49. Қышқылдарға (азот, күкірт, фосфор, кремнийлі - фторсутек
қышқылдары) және сілтілерге (күйдіргіш және кальцийленген сода) арналған
резервуарлар және жинағыш ыдыстар герметикалық түрде орындалады,
деңгей көрсеткіштерімен, құрылғылармен, сұйықтықтардың еденге және
алаңға төгілуіне жол бермейтін құрылғылармен жабдықталады.
Сұйықтықтарды максималды жоғарғы деңгейден асыруға рұқсат етілмейді.
Резервуардың және жинағыш ыдыстар қақпақтары ауа сорғыш
құбыршалармен жабдықталады.
50. Химиялық агрессивті сұйықтықтарды тасымалдап айдайтын
сальниктік сорғылардың сальниктерді жауып тұратын, тоттануға қарсы
материалдан жасалған қорғағыш қаптамалармен жабдықталады.
51. Қосқыш құрылғылар олардың сақтандыратын және қоршаушы
құрылғылары алынып тасталған кезде іске қосу мүмкіншілігі болмайтындай
етіліп бекітпелермен жабдықталады. Құрылғылар мен механизмдердің,
агрегаттардың қайтадан жөнделген қоршаумен жұмыс істеуіне жол
берілмейді.
52. Ғимарат ішінде және ашық алаңдарда орналасқан улы, зиянды және
өрт - жарылыс қауіпті заттарға арналған қондырғылар ауа шықпайтындай
етіп бекітіледі.
53. Агрессивті сұйықтықтарға арналған резервуар ыдыстар (қойма
есебінде) борттың биіктігі 15 см кем емес поддондарға қондырылады.
Поддондар төгу келте құбырымен немесе төгілген сұйықтықтарды тиісті
жинағыштарға (ыдыстарға) сорып айдайтын құрылғылармен жабдықталады.
Поддондар бір ғана немесе топ ыдыстардың астына орнатылады.
54. Өндіріс орындарында жоғарғы қысымда жұмыс істейтін ыдыстарды
қысымсыз немесе вакууммен жұмыс істейтін ыдыстармен араларына берік
қабырға тұрғызбай-ақ, қатар орнатуға рұқсат етіледі.
Экстракциялық фосфор қышқылы – химиялық формуласы Н3РО4, шырын (сироп) тәрізді сұйық.
Колдану саласы: концентрлі біржақты және күрделі тыңайтқыштар өндірісінде, қоректендіргіш элемент – фосфордың тасымалдаушысы ретінде қолданылады.
Технологияның ерекшелігі: Экстракциялық фосфор қышқылының құрамы, экстракциялағанда қолданылатын фосфатты шикізаттың құрамына және оны өңдеудің жағдайларына тәуелді. Қаратаудың фосфатты шикізатынан алынатын қышқылдың құрамында, негізгі компонент Н3РО4–тен басқа, күкірт қышқылының қоспалары, фтор мен магнийдің қосылыстары, кальций сульфаты бар.
Шикізат ерекшелігі: Фосфор қышқылын экстракциялы әдіспен алудың негізінде табиғи фосфаттардың күкірт қышқылымен ыдырауы жатыр. Бірдей уақытта, бастапқы фосфатты шикізаттың құрамындағы қоспалар да ыдырайды. Оларға: кальцит, доломит, сидерит, глауконит, темір және алюминийдің силикаттары жатады (бұл аталмыш қоспалар да күкірт қышқылымен ыдырауға түседі).
