1- кесте- Алғашқы берiлген заттар
Фосфорит немесе апатит | Күкiрт қышқылы | Сұйылту ерітiнд. Алғашқы берiлген заттар | ||||||||
Шығыны,г | Құрамы,%
| Шығыны,г | Шоғыры, % | Р2О5,% | Шығыны,г | |||||
Р2О5 | СаО | Є | СО2 | Н2О | Н.О | |||||
2-кесте- Процестiң технологиялық көрсеткiштерi
Өнiмдердiң массалары,г | Р2О5- тың мөлшерi,% | К өту | Кжуу | К шығу | Q кг/м3 сағ.
| ||||
Фосфогипс, ыллалды | Фосфогипс құрғақ | Жуу сулары | фосфогипс | Н3РО4 | |||||
Жалпы | Ерiмтал | ||||||||
5 Өндірістегі техника қауіпсіздігі
1 тарау. Жалпы талаптар
1. Химия өндірісін жобалау, құрылыстарын жүргізу және қайта салу жұмыстары тиісті құрылыстық нормалар мен ережелер бойынша жүргізіледі.
Жобалық және техникалық құжаттарға өзгерістер енгізу жұмыстары, жобалаушы ұйыммен келісе отырып, жобалау құжаттарына өндірістік қауіпсіздік бойынша сараптау қорытындысының оң шешімі бойынша жүргізіледі. Енгізілген шешімдер жалпы технологиялық жүйенің қауіпсіздігіне, жұмысына кері әсерін тигізбейді.
2. Өндірістің қосалқы ғимараттары мен бөлмелерін жобалау және пайдалану (тұрмыстық, қоғамдық тамақтану, денсаулық сақтау, мәдени қызмет көрсету және басқа да) тиісті құрылыстық нормалар мен ережелер бойынша жүргізіледі.
3. Әрбір өндіріс жобалық құжаттармен қамтамасыз етіледі.
4. Әрбір жұмыс істеп тұрған және жаңадан қосылған өндірістерге технологиялық регламент, өндірістік бақылау туралы ереже, апаттарды жою
жоспары және қауіпсіздік декларациясы дайындалып бекітіледі.
5. Өртке қарсы жабдықтар қалыпты түрде және ыңғайлы жерде орналасады. Өртке қарсы жабдықтарды өрт сөндіруден басқа мақсаттарға қолдануға болмайды.
6. Әрбір технологиялық жүйеге оның технологиялық бөліктерінің
жарылыс қауіптілігін барынша азайту шаралары қарастырылады:
1) технологиялық жабдықтардың ішкі жарылыстары мен өрттерін болдырмау;
2) технологиялық жабдықтарды қираудан сақтау және апаттық ашылу
кезінде олардан жанғыш немесе улы заттардың шығуын барынша шектеу;
3) өндірістік ғимараттар мен сыртқы қондырғылар көлемінде
жарылыстар мен өрт шығу мүмкіншіліктерін болдырмау;
4) өндірістік ғимараттар мен сыртқы қондырғылар көлемінде
жарылыстар мен өрттерден кейінгі салдарын азайту.
7. Шылым шегуге рұқсат етілген жерлерге сәйкестендірілген плакаттар
ілінеді.
8. Барлық жарылыс қауіпті, химиялық өндірістерде технологиялық
процесс барысында бөгде санкциясыз килігулердің алдын алатын шаралар
дайындалады.
9. Өндіріс бөлмелеріндегі агрессивті сұйықтықтар төгілуі мүмкін
едендер мен алаңдар борт немесе пандустармен жабдықталып, тоттануға
қарсы қабатпен қабатталады. Ылғалды өндіріс бөлімшелеріндегі едендер
траптар немесе зумпфқа қарай еңкіш болады және ылғал төзімділігі берік
болады.
10. Еденді тазалау кезінде төгілген агрессивті сұйықтықтар міндетті
түрде залалсыздандырылады.
11. Еденді тазалау және төгілген қышқыл сұйықтықтарды
залалсыздандыру әк ұнтағымен жүзеге асады (құрғақ жинау).
12. Жұмысшылардың тұрақты жұмыс орындарындағы жылу өткізгіш
едендерге (тас, кірпіш, бетонды және басқа да) төсеніштер немесе тор
шарбақтар төселеді.
13. Ылғал технологиялық процесті жұмыс орындарын басқару бекеті
орналасқан бөлмелердің үстіне орналастыруға, мұндай жұмыс орындарының
үстіне немесе астына, нольдік деңгейде орналасқандардан басқа, желдету
жабдықтарын қондыруға рұқсат етілмейді.
