аллаға алғыс білдіру болып табылады.

Алла тағала Құран Кәрімнің Фәжір сүресі 15-16-шы аяттарында: “Ал енді адамзат қашан Раббы оны сынай сыйлап, игілікке бөлесе: ‘Раббым мені сыйлады’ дейді. Қашан оны сынап, несібесін тарайтса: ‘Раббым мені қорлады” дейді”-деген. Яғни адам барлық жағдайда тіпті қиындыққа ұшырап сыналса да, сабыр мен төзімділік танытып, өзінің жағдайы одан да төмен болуы мүмкін екендігін есіне алып шүкір етуі керек екен.

Барлық нәрсенің иесі — Аллаh. Біз оның біз үшін бекіткен уақытында бұл дүниеден және оның несібелерінен пайдаланамыз. Қысқаша айтқанда, көршімізден қарызға алған бір зат үшін өзімізді борышты сезінгеніміз сияқты біздегі бар нығметтің Жаратушысы және иесі Алланың алдында өзіміздің қарыздар сезініп, Оған мадақ айтпасақ кім болғанымыз.

Жәй иіттің өзі, егесі жуынды бергені үшін күндіз түні жағы талмай егесіне адал еңбек етіп абалап үреді, ал бізді жуынды емес жер бетіндегі ең көркем ырзықтармен ризықтандырған Аллаға қалайша алғыс айтпаймыз?!

Аллаға шүкір ету — өз алдына бір ғибадат.

Құран Кәрімде шүкір етудің қажеттілігі турасында көптеген аяттар келген. Бақара сүресінің 172-ші аятында Аллаһ тағала:

«Әй, мүміндер! Мені еске алыңдар, мен де сендерді еске алайын. Маған шүкірлік етіңдер, маған опасыздық жасамаңдар» -деді.

Осы аяттан шүкіршілік етудің «Алланы еске алумен» байланыстырылғанын көреміз. Адамның табиғаты ұмытуға бейім жаратылған. Біз кейбір нәрселерге қол жеткізу үшін еңбектенеміз, сонымен бірге дұға қыламыз. Соңында әлгі нәрсеге қол жеткіземіз. Осы кезде шүкір етуді көп адамдар ұмыт қалдырады.

Алла тағала Құран Кәрімде бұл жағдайды былай сипаттайды:

«Ал қашан адам баласына бір зиян жетсе: Жатса да, отырса да немесе түрегеп тұрса да бізге жалбарынады; Алайда қашан одан зиянды айықтырсақ, тіпті оған тиген зиянды айықтыру үшін бізге жалбарынбағандай-ақ кете береді». (Фұссилат сүресі 51 аят)