Ca · Mg(CO3)2 + 2H2SO4 + (n – 2)Н2О → CaSO4 · nН2О + MgSO4 + 2CO2
К2О · Na2O · Al2O3 · 2SiO2 + 5H2SO4 → К2SO4 + Na2SO4 + Al2(SO4)3 + 2SiO2 + 5H2O
Кремний диоксиді НҒ әрекеттесіп, SiҒ4 түзеді:
4HF + SiO2 → SiF4 + 2H2O
Кремний тетрафторидінің бір бөлігі газды фазаға бөлініп, ерітіндіде қалған екінші бір бөлігі гексафторкремний қышқылын түзеді:
SiF4 + 2НҒ → H2SiF6
Ыдырау процесі күкірт қышқылы шығынының артуына, сонымен бірге, Р2О5 бөліп алу дәрежесінің төмендеуіне алып келеді, ал мақсатты өнімнің (Р2О5) концентрациясы 40% жоғары болғанда темірдің ерімейтін фосфаттарының ҒеН3(РО4)2·2,5Н2О және төменгі концентрацияларында ҒеРО4·2Н2О түзілуіне алып келеді. Карбонаттардың ыдырау процесінің нәтижесінде бөлінетін көміртегі диоксиді экстракторларда тұрақты көбіктің пайда болуына алып келеді. Магнийдің, темірдің және алюминийдің еритін фосфаттары бастапқы фосфор қышқылының белсенділігін төмендетеді, сонымен бірге, фосфор қышқылын кезекті өңдеу кезінде тыңайтқыштардағы сіңірілетін Р2О5 құрамын төмендетеді.
Қоспалардың әсерін ескере келе құрамында жоғары мөлшерде темірдің, алюминийдің, магнийдің және карбонаттардың қосылыстары бар фосфаттар фосфор қышқылын өндіру кезінде жарамсыз болып табылады. Сондықтан да, күкірттіқышқылды ыдырату процесі кезінде Ғе2О3 : Р2О5 массалық арақатынасы 0,08 аспайтын кендер немесе концентраттар қолданылады.
Күкіртті қышқылды ыдырау процесінің технологиялық параметрлерін таңдау кезінде кальций сульфатының айтарлықтай ірі, оңай бөлінетін және фосфор қышқылымен жақсы жуылатын кристалдар түрінде бөлінуі жатыр.
Экстракциялық фосфор қышқылын алу:
СаSO4 – Н3РО4 – Н2О жүйесінде кальций сульфаты үш формада кездеседі: бір сусыз (СаSO4 ангидрит) және екі кристаллогидраттар (СаSO4·0,5Н2О гемигидрат және СаSO4·0,5Н2О гипс) түрінде.
800С температурасында минимальды ерігіштікке ангидрит ие болады және тұрақты қатты фазасы болып табылады. Құрамында 33,3% Р2О5 бар ерітінділердегі метатұрақты гипс (метатұрақты кристаллогидраттардың изотермасындағы А нүктесінің қимасы) ангидритке айналады. Ал, өте концентрлі ерітінділерде алдымен гипстің конверсиясы пайда болып, айтарлықтай аз еритін гемидратқа, содан ангидритке дейін дегидратацияланады.
Өндірістік жағдайларда тұнба ыдырамаған фосфаттар, жуылмаған Н3РО4, әр түрлі металдардың фосфаттарының сокристалдары түріндегі Р4О10 қоспаларымен ластанады. Сондықтан да, пайда болған кальций сульфатын сәйкесінше фосфогипс, фосфогемигидрат және фосфоангидрит деп атайды. Тұнбаға түсетін сульфаттардың типіне қарай экстракциялы фосфор қышқылын алудың үш әдісі бар, олар: дигидратты, гемигидратты (жартылай гидратты) және ангидритті, сонымен бірге комбинирленген әдісі белгілі (гемигидратты-дигидратты және дигидратты-гемигидратты). Тәжірибеде көбінесе қолданылатын және кең таралған әдістердің бірі – 65-800С температурасында жүзеге асатын, 30-32% Р2О5 дейінгі мөлшерде қышқыл алуға болатын дигидратты режим болып табылады.
Экстракция процесінің оңтайлы режимін ұстап тұру үшін, келесі шарттар сақталынуы тиіс: 1) қойыртпақтың экстракторда жеткілікті уақыт болуы; 2) экстракторға реагенттердің үздіксіз және бірқалыпты түсуі және одан қойыртпақтың бірқалыпты шығарылуы; 3) қойыртпақтың барлық көлемінде тұрақты концентрация мен температураны қамтамасыз ету үшін, қойыртпақты жеткілікті қарқынды араластыру; 4) қойыртпақтағы қатты және сұйық фазалардың (Қ:С) оптималды қатынасы; 5) SO42- (SO3 күкірт триоксидінің мөлшеріне қайта саналады) иондарының қажетті артық мөлшері.