14. Өндірістік процестерді басқару бекетін зиянды және жарылыс қаупі
бар, булар, газдар және шаңдар бөлінуі мүмкін өндірістермен, дірілдеуі
жоғары технологиялық жабдықтары бар өндірістермен бір жерде
орналастырмайды.
2 тарау. Жылыту, желдету, су кұбырлары және ағын су жүйелері
15. Киім ауыстыратын және душ бөлмелеріндегі жылыту құбырларына
ұйым қызметкерлерінің денелері күйіп қалмауы қарастырылады.
16. Жылытылмайтын өндірістік нысандарда (уату-майдалау бөлімінде,
колчедан қоймаларында, фосфат шикізаты және басқа да) жұмысшыларды
қыс мезгілдерінде жылытуға арналған қондырғы орналастырылады.
17. Зиянды газдардың және шаңдардың шығуы мүмкін жерлер
жабулармен (қаптамалармен) және оларды атмосфераға шығарып тастаудың
алдында санитарлық нормаларға сәйкес зиянды газдардың алдын ала тазалау
жүйесімен жабдықталады.
18. Желдету жүйелерінің тиімділігін аспаптық тексеруден өткізу,
оларды күрделі жөндеуден немесе қайта жабдықтаудан өткізгеннен кейін
жылына бір рет жүргізіледі.
19. Ауаның шаңдылығына және газдылығына сараптамалар ұйымның
техникалық бастығы бекіткен кесте бойынша жүргізіледі.
20. Желдету, ауа кіретін және ауа сорылатын тесіктердің ысырмаларын
жабу, желдеткіштерді тоқтату және қосу, бұл қондырғыларға қатысы жоқ
қызметкерлерге рұқсат етілмейді.
21. Жұмыскерлердің киімдерінің тұтануы немесе химиялық күйіктер
алуы мүмкін (пештерден жалын атқылауы, қышқылдармен және сілтілермен
жұмыс кезінде және басқалар) өндірістік орындарда апаттық душтар мен
жуғыштар немесе суы бар ванналар және жуғыштар орналастырылады.
Апаттықтар душтар, ванналар және жуғыштар шаруашылық, ішу су
кұбырына қосылады, ашық орындарда, апатты жерден ара қашықтықтары
25 м алыс емес жерге орналастырылады. Апаттық душтарды калий, натрий
және сумен қосылғанда жарылатын басқа да химиялық заттар қолданылатын
өндіріс орындарында орналастыруға жол берілмейді.
22. Душтар мен жуғыштардан алыс орналасқан қышқылдар жүретін
құбырларды жөндеу жұмыстары кезінде, жөндейтін жұмыскерлер өздерімен
бірге жұмыс кезінде күйдіріп алған жерлеріндегі қышқылды
залалсыздандыру және жуып тастау үшін бір шелек таза су мен ас содасын
алып жүреді.
23. Өндіріс суларының желі крандарында, бұл суды шаруашылыққа
және ішу мақсатында пайдалануға тыйым салатын тақтайша іліп қойылады.
24. Жарылыс қаупі бар және улы сұйықтықтарды жалпы зауыттық ағын
су құбырына төгуге рұқсат етілмейді. Бұл сұйықтықтар шекті мүмкін
концентрацияларға дейін зиянсыз етіп өңдеуге немесе регенерациялауға
ұшырайды.
25. Апат болған жағдайда жарылыс қаупі бар және улы сұйықтықтарды
қотаруға және залалсыздандыруға арналған құрылғылар қарастырылады.
26. Ұйым өндірістік және тұрмыстық ағынды суларды тазалау
тиімділігін жүйелі қадағалаумен қамтамасыз етіледі.
27. Жалпы зауыттық ағын су құбырларын қадағалау және тазалау
жұмыстары, ұйымның техникалық бастығы бекіткен кесте бойынша
жүргізіледі.
28. Әрбір өндірістік цехтың ағын суларының сапасын бақылау күн
сайын жүргізіледі.
29. Жарылыс қауіпті және зиянды булардың ағын су құбырларынан
өндірістік орындарға таралуын болдырмау үшін технологиялық
аппараттардың ағын су құбырымен қосылатын жерлеріне гидравликалық
бекіткіш орналастырады.
3 тарау. Электротехникалық бөлім
30. Қызметкерлердің тұрақты жұмыс істейтін өндіріс бөлімшелері
учаскелері жұмыс кезіндегі және апаттық жарықтандырумен қамтамасыз
етіледі.
31. Электрлік пісіру жұмыстарына арналған негізгі өндірістік
орындарда электрлік пісіру аппараттарын қосу қондырғысы бар электр
жүйесі салынады.