Экстракциялық фосфор қышқылын өндіру келесі сатылардан тұрады:
1) реагенттерді процеске беру;
2) фосфатты шикізатты ыдыратумен экстракциялық қойыртпақ алу;
3) экстракциялық қойыртпақты сүзу, тұнбаны жуу;
4) фосфогипсті кетіру;
5) тасталынатын газдардан фторлы қосылыстарды абсорбциялау.
Экстракциялық фосфор қышқылы ФС РК ОКПО 3908381201421.0-2006 техникалық талаптарын қанағаттандыруы тиіc. Экстракциялық фосфор қышқылына қойылатын талаптар:
Көрсеткіштердің аталуы | Нормасы |
1. Р2О5 санағандағы H3PO4 массалық үлесі, %, кем емес | 18 |
2. Тұнбаның массалық үлесі, %, артық емес | 2 |
Қышқылдың тығыздығы оның концентрациясы мен температурасына тәуелді өзгереді. Концентрациясы көтерілгенде және температурасы төмендегенде, қышқылдың тығыздығы жоғарылайды.
ЭФҚ тазарту тәсілдері: Өзіміздің елімізде және шетелдерде ЭФҚ тазалаудың бірнеше әдістері белгілі. Олардың негізгісі болып келесілер табылады: 1) фосфор қышқылын концентрлеу арқылы фторсыздандыру; 2) аз еритін қосылыстар түрінде фторды тұндыру; 3) органикалық еріткіштермен тазалау; 4) ион алмастырғыш шайырлармен тазалау. Сонымен қатар, жоғарыда аталған тазалау әдістерінің әр түрлі комбинациясы қолданылады.
Дигидраттық әдіс арқылы алынған ЭФҚ өндірілетін тыңайтқыштар
ЭФҚ құрамы қолданылатын шикізаттарға байланысты. Апатит концентратынан дигидратты әдіспен алынған қышқыл (кальций дигидрат немесе гипс түрінде болу арқылы) 25-32% Р2О5, 1,8-2,8% SO3, 0,8-1,1 % Fe2O3, 0,5-1,0% Al2O3, 0,2-0,4%CaO, 1,5-1,8% F–дан тұрады, тығыздығы 1,25-1,3 г/см3. Құрамына елеулі түрде ерімейтін қалдық кіретін фосфориттерді қолданғанда сұйытылған қышқыл түзіледі (20-25% Р2О5). Сәйкесінше тұнбаны жуу үшін судың көп мөлшері қажет. Фосфориттер құрамында магний қоспалары көп болған жағдайда олар қышқылға өтеді, бұл жағдайда қышқылдың құрамында 1-3,5% MgO болады. Көп жағдайда алынған сұйылтылған қышқылды 53-55% Р2О5 буландырады, бұл қышқыл концентрлі фосфор қышқылы және күрделі тыңайтқыштар өндірісі үшін аса қажет.
Экстракциялық фосфор қышқылын (ЭФҚ) алуды дигидраттық режимде жүргізеді.
ЭФҚ негізгі компоненттердің тұрақты қатынасынан тұрады, яғни: Р:N:S 15:15:15 күрделі фосфорлы тыңайтқыш өңдеуге қолданады. Осының нәтижесінде алынған ЭФҚ–нан келесідей тыңайтқыштар алу ұсынылды.
1) ЭФҚ және (NH4)2SO4 алынған, құрамы бойынша балансталған тыңайтқыштар: Алынған экстракциялық фосфор қышқылына аммоний сульфаты 1:0,16 арақатынасында енгізіледі, алынған қоспаны газ тәріздес аммиакпен рН 3-4 шейін аммонизациялайды, бұл өнімнің құрамындағы N, P, S компоненттердің берілген қатынасын қамтамасыз етеді, содан қойыртпақты ылғалды тұзға дейін су моншасында кептіреді және тұрақты салмаққа дейін 115-200 және 3000С температурасында термоөңдеуден өткізеді. Температураны 3000С дейін көтеру өнімнің балқуына алып келетіндігін ескеру керек, өнім қара түсті, қиын ұнтақталатын және ылғалды болып келеді.
Алынған өнімдердің химиялық талдауы температура өскен сайын P2O5 жалпы құрамы шамалы болса да ұлғаяды, ал P2O5 сіңімді түрі төмендейді, осы температурада сульфофосфат пайда болуы мүмкін, бұл дайын өнімді салқындату процесін жедел жүргізуді талап етеді. P2O5 және SO3 газдық фазаға шығуы тексерілмеген, ал азоттың шығуы 3000С-де ғана бақыланды және 0,5% құрады.
2) ЭФҚ және КНSО4 құрамы бойынша балансталған тыңайтқыш алу: Тәжірибе шарттары жоғарыдағыға ұқсас. Алынған өнімнің сипаттамасы төмендегі кестеде келтірілген. Зерттелген температура интервалында газдық фазаға фосфор, азот және күкірттің шығуы байқалмаған. Тыңайтқыш құрамындағы суда ерімтал және лимон қышқылында еритін P2O5 температура өскен сайын артады, ал сол уақытта тұз қышқылында еритін формасы төмендейді. Бұл тыңайтқышты термоөңдеуден өткізген кезде құрамының фазалық өзгеретіндігін көрсетеді.
Соңғы компоненттің болуы таза тұзды қыздырғанға қарағанда КНSО4-тың К2SО4 конверсиясы жүретіндігі көрсетіледі (төмен температурада).
Ауылшаруашылығында минералды тыңайтқыштарды қолданудың жоғарғы агрохимиялық тиімділігіне оларды үйлесімді, ғылыми негізделген қатынаста енгізгенде қол жеткізіледі N:Р2О5:К2О = 1:0,7:0,5.
Республикада минералды тыңайтқыштар өндірісімен болып жатқан жағдай осы мәселенің басын толық ашпаса, ауылшаруашылығы тұтынушыларын толық қанағаттандыруға мүмкіншілік бермейді.
Республикада калий тыңайтқыштарының өндірісі жоқтың қасы, барлық калий тыңайтқыштары Ресейден импортталады және ол өкінішке орай жеткіліксіз.
Азотты тыңайтқыштар – негізінен Өзбекстаннан және Ресейден импортталады, бірақ олардың агрохимиялық тиімділігі фосфорлы және калийлі тыңайтқыштарды жеткіліксіз енгізгендіктен аса жоғары емес.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасында фосфор өндірісінің қалдығы коттрельді сүті негізінде азот–фосфор–калийі бар кешенді тыңайтқыш алу актуалды проблеманың бірі болып табылады
2.ЭФҚ өндірісінің технологиялық сызбасы, шикізатты ыдырау сатысының және фосфогипсты қайтара шаю сатыларының қондырғыларының орналасуы. Экстракциялық фосфор қышқылының технологиялық көрсеткіштері, оларды жоғарылату шаралары
Табиғи фосфатты күкірт қышқылымен ыдыратқанда ерітіндіге фосфор қышқылы өтеді да, қиын еритін кальций сульфаты түзіледі.
Ca5F(PO)4 + 5H2SO4 = 5CaSO4 + 3H3PO4 + HF
Түзілетін қышқылдың температурасы мен шоғырына байланысты кальций сульфаты CaSO4 · 2H2O (гипс) дигидрат түрінде, жартылай гидрат түрінде CaSO4 · 0,5H2O немесе сусыз тұз CaSO4 түрінде түзілуі мүмкін. Осыған байланысты бұл процестерді дигидратты, жартылай гидратты немесе ангидритті деп атайды. Экстракциялық фосфор қышқылын негізінен дигидратты және жартылай гидратты әдістермен алған [2].
Экстракциялық фосфор қышқылын дигидратты әдіспен алған кезде түзілетін кристаллдар келесідей өлшемге ие болады: ұзындығы - 200-400 мкм, ені-30-70 мкм және қалыңдығы бірнеше мкм болады. Тұнба тығыз және нашар сүзіледі. Өте жоғары температурада (1050С) түзілетін жартылай гидрат кристалдар қыры 10-20 мкм болғандықтан алты қырлы призма түрінде түзіледі; бұл кристалдар жиі сросткалармен көрсетілген [3]. Жартылай гидратты фильтрациялаудың жылдамдығы дигидратқа қарағанда 2-3 есе жоғары болады. Жартылай гидраттаудың негізгі кемшілігі оның құрылғылары өте сапалы болуы керек (себебі өте жоғары температурада қолданылады) және сүзгілеу кезінде жартылай гидраттың тұрақты болмауы (сүзгілегіш матада корка түзілуі) [4].
Түзілген фосфор қышқылының бір бөлігі процеске кері қайтады. Фосфор қышқылының концентрациясына және температураға байланысты, түзілген кальций сульфаты - ангидрит (m = 0), жартылайгидрит (m = 0,5) және дигидрат (m = 2) түрінде тұнбаға түседі. Осыған байланысты фосфор қышқылын экстрациялық әдіспен өндірудің 3 нұсқасы ажыратылады: ангидритті, жартыгидратты және дигидратты. Фторапатиттің әр нұсқада ыдырау шарттары 5.11 кестеде көрсетілген.
Температуралық режим әр нұсқадағы экстракциялық процеске тәуелді. Дигидратты әдісте - температура 70 - 80°С - та, реакциялық қоспадағы қышқыл концентрациясы 20-32 % Р2О5 болғанда гидратты кальций сульфаты - дигидрат түрінде тұнбаға түседі, ал жартыгидратты әдісте - температура 90-100°С, қышқыл концентрациясы 35-42 % Р2О5 болғанда жартыгидрат түрінде тұнбаға түседі. Кальций сульфатының кристалдану формасы фосфор қышқылының (Р2О5) концентрациясына және температурасына тәуелділігі 16 суретте көрсетілген. 2 - кальций сульфатының дигидрат түрінде кристалдануы, 1 - ангидрит түрде.
|
2 - кальций сульфатының дигидрат түрінде кристалдануы, 1 - ангидрит түрде.
Сурет 16. Кальций сульфатының критсаллдануына қышқыл концентрациясының және температураның әсері .
Кесте 4 Фторапатиттің ыдырау шарты.
Процесстің түрі | Температура С | Сұйық фазадағы концентрация Р2О5 % | Реакция жылуы кДж / моль |
Дигидратты | 70-80 | 25-32 | 384,4 |
Жартылайгидратты | 90-100 , | 35-42 | 371,0 |
Фторапатитті қышқыл қатысында ыдыратқанда бөлінетін фторлы сутектің бір бөлігі атмосфераға таралады және кремний қышқылымен реакцияға түседі:
H2SiO3 + 6HF = H2SiF6 + 3Н2О
Түзілген кремний фторсутек қышқылы біртіндеп ыдырайды және газды фазаға тетрафторсилан бөлінеді:
2H2SiF6 + H2SiO3 = 3SiF4 + 3Н2О
Сонымен бірге тетрафторсилан мен фторсутек әрекеттесіп -кремнийфторлы сутек қышқылы түзіледі:
SiF4 + 2HF = H2SiF6
Фторлы қосылыстардың газды фазаға бөлінуі жоғары температурада өтеді. Фторапатиттің қышқылмен ыдырау жылдамдығын, қарапайым гетерогенді процестегі тенлікпен көрсетуге болады:
u = km·f· ac (5.6)
Ол температура жоғарылағанда және шикізаттың реагентпен араласу интенсивтілігіне байланысты өседі.
Фосфаттың қышқылмен ыдырау жылдамдығы күкірт қышқылының концентрациясына тәуелді (сурет 5.7). Оған химиялық реакцияның жылдамдығы ғана тәуелді емес, сонымен қатар, фосфаттың беткі бөлігіне, тұнбаға түсетін кальций сульфат кристалдарының құрылымы және қышқылдың қатты фазадағы диффузиялану жылдамдығы да тәуелді.
Сурет 17. Фосфат ыдырау сатысының қышқыл концентрациясына тәуелділігі.
Төмен концентрлі қышкылда диффузияға ұшырамайтын, ірі кристалдар түзіледі.Сондыктан процестің жылдамдығы және ыдырау сатысы - күкірт кышқылының бастапкы концентрациясының қасиетіне байланысты.
Максимум1 - де фосфаттың төмен концентрлі қышқылмен ыдырау жылдамдығы жоғары. Бірак кышкылмен бірге көп мөлшерде бөлінетін су өнімнің кристалдануына кедергі жасайды. Максимум 2 - де реакциялық қоспадағы кышкылдың концентрациясы 5—10% болғанда ыдырау жылдамдығы сұйық және катты фазаның 3 : 1 қатынасы кезінде артады. Фосфаттың жоғары сатыда ыдырауы - 0,99 үлеске тең, ол 1 - 1,5 сағат уақытта жүреді. Экстракцияның практикалық процесі 4-8 сағатқа дейін жалғасады. Бұл фосфор қышқылынан оңай шайылып, фильтрленетін ірі кристалдардың түзілуіне өте қажет.
Өндірістің технологиялық принципті сызбасы.Экстракциялық фосфор қышқылын дигидратты және жартыгидратты әдіспен алуға болады. Бірақ жартыгидратты әдіс арқылы шикізатты үнемдеуге және аппараттарды жоғары интенсивті өнім өндіруге, сонымен қатар жоғары концентрлі қышқыл алуға болады. Экстрациялық фосфор кышқылын бір сатыда жартыгидратты әдіспен өндірудің принципі 5.8 суретте, ал технологиялық сызбанұсқасы 5.9 суретте көрсетілген
18сурет Экстракциялық фосфор қышқылын өндірудің принциптік сызнұсқасы.
Күкірт қышқылы мен фосфор қышқылының айналымдағы ерітінділерінің қоспасы жинағыштан (2) және фосфатты бункерден (1) көпсекциялы экстракторға (3) беріледі. Пульпаның жылжу шамасы бойынша экстракторда фосфор қышқылы түзіледі және кальций сульфатының кристалдану процесі аяқталады. Пульпа экстракторының соңғы секциясынан үшсекциялы вакуум-фильтрге түседі. Фильтрдің бірінші секциясындағы негізгі фильтрат Ф-1 фосфор қышқылы өнімі болады, оның бір бөлігі қышқыл жинағының кері ерітіндіге бағытталған бөлігіне қосылады. Фильтрдегі кальцийдің тұнбасы ыстық судың кері тогымен тазаланады, сонымен қатар шайылған ерітінді Ф-3 – фильтрдің екінші секциясында бірінші тазалағыш ретінде қолданылады. Бірінші тазалағыш Ф-2 – фильтраты айналымдағы ерітінді ретінде жинаққа бағытталады.
1 – фосфат бункері, 2 – күкірт қышқыл жинағы, 3 – экстрактор, 4 – вакум фильтр, 5 – фосфор қышқылын жылытқыш, 6 – концентратор, 7 – тазалағыш скруббер, 8 – тазалағыш сұйықтықтың жинағы.
19 сурет-Экстракциялық фосфор қышқылын жартыгидратты әдіспен өндірудің технологиялық сызбанұсқасы.
2. Түзілген фосфор қышқылын (Ф-1), қыздырғышта 5 бумен қызады және берілген концентрацияға дейін оттық газдармен тікелей қатынасқа түсіп, буланады да, қоймаға бағытталады. Концентратордан бөлінген газдар фтор қоспасын жинайтын және атмосфераға тастайтын тазалағыш скрубберге 7 өтеді. Экстрактордан бөлінетін газдар және құрамында фторсутек және тетрафторсилан бар қоспалар сұйық кремнийфторсутек қышқылымен суарылатын абсорберге беріледі. Экстракциялық қышқылды өндірудегі негізгі аппараттарға – экстрактор және вакуум-фильтрі жатады. Экстрактор бұл 10 секцияға бөлінген араластырғышы бар, пульпа 1 секциядан келесіге бір қалыпты ағатын – темір тік бұрышты қима бетон. Басқа да нұсқаларында экстрактор араластырғышы бар біріктірілген 2 цилиндрден тұрады. Экстрактордың 730 м3 жұмыс істеу көлемінде Р2О5-тің интенсивтілік шамасы 25 кг/м3 сағ болған кезде өндіру жылдамдығы 340 т/тәулігіне жетеді.
Тартпа және ленталық вакуум – фильтрлер қолданылады. Қайықшалы сүзгілер 24 - қайықшадан тұрады. Олардың әрқайсысы фильтр іске қосылғанда филтр аймағынан, пульпа және кальций сульфатының жуындысынан өтеді. Фильтр бетінің ауданы 80-160 м2 құрайды. Лента қозғалғанда 3 вакуум – камерасымен қосылады да соған сәйкес негізгі сүзінді (қышқыл өнімі), бірінші және екінші жуғыш фильраттар жиналады. Фосфор қышқылының жартыгидратты әдіспен өндірудегі іске қосылған қондырғылардың өнімділігі – жылына 350 000 және төмендегі параметрлермен сипатталады:
- процестің температурасы 80-1000С;
- сұйық фазаның қатты фазаға қатынасы 2,5:1;
- күкірт қышқылының бастапқы концентрациясы – 0,75 мас.бөлігі.
- экстракция дәрежесі– 0,98 үлеске тең.
- Фосфор қышқылы өнімінің концентрациясы Р2О5 бойынша – 0,45 үлеске тең.
Фосфор қышқылын экстракциялық әдіспен өндірудің барлық нұсқасында ортақ кемшіліктер бар.
- Минералды тыңайтқыштар өндірісіне қажетті – фосфор қышқылы концентрациясын буландыру арқылы алады.
- Концентрлеу сатысындағы аппараттардың қатты жемірілуі коррозиясы).
- Кальций сульфатының кристалдары және кремний қышқыл қалдықтарының аппарат қабырғасына жиналуы.
3.ЭФҚ дигидратты және жарты гидратты әдістерінің салыстырмалы сипаттамасы, өнімдік қышқылдың құрамы. Экстракциялық қышқылды алудың кешенді әдістері. Шоғырлы фосфор қышқылын алудың технологиясы. ЭФҚ буландырудың заманауи сызбасы, қондырғылардың инкрустациясын төмендету жолдары.
Экстракциялық фосфор қышқылын жарты гидратты әдіспен алу жолы.
Бұл әдіс апатиті көп мөлшердегі фосфор қышқылында ыдыратып және алынған пульпаны күкірт қышқылымен өңдеп, фосфогипстің кристалданып түзілуін реттеледі.Жарты гидратты үрдіс дигидратты үрдістен температуралық режиммен,кальций сульфатының ерігіштігімен, кристалдарының өлшемі мен түрімен, беріктігімен ерекшелінеді. Жарты дигидратты әдіс ,дигидратты әдіс сияқты алғашқы реагенттерді реакторға салу арқылы жүргізіледі.
Апатиті ыдырату 1,2-1,7 уақытта, температурасы 95-1020С-та, стехиометриялық мөлшерде 2-3 есе артық мөлшердегі фосфор қышқылымен (45-48 %P2O5) жүргізіледі.Түзілген суспензия 92-93 % күкірт қышқылымен өңделген кальций дигидрофосфатынан тұрады. Апатиттің ыдырау дәрежесі 98,5-99%. Алынған концентрациялы фосфор қышқылы 45-48%Р2О5.
Жарты гидратты әдіс бойынша апатитің ыдырау үрдісіне азғана сода тұнбадан SiF4- ерітіндіге өту үшін қосылады. Осыда 50% фтор Na2SiF6 және 35% фтор газды фазаға бөлінеді.[5]
Біртекті кристалдардың өлшемі қышқылдың шоғыры мен пульпаның тығыздығына, қоспаға байланысты.Фосфорқышқылды ерітіндіде құрамында 45-50% P2O5, 2% Fe2O3 немесе Al2O3 болуы, жарты гидраттың кристалдарының өлшемінің кішіреюіне әкеледі.
Ерітіндіде 0,5-0,6 % фторлық және кремфторлық қосылыстардың болуы, ине түрінде жарты жартыгидраттың түзілуіне әкеледі.Фторлық қосылыстардың 1% көбеюі сүзуді 5 есе қиындатады.
Жарты дигидратты әдіс дигидратты әдістен, фосфор және еркін күкірт қышқылының концентрациясымен, фтор қосылыстарымен, ерігіштікпен, кальций сульфатының кристалдарының өлшемі мен түрімен ,беріктігімен, кальций сульфатының шайғыш режимімен ерекшелінеді. Жартыгидраттың фильтрация жылдамдығы, дигидраттың жылдамдығынан 2-3 есе жоғары. Жартыгидратты әдістің кемшілігі, қондырғыларға (жоғары температурада жүретіндіктен) жоғарғы талаптар қойылады және сүзу кезінде жартыгидраттың тұрақсыздығы (сүзгі қағазында қабықтардың пайда болуы).[2]